Қазақстан тарихы 5-сынып 2а ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат) Сабақтың тақырыбы



бет1/3
Дата09.07.2023
өлшемі168.46 Kb.
#475609
түріСабақ
  1   2   3
Қазақстан тарихы 5 сынып 2АКөшпелілердің қандай салт-дәстүрлері бүгінгі күнге дейін сақталды қысқа мерзімді жоспар docx.


Қазақстан тарихы 5-сынып


5.2А Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат)
Сабақтың тақырыбы:

Көшпелілердің қандай салт-дәстүрлері бүгінгі күнге дейін сақталды?

Мектеп:

Уақыты: 2 сағат

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 5



Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары:

5.2.1.2 – ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау

Сабақтың мақсаты:

  • Ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау

Бағалау критерийлері:

  • Көшпелілердің салт – дәстүрлері туралы біледі

  • Көшпелілердің салт – дәстүрлерінің маңызын түсінеді

Пәнаралық байланыс:

География, қазақ әдебиеті, дүние жүзі тарихы.

Құндылықтарды дарыту:

Құндылықтар:
- патриотизм
- отансүйгіштік
- өз халқы үшін мақтаныш
- ұлттық сана – сезім

АКТ дағдылары:

Интернет, презентация.

Тілдік міндеттер:

Пәндік лексика мен терминология:
Салт – дәстүр, Наурыз, көкпар, саятшылық
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
Мен келесі өзгерістерді байқадым....
Көшпелілерде ұлттық ойындардың мынадай түрлері болды.....
Біздің топтың ойынша....

Алдыңғы білім:

Көшпелілік өмірдің қалыптасуын біледі.

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар

Дерек көздері

Сабақтың басы
15 мин


Б Амандасу. Оқушылардың сабақ қызығушылығын арттыру және сабақ тақырыбына шығу мақсатында, оқушылардың назарына мақал – мәтелдер ұсынылады. Оқушылар мақалдың жалғасын табады, мағынасын түсіндіреді..

  • Шақырған жерден қалма - _______________ (шақырмаған жерге барма)

  • Алты жасар бала алыстан келсе - _________________ (Алпыс жасар кәрі алдынан шығар)

  • Келгенше қонақ ұялар - ____________ (Келіп болған соң үй іші ұялар)

  • Құтты қонақ келсе - ___________ (Қой егіз табады)

  • Қына тастан шығады - ___________ (ақыл жастан шығады)

  • Басқа пәле - ______ (тілден)

  • Сөз сүйектен өтеді - __________ (Таяқ еттен өтеді.)

  • Ата көрген оқ жонар - __________ (ана көрген тон пішер)



М Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, оқу мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру.
М Оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

  • Бүгінгі күнге дейін жеткен салт – дәстүрлер қалай пайда болды?

  • Біз қандай салт – дәстүрлерді білеміз?

Оқушылар салт - дәстүрлер туралы ИНСЕРТ стратегиясын толтырады.

Білемін

Білгім келеді

Білдім













Қазақстан тарихы 5 сынып
Жалпы білім беретін мектептің 5 сыныбына арналған оқулық
С.Р.Ахметова, А.М.Ибраева, А.А.Құлымбетова, А.С.Мағзұмова, А.М.Марқабаева – Астана: НЗМ, 2017

Слайд №1

https://yandex.kz/images/search?text=темір%20дәуірі%20тайпалары%20карта&img_url


Слайд № 2, 3
Слайд №4



Сабақтың ортасы

15 мин


20 мин
20 мин

М Бүгінгі сабағымыздың зерттеу сұрағы:
Көшпелілердің қандай салт – дәстүрлері бүгінгі күнге дейін сақталды?
Тапсырма 1
Ж Одан кейінгі кезекте оқушылар дәптерлеріне салт – дәстүрлер, олардың түрлері туралы білімдерін жазып, алдымен жеке, кейін жұпта талқылайды. Осыдан кейін оқушыларға «көшпелілер жаңа жылды қалай тойлаған» деген мәтін беріледі.
Мәтін 1
Мәтінді оқып болған соң, «Бес саусақ» әдісі бойынша жауап берулері тиіс.

Не?

Қайда?

Қашан?

Қалай?

Неліктен?



Мәтін 2
Тапсырма 2
Әр топ бір салт – дәстүрді таңдап (не болмаса, әр топқа бір салт – дәстүрден қағазға жазып беруге болады) импровизация жасау керек. Мысалы: «Тұсаукесер», «Бесікке салу», «Беташар», «Наурыз көже» және т.б.


Критерийлері:

  • Салт-дәстүрдің мағынасын аша біледі

  • Мазмұндылығын айқындайды

  • Көшпелілердің дүниетанымына әсерін анықтайды



Тапсырма 3
КӨКПАР ОЙЫНЫ:
Ортаға «Сиқырлы қалпақша» қойылады. Оқушылар топта ақылдаса отырып, екі сұрақтан қағазға жазып қалпақшаға салады. Өзге топтың оқушылары қалпақшадаң бір қағазды алып, жазылған сұраққа жауап беруі тиіс. Жауап дұрыс берілмеген жағдайда ұпай (немесе салым) сұрақ қойға топқа беріледі.




Қазақстан тарихы 5 сынып


Жалпы білім беретін мектептің 5 сыныбына арналған оқулық
С.Р.Ахметова, А.М.Ибраева, А.А.Құлымбетова, А.С.Мағзұмова, А.М.Марқабаева – Астана: НЗМ, 2017

Слайд №5, 6


Ежелгі Қазақстан тарихы:


Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық
Т.С. Садықов, Ә.Т. Төлеубаев, Ғ. Халидуллин, Б. Сәрсекеев. – алматы: Атамұра, 2011. – 176 бет.

https://yandex.kz/images/search?text=темір%20дәуірі%20тайпалары%20карта&img_url




Слайд №7
Слайд № 8



Сабақтың оңы

15 мин
5 мин





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет