Зайсан ауданының 2012 жылдың 9 айында әлеуметтік-экономикалық дамуы



Дата23.02.2016
өлшемі26.57 Kb.
#11604
Зайсан ауданының 2012 жылдың 9 айында

әлеуметтік-экономикалық дамуы
Өнеркәсіп орындары 988,4 млн. теңгенің тауарлы өнімдерін өндірді, өткен жылғыдан 636,3 млн теңгеге аз. Табиғи көлем индексі 66,9% болды.

Кен өндіру өнеркәсібі саласында «Тарбағатай Мұнай» ЖШС 2011 жылдың 9 айында 834,5 млн теңгенің техникалық қызметтерін атқарды, ал 2012 жылы 9 айда оның көлемі 430,5 млн. теңге болды немесе 51,6%. Себебі «Тарбағатай Мұнай» ЖШС-ның жұмыс көлемінің азаюына байланысты.

Өңдеу өнеркәсібінде көрсеткіштердің төмендеу себебі «Балық Продукт Восток» ЖШС-ның жұмысы тоқтауына байланысты. 2011 жылы сәйкес мерзімінде мекеме 251,3 млн. теңгеге 215 тонна өнім өндірген.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 1783,8 млн. теңгені құрады, 2011 жылдың 9 айындағыдан (1445,5 млн. теңге) 23,4%-ға жоғарылаған.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 6 млрд 540,2 млн.теңге болып, 91,7% құрады.

2012 жылдың 1 қазанына шағын бизнес субъектілерінің тіркелген заңды тұлғалар саны – 69 (2011 жылы – 66 немесе өсім 4,5%), оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны – 35, 2011 жылы - 35, соның ішінде белсенді жұмыс істеп тұрғаны – 32, бұл 2011 жылмен (29) салыстырғанда 110,3%.



Бюджет саласында:

2012 жылға аудан бюджеті – 3 млрд 752,9 млн теңге, оның ішінде субвенция 1 млрд 950,8 млн теңге, облыстық және республикалық бюджеттерден берілген трансферттер 1 млрд 237,8 млн теңге, кредиттер 29,1 млн теңге. Аудан бюджетінде субвенцияның үлесі 52,3%, трансферттер мен кредиттердің үлесі 33,8%, өз кірістердің үлесі 13,9%.

9 айда аудан бюджетінің өз кірісінің жоспары 369,9 млн. теңге, орындалғаны 414,2 млн теңге немесе 112%. Шығыстар жоспары 2млрд 906,3 млн теңге, орындалғаны 2 млрд 899,5млн теңге, игерілуі 99,8%.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 7 млрд 8 млн. теңгені құрап, өткен жылғы сәйкес мерзімдегіден 100,0 % құрады.

8240,7 тонна ет (өсім 3,7%), 34533,4 тонна сүт (өсім 4,8%), 3 млн 87,5 мың дана жұмыртқа (өсім 21,5%) өндірілді.

Ірі қара саны 70236 басқа (өсім 0,8%), қой-ешкі 155007 басқа (өсім 2,2%), жылқы 14578 басқа (өсім 2%), құстар 61500 басқа (өсім 22%) жетті.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 3 млрд 585,3 млн.теңгеге жетіп, 104,8%-ды құрады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Зайсан ауданы бойынша орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 2011 жылы 9 айда - 64%, 2012 жылы 9 айда - 67,6% құрады.



Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі 1910 ш.м. болды, бұл былтырғыдан (1887 ш.м) 101,2% артық.

Денсаулық сақтау саласында:

Туу көрсеткіші 20,1-ден 20-ға төмендеді. Өткен жылғы 9 айда 541 бала туса, 2012 жылы 543 бала туды. 2011 жылы ауданға 892 ағайындар, оның ішінде 410 әйел адам, биыл алғашқы тоқсанда 384 адам, оның 180-і әйел, көшіп келді. Ағайындардың көбеюі есебінен туылған бала саны артады деп күтілуде.

1000 тірі туылғандарға бала өлімінің деңгейі 12,8 болып, өткен жылғыдан 1,5-ке төмендеді, 7 бала қайтыс болған. 1 ана өлімі тіркелген.



Жалпы қайтыс болғандар саны 2011 жылы - 220, 2012 жылы - 214 адам, 6 адамға азайған. Көрсеткіші 6,1-ден 5,9 –ға азайды, бұл жалпы халық санының өзгеруіне байланысты.

Мектеп жасына дейінгі балалардың 94%-ы мектепке дейінгі білім және тәрбие берумен қамтылған. Ауданда 6 балабақша, 22 шағын орталық бар. Ыстық тамақпен 5546 бала қамтылған, оқушылар үлесі 93,3%.

Дене шынықтыру мен спортты дамытуда әкімшілік-аумақтық бірліктер аймақтарының материалдық базасын нығайту, халықтың демалысын ұйымдастыру мақсатында Қаратал, Сартерек, Дайыр тірек ауылдарында хоккей корты, мини-футбол алаңы салынды.

Зайсан ауданында 2011-2015 жылдарға дене шынықтыру мен спортты дамытуға арналған арнайы бағдарлама қабылданып, 2011 жылы аудандағы барлық деңгейдегі дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар үлесі 23,1% болса, 2012 жылы -35% құрайды, яғни 51,1% артық.



Туберкулезбен ауырған 28 адам анықталған (былтыр 9 айда – 33 адам).

Қоғамдық тәртіп (9 айда):

Қылмыстар саны 182 болып, сәйкес мерзімдегіден (206 оқиға) 24-ке азайған, ашылу пайызы 75,4-тен 58,1-ге төмендеп кеткен.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет