Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі бойынша 2013 жылы атқарылған жұмыстар



Дата23.02.2016
өлшемі31.35 Kb.
#5142
Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі бойынша 2013 жылы атқарылған жұмыстар
2014 жылдың 1 қаңтарына Зайсан аудандық жер қатыныстары бөліміне заңды және жеке тұлғалардан барлығы 1160 өтініш келіп түсті, оның ішінде

- аудан әкімінің кеңсе бөлімі арқылы 505 сұраныс хаттар мен тапсырмалар;

- тікелей бөлімге 655 өтініштер мен сұраныстар.

Олардың 984 қанағаттандырылып, 176 түсіндірілді.

Аудандық жер қатынастары бөлімінің ұйымдастыруымен жыл басынан бері 24 аудандық жер комиссиясының отырысы өткізіліп, 865 өтініш қаралып оң шешімін тапты.

2014 жылдың 1 қаңтарына жер учаскелерін пайдалану жөнінде 509 келісім шарт жасалды:

- Бүгінгі күні аудан көлемінде 1 286 шаруа қожалықтары жұмыстарын атқаруда, оларға жалпы ауданы 433 084 га, жер учаскелері бөлініп бекітіліп берілді, оның ішінде жайылымдық 316 682 га, шабындық 35 967 га, егіндік 17 134 га.

- шабындық және маусымдық жайылым үшін жалпы ауданы 5695,48 га жер учаскелері жеке тұлғаларға бекітіліп берілді, оның ішінде 2401,3 га шабындық, 3294,18 га жайылымдық.;

- жалға беру құқығында 2 жеке кәсіпкерлерге жалпы ауданы 3,1 га жер учаскесі, 3 мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жалпы ауданы 12,3 га 3 жер учаскесі бекітіліп берілді.

2013 жылы жер учаскесін сатуға жалпы сомасы 8 177 800 теңгені құрайтын 17 келісім-шарттар жасалды, оның ішінде: 14 жер учаскесі жеке кәсіпкерлерге, тұрғын үй салуға берілген учаскелерін көлемі нормадан асқан 5 жеке тұлғаға. 303101 көрсеткіші бойынша ауданның бюджетіне жер учаскелерін сату бойынша 2013 жылы 15,9 млн. теңге қаражат түсті.

Зайсан ауданы бойынша жеке тұрғын үй құрылысына көлемі 31,8 га жер учаскелеріне сәйкестендіруші құжаттары жасалды.

2012 жылғы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Масимовтың тапсырмасы бойынша жеке тұрғын үй құрылысына және ауыл шаруашылығы мақсатындағы берілген жер учаскелерінің 2013 жылы түгендеу жұмыстары жүргізілді.

Тексеру қорытындысы бойынша заң бұзушылықтармен пайдаланып келе жатқан жер учаскелердің тізімі ШҚО аймақтық жер инспекциясына жолданды.

Аудан бойынша егістік жерлерді тиімді пайдалану үшін инвестиция тарту және шаруа қожалықтарын ірілендіру жұмыстары қолға алынды.

Мысалы, 2013 жылға дейін Шілікті ауылдық округіне қарасты Қарасай учаскесінде 6000 га астам егістік жерлер бос жатқан. 2013 жылы Астана қаласының азаматтары Алиақпар Қайролла және Жүрекбаев Марат 3000 га жер бекітіп алып, техникалар әкеліп 200 га арпа екті, және мал сатып алып, шөп дайындады, келешекте мал бордақылау алаңын салмақшы, 2014 жылы бұл жұмыс жалғасын табады.

2014 жылы бұрынғы Сауыр АШК егістік жерлеріне азамат Мукашев Алибек 1500 га дәнге жүгері өсіріп, және оны өңдейтін завод салмақшы.

Талдықорғанның азаматы Зайсан қаласынан 3 гектарға жылыжай салып қысы – жазы жеміс өндіруге ниет білдіріп отыр.

Сол сияқты Қарабулақ ауылының тұрғыны Қапу Құралхан 50 жанұяның басын біріктіріп 433 га егістік жерді игерді.

Жарсудың азаматы Болатбек Мизамхан бірнеше жанұяның басын біріктіріп 200 гектарға соя егіп, мол өнім алды.

2013 жылдың наурыз айында ауданымызда бірінші рет 2 жер учаскесін аукцион арқылы бердік және ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін конкурс арқылы жалға беру ұйымдастырылды. Конкурсқа 9 жер учаскелері шығарылып жалпы ауданы 1809 га жалға берілді. Ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында аукцион, конкурс өткізу жоспарлануда.

2013 жылы 8 (сегіз) ауылдық және 1 (бір) қала округінің ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерінің карталары жасалып берілді. Бүгінгі күні Сартерек, Қаратал, Дайыр тірек ауылдарында құрылыс салынатын обьектілерінің жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттарын уақытында жасау жұмысы қатаң бақылауда тұр. 2013 жылы Қаратал ауылдық округі бойынша мемлекеттік бағдарлама негізінде салынатын Қаратал ауылындағы мәдени-сауықтыру орталығының, жанұялық-дәрігерлік амбулаторияның, су құбырының; Улкен Қаратал ауылындағы су құбырының; Дайыр ауылындағы мәдениет үйінің, су құбырының, жанұялық-дәрігерлік амбулаторияның; Сартерек ауылындағы Қарашоқы учаскесіндегі спорттық сауықтыру орталығының; Шілікті ауылындағы салынатын су құбырының; Айнабұлақ ауылында салынатын мәдениет үйінің, су құбырының орналасатын жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттары жасалып берілді.

2013 жыл түгендеу жұмыстардың нәтижесі бойынша 2900 га суармалы егістік жерлер ауданның арнайы қорына алынды, келешекте де ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер түгендеу жұмыстары жалғасын табады, 2014 жылы толығымен аяқтауды жоспарлап отырмыз.



Зайсан қаласы бойынша бұрын беріліп қазіргі уақытта құрылыс салынбай бос жатқан жер учаскелерін мемлекет құзырына қайтару.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстарын толығымен аяқтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет