2008 жылдың 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы бойынша ақпарат
Дене шынықтыру және спорт бөлімі
Дене шынықтыру және спорт бөлімінің жұмысы календарлық жоспарға сәйкес өткізілуде. 1 тоқсанда аудан көлемінде: Молодежный кенті, Ұлан, Привольное, Алмасай, Герасимовка, Донское ауылдарында – спорттың 15 түрінен жарыстар өтті. Молодежный кентінде аудан бюджетінен хоккей қорабын салуға 1 милион теңге, спорт кешенін салуға 100 миллион теңге облыстық бюджеттен бөлінді.
Биылғы жылы материалдық базаны нығайтуға 86 мың тенге бөлінді: спорттық киімдер және волейбол доптары алынды.
Аудан және облыс көлемінде өтетін жарысқа қатысушы спортшыларды марапаттауға 4 миллион 307 тенге бөлінген. Аталған қаржы алдағы уақытта өткізілетін спорт шараларын өткізуге жеткіліксіз.
Кәсіпкерлік бөлімі
2008 жылдың 5 қаңтарында Молодежный кентінде сауда-саттық, ауылшаруашылық, тау-кен өндірісін, саяхат, білім беру және мәдениет саласын дамыту мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы және Қытай халық Республикасы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық районы Алтай аймағы Зимунай ауданының басшыларының кездесуі өтіп Меморандумға қол қойылды.
Осы меморандумды іске асыру мақсатында 2008 жылдың 6 сәуірінде «Агро-Бам» шаруа қожалығының жетекшісі Қасенов Жақсылық Жапарханұлы мен ҚХР ШҰАР Алтай аймағы Жеменей аудандық «Астық пен майды қамбалап сату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Уаң Ли Пу болып Ұлан ауданының Саратовка ауылдық округінде 20 га жерге кароп дақылын өсіруге келісім жасасты.
Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы жылы жолдауын іс жүзіне асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2008 жылғы 21 ақпанда «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялау туралы» қаулысы қабылданған. Осы қаулыны аудан кәсіпкерлеріне түсіндіру мақсатында 2008 жылдың 2 сәуірінде аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің аудан кәсіпкерлерімен семинар-кеңесі өтіп. кездесуде маңызды сұрақтар қаралды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 21 ақпанындағы «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялау туралы» № 178 қаулысы талқыланды. Семинар-кеңесінде аудан прокурорының орынбасары С.А.Аймухан, аудандық салық комитетінің төрағасы Ә.Ж.Сейілханов, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Департаментінің Ұлан ауданындағы басқарма бастығы Х.Ж.Илюбаев, аудан бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Ж.М.Қожақанов, аудандық өртке қарсы қызмет бөлімінің бастығы Ғ.Ақаев сөз сөйледі.
Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша құнсыздану үдерістерін тежеу, бағаны тұрақтандыру іс-шаралар жоспарына сәйкес 2007 жылдың 16 қазанында аудан әкімінің өкімімен құрылған штабтың кезектен тыс 7 рет отырысы болып өтті.
2008 жылдың 7- ақпанында аудан бойынша жәрмеңке өткізу кестесі бекітілген. Осы кесте бойынша әр аптаның сенбі күндерінде жәрмеңке ұйымдастырылып өткізіліп отыр. Сонымен қатар толайым және көтерме сатумен айналысатын «Дина», «Өскемен- қант», «Багратион- Улан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен екі жақты келісім шарт жасалып, арзан бағамен аудан орталығында осы ұйымдардың қатысуымен бірнеше жәрмеңке өткізілді.
Жәрмеңке бүгінгі күнге дейін барлығы 13 рет болып өтті.
Ұйымдастырылған жәрмеңке аудан орталығы Молодежный кентінде 6 рет, Таврия ауылында 6 рет, Огневка кентінде 1 рет .
Жәрмеңкеде ет өнімі, сүт өнімдері, жұмыртқа өнімі, ұн өнімдері, бал өнімі, көкеніс, жеміс-жидек т. б өнімдері ұйымдастырылып арзан бағамен сатылды.
Құнсыздану үдерістерін тежеу, бағаны тұрақтандыру, халықты негізгі азық түлікпен қамтамасыз ету мақсатында ақпан айының 23-27 аралығында Айыртау, Саратовка, Төлеген-Тохтаров, Аблакетка ауылдық округтерінің және Асубұлақ кентінің шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерімен кездесу өткізілді.
ТҮКШ, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Автомобиль жолдары
Ұлан ауданының автомобиль жолдарының ұзындығы 463 шақырымды құрайды, соның ішінде: қара қатты қиыршық тас жабындысымен – 255 шақырым, қиыршық тас жабындысымен - 199 шақырым, топырақты жол – 9 шақырым. Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы «Шығыс Қазақстан облысының жол саласының кейбір мәселелері туралы» №437 қаулысымен «Өскемен-Тарғын-Самар» автомобиль жолының 15-107 шақырым аралығындағы учаскесі «Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары департаменті» ММ-нің балансына берілді. Ұлан ауданы бұл учаскені 2008 жылғы 1 сәуірге дейін ұстаған.
2008 жылға автомобиль жолдарын қысқы мерзімде ұстауға – 18000,0 мың теңге, ағымды жөндеуге – 9864,0 мың теңге және «Васильевка-Бозанбай» автомобиль жолының үстін кедір бұдырлы жөндеуге (орта жөндеу) 23039,0 мың теңге бөлінді. Барлығы 50903,0 мың теңге. «Мемлекеттік сатып алу» Заңының негізінде (жаңа тендер өткенше) ағымды жылдың қаңтар-ақпан айларына жергілікті жолдарды қыс кезеңінде ұстауға «Алтай» ЖШС-пен сомасы 5000,0 мың теңгеге және «Өскемен-Самар» автомобиль жолын қыс кезеңінде ұстауға сомасы 4000,0 мың теңгеге «Қазақавтожолы» РМК ШҚ ОФ-мен шарттар жасалды.
Автомобиль жолдарын қысқы мерзімде ұстауға, ағымды жөндеуге және «Васильевка-Бозанбай» автомобиль жолының үстін кедір бұдырлы жөндеуге (орта жөндеу) ашық конкурс бюджеттік бағдарламаның әкімшісі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен 2008 жылғы 15 ақпанда өткізілді. Автомобиль жолдарының қызмет етуіне конкурс жеңімпазы «Қазақавтожолы» РМК ШҚО филиалымен 2008 жылғы 21 наурызда шарт жасалды. 2008 жылғы 1 сәуірге 8038,0 мың теңге игерілді.
Ұлан ауданы бойынша автомобиль жолдарында пайдалануға берілген уақыттан бері ешқандай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Қазіргі уақытта автомобиль жолдарының техникалық жағдайы жол қозғалысы қауіпсіздігіне сәйкес келмейді. Сондықтан жолдардың 70 пайызына тек күрделі жөндеу қажет. Соны ескере отырып 2008 жылға ауданның даму бюджеті есебінен «Таврия-Каменка» автожолын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжат жасау үшін 10,0 млн. теңге қаражат бөлінді. Бұл жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізу 2008 жылғы мамыр айына жоспарланған.
2008 жылы облыстық бюджеттен Сібе көлдері демалыс базаларына кіре беріс жолын салуға жобалық сметалық құжат дайындауға 2,0 млн. теңге, «Аюда» демалыс базаларына кіре беріс жолын салуға жобалық сметалық құжат дайындауға 10,0 млн. теңге қаражат бөлінді.
Сумен жабдықтау
Ұлан ауданы бойынша орталықтандырылған сумен қамту 14 елді мекендерде бар, оларда 12988 адам тұрады немесе аудан тұрғындарының 31 пайызын құрайды. Су құбырларының жалпы ұзындығы 61 шақырым.
2008 жылы аудандық бюджеттен елді мекендердегі сумен қамту және су қайтарғы жүйелерінің қызмет етуіне 4795,0 мың теңге бөлінді, ол 2007 жылмен салыстырғанда 49,7 пайызды құрайды. Бұл қаражат Тарғын, Гагарин, Смолянка ауылдарында, Асубұлақ кентінде қоғамдық скважиналар бұрғылау үшін және Привольный, Таврия ауылдарында, Молодежный кентінің су құбырлар жүйелерін ағымды жөндеуге жұмсалады. 2008 жылғы 1 сәуірге 695,0 мың теңге игерілді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
2008 жылға аудандық бюджеттен ауылдық округтер мен кенттерге санитарлық тазалауға – 1870,0 мың теңге, көріктендіру және көгалдандыруға – 5700,0 мың теңге қаражат бөлінді. Молодежный кенті бойынша аудандық бюджеттен көріктендіру және көгалдандыруға 4000,0 мың теңге, санитарлық тазалауға 442,0 мың теңге бөлінді. Көріктендіру бағдарламасы әзірленіп, кенттегі тұрғын үйлердің төрт аулаларын көріктендіру жұмыстары жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта бұл жұмыстарды орындау бойынша сметалық құжат әзірленген. Смета бойынша көрсетілген тұрғын үйлердің аулаларында 1372 метр темір қашаларды ауыстыру және жөндеу, жол шеттеріне жиектер орнату 697 метр, аулалардың жолдарын жөндеу 302 м2, балаларға арналған кіші сәулет нысандар және әткеншектер, көлеңкеленген құмды балалар алаңдарын, демалу үшін үстел мен орындықтар орнату жұмыстары қарастырылған. Молодежный кентінде орталық көшеден аудандық мәдениет үйіне дейін жол салу, оған асфальтобетондық жабынды жасау жұмыстарына аудандық бюджеттен 11,0 млн. теңге қаражат қарастырылған, бұл жұмыстарға мердігерді анықтау үшін кент әкімдігімен конкурс өткізіледі.
Аудандық бюджеттен елді мекендерде көше жарықтарын орнатуға 9088,0 мың теңге қаражат қарастырылған. Молодежный кентінде орталық көшеден Марсеков атындағы мектепке дейін және Айтыков көшесінде көше жарығын орнату жоспарланып отыр, ол үшін бюджеттен 1500,0 мың теңге бөлінді.
Қаржы бөлімі
2008 жылдың 1 тоқсанына аудандық бюджеттің кірісі бөлігі 101,0 пайызға, оның ішінде меншік түсімдер 105,3 пайызға есепті кезеңдегі жоспардағы 432930,0 мың теңгенің орнына 437273,5 мың теңгеге орындалды, 7351,4 мың теңге болжамнан артық түсті. Болжам бойынша жеткізілген 32 табыс түрінің 2 түрінен болжам орындалмады.
2008 жылдың бірінші тоқсанына аудандық бюджеттің шығысы 441015,2 мың теңге нақтыланған төлем жоспарланып, оның 427249,9 мың теңгесі нақтылай орындалды немесе 96,7 пайызға.
2008 жылдың 1 сәуіріне аудандық бюджеттің шотында 46083,4 мың теңге қалдық қалды, оның ішінде 7351,3 мың теңге жеке кірістердің асыра орындалуынан, 26215,0 мың теңге есепті кезең соңындағы бюджет қаражатының қалдығы. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшіліктерімен игерілмеген қаржы 13765,3 мың теңге, оның 1249,0 мың теңгесі облыстық бюджеттен түспеген ағымдағы трансферт.
1249,0 мың теңге облыстық бюджеттен түспеген ағымдағы трансфертті санамағанда аудандық бюджетте игерілмеген қаржы 12516,2 мың теңге оның ішінде:
- республикадлық және облыстық ағымдағы трансферттер - 1842,0 мың теңге;
- әкімі аппаратында және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімнде
сот шешіміне байланысты 9217,6 мың теңге қаражат игерілмей қалды;
- басқада себептермен – 1456,6 мың теңге;
2008 жылдың бірінші тоқсанына аудандық республикалық және облыстық бюджеттен 75340,0 мың теңге ағымдағы трансферт бөлінді және 73497,7 мың теңгесі игерілді немесе 97,5 пайызға
Ұлан ауданы білім беру мекемелерінің 2008 жылдың 1-тоқсаны бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат
Қазіргі уақытта ауданда 43 мекеме және білім беру ұйымдары бар. Жалпы білім беретін мектеп -37, 5170 оқушы білім алуда. 2 мектептен тыс мекеме – балалар саз мектебі және облыстық бюджеттен қаржыланған жасөспірім балалар спорт мектебі. Балалар саз мектебінде 55 оқушы қосымша білім алуда. 4 бала бақшада 184 бала. Донской ауылындағы жалпы көлемі 653 кв.м бала бақшаның ескі ғимаратының 156 кв.м көлемін жөнделген, мектепке дейінгі мекемелердің жүйесін дамытуға ерекше үлкен үлес қосқан ЖШС «Иртыш» (жетекшісі А.Барков) 25 орындық бала бақшаға арнап мекеменің 300 кв.м көлемін шаруашылықтың қаржысына жөндеп берді.
Күрделі жөндеу жұмысы 7 мектепте жүргізілді:
Донское ауылы Тохтаров орта мектебі (жылу жүйесінің төменгі бөліктерін жөндеу) 1750,0 мың теңгеге және сұйық қазандықты күрделі жөндеуге 250,0 теңге, соның өзінде 250,0 мың теңге үнемделді.
Жанұзақ ауылы Башиков негізгі мектебі ( қазандықты күрделі жөндеуден өткізу) 608,0 мың теңгеге, 22,0 мың теңге үнемделді.
Ново-Азовое ауылы, Азовская орта мектебі ( қазандықты күрделі жөндеуден өткізу) 608,0 мың теңгеге, 123,0 мың теңге үнемделді.
Тайнты ауылы, Таенов орта мектебі ( қазандықты күрделі жөндеуден өткізу) 684,0 мың теңгеге, 46,0 мың теңге үнемделді.
Тарғын ауылы, Айттыков орта мектебі ( қазандықты күрделі жөндеуден өткізу) 719,0 мың теңгеге, 11,0 мың теңге үнемделді.
Уланка ауылы Аманжолов орта мектебі ( шатырды күрделі жөндеуден өткізу)
2200,0 мың теңге бөлінді, оның 2164,0 мың теңгесі игерілді, 36,0 мың теңге үнемделді.
Ново-Канайка ауылы Қанай орта мектебі ( электрлік жүйеге көшу) 270,0 мың теңге, жобалық-смета дайындалды.
Каменка ауылы Каменская орта мектебі ( қазандықты күрделі жөндеуден өткізу) 250,0 мың теңге бөлінді.
Жобалық-сматалық құжаттарға мектептерге барлығы 196,0 мың теңге қаржы бөлінді.
Асубұлақ кенті Асубулақ орта мектебіне 36,0 мың теңге
Баяш ауылы Амангельды негізгі мектебіне 27,0 мың теңге
Привольный ауылы Привольный орта мектебіне 61,0 мың теңге
Тайнты ауылы Таенов орта мектебіне 72,0 мың теңге
Білім беру мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту бағдарламасын іске асыру мақсатында 2008 жылдың 1-тоқсанында жергілікті бюджеттен 5950,0 мың теңге мектептерге қаражат бөлінді:
Асубулақ ауылы Асубұлақ орта мектебіне – (Старый Асубулақ, Жантас, Горняк шағын ауданынан 127 баланы тасымалдауға автобус) 2900,0 мың теңгеге
Васильевка ауылы Ломоносов орта мектебіне - (Горняк ауылынан мектепке 33 баланы жеткізуге автобус ) 2900,0 мың теңгеге
Бозанбай ауылындағы Бозанбай орта мектебінің жанындағы интернатқа – (интернатқа газ плита) 150,0 мың теңгеге.
Сонымен бірге 2008 жылдың 1- тоқсанында шағын орталықтарға жиһаз алуға төмендегі мектептерге қаражат бөлінді.
- Таврия ауылы Таврическая орта мектебі 5 сағаттық уақытпен 50 балаға 500,0 мың теңге бөлінді.
- Азовое ауылы Азовская орта мектебі 3 сағаттық уақытпен 8 балаға 150,0 мың теңге бөлінді.
2008 жылдың қаңтар айында Белая гора ауылында Бөкеев орта мектебінде 5 сағаттық уақытпен 10 балаға арналған шағын орталық ашылды.
Боровойда облыстық «Дарын» орталығының жолдамасымен 4 оқушы демалып қайтты.
Ұлан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының басымдық мәселелерінің бірі болып кедейшілікті төмендету, халықтын әл-ауқатын көтеру және әлеуметтік әлжуаз адамдарға көмек көрсетуі саналады.
Әлеуметтік көмек көрсететін бөлім атаулы әлеуметтік көмек, көп балалы отбасына берілетін жәрдемақы, тұрғын үй көмегін және үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға жәрдемақыларды тағайындап төлейді.
Осы мақсаттарға 2008 жылы 78122,0 мың теңге жоспарланды, оның ішінде мемлекеттік атулы әлеуметтік көмек көрсетуге 30197,0 мың тенге, көп балалы отбасыларына -31543,0 мың теңге, тұрғын үй көмегіне - 14112,0 мың. тенге , үйде тарбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға жәрдемақыға-2270,0 мың.теңге.
2008 жылдың 1-ші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға 325 жанұя, 1028 адам өтініш жасады, 6125,3 мың теңге тағайындалып, 3908,0 мың теңге төленді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдардың санын азайту үшін 2008 жыл ішінде бос орындарға жәрмеңке өткізу жоспарланып отыр.
Балаға арналған жәрдем ақыны алу үшін 843 отбасы 1805 балаға ұсыныс берді, 6155,0 мың теңге тағайындалып , 4022,0 мың теңге төленді.
Үйде тәрбиеленіп, оқып жүрген мүгедек балаларға 551,0 мың теңге 23 балаға төленді.
2008 жылға 1-ші тоқсанға 213 отбасына 2116,5 мың теңге тағайындалды, 2350,0 мың теңге төленді -(01.01.2008 ж – қарыз 233,5 мың теңге).
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген жұмыссыздар саны 1 сәуірге 340 адамды құрайды, Экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,7 пайызды құрайды.
Жұмыстылық бағдарлама бойынша 440 адамды жұмысқа орналастыруға жоспарланған. 2008 жылдың 1 сәуіріне 182 адам жұмыспен қамтылды. Жұмыстылық бағдарламасы бойынша 505 жұмыс орнын ашу қаралған болса, нақты 59 жұмыс орны ашылды.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай білім беру мен кәсіптік қайта даярлауға ерекше көңіл бөлінген. Бағдарлама бойынша 70 жұмыссыз тұлғаларды оқуға жіберуге жоспарланған, яғни 74 пайызға орындалды. Ұлан ауданы бойынша 2008 жылдың 1 сәуіріне 52 жұмыссыз тұлғалар оқуға жіберілді.
52 оқуға жіберілген тұлғаның 34 оралмандар. Оқу мемлекеттік тілде жүргізілуде.
Бағдарлама бойынша 2008 жылы қоғамдық жұмысқа 22706,0 мың тенге жоспарланып, 630 адамды қатыстыру көзделген. Жыл басынан ақылы қоғамдық жұмысқа 2782,0 мың тенге төленді, 183 адам қатысты, оның ішінде 119 әйел адамдар, 24 адам 24 жасқа дейінгі жастар. Қоғамдық жұмыстың ұзақтылығы орта есептен 1,3 ай.
Материалдық көмек бөлу және төлеу үшін арнайы аудандық комиссияның шешімі бойынша 31 адамға 201,0 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек жасалды, 14 дербес зейнеткерге 49,0 мың теңге.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 17 шілдедегі № 24/388-III шешімі бойынша «Азаматтардың кейбір санаттарына берілетін материалдық көмек » 150 адамға 5000 теңгемен 3015,0 мың теңгені құрады, 108 адамға 2000 теңгемен 858,0 мың теңге берілді.
Бюджеттен „Күміс -Алқа”,”Алтын -Алқа”, „Материнская Слава ”1 және 2 дәрежелерімен марапатталған сонымен қатар 4 және одан жоғары 18 жасқа толмаған балалары бар көп балалы аналарға 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күніне және балаларды қорғау күніне арналған мерекеге 442 анаға 5000 теңгеден материалдық көмек бөліңді, барлық сомасы 2670,0 мың теңге
Шығыс Қазақстан облыс әкімінің қаулысы бойынша «Жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасылардан шыққан түлектерінің, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру» 2007 жылғы 26 шілдедегі № 184 студентерге жатақханада тұру ушін 72,0 мың теңге, стипендияға 270,0 мың теңге бөлінді.
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінен мүгедектерге 777,0 мың тенге бөлініп, 1-топтағы мүгедектерге 7770 памперс алынып, таратылды.
Ұлан ауданы білім беру бөлімі
Қазіргі уақытта ауданда 43 мекеме және білім беру ұйымдары бар. Жалпы білім беретін мектеп -37, 5170 оқушы білім алуда. 2 мектептен тыс мекеме – балалар саз мектебі және облыстық бюджеттен қаржыланған жасөспірім балалар спорт мектебі. Балалар саз мектебінде 55 оқушы қосымша білім алуда. 4 бала бақшада 184 бала. Донской ауылындағы жалпы көлемі 653 кв.м бала бақшаның ескі ғимаратының 156 кв.м көлемін жөнделген, мектепке дейінгі мекемелердің жүйесін дамытуға ерекше үлкен үлес қосқан ЖШС «Иртыш» (жетекшісі А.Барков) 25 орындық бала бақшаға арнап мекеменің 300 кв.м көлемін шаруашылықтың қаржысына жөндеп берді.
Күрделі жөндеу жұмысы 7 мектепте жүргізілді:
-
Донское ауылы Тохтаров орта мектебі (жылу жүйесінің төменгі бөліктерін жөндеу) 1750,0 мың теңгеге және сұйық қазандықты күрделі жөндеуге 250,0 теңге, соның өзінде 250,0 мың теңге үнемделді.
-
Жанұзақ ауылы Башиков негізгі мектебі ( қазандықты күрделі жөндеуден өткізу) 608,0 мың теңгеге, 22,0 мың теңге үнемделді.
-
Ново-Азовое ауылы, Азовская орта мектебі ( қазандықты күрделі жөндеуден өткізу) 608,0 мың теңгеге, 123,0 мың теңге үнемделді.
-
Тайнты ауылы, Таенов орта мектебі ( қазандықты күрделі жөндеуден өткізу) 684,0 мың теңгеге, 46,0 мың теңге үнемделді.
-
Тарғын ауылы, Айттыков орта мектебі ( қазандықты күрделі жөндеуден өткізу) 719,0 мың теңгеге, 11,0 мың теңге үнемделді.
-
Уланка ауылы Аманжолов орта мектебі ( шатырды күрделі жөндеуден өткізу)
2200,0 мың теңге бөлінді, оның 2164,0 мың теңгесі игерілді, 36,0 мың теңге үнемделді.
-
Ново-Канайка ауылы Қанай орта мектебі ( электрлік жүйеге көшу) 270,0 мың теңге, жобалық-смета дайындалды.
-
Каменка ауылы Каменская орта мектебі ( қазандықты күрделі жөндеуден өткізу) 250,0 мың теңге бөлінді.
Жобалық-сматалық құжаттарға мектептерге барлығы 196,0 мың теңге қаржы бөлінді.
-
Асубұлақ кенті Асубулақ орта мектебіне 36,0 мың теңге
-
Баяш ауылы Амангельды негізгі мектебіне 27,0 мың теңге
-
Привольный ауылы Привольный орта мектебіне 61,0 мың теңге
-
Тайнты ауылы Таенов орта мектебіне 72,0 мың теңге
Білім беру мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту бағдарламасын іске асыру мақсатында 2008 жылдың 1-тоқсанында жергілікті бюджеттен 5950,0 мың теңге мектептерге қаражат бөлінді:
-
Асубулақ ауылы Асубұлақ орта мектебіне – (Старый Асубулақ, Жантас, Горняк шағын ауданынан 127 баланы тасымалдауға автобус) 2900,0 мың теңгеге
-
Васильевка ауылы Ломоносов орта мектебіне - (Горняк ауылынан мектепке 33 баланы жеткізуге автобус ) 2900,0 мың теңгеге
-
Бозанбай ауылындағы Бозанбай орта мектебінің жанындағы интернатқа – (интернатқа газ плита) 150,0 мың теңгеге.
Сонымен бірге 2008 жылдың 1- тоқсанында шағын орталықтарға жиһаз алуға төмендегі мектептерге қаражат бөлінді.
- Таврия ауылы Таврическая орта мектебі 5 сағаттық уақытпен 50 балаға 500,0 мың теңге бөлінді.
- Азовое ауылы Азовская орта мектебі 3 сағаттық уақытпен 8 балаға 150,0 мың теңге бөлінді.
2008 жылдың қаңтар айында Белая гора ауылында Бөкеев орта мектебінде 5 сағаттық уақытпен 10 балаға арналған шағын орталық ашылды.
Боровойда облыстық «Дарын» орталығының жолдамасымен 4 оқушы демалып қайтты.
Мәдиниет және тілдер дамыту бөлімі
Ұлан аудандық маслихатының 2008 жылғы 12 ақпандағы 1V шақырылған 1V сессиясының № 32 «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» шешімімен «Дарын» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына «Газель» автокөлігін алуға 1629 мың теңге, музыка жазу студиясын ашуға 650 мың теңге, Ұлан селосы клубының фасадын жөндеуге 390 мың теңге қаражат бөлінді.
2008 жылдың 1 тоқсанында мәдени – демалыс шараларын өткізуге аудан бюджетінен 14259 мың теңге бөлінді. Оның ішінде аудан бойынша өткізілген 179 көпшілік шараларға 100 мың теңге қаражат жұмсалды.
Өткізілген шаралар:
- «Көңілді Жаңа Жыл»- оқушыларға арналған демалыс шара;
- «Жасыл шырша тамаша»-шырша жанындағы жаңа жылдық мерекелік бағдарлама;
- «Тамаша тарту»- Жаңа жылдық әзіл-ысқақ;
- «Ескіше Жаңа Жылды қарсы алу», «Давайте говорить друг другу комплименты» би,ойын-сауық кештер;
- Ауғаныстан жерінде азаматтық борышын өтеп келген жауынгерлермен кездесулер;
- «Махаббат әлемінде», «Улыбка фортуны или в чем сила девушек», -«Танцуем все» атты би кештері;
- «Менің әкем-батыр», «Тәрбиелі тамаша,бал мінезді жар сұлу», «Іскер, шебер әйел- отбасының берекесі» атты аудандық сайыстар;
- «Біз ауылдан келгенбіз» спектаклі;
- «Хош келдің , Наурыз» театрландырылған көріністер.
Аудан бойынша аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 9 кітапхана аудан халқына қызмет көрсетеді. 2008 жылдың I тоқсанында аудандық кітапханалар бойынша оқырмандар саны 3200, соның ішінде балалар саны – 1256. Кітап берілуі саны 87771, оқырмандар келу саны – 40821. Орталықтандырылған аудандық кітапхана жүйесі бойынша кітап қоры 149302 дананы құрайды. Аудан кітапханаларында I тоқсанның қорытындысы бойынша 25 әдеби шолу, 112 әңгіме-сұхбат, 45 тақырыптық кештермен кездесулер өткізілді. Өзекті мәселелер бойынша кітап көрмелерімен ашық көрсітілімдер ұйымдастырылуда.
Кітапханалардың кітап қорын толықтыру үшін 500 мың теңге, Аудандық орталық кітапхананың оқырмандар залында ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге 100 мың теңге, Интернет жүйесіне 290 мың теңге, кітапханалық жиһаздар алуға 100 мың теңге бөлінді.
Ауыл шаруашылық бөлімі
Ұлан ауданында 2008 жылдың 1 сәуіріне мал басы төменгі санды құрады: Ірі қара мал 49547 бас, оның ішінде сиыр 18636, жылқы 10512 бас, қой және ешкі 106489 бас, шошқа 8785 бас, құс 1159140 бас. Жылқы, қой, ешкі және құс басы тұрақты түрде өсіп келе жатыр. 1-ші тоқсанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндеу көлемі: Ет - 48106 ц, сүт – 90432 ц, жұмыртқа 4218 мың дана. Барлық өнімдердін өндеуі 2007 жылмен салыстарғанда 101,2 – 105,9 пайызға өскен.
Ұлан ауданының агроөнеркәсіп кешенін дамытудын басым бағыттары іс-шаралар жоспары бойынша ауданда ірі қара малын қолдан ұрықтандыру 8 пунктін құру тыйісты болатын. Осы күнге Каменка ауылдық округінің «Кайрат» ш/қ негізінде қолдан ұрықтандыру пункті құрылды, 8 ауылдық округтерінің әкімдерімен осы мәселені шешу үшін келісім шарт жасалды, кез келген жағдайда шағын несие бөлінуі қарастырылған.
Ауданда мал асылдандыру жұмыстары жургізіліп жатыр. 2008 жылы асыл тұқымды 1 мал шаруашылығын құру жоспарланған. Бугінгі күні «Бурсак» ш/қ негізінде асыл тұқымды симментал малын өсіретін шаруашылық құру жұмыстары атқарылуда. Селекциялық сараптау жоспары құрастырылды, 2007 жылы малдардың бонитировкасы жүргізілді, асыл тұқымды мал шаруашылығын мәртебесін алу үшін қажетті құжаттар даярланып облыстық аумақтық инспекциясына тапсырылды. «Көрпебай» шаруа қожалығы дәл сондай Джабе тұқымды жылқыларын өсіруге құжаттар тапсырылды.
МТС құру «Изумруд» ш/қ негізінде белгіленген, қажетті құжаттарды даярлау жұмыстары жүргізілуде.
Өзара сақтандыру қоғамын құру Құрушылардың жиналысы өткізілді, бастапқы қоры жиналды.
«ВК Бекон» ЖШС негізінде мал сою пунктін ашу. Жабдықтарды құрастыру жұмыстары аяқталып, техникалық құжатары даярлануда.
ЗСК, СПК құру. «Акбастау» ш/қ негізінде ЗСК құрушылардың жиналысы өткізіліп, кепілдік мүлігін іріктеу жұмысы жүргізілуде.
2008 жылға СКТ «Айыртау Несие» кредит желі лимиті 100 млн теңгеге жеткізілді, 2008 жылдың 1 сәуіріне «Айыртау Несие» 4 млн. теңге несие, МКО «Комек» 11,6 млн. теңге несие берілді
Ішкі саясат бөлімі
Аудан бойынша саяси-қоғамдық ахуал тұрақты.
2008 жылдың 14 -18 қаңтар аралығында ауылдық округтер және кенттер әкімдерінің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесулері өтті. Кездесу барысында «ауыз су», телефон байланысы, ауылды көріктендіру, көгалдандыру, тұрмыстық қалдықтарды шығару, жер телімдері мәселелері қозғалды.
Ауданымызда кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін балабақшалар ашыла бастады. 18 қаңтар күні Донское және Привольное ауылдарында балабақша ашылды. 22 наурыз күні Ұлан ауылындағы Сәрсен Аманжолов орта мектебінде бүлдіршіндерге арналған 20 орындық шағын орталықтың және күрделі жөндеуден өткізілген ауылдық мәдениет үйінің салтанатты ашылу рәсімдері өтті.
Ауылдық округтер және кенттерде 21 қаңтардан 5 ақпан аралығында аудан әкімі М.О.Мұзапаровтың «2007 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2008 жылға арналған міндеттер туралы» тұрғындар алдындағы есебі өтті.
Құрамында 238 адам бар 29 ақпараттық-насихат топ - 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және насихаттау жұмыстарын атқарады.
Ақпараттық-насихат топ мүшелері тұрғындар арасында Елбасы Н.А.Назарбаевтың Жолдауын насихаттау бойынша 204 кездесу өткізді.
12 ақпан күні Молодежный кентіндегі аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша аудан активінің жиыны өтті.
27 ақпан күні аудан әкімі М.О.Музапаровтың аудан жастарымен ашық диалогы өтті. Диалог барысында жастар өздерін толғандыратын мәселелерді ортаға салып, болашаққа деген жоспарлары жайында пікірлерін айтты.
Ауылдық округтер және кенттерде 12 наурыз - 16 сәуір аралығында ардагерлер кеңестерінің жиналыстары өтті.
Осы атқарылып жатқан істердің нәтижелері аудан аумағындағы ішкі саяси жағдайдың тұрақтылығын, ұлтаралық келісім мен бірлікті сақтауға, нығайтуға ықпал етеді
Достарыңызбен бөлісу: |