Салалық Келісім және ұжымдық шарт арқылы еңбекші әйелдерді құқықтық және әлеуметтік қорғау туралы шешім



Дата17.07.2016
өлшемі40.5 Kb.
#205139
Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы

№ 1 хаттама Қарағанды қ.

2009 жылғы 31 наурыз Обләкімдік, Конференц-залы
Салалық Келісім және ұжымдық шарт арқылы

еңбекші әйелдерді құқықтық және әлеуметтік қорғау туралы

шешім

(2007-2008 жылдарға арналған облыстық Келісімнің 116т.)


Еңбек ұжымдарында еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөнінде облыс кәсіподақтарының қызметінде жұмыс істейтін әйелдердің құқығын қорғау мәселесі маңызды орын алады.

2008 жылғы облыстың статистикалық мәліметтер бойынша ірі және орта кәсіпорындарда, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын шағын ұйымдарда 353 263 адам жұмыс істейді, олардың ішінде 169 931 немесе 48,1 пайызын әйелдер құрайды. Ауыр жұмыспен қамтылған 10 463 жұмыскердің 737 адамы немесе 7 пайызы - әйелдер. Зиянды жағдайларда жұмыс істейтін 69 642 адамнан 14 972 немесе 21,5 пайызын әйелдер құрайды.

Салалық Келісім және ұжымдық шарт арқылы кәсіподақтар жұмыс істейтін әйелдердің құқықтық және әлеуметтік қорғау мәселелерін шешеді, онда зиянды және қауіпті жұмыстармен қамтылған әйелдер үшін, жас балалары бар әйелдер үшін, әйелдерді сауықтыру мәселелері және т.б. жөнінде жеңілдіктер көзделген.

Ірі ұйымдарда ұжымдық шарттарға әйелдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған бірсыпыра бөлімдер енгізілді. Сонымен, 7202 әйел, оның ішінде зиянды жағдайда 3219 әйел жұмыс істейтін «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-да ұжымдық шартта «Жұмыс істейтін әйелдерге арналған жеңілдіктер» бөлімі көзделген. Осы бөлімге сәйкес мектеп жасындағы (12 жасқа дейін) баласы бар жалғыз басты ата-анаға Халықаралық балаларды қорғау күніне әр балаға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жәрдемақы беріледі; 1-4 сыныптарда оқитын баласы бар әйелдерге 1 қыркүйекте демалыс күні беріледі. Ауыр операция жасатқан әйелдерге, сол кезеңге, ақысы кемінде орташа жалақы мөлшеріндегі жеңіл жұмыс ұсынылады. Ұжымдық шарт әйелдердің еңбегі қолданылатын еңбек жағдайы зиянды, әрі қауіпті кәсіптердің тізбесін бекітті, бұл әйелдерді қажетті қорғану құралдардан басқа ішкиіммен қамтамасыз ету мүмкіндігін береді. 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыстан кейін жұмысқа кіріскен әйелдерге орташа жалақы төленіп, біліктілігін қалыпқа келтіру мақсатымен оқуға бару мүмкіндігі беріледі. Балалы немесе баланың тууын күтіп жүрген әйелдерге арналған басқа да бірқатар жеңілдіктер қарастырылады. Сонымен қатар, арнайы киім, аяқ киім, жуып, тазалайтын материалдар, сүт, емдеу-алдын-алу тағамдары мен витаминдер беру, қол терісінің ауруларын алдын-алу мақсатымен крем және мазьбен, қорғау эмульсияларымен қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыскерлерге арналған киім мен аяқ киімнің жаңа дизайнын енгізу, резеңке етіктерді жылы резеңке етіктерге ауыстыру көзделген.

«Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-ның ұжымдық шартында әйелдерге жеңілдетілген жолдамалар және жолақысы құнының 10 пайызына корпорацияның емдеу мекемесіне бару ұсынылады, бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы, балалар мекемелерінде балаларды асырау төлеміне жеңілдіктер қарастырылған.

«Қазақтелеком» АҚ және «Қазпошта» АҚ ұжымдық шарттары жұмыс істейтін әйелдерге арналған белгілі бір әлеуметтік жеңілдіктер қарастырған. 16 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелейтін әйелдерге ай сайын қосымша ақысы төленетін бір демалыс күн беріледі. 6 жастан 9 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерге 1 қыркүйекте ақысы төленген демалыс күні беріледі. Бала күтіміне байланысты демалыстағы және 1,5 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерге ай сайын бір айлық есептік көрсеткіштің екі есе көбейтілген мөлшердегі жәрдемақы төленеді. 12 жасқа дейінгі екі және одан да көп баласы бар әйелдерге жалақысы сақталмайтын екі аптаға дейін демалыс беріледі. Халықпен жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшелерде титықтап, шаршағанды жеңілдететін бөлмелер ашылды.

Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет жүйесінде және мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтіндердің жартысынан көп бөлігін әйелдер құрайды. Бюджеттік сметаның қатаң шектеуіне қарамастан, кәсіподақ ұйымдары ұжымдық шарттарға қосымша жеңілдіктер мен кепілдіктер енгізеді.

Денсаулық сақтау басқармасының әкімшілігі мен кәсіподақтың арасындағы келісім Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, ақысы төленетін бес жылда кемінде бір рет жұмыскерлердің біліктілігін арттыру жағдайын белгілейтін тармақтарды қарастырды; штат санын қысқарту жағдайында 3 жасқа дейінгі баласы бар әйелдер мен жүкті әйелдерге кепілдеме белгіленді.

Білім беру басқармасының әкімшілігі мен кәсіподақтың арасындағы салалық Келісім мен ұжымдық шарттарда зейнеткерлік жасқа бір жыл қалған жұмыскерлермен шартты бұзуға тыйым салатын тармақтар көзделген. Үш жасқа дейінгі баласы бар мұғалімдерге сабақ кестесін жоспарлау есебінде апта сайын қосымша демалыс беріледі. Мұғалімдер әулетін сақтау мақсатымен педагогтың бос жұмыс орнына жұмысқа орналасқанда мұғалім балаларының артықшылығы бар.

Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарының ұжымдық шарттарында жас баласы бар әйелдерге арналған жеңілдіктер, зиянды жағдайдағы жұмыс үшін (зертханашы мен химия және информатика мұғалімдеріне) қосымша ақы белгіленген тармақтар қарастырылған.

Денсаулық сақтау жұмыскерлерінің салалық Келісімінде азаматтық қызметкер санатына кіші медициналық персонал жұмыскерлері мен санитарлардың кірмегеніне байланысты, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап бір лауазымдық жалақы мөлшерінде демалысқа қосымша ақы төленеді.

74 мемлекеттік мекемеде кәсіподақтар бюджетінің қаражаты есебінен жеңілдіктер мен ақысы төленбейтін әлеуметтік демалыстар ұсыну түріндегі жеңілдіктер қарастырылған ұжымдық шарттар жасады. Сонымен, «Тихонов психохрониктер интернат-үйі» ММ ұжымдық шартында кәсіподақ бюджеті қаражатынан шипажай-курорттық емделуге, балаларды сауықтыру лагерлеріне жолдама құнының жартысын төлеуге жеңілдіктер және ауыр науқастанғанда, зейнетке шыққан кезде 10 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек қарастырылған.

Сонымен қатар, облыс кәсіподақтары ұжымдық шарттардың бәрінде жұмыс істейтін әйелдерге арналған жеңілдіктердің, әсіресе кәсіподағы жоқ ұйымдарда, көзделмегенін атап көрсетеді. Жекелеген кәсіпорындар мен ұйымдарда, мысалы, көбінесе әйелдер жұмыс істейтін «Коммуналдық төлемдер орталығында» жұмыс беруші ұжымдық шарт жасау қажеттілігін көрмейді, әйелдерге қосымша жеңілдіктер керек деп ойламайды. Осындай көзқарас көпшілік тамақтанатын мекемелердің, сауда, көлік, құрылыс кәсіпорындарының, шағын және орта бизнес нысандарының жұмыс берушілеріне тән.

Жұмыс істейтін әйелдердің проблемаларына көңіл бөлу мақсатында 2009-2011 жылдарға арналған облыстық үш жақты келісім жасағанда кәсіподақтар Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі облыстық комиссия жасаған ұсыныстарды қолдануды ұсынды.

Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әйелдердің әлеуметтік-экономикалық құқығын қорғауды едәуір жақсартуды талап етеді. Ауылдағы еңбекші әйелдердің арасында еңбек және әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктерден айырылған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдер саны едәуір.

Осы мәселені талқылау нәтижесінде Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясының мүшелері шешім етті:



1. Облыстық үш жақты комиссия тараптарының өкілдері (Д.В.Павлов, Г.Т.Құрбанбаева, Т.К.Доскенов, А.А.Мадиярова, С.Л.Белкин) облыстық үш жақты келісімге ұсыныстар әзірлегенде жұмыс істейтін әйелдердің әлеуметтік-экономикалық құқығын қорғау шараларын ойлап, ұлғайтсын.

2. Кәсіпкерлер ассоциациялары (Г.Т.Құрбанбаева, Т.К.Доскенов), шағын және орта бизнес нысандарының жұмыс берушілері ұйымның ұжымдық шарттарында көрсетілетін жұмыс істейтін әйелдердің әлеуметтік-экономикалық құқығын қорғау жүйесін жасасын. Жұмыс қорытындылары туралы облыстық үш жақты комиссияға 2009 жылдың 4 тоқсанында ақпарат берсін.

3. Ауыл шаруашылық департаменті кәсіпкерлер ассоциясымен бірлесіп (Ш.К.Мамалинов, Г.Т.Құрбанбаева, Т.К.Доскенов) ауылдық жерлерде жұмыспен қамтылған әйелдердің әлеуметтік-экономикалық құқығын қорғау шараларын қарастырсын. Жұмыс қорытындылары туралы облыстық үш жақты комиссияға 2009 жылдың 4 тоқсанында ақпарат берсін.

4. Осы шешімді жариялау және оның орындалуын бақылау ОҮК жұмыс тобына (А.А.Ушаков) және ОҮК үйлестірушісіне (Р.А.Оспанова) тапсырылсын.

Тараптар:
Үш жақты комиссия Облыс кәсіподақтар Облыс жұмыс берушілері

төрағасы Федерациясының төрайымы Кеңесінің төрағасы



А. Дүйсебаев А. Мадиярова Д. Павлов
Қазақстан кәсіпкерлері Қарағанды облысының еркін

ассоциациясының Президенті кәсіподақтары Конфедерациясының

Президенті

Т. Доскенов

С. Белкин
Қарағанды облысының кәсіпкерлері

Ассоциациясының атқарушы директоры


Г. Құрбанбаева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет