Ясновка селолық округі әкімі Г. Глушаковтың «2008 жылы округтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған перспективалары» атты селолық округ тұрғындары алдындағы есептік баяндамасынан



Дата23.02.2016
өлшемі33 Kb.
#5525
Ясновка селолық округі әкімі Г.Глушаковтың «2008 жылы округтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған перспективалары» атты селолық округ тұрғындары алдындағы есептік баяндамасынан
Ясновка селолық округінің әлеуметтік-экономикалық дамыу Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауына сәйкес 2008 жылдың 6 ақпанынан “Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” Жолдауының негізінде өтілген бойынша ұсыныстар мен кемшіліктері туралы аудан әкімі және селолық округ әкімі есеп берді .

Жеке меншіктегі мал басын көбейту, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әл-ауқатын көтеру – осы мәселелер ең басты болып табылады. Селолық округ аумағында 9 дүкен жұмыс істейді. ЖК Сейтмулиннің қарамағында тұрғындардан сүт сатып алу пункті жұмыс істейді. Өткен жылы ол 60 тонна сүт сатып алды. Ал А.Коняхин жаз бойы елге отын дайындаумен, ал қыста кебек сатумен айналысады. Осының арқасында 20-дан астам жұмыс орны құрылды. 2008 жылы “Вера” кафесінде наубайхана ашылып, нан пісірілуде. “Московское” ЖШС-нің қарамағында тәулігіне 20-тонналық өнім шығаратын диірмен бар. Өткен жылда 750 мың теңге 25 тонна ұн тартылды, және осы жазда 500 мың. теңгеге 11 мың бөлке нан пісірілді.

Бидай сапасын арттыру саласында 3 ЖШС-і және 1 ФШ-ы жұмыс істейді. Олар 14 мың гектар жерге егін септі. Уақытында және сапалы қолданылған агротехникалық шаралардың нәтижесінде 14,2 центнер гектарынан өнім алынды. Ұсақ ШҚ-ың ірі ШҚ-на біріктіруі жүріп жатыр. Жыл бойынша 5 ұсақ ШҚ-ы ЖШС-ке қосылды.

Соңғы 2 жыл ішінде сапалы және өнімді астық жиналған болатын. Осыған байланысты жаңа ауылшаруашылық техника алуға мүмкіншілік туып отыр. ЖШС-ы мен ФШ-ы сомасы 120 млн.теңгеге лизинг бойынша жаңа ауылшаруашылық техника алынды. Биылғы жылда “Московское” ЖШС-і 60 млн. теңгеге шетелдік егістік комплекс алуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар “Ясновское” ЖШС, “Красный Сибиряк” ЖШС-і, “Луч” ФШ-ы егістік және астық жинау техникаларын алмақшы.

Жеке меншіктегі мал өнімін арттыру, мал басын көбейту үшін малды жасанды ұрықтандыру пункті жұмыс істейді. Тұрғындар арасында жасанды төлдендіруден асыл тұқымды мал алынатыны туралы және малдың әрі қарай іріленетінін түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. “СҚО ауыл шаруашылыққа қаржылық қор көмегі” АҚ-ы филиалы есебінен жеке меншікті дамытуға сомасы 400 мың теңге 1 квота бөлінген болатын. Жеке меншіктегі малды уақытында және сапалы өңдеу нәтижесінде жеке меншіктегі малдардың ауруларын алдын алады.

Жыл сайын селолық округ әкімі аппараты селоны абаттандыру бағдарламасын әзірлейді. Көпшілік жұрт өз үйлерін, аулаларын таза ұстайды, өткен жылда 50 үйдің алдыңғы беттері мен дуал-шарбақтары жөнделіп, сырланды. Биыл да осы жұмыстар жалғасады. 2008 жылы Молодежный көшесінде 10 шам қосылған болатын. “Жасыл ел” бағдарламасы бойынша өткен жылы 406 ағаш отырғызылды және де жәй ағаш емес, жеміс ағаштары. Бұл өте қуантарлық жайт.

Округке 3 елді мекен қарайды. Жалпы халық саны – 1177 адам. Өткен жылда 46 адам жұмысқа орналастырылды. Ауыл шаруашылығында – 10 адам, бұрынннан ашылған жұмыс орындарында – 17 адам, кәсіпорында – 5 адам, басқа салаларда – 3 адам. Кәсіптік оқуға 1 адам жіберілді. Тұрмыс жағдайы төмен 7 отбасы.

Округте 187 зейнеткер, 2 соғыс ардагері тұрады. Әрдайым осы кісілерге біздің кәсіпкерлер мен тауар өндірушілеріміз қайырымдылық көмек көрсетеді. Барлығы қайырымдылық көмек 2008 жылы 100 мың теңгеден астам құрды. Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Жапония грантымен Ясновка селосында 31,7 млн.теңгеге жергілікті ауыз су көзі іске қосылды.

Халыққа медициналық қызмет көрсету саласын жақсарту үшін 2008 жылы Ясновка дәрігерлік амбулаторияға “жедел жәрдем” автомашинасы алынды.

Ясновка-Петропавл және Стрельниковка -Петропавл бағытында жолаушыларды тасымалдаушы шағын автобустар жүреді. Оқушыларды Стрельниковка селосынан Корнеевкаға тасымалдауға бюджеттен микроавтобус берілді. Ол аптасына екі рет жүреді. Ясновка орта мектебі жанында 25 бүлдіршінге арналған шағын орталық жұмыс істейді. Шағын орталыққа бюджеттен 3,5 млн. теңге берілді. Барлық мектептер Интернетке қосылған, компьютерлік сыныптар бар. Ясновка селосында 6 мың дана қоры бар кітапхана жұмыс істейді. 2009 жылы Стрельниковка селосында кітапхана ашу жоспарланып отыр. Онда клуб істейді. Ұлтаралық тұрақтылық пен ынтымақтастықты қолдау ретінде мектептерде әр түрлі мерекелерге арналған іс-шаралар жүргізілуде.



Селолық округте қылмыстық іс жоқтығы қуанышты. Өткен жылы көпшілік кеңесінің 6 рет жиыны болып, маскүнемдерді, заң бұзушыларды талқылап, түзу жолға салу қаралды. ЖШС-дің басшылары, полиция инспекторлары, көпшілік ұйымдары осы сапада үлкен көмек көрсетіп жүр.

Тұрғындар арасында селоны көркейту, таза ұстау, инфекциялық аурулардың алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Аудан әкімі есеп берген кездесуінде жұртшылықтың көптеген сауалдарына жауап берілген болатын. Шешуін таппаған сұрақтар селолық округ әкімінің қарауында. Селолық округ әкімі аппараты көпшіліктің ескерту ұсыныстары бойынша жұмысын одан әрі жалғастырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет