З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019



Pdf көрінісі
бет1/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова



  
З.С.КҮЗЕКОВА
ҚАЗАҚ ТІЛІ 
Жаттығулар
 
Екінші басылым
Астана - 2019


ӘОЖ 811.512.122
КБЖ 81.2 Қаз-3
Қ 92 
Астана қаласының әкімдігі
Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы 
«Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сарапшылар:
Э. Оразалиева - Назарбаев Университетінің қауымдастырылған профессоры, филология 
ғылымдарының докторы;
М. Жолшаева - Сүлейман Демирель атындағы университеттің профессоры, филология 
ғылымдарының докторы;
С. Әлісжан - Назарбаев Университетінің қауымдастырылған профессоры, филология 
ғылымдарының докторы.
Күзекова Зейнехан Сейітханқызы
Қазақ тілі. Грамматикалық жаттығулар жинағы.
Тілді  оқытып,  үйретудің  базалық,  ортаңғы,  ортадан  жоғары,  жоғары  деңгейіне                                 
арналған оқу құралы. (А2, В1, В2, С1) /  Күзекова З.С. – Астана: 2019. – 175 бет.
ISBN 978-601-7820-34-9
  
Ұсынылып отырған жаттығулар жинағы екі бөлімнен тұрады. Оқу құралының бірін-
ші бөлімінде берілген тапсырмалардың негізгі  мақсаты – тілді үйренушілердің қазақ 
тілі септіктер жүйесі туралы білімін бекіту және сөйлеу әрекетін дамыту.  
Оқу құралының екінші бөлімінде практикалық жаттығулар құрылымдық - семан-
тикалық  негізде  логикалық  -  грамматикалық  ұстанымға  құрылып,  топтастырыла, 
жүйелене  берілген бірнеше грамматикалық тақырыпты  қамтиды. 
 Жаттығулар жинағын оқушылар, студенттер, магистранттар, сондай-ақ қазақ тілін 
үйренуге ықыласты көпшіліктің пайдалануына болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                    ӘОЖ 811.512.122
КБЖ 81.2 Қаз-3
 © З. Күзекова


3
АЛҒЫ СӨЗ
Тілді оқытып-үйретудің негізгі кезеңіне арналған грамматикалық жаттығулар жинағы 
қазақ тілін оқып-үйренушілерге грамматикалық базаны практикалық жағынан меңгертуге 
арналған.
Ұсынылып  отырған  оқу  құралы  екі  бөлімнен  тұрады.  Бірінші  бөліміндегі  жаттығулар 
тілдік білімі базалық деңгейге сәйкес келетіндерге арналған. 
Оқу құралының бірінші бөлімінде берілген тапсырмалардың негізгі мақсаты – тілді үй-
ренушілердің қазақ тілі септіктер жүйесі туралы білімін бекіту және сөйлеу әрекетін дамы-
ту. Тапсырма мазмұнында кездесетін әр түрлі географиялық атаулар, ғылым мен өнердің 
белгілі қайраткерлерінің есімдері, тарихи оқиғалардың аты және тағы басқалары комму-
никативтік құзіреттің мәдени компонентінің кейбір аспектілерінің қалыптасуына әкеледі.
Оқу құралына қазақ сөзінде жиі кездесетін коммуникативтік фрагменттерді, типтік ком-
муникативтік жағдаяттарды таңдау негізінде ұйымдастырылған материалдар енді, бұл сәй-
кес  лексикалық,  синтаксистік  бірліктерді  де  таңдауға  негіз  болды.  Осылайша  оқу  құралы 
тіл  үйренушіге  тек  қана  септіктер  жүйесі  туралы  білімін  ғана  қалыптастырмайды,  сөйлеу 
үлгілерін  қолдануды  да  үйретеді.  Сұқбаттасу  (диалог)  грамматикасы  -  септіктер  жүйесін 
жүйелілікпен жүргізе отырып, оны пайдалана білу дағдысын қалыптастыру - оқу құралының 
басты мақсаты. Себебі сұқбаттасуларда септік жалғауларының өзіндік орны бар. 
Септік жалғауларының мағынасы да деңгейге сәйкес топтастырылды, өйткені функцио-
налдық тұрғыдан келгенде, септік жалғауларының мағынасы сан қырлы, оны да оқыту ке-
зеңдеріне орай сұрыптаған тиімді. Жаттығулардың негізгі бөлігі сұқбаттасу түрінде беріл-
ген. Әрбір сұқбаттасу негізінде коммуникативтік жағдаят бар.
Бұл оқу құралы сұранысқа орай басылымға екінші рет ұсынылып отыр. Мемлекттік тілді 
меңгертуге арналған оқу құралдары көптеп жариялануда, алайда, тілді үйрету жаттығула-
рының орны бөлек. Оқу құралының екінші бөлімінде практикалық жаттығулар құрылым-
дық-семантикалық негізде логикалық-грамматикалық ұстанымға құрылып, топтастыры-
ла, жүйелене берілген бірнеше тақырыпты: «Субъект – предикаттық қатынастың берілуі», 
« Кеңістіктік қатынастың берілуі», «Анықтауыштық қатынастың берілуі», «Мезгілдік қаты-
настың берілуі», «Белгісіздіктің, болымсыздықтың берілуі» және т.б. тақырыптарды қамти-
ды, грамматика функционалдық аспект негізінде жазылды.
Әрбір бөлім жаттығулардың бірыңғай жүйесін құрайды: бақылауға арналған жаттығу-
лар,  пысықтауға  арналған  жаттығулар,  сөйлеудегі  дағдыларын  дамытатын  коммуника-
тивтік  жаттығулар,  тіл  үйренушілердің,  оқушылардың  тілдік  материалды  меңгергенін 
қорытындылауға арналған жаттығулар. Аталған оқу құралында берілген жаттығулар си-
паты негізінен жалпы ғылыми көпшілікке арналған, сондай-ақ, елдің әлеуметтік-мәдени 
жағымен байланысты мәліметтердің де қамтылуы оқу құралы адресатының да кеңейе тү-
суіне мүмкіндік береді: оқу құралы студенттерге, аспиранттарға, магистранттарға және жа-
ратылыстану бағытындағыларға ғана емес, техникалық жоғары оқу орындарында оқитын-
дарға  да,  сондай-ақ  гуманитарлық  профильдегі  жоғары  оқу  орындары  да  пайдалануына 
болады.  Барлық жаратылыстану факультеттерінде, техникалық оқу орындарында физика, 
химия, математика, география жүретіндігін ескере отырып, жаттығулар жинағында лекси-
калық толықтырулардың осы пәндермен де байланыстылығы ескерілді. Грамматикалық 
құбылыстар қамтамасыз ететін құрылымдар жиынтығы осы салалардың ғылыми стилінде 
айқын көрінеді. Сонымен қатар, аталған пән материалдарының мазмұны орта білімі бар-
лардың бәріне жетімді екендігі де ескерілді. Осы пәндердің тілдік материалы оқыту құра-
лының бірі ретінде пайдаланылды. 


4


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет