ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ №1
Тақырыбы: Д.А.Қонаевтың басшылығы тұсындағы Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық жəне қоғамдық-саяси жағдайы
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Кеңестер Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Достығының (ТМД) құрылуы.
Орындаған: Шаяхметов У.С.
Топ: ВМ-903
Тексерген: Кариева Т.А.
Семей 2019
Жоспар
1. Д.А.Қонаевтың басшылығы тұсындағы Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық жəне қоғамдық-саяси жағдайы
2. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 3. Кеңестер Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Достығының (ТМД) құрылуы.
Д.А.Қонаевтың басшылығы тұсындағы Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық жəне қоғамдық-саяси жағдайы
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912–1993) — аса көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, үш мəрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері. Қазақстанның көрнекті мемлекет жəне саяси қайраткері, ғалым, тау-кен инженері.
Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылдың 12 қаңта- рында Алматы қаласында Д.А.Қонаевтың 100 жылдық мерейтойына қатысып, қайраткерге былай деп баға берді: «Қазақ елінің тағылымды тарихында заман жүгін арқалаған талай толағай тұлғалар болды. Аса көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев — сондай біртуар болмыс иесі... Дінмұхамед Ахметұлын үлкен ішкі мəдениеті, терең білімдарлығы мен мол өмірлік тəжірибесі ерекшелеп тұратын. Ол өзіне біздің халқымыздың, сол уақыттағы қазақ зиялыларының ең жақсы қасиеттерін сіңіре білді».
Мемлекет басшысы Д.А.Қонаевтың Қазақстан мен қазақ халқы тарихындағы еңбегін жоғары бағалады. Елбасының осы сөздерінен Қазақстанның дамуына зор үлесін қосқан тұғырлы тұлғаға деген бүкілхалықтық шынайы құрмет, асылын ардақтай білетін елдік қасиет байқалды. Д.А.Қонаев қандай жағдайда да өз биігінен табыла білген, кейінгі ұрпақ қастерлеуге лайықты тұлға.
Бүгінгі күнде Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өте отырып, еліміз өткен ХХ ғасырдың 50–70-жылдардағы қазақстандық тұтас ұрпақтың еңбегіне лайықты бағасын беруде. Олардың еңбектегі табыстары мен экономиканың негізін қалауға қосқан үлестері тəуелсіз Қазақстанның келешек дамуының іргетасына айналды. Жаңа тəуелсіз елді құрушы қазақстандықтар аға ұрпақ пен сол кезеңдегі басшылардың еңбегін бағалайды.
Қоңырат кенішінде Д.А.Қонаев өз маңына адамдарды топтастыра біліп, олардың күш-жігер, қайраттарын арттырып, жұмысқа шыңдала кірісулеріне ықпал жасады. Сол кездегі жағдай адам төзгісіз еді: жазда — қайнаған қапырық болса, ал қыста — қақаған аязды борандар адамның үрейін алатын, азық-түлікпен қамтамасыз ету жағы да дұрыс жолға қойылмаған еді. Бітпейтін алысқа созылған ұшы-қиырсыз кең дала, жақын маңайдағы — 500 шақырым жердегі тұрғылықты жерге дейін салынған жол да жоқ. Тек ұшақпен ғана жете аласың. Ал 30-жылдардың басында қанша ұшақ болды дейсіз? Соған қарамастан, еңбекшілердің қажырлы күш-қайратының нəтижесінде Қоңырат кеніші мен Балқаштағы мыс қорыту комбинатын тұрғызуға қатысты ұйымдастыру жұмыстары, белгіленген жоспардан асып, 150–200 пайызға орындалды. КСРО Жоғары Кеңесінің 1939 жылғы 26 наурыздағы Жарлығымен Д.А.Қонаев «Үздік еңбегі үшін» медалімен марапатталады. Бұл оның тұңғыш наградасы еді.
Қазақстан Компартиясының басшысы Н.А.Скворцов 1939 жылы 9 қарашасында Д.А.Қонаевты Риддер кенішіне директорлыққа тағайындайды. Риддерге Д.А.Қонаев келген кезге дейін пайдалы руда қазбасын табу жоспары орындалмады, жердің бетін жоғары жақтан көлденеңінен қопару жұмыстары аяқталып, тұрақты жұмысқа кірісу ісі арманға айналғандай еді.
Оның алдында тұрған негізгі міндет құрылып жатқан пайдалы қазбалармен қамтамасыз ететін фабриканы іске қосу жұмыстарын дайындау жəне осы кен ошағын пайдалы рудаларға толтыру керек болды. Ал пайдалы қазбалар өте аз табылатын. Риддердің жұмысын тоқтатып, оны жабудың сəті келгендей-ақ еді. Бұл кезең 1940 жылдарға тұспа-тұс келді. Еуропа мемлекеттері соғыс құшағына оранғандықтан, еліміз де қан майданға əзірленіп жатты. Тура осы жағдайда мыс, құрыш, қалайы немесе басқа түсті металдардың қаншалықты қажеттілік пен сұраныс тудырғандығын айтпаса да болады. Д.А.Қонаев осы өлкедегі жұмысы тоқтауға жақын қалған кен ошағына 1939 жылдың қараша айында келді.
Д.А.Қонаевтың келуімен кен орындарындағы жұмыстардың бəрі өзгеріп, өндіріс жанданып, өнім өндірудің көлемі артты. Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде де ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің жəне КСРО қорғасын-мырыш өнеркəсібінің ең ірі кəсіпорындарының бірі — Ленингор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады.
1942 жылдың сəуір айында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы Н.А.Скворцов Лениногордан Д.А.Қонаевты Орталық Комитетінің қарамағына шақыртып алады да Қазақ КСР Халық комиссариаты төрағасының орынбасарлығына ұсынады. Осыдан бастап Одақтың қарамағындағы өнеркəсіп орындарының жұмысымен айналысатын болды. Д.А.Қонаевқа түсті металлургия кəсіпорындарының қызметін бақылап, көмектесу міндеті жүктелді. Сонымен қоса ол көмір жəне мұнай өнеркəсібін, электр желілері, темір жол тораптары, автокөліктер кəсіпорны мен қорғаныс зауыттарының қызметіне бас-көз болып, сан салалы жұмыстарды ерлікпен атқара білді. Сол кезде жасы небəрі 30-да ғана еді.
«1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының тарихы» деп аталатын көп томдық кітаптан мынадай деректі оқыған кезде еріксіз елең етесіз: «Елде соғыс уақытында өндірілген əрбір 100 тонна молибденнің 60 тоннасын Балқаш даласының ерлері, Шығыс Қоңырат кеншілері беріп отырды». Соғыс кезінде жау шебін ойрандаған танктердің болат сауыты Балқаш пен Ақшатаудың вольфрамы мен молибденінен суарылған», — деп жазады ол өз кітабында. Жоғарыда айтылғандай, 1942–1952 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары қызметін абыроймен атқарып шықты.
1952–1955 жылдары Д.А.Қонаев Қазақ КСР-нің Ғылым академиясының президенті қызметін атқарды. Бұл қызметке тағайындалуы өте қиын жағдайда жүзеге асырылды. Ол кезде тарихшы Ермұқан Бекмахановқа «Кенесары Қасымовтың қозғалысын дəріптеді» деген саяси айып тағылып, Орталық Комитет тарапынан туындаған жазалау басталып жатқан еді. Ал Тарих институты Ғылым академиясының бір бөлігі болып табылатындықтан, академия президенті Қаныш Имантайұлы Сатбаевта негізсіз жалған айыпталып, атақты ғалымның басында қуғын-сүргіннің бұлты үйіріледі.
Д.А.Қонаев 1955–60 жəне 1962–64 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, ал 1960– 1962 жəне 1964–1986 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Бірінші Хатшысы болды. Бірнеше мəрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. СОКП-ның ХІХ съезінен бастап кейінгі съездерінің бəріне делегат болды. Партия делегациясын басқарып, əлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 1956 жылдан бастап СОКП Орталық Комитетінің мүшесі болды. 1966 жылы партияның ХХІІІ съезінде ол СОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал 1970 жылы ХХІV съезде Саяси Бюроға мүше болып сайланды.
Осылай ол 20 жылдан аса уақыт бойы СОКП ОК Саяси Бюросының мүшесі болып, КСРО секілді айдарынан жел ескен алып державаның ішкі-сыртқы саясатының мəселелерін шешуге қатысқан əлемдік масштабтағы мемлекет қайраткер дəрежесіне көтерілді.
Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мəдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дəстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де Қазақстанның тəуелсіздігінің алғашқы қиын жылдарында ол білімдар, білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландырудың қажет екенін терең сезініп, қолдай білді.
Алматы қаласындағы құрылыс жұмыстарының салынуын үнемі назарында ұстап отырды.
«Астана — елдің көркі, сырттан келгендер соған қарап еліңді таниды», — дейтін Димаш Ахметұлы. Осы бір өміршең идеяның бүгінде жалғасын тапқанына біз барлығымыз куə болып отырмыз. Жаңа елордамыз — Астана қаласы əлемнің ең əдемі қаласы ретінде күннен күнге қарыштап көркейіп дамып келеді.
Д.А.Қонаетың замандасы əрі бірге қызмет атқарған мемлекет жəне қоғам қайраткері Сұлтан Жиенбаев Ұлы тұлғаға былаша баға берген болатын: «Димаш Ахметұлы ұмытылмайтындардың, халықтың жүрегінде мəңгі қалатындардың қатарында. Ол аса парасатты да талантты басшы болды, халықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Ол өз заманының ұлы саясаткеріне айналды, халықтың мүддесімен өмір сүрді. Оған деген құрмет аса жоғары қызметте жүрген кезінде ғана емес, ол қызметтен кеткен соң да бəсеңдеген жоқ. Оның кен инженерінен бүкіл бір республиканың басшысына дейінгі өмір жолы, еңбекқор да аса жоғары зиялылық келбеті кез келген деңгейдегі басшы атаулыға үлгі-өнеге болғандай... Оның парасатты ойларының, атқарған қызметінің іздері еліміздің, халқымыздың мəдени-рухани өмірінде, экономикада сайрап жатыр. Ол ел басқарған кезде халқымыздың дəстүрлі шаруашылығы — мал шаруашылығы қарышты қадаммен дамыды. Астық өндіру бұрын болмаған биікке көтеріліп, миллиард пұттармен əлемге танылдық. Өнеркəсіп пен құрылыстағы жетістіктер де жұрттың көз алдында.
Димаш Ахметұлы Қонаевтың ел басқарған кезеңін 1955–1986 жылдармен есептейміз. Осы жылдарда Қазақстанның экономикасы 7 есе өсіпті. Мыңдаған елді мекендер пайда болған, 68 жұмысшы поселкесі, 43 қала салыныпты. Халықтың саны өсті, ол республика қуатының өркендеуіне қол жеткізді. Ол өзіне жақсы серіктерді, іскер басшыларды таңдай білген адам еді. Сол тұста қаншама іске мемлекеттік мүдде тұрғысынан қарайтын қайраткерлер, білікті ұйымдастырушылар өсіп жетілді десеңізші! Бұл ретте талай жыл Димекеңмен тізе қосып, еңбек еткен Б.Əшімовтен бастап, Ж.Тəшеновтің, Н.Оңдасыновтың, М.Бейсебаевтың, С.Ниязбековтің, С.Имашевтің, А.Асқаровтың, тағы басқа талай қайраткерлердің атын атауымызға болар еді. Ал солардың қатарында тəуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың да болғаны бəріміз үшін мақтаныш. Нұрекеңнің басшылығымен республикамыздағы жақсы істер еселене түсті, Қазақстан əлем таныған беделді мемлекеттердің біріне айналды.
1953–1964 жылдар аралығындағы Н.С.Хрущев басқарған уақытта күтпеген өзгерістерге жəне асығыс тағайындауларға толы кезеңдер болды. Д.А.Қонаев Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің төрағасы қызметіне екі рет келіп, Республика Компартиясының Бірінші Хатшысы қызметін атқарады. Соңғы лауазымды қызметтен аймақтық мəселе бойынша партиялық диктатор көсемге наразылық білдіргені үшін босатылады.
1964 жылы Д.А.Қонаев Кеңес Одағының Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің қазан айында өткен Пленумына қатысады, яғни осы жиынның шешімі бойынша Никита Хрущев қызметінен босатылып, КСРО-ның бірінші басшысы болып Л.И.Брежнев тағайындалады. Ал желтоқсан айында Д.А.Қонаев Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы болып сайланды.
1985 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы болып М.С.Горбачевтің келуіне байланысты 1986 жылы 16 желтоқсанда Д.А.Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші Хатшылығынан босатылды. Орталықтың жүргізіп отырған əділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп, алаңға шықты. Бұл əйгілі Желтоқсан көтерілісіне ұласты.
Д.А.Қонаев өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білді. Тəуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «ол өзі айтқандай, коммунист болды жəне коммунист болып қалды». ХХ ғасырдың ұлы саясаткері əрі шебер дипломаты бола білген қоғам жəне мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82 жасқа қараған шағында ел-жұртының арасында өмірден өтті.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі (1937 – 91) Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасындағы (Қазақ КСР-і) мемлекеттік биліктің бір палаталы ең жоғары органы.
Қазақстан КСРО құрамындағы одақтас республика болып құрылғанға дейінгі алғашқы кезеңде (1920 ж. қазан – 1936 ж. желтоқсан) республикада мемлекеттік биліктің заң шығарушы, өкім жүргізуші және бақылаушы органы міндетін Қазақ Автономиялық Социалистік Республикасының (Қазақ АКСР-і) Орталық Атқару Комитеті (ОАК) (1925 ж. cәуір айына дейін Қырғыз (Қазақ) АКСР ОАК-і) атқарды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес республиканың қарауына жатқызылған барлық мәселелерді шешуге құқылы болды, әрі оған республика аумағында жоғары заң шығарушы орган ретінде заң шығарудың бүкіл өкілдік билігі жүктелді. Оның құзырына Қазақ КСР Конституциясын, шаруашылық құрылыстағы, экономикалық, әлеуметтік-мәдени өмірдегі алуан түрлі мәселелер бойынша заң қабылдау және өзгерту, сондай-ақ құқықтық-нормативтік сипаты бар заңи құжаттарды, үкімет құрамына және Конституцияға өзгерістер енгізетін барлық жарлықтарды ресми түрде бекіту өкілеттігі берілді. Жоғарғы Кеңес Қазақ КСР-нің экономикалық және әлеуметтік дамуы жөніндегі мемлекеттік жоспарларын, мемлекеттік бюджетін және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітті.
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, оның бірінші орынбасары, орынбасарлары, министрлер және Қазақ КСР мемлекеттік комитеттерінің төрағалары құрамында Қазақ КСР Үкіметін құрды. Кезектен тыс сессиялар Жоғарғы Кеңес Төралқасының бастамасымен немесе депутаттардың кем дегенде үштен бір бөлігінің ұсынысымен шақырылды. Жоғарғы Кеңес сессиясы оның мәжілістері, ал олардың аралығында Жоғарғы Кеңес тұрақты комиссиялары мен өзге де комиссияларының мәжілістері түрінде өткізіліп тұрды. Әрбір жаңадан сайланған Жоғарғы Кеңес өзінің бірінші сессиясында тұрақты жұмыс істейтін, өзінің бүкіл қызметінде Жоғарғы Кеңеске есеп беріп тұратын және оның сессиялары аралығындағы кезеңде Қазақ КСР жоғары мемлекеттік билік құзырын жүзеге асыратын органы – Жоғарғы Кеңес тің Төралқасын сайлап отырды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік билік түрлерінің бірі саналатын сот жұмысы саласында да толық билікке ие болды. Ол сот төрелігін жүзеге асыру тәртібін, сот органдары жүйесін, оларды сайлау тәртібін, өкілеттігін, қылмыстық және тәртіптік жауапкершілігін белгіледі, сот ісін жүргізу қызметіне бақылау жасады.
Жоғарғы Кеңес Төралқасының Төрағасын, орынбасарын, хатшысын, мүшелерін және үкімет мүшелерін, Жоғарғы сот мүшелері мен халық заседательдерін өз міндеттерін орындаудан мерзімінен бұрын босатуға өкілетті болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1-сайлауы 1938 жылы 24 маусымда, ең соңғы 12-сайлауы 1990 жылы өткізілді.
Қазақ КСР-інің осы соңғы сайланған Жоғарғы Кеңесі Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін баянды еткен аса маңызды тарихи заңнамалық құжаттар қабылдады. Атап айтқанда:
1990 жылы сәуірде “Қазақ КСР Президенті қызметін белгілеу туралы” Заңын қабылдап, Қазақстанда Президенттік басқаруды енгізді, бұл мәртебелі қызметке Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды;
1990 жылы 25 қазанда “Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы” Декларацияны,
1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-інің атауын Қазақстан Республикасы (Қазақстан) деп қайта атау туралы Заңды,
1991 жылы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын қабылдады;
1992 жылдың 4 маусымда егеменді тәуелсіз республиканың жаңа мемлекеттік рәміздерін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербі мен Мемлекеттік Туын, желтоқсанда Мемлекеттік Әнұранын бекітті;
1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын (Негізгі заңын) қабылдады.
Бұл Конституция өтпелі кезеңдегі жағдайды сипаттайтын құжат қызметін атқарып, елде жүргізіліп жатқан реформалар мен әлеуметтік-экономикалық, саяси міндеттерді шешуге бағытталды және екі жыл бойы Негізгі заң ретіндегі тарихи қызметін орындап шықты. Алайда, КСРО ыдырап, тәуелсіз мемлекеттілікті жүзеге асыра бастаған кезде қалыптасқан саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайда Қазақстандағы бұрынғы халық депутаттарының кеңестері түріндегі өкілетті органдар жүйесі республиканы дағдарыстан алып шығуға дәрменсіз болды. Ескі өкілетті билік жүйесімен және олардың заң шығарушылық әдістерімен нарықтық экономикаға бет алған жаңа қоғам орнату мүмкін емес еді.
Кеңестік дәуірде сайланған соңғы Жоғарғы Кеңес елде қалыптасқан осындай жағдайда өз отырыстарын өткізуге қажетті депутаттар санын жинай алмайтыны айқын болғандықтан өзін-өзі таратуға мәжбүр болды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесі
1993 жылы 13 желтоқсанда Жоғарғы Кеңестің Төрағасы оның таратылғанын ресми түрде жария етті. Республиканың жаңа Жоғарғы Кеңесі сайланғанға дейін биліктің барлық тұтқасы Президенттің қолына уақытша көшті.
Президент 1993 ж. 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасындағы сайлау жөніндегі жаңа кодекс туралы Жарлыққа қол қойды. Жаңа кодекс бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 117 депутаттан тұрды. Оның 42-сі Президент ұсынған тізім бойынша сайланады. Қоғамдық бірлестіктердің депутаттыққа өз кандитаттарын ұсынуына мүмкіндік беретін баптар енгізілді, сондай-ақ азаматтың өзін-өзі ұсынуына мүмкіндік туды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесін және жергілікті заң шығарушы органдар – мәслихаттарды жаңа кодекс бойынша сайлау 1994 ж. 7 наурызда өтті. Республикада алғаш рет көп партиялылық негізде заңдар қабылдауға қабілетті Жоғарғы Кеңес сайланды.
Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысымен 1995 жылдың 30 тамызында өткен республикалық референдумда елдің жаңа Конституциясы қабылданды.
Жаңа Конституция бойынша 1996 жылы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында жоғары заң шығарушылық өкілеттігін жүзеге асыратын қос палаталы (Сенат пен Мәжіліс) жоғары өкілетті билік органы – Қазақстан Республикасының Парламенті жұмыс істей бастады.
Қазақ АКСР ОАК Төрағалары
С.Меңдешев (1920 ж. сәуір – 1925 ж. сәуір),
Ж.Мыңбаев (1925 ж. сәуір – 1927 ж. сәуір),
Е.Ерназаров (1927 ж. сәуір – 1935 ж. қаңтар),
Ұ.Құлымбетов (1935 ж. қаңтар – 1937 ж. қазан),
Н.Өмірзақов (1937 ж. қазан – 1938 ж. шілде);
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағалары
Әбдісәмет Қазақбаев (1938 ж. шілде – 1947 ж. наурыз),
Даниял Керімбаев (1947 ж. наурыз – 1954 наурыз),
Н.Оңдасынов (1954 ж. наурыз – 1955 ж. наурыз),
Ж.Тәшенов (1955 ж. наурыз – 1960 ж. қаңтар),
Р.Кәріпжанов (1960 ж. қаңтар – 1965 ж. сәуір),
С.Ниязбеков (1965 ж. сәуір – 1978 ж. желтоқсан),
И.Әбдікәрімов (1978 ж. желтоқсан – 1979 ж. желтоқсан),
С.Мұқашев (1985 ж. наурыз – 1988 ж. ақпан),
З.Камалиденов (1988 ж. ақпан – желтоқсан),
М.Р. Сағдиев (1989 ж. наурыз – 1990 ж. ақпан),
Н.Назарбаев (1990 ж. ақпан – 1990 ж. сәуір),
Е.Асанбаев (1990 ж. сәуір – 1991 ж. қазан);
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағалары
С.Әбділдин (1991 ж. желтоқсан – 1993 ж. желтоқсан),
Ә.Кекілбаев (1994 ж. наурыз – 1995 ж. қаңтар)
Кеңестер Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Достығының (ТМД) құрылуы.
Кеңестер Одағының ыдырауы ХХ ғасырдың соңындағы ең елеулі оқиғалардың бірі. Ол жаңа тарих беттерінің бастамсына алып келген оқиға десек шатаспаймыз деп ойлаймын. Әр түннің артынан күн келеді демекші бұл одақтың ыдырауы жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына алып келді. Әрине, оның кері салдарлары болды. Орныққан экономикалық, саяси, мәдени қатынастарды қайта орнату жаңа тәжірибесіз мемлекеттер үшін оңайға соқпады. Бірақ оның оң жақтары да болды. Ол 70 жыл бойы отарда болған, мәжбүрлі интеграция үрдісіне түскен мемлекеттер үшін, әлемдік қауымдастыққа өздерін жаңа, тәуелсіз, демократиялы, зайырлы мемлекеттер ретінде көрсетуге мүмкіндік туды. Алыс-жақын шет елдермен қатынас орнатуға мүмкіншілік туды. Көпшілікті қызықтырған, дүниенің бір бөлігін өз уысында ұстаған одақтың ыдырау себебіне тоқталар болсақ.
КСРО-ның ыдырауына алып келген басты себеп-биліктің күшті орталықтандырылуынан. Екіншіден, КСРО-ның орталық билігі бұқаралық көпшіліктің сана-сезімінің әсіресе, ұлттың қайта өрлеп дамуы мен өсуінің заңдылығын мойындамағандығынан. Үшіншіден, өзінің дұрыс екендігіне сенген басқарушы элита әлеуметтік төмен адамдардың мәселелрін тыңдаудан және түсінуден қалды. Орталықпен одақ республикаларының мүдделері көп нәрселерде сәйкес келе бермейтін болды. Бұлардың бәрі әлеуметтік наразылықтар тудырып, қоғамның деформациясына алып келді. Қайта құру кезіндегі «реформаторлар» қоғамды жаңаша басқаруға қабілетсіз болып шықты. Қоғам саяси және мемлекеттік жетекшілерден түбегейлі өзгерістер күтті. Бірақ ол бітпейтін саяси талқыламаларға түсіп, нәтижесіз қалып жатты. КСРО ыдырауының тағы бір себебі ол оның құрылымдық бөлімдерінің иерархиялығында. Бөлек этникалық қауымдастаықтар әр түрлі бағыныштылы, тәуелділік сатысына қойылды.
Қоғамның көп бөлігінде осы тәртіпке деген наразылығы күшейе түсті. Дәл осы үрдіс КСРО өмірінің соңғы 5 жылының әлеуметтік саяси динамикасын анықтайды. 1986-1987 жылдардағы жариялылық жетекші элитаның артықшылығы мен өмір жағдайын ашқан кезде жай қарапайым адамдардың оларға қарсы ашу-ыза сезімі күшейді. Бұлардың барлығы ұйымдастырылған және жүйелі қоғамдық қарсылық қозғалыстарына алып келді. Ортаға шыққан ұлттық мәселелер орыс «отаршылдары» мен «жергілікті» ұлт өкілдерінің арасындағы немесе көршілес ұлттардың арасындағы қақтығысқа алып келді.
1990 жылдың 24 шілдесінде ақпарат құралдарына жаңа одақтың келісімінің алғашқы жобасы ұсынылды. Рыноктық экономикаға көшумен тығыз байланысы бар, жаңа федеративті келісім республикалардың құқын кеңейту керек болды. Тура бір жылдан кейін 1991 жылы 24 шілдеде Горбачев салтанатты түрде «Одақты» келісім бойынша жұмыс аяқталдың және «қосыламын деушілерге» есігіміз ашық деп жариялады. Армения, Грузия, Латвия, Литва, Молдова, Эстония бұл келісімге қосылмайтындықтарын білдірді. Орталық Азиялық мұсылман елдері орталыққа өз ойларын білдірмей, екі жақтық келісімдерге отырды.
1991 жылы 19 тамызда ТАСС, КСРО-дағы төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік комитеттің құрылғаны туралы жариялады (ГКЧП). Оның құрамына КСРО-ның вице-президенті Г.Н.Янаев, премьер-министр В.С.Павлов, президенттің жанындағы қорғаныс кеңесінің жетекші орынбасары О.Д.Бакланов, ішкі істер министрі Б.К.Пуго, қорғаныс министрі Д.Т.Язов, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жетекшісі В.А.Крючков және т.б. Бұл жаңа келісімге қол қоюға кедергі жасауға бағытталған саяси дағдарыс. ГКЧП оппозициялық партия мен қозғалыстар және бірнеше газеттердің қызметтеріне тиым салу туралы шешім қабылдады. ГКЧП-ның құрылуына жауап ретінде Москва, Ленинград және т.б. қалаларда көптеген демонстрациялар мен митингтер болды. Осы ГКЧП-нің қызметіне қарсылардың басында РСФСР-дің президенті Б.Н.Ельцин және басқа Ресей Федерациясының жетекшілері тұрды. Ельциннің жарлығымен ГКЧП-нің құрылуы мемлекеттік төңкеріс шарасы ретінде қарастырылып, атқарушы биліктің одақтық органдары РСФСР президентіне қайта бағындырылды. 22 тамызда ГКЧП жойылды. Оның мүшелері және басқа да қызметкерлері сотталды. 23 тамызда Ельциннің жарлығымен РСФСР территориясында Компартияның қызметі тоқтатылды. 24 тамызда Горбачев өзінің ЦК КПСС бас хатшылығынан кететіні туралы жариялады және ЦК мүшелеріне өз өзін таратуға шақырды. Одақтас билік органдарының қызметі тоқтатылды. Москвадағы орталық билік Ресей жетекшілігіне өтті. Латвия, Литва, Эстония КСРО-дан шығу туралы жариялады, олардың тәуелсіздігі КСРО-ның ресми жетекшісі тарапынан 1991 жылы 5 қыркүйекте танылды. Тамыз дағдарысы дезинтеграция үрдісін күшейтіп, КСРО-ның ары қарай ыдырауын тездетті. 1991 жылы 1 желтоқсанда Украинаның 80 пайызы өз республикаларының тәуелсіздігі үшін дауыс берді. Бір аптадан кейін Ресей, Украина, Белоруссия президенттері Минскіде жиналып, «Кеңес Одағы енді жоқ» деп жариялады. Олар «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы» құрылғаны және «бұрынғы КСРО елдері үшін ашық» деп жариялады. 21 желтоқсанда Алматыда ТМД-ға 8 республика қосылды, осылайша олар КСРО-ның ыдырағанын айғақтай түсті.
Өзінің 13 жылдық өмірінде ТМД көптеген сынақтардан өтті. Ең бастысы көпшіліктің «өлі туылған бала» деген көріпкелділіктерге қарамастан ол өз өмірін жалғастыруда. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің саяси, экономикалық тәуелсіздіктерін алғандықтары, бұрынғы одақ республикаларының бірігу идеясын жоққа шығармады. Тіпті өзара ынтымақтастықтың бұл түрі одан ары тереңдей түсіп, бірнеше біріккен саяси құжаттармен, белгілі бір істерде әсіресе экономикалық сферадағы қатынастармен толыға түсті.
ТМД өз өмірі кезінде бірнеше кезеңнен өтті:
1. Бірінші кезең - 1991 мен 1993 жылдар аралығы. Одақтас Республикалар саяси тәуелсіздігін алады. Мемлекеттілігін, қаржы-экономикалық, кеден, шекара құрылымдарын бекітеді. Бірақ олардың халықшаруашылық кешені біртұтас экономикалық кеңістікте, бір валютамен өз жұмысын жалғастырып жатады.
2. Екінші кезең - 1993-1996жылдар. ТМД мемлекеттері өздерінің саяси егемендігін нығайта түседі, өз беттерімен халықаралық қауымдастыққа кіреді, өздерінің кеңес одағына кірмеген жақын көршілерімен шаруашылық байланыстарын орнатады. Ал Достастық шеңберінде бірге келісілген шешімдерге байланысты қатынастар ауырлай түседі. Көптеген келісілген заттар орындалмай қалады. Бірақ кейбір мемлекеттер тығыз қатынастар орнатуға деген талпыныс байқалады, мысалға кеден одағы, Орталық Азиялық Экономикалық қауымдастық.
3. Үшінші кезең 1997 жылдан басталады. Достастықтың бүкіл мүшелері дағдарысты мойындайды. Осы дағдарыстан шығу жолдары мен ортақ мақсат-мүдде қарастырыла бастайды. Кейбір мемлекеттер, ғалымдар ТМД-нің барлық атқарушы органдарын біріктіріп, бірінші орынға экономикалық ынтымақтастықты қоюды, еркін сауда, кеден, тарифтік зонасын құруды валюталық одақ идеясын ұсынады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 1-5 томдар. Алматы: «Атамұра», 1996, 1998, 2002, 2010.
Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994. – 446 б.
Қазақстан тарихы. Құрастырған Ермұханова Х.К. Алматы «Шыңкітап», 2010. – 360 б.
Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы. Оқулық. / Ред. басқ. Қ.С. Қаражан. Алматы, 2005.
Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.
Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2003, 2005, 2008. – 640 б.
Достарыңызбен бөлісу: |