ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
Қорғаныс ведомствосы "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрықтың жобасын дайындады.
Меморандум қорғаныс ведомствосының ақпараттық ресурстарын дамыту саласында әріптестік қатынастар орнатуды, Алматыдағы Армия үйінің инфрақұрылымына қолдау көрсетуді көздейді. Сонымен бірге қорғаныс ведомствосының инновациялық жобаларын орындау сапасын арттыруға бағытталған.
Қорғаныс министрлігі күштік құрылымдар арасында бірінші болып әскери қызметшілердің зейнетақысы мен әлеуметтік қамсыздандыру процестерін автоматтандырды. Сол үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы есептеулері» ақпараттық жүйесімен интеграцияланған бағдарлама пайдалануға берілді.
Бас штаб Байланыс департаментінің әскери қызметшілері, Алматы гарнизоны әскери бөлімдерінің, ҰҚК Шекара академиясының мамандары, байланыс өкілдері жаңа құралдар мен жабдықтарды енгізудің өзекті мәселелерін талқылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ЖОҒАРҒЫ БАС ҚОЛБАСШЫСЫНЫҢ СӨЗІДЕРІ
Мемлекет басшысы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы Матиас Корманмен кездесті
Мемлекет басшысы Францияға жасаған ресми сапары аясында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы Матиас Корманмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Президент Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы табысты ынтымақтастық деңгейін атап өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзі
Биыл халқымыз үшін айрықша маңызды жыл болды. Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам басты. Біз түбегейлі бетбұрысқа жол ашқан ауқымды өзгерістер жасадық. Конституциялық реформаны жүзеге асырдық. Мемлекетіміздің ең басты салаларын жан-жақты жаңғырттық. Соның арқасында халықтың болашаққа деген үміті артып, сенімі нығая түсті.
– Цзянь Цзэминьді Қытайдың дамуы мен халықаралық қауымдастықтағы мерейін арттыру жолында риясыз қызмет еткен еліңіздің көрнекті перзенті ретінде жақсы білеміз. Екі ел арасындағы берік достықты нығайтуға сүбелі үлес қосқан тұлға ретінде оның жарқын бейнесін халықтарымыз жадында мəңгі сақтайды, – деп жазылған жеделхатта.
ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
Қырғызстан президенті Өзбекстанмен жекелеген шекара учаскелері туралы келісімге қол қойды
Кабар - ҚазАқпарат – Қырғызстан Республикасының Президенті Садыр Жапаров «2022 жылдың 3 қарашасында Бішкекте қол қойылған қырғыз-өзбек Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері туралы Заңға қол қойды.
Қытайда коронавирусқа қарсы шектеу шаралары жеңілдеуде. Бейжің аурулардың алдын алу және бақылау орталығынан атап өткендей, COVID-19 инфекциясының саны өсуі аясында эпидемиямен күресу шараларын оңтайландыру қажет. Бейжіңнің эпидемиологиялық қаупі жоғары аймақтарында орналасқан тұрғын үй кешендерінің қақпалары мен кіреберістерін бұғаттауға тыйым салынады.
Түркия Сирияның солтүстігіндегі күрд жасақтарына қарсы тағы бірнеше соққы жасады, деп хабарлайды «Хабар 24». Анкара Ыстамбұл қаласында 6 адамның өмірін қиған терактіге Күрдістанның жұмысшы партиясын кінәлайды. Қайғылы оқиғадан кейін Түркия Сирия мен Ирак аумағындағы лаңкестер деп танылған күрдтерге қарсы әскери операциясын жариялады.
ЕЛІМІЗДЕГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды . "Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген президенттің баспасөз қызметінің хабарламасында. https://kaz.nur.kz/politics/1999702-serik-sapkenov-atyrau-oblysynyn-akimi-bolyp-tagaiyndaldy/
Таиландтың Паттайя қаласында академиялық ескек есуден ересектер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды. Желтоқсанның төртіне дейін жалғасатын сайыста ел намысын 13 ересек (11 еркек, 2 әйел) пен 9 жас спортшы (3 еркек, 6 әйел) қорғап жатыр. Бірқатар қазақстандық іріктеуді сәтті еңсеріп, жүлде үшін таласуға мүмкіндік алып үлгерді, деп хабарлайды
Тоқаев қысқы жылыту маусымына дайындықты тексеру үшін арнайы комиссия құруды тапсырды Комиссияға президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов жетекшілік етеді. Комиссия орталық және жергілікті атқарушы органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексереді деп күтіліп отыр. Сондай-ақ комиссия құрамына Бас прокуратураның, Жоғары аудиторлық палатаның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кіретіні белгілі болды
Достарыңызбен бөлісу: |