Яковлев, А.
Табиғат – ел байлығы / А. Яковлев // Орталық Қазақстан. – 2007. – 23 қаңтар (№12)
Біздің қызметіміздің басым бағыты облыс аумағындағы орман мен жануарлар әлемін қорғау мәселесі, ормандарды қалпына келтіру мен өсіру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау және олардың желісін дамыту, су қорларын қорғау және тиімді пайдалануды реттеу, сол сияқты облыстың экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған кешенді шаралар жүргізу болып табылады. Жүктелген міндетті жүзеге асыру қолданыстағы мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламасы мен стратегиясы, аймақты дамытудың әлеуметтік-экономикалық жоспары ауқымында жүзеге асырылады. Өткен жылы қолданыстағы бағдарламаны жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 238,5 млн. теңге бөлініп, жыл қорытындысында игеру 99,8%-ы құрады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Жасыл ел» бағдарламасының ауқымында 2006 жылы мемлекеттік орман қорына орман дақылдарын отырғызу шаралары жүргізілді (70 мың га, өсіп-өнуі 92,5% құрады), өткен жылдардан қалған орман дақылы қосымша 138 га жерге отырғызылды. Орман дақылдарына күтім жұмысы 1008 га көлемінде орындалды. 2007 жылдың көктемінде орман дақылдарын отырғызуға 106 га топырақ дайындалды. Орман питомнигінде 158 мың дана стандартты ағаш-бұта тұқымды отырғызу материалдары өсіріліп, 135 кг орман тұқымы дайындалды, 1 га себу бөлімшесі жасалды. Бекітілген жоспарларға сәйкес орман өрттерінің алдын алу және оны болдырмау жөніндегі шаралар, оның ішінде жаңасы жасалып және қолда бар 3874 км көлемінде минералданған жолақтарға күтім жүргізілді. Мемлекеттік орман қорғау қызметкерлері орман өрттерінің алдын алып, олардың пайда болуына кінәлі адамдарды анықтау жөнінде 230 рейд жүргізді. Ормандағы өрт қауіпсіздігі ережесін бұзғаны үшін алынған айып сомасы 20,6 мың теңгені құрады. Жануарлар әлемін қорғау саласындағы ереже бұзушылықтардың алдын алу жөне оларды болдырмау жөнінде 269 рейд жүргізіліп, оның барысында 36 тәртіп бұзу анықталды, 162,4 мың теңге айыппұл салынды.
Материалдық-техникалық жарақтануды нормаға жеткізу үшін ведомстволық алты мемлекеттік орман шаруашылығы Үкімет белгілеген норма мен нормативке сай қосымша өрт және ауыл шаруашылығы техникасымен, орманды жерден күзету үшін көлікпен жарақтандырылды. Барлық шаруашылық радио байланыс жабдықтарымен қамтамасыз етілді.
Өртке қауіпті кезең ішінде 57 орман және 222 дала өрті тіркеліп, 422,2 га орман өскен жерді от шарпыды. Оның негізгі себебі - дала өрттерінің мемлекеттік орман қорының жеріне өтуі болып табылады. Сақтауды орман өсімдіктерінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің, зиянкестердің санын азайту, жұқпалы аурулардың алдын алу үшін, сол сияқты өрт қауіпсіздігін арттыру үшін ормандарда санитарлық шабу жұмыстары жүргізіліп, 588 га алқапқа күтім жасалды.
Аймақтың биологиялық сан түрлілігін сақтау, өсімдік және жануарлар әлемінің түрлер құрамын қалпына келтіру мақсатында 2001 жылы облыстық мәні бар ерекше қорғалатын табиғат аумағы мәртебесімен «Бұйратау» табиғат саябағы құрылып, қазіргі кезде басқарманың қарауында. Бұл саябаққа жүктелген негізгі міндет табиғи ландшафты қорғау, сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қалпына келтіру, оларды климатқа бейімдеу және табиғи өсіп-өну ортасына жіберу болып табылады. Өткен жыл ішінде саябақ 17 бас марал бұзауларын алған еді, олардың саны 69 басқа жетті. Жас өскіндерді сақтау және шарбақпен қоршалған аумақтағы жабайы жануарлардың тағылық мінезінен қорғау мақсатында 19 марал табиғи өсіп-өну ортасына жіберілді.
Саябақ қызметкерлері бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жануарларды күту, браконьерлерден және басқа да табиғат қорғау заңнамаларын бұзудан өсімдіктер және жануарлар әлемін қорғау үшін күн сайын кешенді биотехникалық шаралар жүргізіп отырады.
Аймақтық экологиялық бағдарлама ауқымында, облыстағы экологиялық қиындықтарды азайту табиғи экологиялық жүйеге шаруашылық және басқа да әрекеттердің зиянды ықпалының алдын алу және аймақтағы биологиялық сан түрлілікті сақтау мақсатында су және жер қорларын қорғау және тиімді пайдалану, өндіріс қалдықтарын барынша азайту және қоршаған ортаны пайдалану, сауықтыру және өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау жөніндегі шаралар жүргізілді.
Нұра және Шерубай-Нұра өзендерінде су қорғау аймақтары мен жолақтарын орнату жөнінде жобалық-сметалық құжаттамалар, Федоровка, Саран және Қызыл-тау су қоймаларына реконструкция жасау жөніндегі техникалық-экономикалық негіздеме жасалды. Облыс бойынша барлығы 107 өзенге, 41 су қоймасы мен 83 көлге су қорғау аймақтары мен жолақтар жасау қажет.
Жер қорын қорғау және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын азайту жөнінде Бұқар жырау ауданындағы Ботақара кентінде ұйымдастырылмаған қалдық төгу орнын жою жөнінде (23,2 тонна қоқыс жойылды және көмілді) шаралар жүргізілді. Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сақтау және есепке алу жүйесін жасау бағдарламасы жасалды, оның мақсаты айналадағы қоршаған ортаны тұрмыстық қатты қалдықтармен ластауды барынша азайтуға қол жеткізу жөніндегі кешенді шараларды орындауды кезең-кезеңмен жүзеге асыру, қоршаған орта компоненттеріне кері ықпалды төмендету болып табылады. Бағдарламаны орындау оны жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Облыстық Мәслихаттың шешімімен қоршаған ортаны қорғаудың 2007 жылға арналған төлем көлемі жасалып бекітілді. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем көлемі индекстеу коэффициентіне ұлғайтылды, ал атмосфераға ластандыратын тастандылар шығарғаны үшін төлем 3,75 есе ұлғайтылып, ол әрбір шартты тонна үшін 461 теңгені құрайтын болды (2006 жылы ол әрбір шартты тонна үшін 123 теңгені құраған болатын).
Сонымен қоса шешім қабылдануы биылғы жылы кезек күттірмейтін көптеген проблемалық мәселелер де бар. Мемлекеттік орманды қорғау жұмыстарын тиімді шешу үшін орман қорғаушылар санын ұлғайтып, орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық жарақтануын бекітілен норма мен норматиатерге жеткізу қажет. Орманды қалпына келтірудің жыл сайынғы көлемін 200 га жеткізу керек. Дер кезінде жою үлкен материалдық және қаржылық ресурсты талап ететін дала өрті де жұмысқа үлкен кедергі келтіріп жүр.
Үстіміздегі жылы басқарма даму бағдарламасы мен стратегияны жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жалғастыра беретін болады. Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына. Қарағанды облысының 2007-2009 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық орташа жедел даму жоспарының аукымында аймақтағы экологиялық ахуалды жақ-сартуға және су ресурстарын қорғау мен тиімді пайдалануды жақсартуға сәйкес, басқарма 2008-2010 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау, су объектілерін тиімді пайдалану және қорғау жөнінде аймақтық бағдарлама жасауды жоспарлап отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |