Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2А бөлім - Ақпаратты электронды кестелерде өңдеу
|
Мектеп: № 11 о/м
|
Күні: 20.11.2023 ж.
|
Мұғалім: Асанова Г.Ж.
|
Сынып: 8 «А,Ә,Б»
|
|
Сабақ тақырыбы
|
8.2.2.2 абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді практикада қолдану
|
Оқу мақсаты
|
8.2.2.2 абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді қолдану
8.2.2.3 электронды кестені қолдана отырып есептерді шешуде кірістірілген функцияларды қолдану
|
Сабақ мақсаты
|
мәліметтер форматтарын баптау, салыстырмалы және абсолютті сілтемелерді пайдалану;
тапсырмаларды орындау үшін электрондық кестелердегі статистикалық функцияларды қолдану.
|
Бағалау критерилері:
|
СРЗНАЧ функциясын қолданып орта бағаны есептейді;
СЧЕТЕСЛИ функциясын қолданып күндерді санайды;
білім сапасы мен үлгерімді есептейді;
ЕСЛИ және ОКРУГЛ функцияларын қолданып, оқушының қай категорияға жататынын анықтайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
мәлімет форматтарын түсіндіреді,
абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді түсіндіреді;
статистикалық функцияларды қолдануды түсіндіреді (сөйлеу және оқу дағдыларын дамыту).
|
Дағдылық құндылықтар
|
Жұптық тапсырмаларды орындау барысында жылы қарым-қатынастарды дамытып, ынтымақтастық дағдылар орнатып, сындарлы көзқарас пен сыни ой дамытылуға бағытталған дағдылық құндылықтар қарым-қатынас арқылы дамытылады.
Академиялық адалдық: басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу академиялық адалдық принциптерін сақтаудан тұрады.
|
Пәнаралық байланыс
|
Математика, статистика
|
Бастапқы білімдері:
|
Мәлімет форматтарын біледі, абсолюттік және салыстырмалы сілтемелерін қолдана біледі.
|
Сабақ барысы:
|
Сабақ кезеңдері:
|
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер
|
Оқу ресурстары
|
Кіріспе бөлім
5 мин.
|
Миға шабуыл:
Мұғалім оқушыларға электронды кестелерге байланысты негізгі ұғымдарды қайталау үшін сұрақтар қояды:
Қандай программада электрондық кесте жасауға болады?
Қандай мәлімет форматтары естеріңізде?
Салыстырмалы сілтемелердің абсолютті сілтемелерден қандай айырмашылықтары бар?
Жауаптар: Мәлімет форматтары: Общий, числовой, текстовой, денежный, финансовый, дата и время, дробный, процентный и т.д.
|