Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Директорлар кеңесінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 259 қаулысымен
бекітілген
«Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)»
мемлекеттік қызметтерінің регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы Регламентте мынадай ұғымдар мен аббревиатуралар пайдаланылады:
Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларының мемлекеттік тізілімі – құрылған, қайта тіркелген, таратылған және аккредиттелген заңды тұлғалар – Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушылары туралы мәліметтер;
өтініш беруші – осы мемлекеттік қызметтерді тұтынушы;
АӨҚО – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы;
БСН – бизнес-сәйкестендіру номері;
ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірліктер – осы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құрылымдық бөлімшесі және уәкілетті қызметкерлері.
2. Жалпы ережелер
2. «Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтер (бұдан әрі – қызметтер) – өтініш беруші ұсынған құрылтайшы және басқа құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексеру, БСН, тіркеу нөмірін тағайындай отырып, Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын (бұдан әрі – АӨҚО қатысушы) мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлікті беру мәліметтерді заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне, АӨҚО қатысушыларының мемлекеттік тізіліміне енгізу рәсімі.
3. Қызметтерді Комитет көрсетеді.
4. Қызметтер ішінара автоматтандырылған.
5. Қызметтер «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы, «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағының 1) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығымен бекітілген «Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
6. Қызметтер көрсету нәтижесі өтініш берушіге осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес белгіленген үлгідегі АӨҚО қатысушысына мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы қағаз жеткізгіштегі куәлік және 2011 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігін беру, мәліметтерді заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне енгізу болып табылады
Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда өтініш берушіге осы Регламенттің 11-тармағында көзделген мерзімде мемлекеттік қызметтер көрсетуді тоқтата тұру және бас тарту туралы жазбаша нысанда дәлелді жауап беріледі.
Мемлекеттiк қызметтер көрсетуден бас тартылған ретте өтiнiш, кемшiлiгi бар құжаттар және заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк (есептiк) тiркеу, сондай-ақ оларды қайта тiркегенi үшiн төленген алым қайтарылмайды.
7. Осы қызметтерді көрсету барысына мыналар қатысады:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Заңды тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасы арқылы – АӨҚО қатысушысын есепке алу және оған БСН тағайындау;
Алматы қаласының салық органы – Қазақстан Республикасының салық төлеушісін тіркеу, АӨҚО қатысушы – Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігін ресімдеу және Комитетке ұсыну.
3. Қызметтер көрсету тәртібіне талаптар
8. Мемлекеттік қызметтерді Комитет мына мекенжай бойынша көрсетеді: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 107 кабинет. Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен бекітілген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзіліс). Мемлекеттік қызметтер алдын-ала жазылусыз және жедел қызметсіз көрсетіледі.
9. Қызметтер көрсету туралы ақпаратты www.nationalbank.kz - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Интернет-ресурсынан не Комитетке жеке келу арқылы алуға болады. Өтініш беруші қызметтер көрсету барысы туралы 8(727) 244-95-00 телефоны бойынша біле алады.
10. «Заңды тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасына байланыс арналары арқылы электрондық хабарламалар түскен күні Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі АӨҚО қатысушысын есепке алуды және оған БСН тағайындауды автоматты түрде жүзеге асырады. Осы хабарлама Қазақстан Республикасының салық төлеушісін тіркеу, АӨҚО қатысушы – Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігін ресімдеу және Комитетке ұсыну үшін Алматы қаласының тиісті салық органына түседі.
11. Қызметтер қажетті құжаттар қоса берілген өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетіледі.
12. Осы мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуға негіздемелер Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.
13. Қызметтер көрсету кезеңдері:
қоса берілген құжаттармен өтінішті қабылдау және тіркеу;
Комитеттің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы ұсынған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қарау;
БСН тағайындау және мәліметтерді Заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін АӨҚО қатысушысын тіркеу туралы электрондық хабарламаны жасау және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңды тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасы арқылы жіберу;
АӨҚО қатысушысын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы бұйрықтың жобасын дайындау;
АӨҚО қатысушысын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлікті ресімдеу;
Алматы қаласының тиісті салық органынан Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігін алу;
АӨҚО қатысушысын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы бұйрыққа және куәлікке Комитет төрағасының қолын қойғызу;
АӨҚО қатысушыларының мемлекеттік тізіліміне мәліметтер енгізу;
өтініш беруге АӨҚО қатысушысын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлікті және Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігін беру.
Ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болмаған жағдайда мемлекеттiк қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауапты, өтiнiшті қоспағанда, ұсынылған құжаттар, кемшiлiгi бар құжаттар және заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк (есептiк) тiркегені, сондай-ақ оларды қайта тiркегенi үшiн алымды бюджетке төлеуді растайтын құжат өтініш берушіге беріледі.
14. Құжаттарды Комитеттің уәкілетті құрылымдық бөлімшесінің бір мемлекеттік қызметшісі қабылдайды.
4. Қызметтер көрсету процесіндегі іс-әрекеттер
(өзара іс-әрекеттер) тәртібін сипаттау
15. Қосымша құжаттары бар өтінішті Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы күн сайын сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін осы Регламенттің 8-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша белгіленген тәртіппен қабылдайды және тіркейді.
Өтініш берушіге оның өтінішін және қоса берілген құжаттарын қабылдауды растайтын Бас прокурордың 2007 жылғы 30 мамырдағы № 20 бұйрығымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу ережесінде белгіленген нысан бойынша талон беріледі.
16. Өтініш беруші қызметтерді алу үшін осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес белгiлеген үлгідегі, құрылтайшының немесе құрылтайшының уәкiлеттi тұлғасының қолы қойылған, мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi тиісті өтiнiшті Комитетке ұсынады.
Өтінішке Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.
Осы қызметтер бойынша жеңілдіктер көзделмеген.
17. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар:
өтініш беруші ұсынған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
өтініш беруші туралы конфиденциалды ақпаратты пайдалануға жол бермеу;
тіркелген АӨҚО қатысушыларының ісін қалыптастыруға «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі қойылады.
18. Қызметтер көрсету барысында мынадай ҚФБ қатысады:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас сарапшысы – өтінішті қабылдау және тіркеу, мемлекеттік қызметтерді ресімдеу, мемлекеттік қызметтерді ресімдеуді құқықтық қамтамасыз ету;
2) Комитет басшылығы – ілеспе құжаттарға қол қою;
3) «Заңды тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасы арқылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі – АӨҚО қатысушысын есепке алу және оған БСН тағайындау;
4) Алматы қаласының салық органы – Қазақстан Республикасының салық төлеушісін тіркеу, АӨҚО қатысушысының 2010 жылғы 31 желтоқсанға дейін берілетін Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігін ресімдеу және Комитетке ұсыну.
ҚФБ іс-әрекетінің бірізділігі және ҚФБ-нің қызметтер көрсету барысында өзара байланысын көрсететін диаграмма осы Регламенттің 3, 4-қосымшаларында келтірілген.
5. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
19. Комитеттің мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды тұлғалары мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өздері қабылдайтын шешімдер мен әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапкершілік атқарады.
20. Комитеттің жауапты тұлғалары мемлекеттік қызметтерді ұсыну барысында өтініш берушінің құжаттарындағы ақпаратты сақтауды, қорғауды және конфиденциалдылығын қамтамасыз етеді.
«Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының
өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын
мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)»
мемлекеттік қызметтерінің регламентіне
1-ҚОСЫМША
1-үлгі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы
өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті
Заңды тұлғаны - Алматы қаласының
өңiрлiк қаржы орталығының қатысушысын
мемлекеттiк тiркеу туралы куәлік
___________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
___________________
тіркеу нөмірі
Алматы қаласы
|
20 __жылғы «___»_____________
|
Заңды тұлғаның атауы _____________________________
Тұрған жері __________________________________________
Куәлiк Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының
Қазақстан Республикасы заңдарының шеңберiнде
құрылтайшы құжаттарға сәйкес
қызметтi жүзеге асыруға құқық бередi
_______________________ ________________ _________________
басшысы қолы аты-жөні
М.О.
2-үлгі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы
өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті
Заңды тұлғаны - Алматы қаласының
өңiрлiк қаржы орталығының қатысушысын
қайта тiркеу туралы куәлік
_____________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
___________________
тіркеу нөмірі
Алматы қаласы
|
20 __жылғы «___»_____________
|
Заңды тұлғаның атауы _____________________________
Тұрған жері __________________________________________
Бастапқы мемлекеттік тіркеу күні:____________________
Куәлiк Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының Қазақстан
Республикасы заңдарының шеңберiнде құрылтайшы құжаттарға сәйкес
қызметтi жүзеге асыруға құқық бередi
_______________________ ________________ _________________
басшысы қолы аты-жөні
М.О.
«Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының
өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын
мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)»
мемлекеттік қызметтерінің регламентіне
2-ҚОСЫМША
1-үлгі
______________________
Тіркеуші органның атауы
Заңды тұлғаны - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
1. Заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
Акционерлік қоғам _________________________________________________
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік __________________________________
Өзге ______________________________________________________________
2. Заңды тұлғаның атауы ___________________________________________
3. Заңды тұлғаның құрамында шетел инвесторларының қатысуы (тиісті тармақшада көрсетіңіз х ):
1) иә _________________________ 2) жоқ ______________________________
4. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады
(тиісті тармақшада көрсетіңіз х):
1) иә _______________________ 2) жоқ ______________________________
5. Заңды тұлғаның мекен-жайы:
__________________________________________________________________
(пошта индексі, қаладағы аудан, көше, даңғыл, ықшамаудан, __________________________________________________________________
үйдің, пәтердің, бөлменің (кеңсенің) №, телефон, факс №)
6. Заңды тұлғаның басшысы туралы мәліметтер (тиісті тармақшада көрсетіңіз х):
1) Қазақстан Республикасының азаматы _____________________________
2) шетелдік тұлға ________________________________________________
3) азаматтығы жоқ тұлға __________________________________________
Тұрғылықты мекен-жайының елі _____________________________________
Аты-жөні _________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат:___________________________________
(берілген күні, нөмірі, кіммен берілді)
ЖСН _____________________________________________________________
Телефон нөмірі:____________ Факс нөмірі:____________ Е-mail:_________
7. Меншік нысаны (тиісті ұяшықта көрсетіңіз х):
1) мемлекеттік ________________ 2) жеке меншік _______________________
8. Негізгі қызмет түрі: _______________________________________________
9. Жарғылық капиталдың көлемі ______________________________________
10. Жарғылық капиталдың түрі (резидент еместер үшін)__________________
11. Заңды тұлғаның құрылтайшылар құрамы (тиісті жолда көрсетіңіз х):
1) заңды тұлға ________________ 2) жеке тұлға ______________________
Заңды тұлға (резидент):
Атауы ____________________________________________________________
БСН _______________________________ Тіркеу күні __________________
Жарғылық капиталдағы үлесі% ______________________________________
Салым сомасы _____________________________________________________
(мың теңге, шетел валютасы)
Заңды тұлға (резидент емес):
Тіркелу елі ________________________________________________________
Атауы ____________________________________________________________
Субьектінің заңды тұлға болып табылатынын растайтын құжаттың атауы
__________________________________________________________________ Сауда тізілімінен немесе басқа заңдастырылған құжаттың үзіндісіне сәйкес тіркеу нөмірі _______________________________________________________
Тіркелу күні _____________________________________________________
СТН немесе салық тіркеу нөмірі ___________________ БСН ______________
Жарғылық капиталдағы үлесі % _____________________________________
Салым сомасы _____________________________________________________
Жеке тұлға (Қазақстан Республикасының азаматы):
Аты-жөні _________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: __________________________________
(берілген күні, нөмірі, кіммен берілді) ЖСН _____________________________________________________________
Тұрғылықты мекен-жайының елі ______________________________________
Жарғылық капиталдағы үлесі % ______________________________________
Салым сомасы _____________________________________________________
Жеке тұлға (шетел азаматы):
Аты-жөні _________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: ___________________________________
(берілген күні, нөмірі, кім берді)
Салық тіркеу нөмірі _______________________________________________
Тұрғылықты мекен-жайының елі ______________________________________
Жарғылық капиталдағы үлесі % ______________________________________
Салым сомасы _____________________________________________________
12. Күтілетін (шамамен) жұмыс істейтін адам саны __________________
13. Заңды тұлғаны құру қайта құру жолы арқылы (тиісті тармақшада көрсетіңіз х):
1) қайта құру ____________________ 2) қосылу ______________________
3) бөлу _________________________ 4) бөліну _______________________
14. Қайта құруда қатысатын заңды тұлғалардың саны _________________
15. Қайта құрылған жағдайда келесі мәліметтерді көрсету қажет:
Заңды тұлғаның бұрынғы атауы ______________________________________
БСН _____________________________________________________________
16. Қосылған жағдайда келесі мәліметтерді көрсету қажет:
Қосылуға қатысатын заңды тұлғалардың атауы ________________________
БСН ______________________________________________________________
17. Бөлу кезінде келесі мәліметтерді көрсету қажет:
Жаңа заңды тұлға бөлініп шыққан жұмыс істейтін заңды тұлғаның атауы
__________________________________________________________________
БСН ______________________________________________________________
18. Бөліну кезінде келесі мәліметтерді көрсету қажет:
Базасында заңды тұлға құрылған заңды тұлғаның атауы
__________________________________________________________________
БСН ______________________________________________________________
Өтінішке қоса беріледі: __________________________________________
Құрылтайшы немесе құрылтайшымен уәкілеттік берілген тұлғаның аты-жөні және қолы
20__ жылғы «__»_____________
2-үлгі
________________________________
Тіркеуші органның атауы
Заңды тұлғаны - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысын қайта тіркеу туралы өтініш
1. Қайта тіркелетін заңды тұлғаның атауы
_________________________________________________________________
2. БСН __________________________________________________________
3. Қайта тіркеу негіздемесі:
1) жарғылық капитал мөлшерінің азаюы ____________________________
(көрсетіңіз)
2) атауының өзгеруі _____________________________________________
(жаңа атауды көрсетіңіз)
3) шаруашылық серіктестіктің қатысушылар құрамының өзгеруі (шаруашылық серіктестік қатысушылары реестрін жүргізу бағалы қағаздар ұстаушыларының реестрлер жүйесін жүргізу бойынша жұмыс істеуге лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы арқылы жүзеге асырылатын шаруашылық серіктестіктерін қоспағанда) ________
__________________________________________________________________
(құрамға кіру немесе шығуды көрсетіңіз)
4. Заңды тұлға құрамында шетел инвесторларының қатысуын көрсетіңіз (тиісті тармақшада х көрсетіңіз):
1) иә ________________________ 2) жоқ ____________________________
5. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиісті тармақшада х түрінде көрсетіңіз):
1) иә ________________________ 2) жоқ ____________________________
6. Заңды тұлғаның мекен-жайы:
__________________________________________________________________
(пошта индексі, қаладағы аудан, көше, даңғыл, ықшамаудан,
__________________________________________________________________
үйдің, пәтердің, бөлменің (кеңсенің) №, телефон, факс №)
7. Заңды тұлғаның жетекшісі туралы мәліметтер (тиісті тармақшада х түрінде көрсетіңіз):
1) Қазақстан Республикасының азаматы ______________________________
2) шетел азаматы __________________________________________________
3) азаматтығы жоқ тұлға ___________________________________________
Тұрғылықты мекен-жайының елі ______________________________________
Аты-жөні _________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: ___________________________________
(берілген күні, нөмірі, кіммен берілді) ЖСН _____________________________________________________________
Телефон нөмірі:_____________ Факс нөмірі: _________ Е-mail:____________
8. Меншік нысаны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) мемлекеттік ______________ 2) жеке меншік _____________________
9. Негізгі экономикалық қызмет түрлерін көрсетіңіз: _____________________
__________________________________________________________________
10. Жарғылық капиталдың көлемі ___________________________________
11. Жарғылық капиталдың түрі (резидент емес үшін) ________________
12. Заңды тұлғаның құрылтайшылар құрамы (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
заңды тұлға ________________________ жеке тұлға __________________
Заңды тұлға (резидент):
Атауы ____________________________________________________________
БСН ________________________ Тіркеу күні _________________________
Жарғылық капиталдағы үлесі % _____________________________________
Салым сомасы _____________________________________________________
Заңды тұлға (резидент емес):
Тіркелу елі ______________________________________________________
Атауы ____________________________________________________________
Субьектінің заңды тұлға болып табылатынын растайтын құжаттың атауы
__________________________________________________________________ Сауда тізілімінен немесе басқа заңдастырылған құжаттың үзіндісіне сәйкес тіркеу нөмірі _____________________________________________
Тіркелу күні______________________________________________________
СТН немесе салық тіркеу нөмірі _________________ БСН _____________
Жарғылық капиталдағы үлесі % _____________________________________
Салым сомасы _____________________________________________________
Жеке тұлға (Қазақстан Республикасының азаматы):
Аты-жөні__________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: __________________________________
(берілген күні, нөмірі, кіммен берілді) ЖСН _____________________________________________________________
Тұрғылықты мекен-жайының елі ______________________________________
Жарғылық капиталдағы үлесі % ______________________________________
Салым сомасы _____________________________________________________
Жеке тұлға (шетел азаматы):
Аты-жөні _________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат:____________________________________
(берілген күні, нөмірі, кіммен берілді) Салық тіркеу нөмірі _______________________________________________
Тұрғылықты мекен-жайының елі ______________________________________
Жарғылық капиталдағы үлесі, %______________________________________
Салым сомасы______________________________________________________
13. Жұмыспен қамтылған адамдардың күтілетін (шамамен) саны __________
14. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті тармақшада х түрінде көрсетіңіз):
1) орта кәсіпкерлік субъектісі ____________________________________
2) ірі кәсіпкерлік субъектісі _____________________________________
Өтінішке қоса беріледі: ___________________________________________
Құрылтайшы немесе құрылтайшымен уәкілеттік берілген тұлғаның аты-жөні және қолы
20__ жылғы «__»_____________________
3-үлгі
____________________________________
Тіреуші органның атауы
Заңды тұлғаны - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысының таратылуын тіркеу туралы өтініш
1. Тоқтатылатын заңды тұлғаның атауы
________________________________________________________________
2. БСН _________________________________________________________
3. Тарату негізі _______________________________________________
4. Заңды тұлғаны тарату (тиісті тармақшада х түрінде көрсетіңіз):
1) өз еркімен __________________ 2) мәжбүрлеу __________________
5. Шешім нөмірі және оның қабылданған күні _____________________
6. Қаржы орталығының қатысушысы - заңды тұлғаны тарату туралы хабарлама жарияланған баспа басылымының күні, нөмірі және атауы
________________________________________________________________
Өтінішке қоса беріледі: ________________________________________
Меншік иесі немесе меншік иесімен уәкілеттік берілген тұлғаның аты-жөні және қолы
20 __ жылғы «____» _____________
«Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының
өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын
мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)»
мемлекеттік қызметтерінің регламентіне
3-ҚОСЫМША
1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
|
Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеті
|
1.
|
Іс-әрекеттің №
|
1
|
2
|
3
|
4
|
2.
|
ҚФБ атауы
|
Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас сарапшысы
|
Комитет басшылығы
|
Алматы қаласының салық органы
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңды тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасы
|
3.
|
Іс-әрекеттің атауы және олардың сипаттамалары
|
1) қоса берілген құжаттармен өтінішті қабылдау және тіркеу;
2) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қарау;
3) БСН тағайындау және мәліметтерді Заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін АӨҚО қатысушысын тіркеу туралы электрондық хабарламаны жасау және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңды тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасы арқылы жіберу;
4) БСН тағайындау туралы хабарламаны алғаннан кейін АӨҚО қатысушысын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы бұйрықтың жобасын дайындау;
5) АӨҚО қатысушысын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлікті ресімдеу;
6) Алматы қаласының тиісті салық органынан Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігін алу;
7) АӨҚО қатысушысын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы бұйрыққа және куәлікке Комитет төрағасының қолын қойғызу;
8) АӨҚО қатысушыларының мемлекеттік тізіліміне мәліметтер енгізу;
- АӨҚО қатысушысының ісін ресімдеу
|
АӨҚО қатысушысын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы бұйрыққа және куәлікке қол қою
|
СТН тағайындау және салық төлеушінің куәлігін ресімдеу
|
Заңды тұлға - АӨҚО қатысушысына БСН тағайындау
|
4.
|
Аяқталу нысаны
|
Өтініш берушіге АӨҚО қатысушысын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлікті, Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігін, Комитеттің тиісті мөртабандары қойылған жарғыны беру
|
АӨҚО қатысушысын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы бұйрық және куәлік
|
Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігін тізілім бойынша Комитетке беру
|
БСН тағайындау туралы электрондық хабарлама
|
5.
|
Орындалу мерзімі
|
Өтініш тіркелген күннен кейінгі бір жұмыс күні
|
Жобаны енгізу күні
|
Электрондық хабарламаның түсу күні
|
Электрондық хабарламаның түсу күні
|
2-кесте. Пайдалану нұсқасы. Негізгі процесс.
АӨҚО қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)
|
Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас сарапшысы
|
Комитет басшылығы
|
Алматы қаласының салық органы
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңды тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасы
|
1. Қоса берілген құжаттармен өтінішті қабылдау және тіркеу.
|
7. АӨҚО қатысушысын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы бұйрыққа және куәлікке қол қою
|
5. Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігін тізілім бойынша Комитетке беру
|
4. Электрондық хабарлама және БСН тағайындау
|
2. Комитет ұсынған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қарау;
|
3. БСН тағайындау және мәліметтерді Заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін АӨҚО қатысушысын тіркеу туралы электрондық хабарламаны жасау және Әділет министрлігінің «Заңды тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасы арқылы жіберу және мәліметтерді Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енгізу
|
6. АӨҚО қатысушысын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы бұйрықтың және куәліктің жобасын дайындау
|
8. Өтініш берушіге АӨҚО қатысушысын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлікті, Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігін, Комитеттің тиісті мөртабандары қойылған жарғыны беру
|
3-кесте. Пайдалану нұсқасы. Балама процесс.
АӨҚО қатысушыларын мемлекеттiк тiркеуді (қайта тiркеуді) тоқтата тұру
|
Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас сарапшысы
|
Комитет басшылығы
|
1. Қоса берілген құжаттармен өтінішті қабылдау және тіркеу
|
3. АӨҚО қатысушысын мемлекеттiк тіркеуді (қайта тіркеуді) тоқтата тұру туралы бұйрықтың жобасына қол қою
|
2 АӨҚО қатысушысын мемлекеттiк тіркеуді (қайта тіркеуді) тоқтата тұру туралы бұйрықтың жобасын дайындау
|
4. Өтініш берушіге жетіспейтін құжаттарды беру не құжаттарды қарау барысында анықталған кемшіліктерді жою туралы хабарлау
|
4-кесте. Пайдалану нұсқасы. Балама процесс.
АӨҚО қатысушыларын мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) бас тарту
|
Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас сарапшысы
|
Комитет басшылығы
|
1. Қоса берілген құжаттармен өтінішті қабылдау және тіркеу
|
4. АӨҚО қатысушысын мемлекеттiк тіркеуден (қайта тіркеуден) бас тарту туралы бұйрыққа қол қою
|
2. АӨҚО қатысушысын мемлекеттiк тіркеуден (қайта тіркеуден) бас тарту туралы бұйрықтың жобасын дайындау
|
3. Мемлекеттiк тіркеуден (қайта тіркеуден) бас тарту туралы бұйрықтың жобасына бұрыштама қою
|
4. Өтініш берушіге дәлелді жауапты және өтінішті қоспағанда, ұсынылған құжаттарды және қатесі бар құжаттарды беру.
|
«Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының
өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын
мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)»
мемлекеттік қызметтерінің регламентіне
4-ҚОСЫМША
Функционалдық өзара іс-әрекет схемасы
-
АӨҚО қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)
|
4. Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы
АӨҚО қатысушысын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы бұйрықтың және куәліктің жобасын дайындау.
Бір жұмыс күні
6. Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы
Өтініш берушіге АӨҚО қатысушысын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлікті, Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігін, Комитеттің тиісті мөртабандары қойылған жарғыны беру
Куәлікке қол қою күні
Достарыңызбен бөлісу: |