З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы


Бекіту сұрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет43/76
Дата21.12.2022
өлшемі1.84 Mb.
#467682
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76
Алканова Пед этика негіздері

Бекіту сұрақтары мен тапсырмалары:
1. Педагог қарым-қатынасындағы кəсіби мəдениеттің қазіргі
қоғамдағы мəні мен мазмұнын қалай түсінесіз?
2. Педагогикалық қарым-қатынас мəдениетінің негізгі көрсеткіштері
жəне оны қалыптастырудың тəсілдері қандай?


65
3. Қарым-қатынастағы антимəдениет пен кедергілердің туындау
себептері туралы мысалдармен ой бөлісіңіз.
4. Қарым-қатынастағы түсініктік пен өзара түсініктікті мысалдармен
дəлелдеңіз. 
5. Диалогтік қарым-қатынастың оқушы тұлғасы дамуына жəне
мұғалімнің адамгершілік мəдениетіне əсері ету маңызы туралы талдау 
жасаңыз. 
1-тапсырма.«Аяқталмаған сөйлем» (топ мүшелеріне оқыту, кері
байланыс)

Мен бүгін білдім...

Мені қызықтырды...

Қиын болды...

Мен көп нəрсені түсіндім...

Мен өзіме көп нəрсені түртіп алдым...

Менің қолымнан келеді...

Мен талпынып тырыстым...

Мені таңқалдырды

Өз өміріме ақыл-ой түрттім...

Мені жігерлендірді...
2- тапсырма.«Фишбоун» немесе «Балық қаңқасы» əдісі бойынша 3
топқа берілген тапсырманы орындаңыздар.
Мақсаты: Ұстаздар мен шəкірттер арасындағы қарым-қатынасты 
зерттеу нəтижесінде негізгі мəселе - мұғалімдік мамандыққа қойылатын жас 
өспірімдердің талабын, психологиялық тұрғыдан негіздеп, ұстазға тəн 
сапалар мен ерекшеліктердің сырын ашып көрсету жəне оны педагогикалық-
əдіснамалық жағынан алып талдау. 
Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: Мəтінді жеке оқу.
Бірінші топқа ұстаз бен шəкірт арасындағы қарым-қатынастағы
мұғалімнің адамгершілік сапалары жатады. Олар: игі тілек, шəкірттерге 
мүмкіндігінше ықыласты көмек көрсету, олардың жан дүниесін түсінуі. 
Мұндай қасиеттерді шəкірттер өз ұстаздарының бойынан көргісі келеді. Ал 
ұстаздардың бұларға немқұрайлы, селқос, ықылассыз қарауын оқушылар 
ұстаздың ұнамсыз қасиеттері деп санайды.
Екінші топқа мұғалімнің ұстаздық шеберлігіне байланысты қойылатын 
талап-тілектер мұғалімнің өз пəнін жетік білетіндігі, балаларға оқу 
материалдарын жете түсіндіріп ұғындыра алатындығы, əр алуан амал-
тəсілдер қолданып, сабақты тартымды жəне қызықты етіп өткізетіндігі.
Үшінші топқа ұстаздың жасөспірімдердің бірімен-бірінің өзара 
қатынасына, олардың өміріндегі күйініш-сүйініштеріне, табыстары мен 
сəтсіздіктеріне, əртүрлі қоғамдық жұмыстарға қатысуына байланысты көңіл 
бөліп, мəн беруі, ұстаздың сынып жетекшілік жұмысындағы іс-əрекеттері 
жатады.
2-қадам: Қаңқаның басына мəтін қарастырылатын проблема
белгіленеді.


66
3-қадам: Жоғарғы «қосымша бұтақтарында» проблеманың себебі
белгіленеді, төменгі «сүйекшелерінде» оқу барысында себепті нақтылайтын 
дəйектер жазылады.
4-қадам: Балықтың «құйрығына» қорытынды жазылады.
5-қадам:Жұпта, топта жұмысты талқылау.
6-қадам:Топ жұмысын аудиторияда презентациялау.
3-тапсырма. «Жағымды əңгімелесуші». Топта жұп боп жұмыс
жасайды (төрт-алты адам). «Жағымды əңгімелесушінің» он түрлі сапасын 
жазып, 10 балдық жүйе бойынша өзіңізді осы қасиеттерге сəйкес бағалаңыз. 
Мысалы: тыңдай білу, əдептілік, қызықты əңгімелеу, əзіл-сықақ сезімі, 
адамгершілік жəне т.б. Содан соң тобыңыздағы адамдардан берілген 
қасиеттерге қарай сізді 10 балдық жүйемен бағалауын сұраңыз. Осы 
бағалауларды қолдана отырып, сіз туралы басқа адамның пікірі мен сіздің 
өзіңізге берген бағаңызды салыстырыңыз. Алынған нəтижелерді топтың 
барлық мүшелерімен бірге талқылаңыз. Егер өзін «жағымды əңгімелесуші» 
ретінде бағалаған болса жəне басқа адамдардың пікірі де осыған сəйкес 
келсе, онда сізбен шын мəнінде қарым-қатынас жасаған қызықты деп табуға 
болады. Егер сəйкес келмесе, онда өзін-өзі бағалауы туралы ойлану керек.


67


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет