ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУ
Себепова А.Ғ.,техника ғылымдарының магистрі, арнайы мұнай-газ пәндерінің оқытушысы, Жоғары аграрлық-техникалық колледжі, Орал қ.
Дусетова К.С., арнайы мұнай-газ пәндерінің оқытушысы, Жоғары аграрлық-техникалық колледжі, Орал қ.
Білімді де білікті ұлт биік белесті бағындырып, ғылымы мен өркениеті дамыған елдердің қатарынан орын алады. Ал білімнің алғашқы іргетасы мектеп қабырғасында қаланып, одан ары қарай қабілеттілігі оқу орнындарында ұшталатыны сөзсіз. Бұл өз кезегінде студенттерді оқытуда білім мен ғылым саласындағы озық идеяларды қолдануға тікелей байланысты. Осы жағынан алғанда ҚР Білім және ғылым министрлігі білім саласын дамытуға ерекше назар аударып келеді. Білім беру жүйесінде болып жатқан жаңа процестер инновациялық білім берудің идеологиясы ретінде, жаңа білім берудегі идеологияның қалыптасуына алып келеді. Білім сапасын одан әрі арттыру мәселелерін шешу үшін технологияларды қайта өңдеу яғни қайта қарастыру және білім беру мекемелерінің қалыптасып қалған дәстүрлі тәсілдерін жаңғырту қажет. Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялардың ең негізгі басты мақсаты – үздіксіз өзгерісте болатын өмірге адамдарды дайындау. Бұлай оқытудағы басты мән - потенциалды мүмкіндіктерді жүзеге асыруға бағыттау болып табылады.
Оқытушының әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі заман талабына сайкес оқыту талаптарына сай болып келуі қажет. Демек, жастарды еңбектің қай саласыңда да , білім алуда да тек мәлімет жиынтығын меңгеруімен шектелмей, студенттердің өзіндік ісәрекетін тиімді ұйымдастыра отырып, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын студент етіп даярлау қажет болып отыр.
Әр ғылымның барлық саласында болмысы білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық процесс кезінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқыту үрдісінде студенттерідң өзіндік оқу жұмыстарын оңтайлы ұйымдастырудың тиімді әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады.
Білім беру процессіндегі заманауи технологияларды пайдалану бұл оқытушы мен білім алушы ақпараттық технологиялардың көмегімен өзара әрекеттесетін білім алу түрі. Оқытушы мен студенттердің оқу процесіне тән барлық компоненттерді (мақсаттары, мазмұны, әдістері, ұйымдастырушылық нысандары, оқыту құралдары) көрсететін және интернеттехнологиялардың ерекше құралдарымен немесе интерактивтілікті көздейтін басқа да құралдармен іске асырылатын арақашықтықтағы өзара іс-қимылы деуге де болады. Қазіргі кезде интернет желісі арқылы білім алуға мүмкіндік беретін оқытудың инновациялық түрі ретінде қарастыруға болады. Біздің мақсатымыз студенттерге өзгеретін әлеуметтік-экономикалық жағдайларға тиімді бейімделуге және қазіргі қоғамға сәтті интеграциялануға мүмкіндік беретін әмбебап білім беру элементтерін ұсыну. Соңғы 10-15 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген білім берудегі SMART-technology жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша білім беру жүйесін өркендетудің басты мақсаттарының бірі - студенттердің кез келген колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |