мектептегі оқыту әдістері



бет1/4
Дата11.12.2022
өлшемі21.49 Kb.
#467008
  1   2   3   4
7-8


7- 8
Мектептегі оқыту әдістері деп мұғалім мен оқытушылардың өзара байланысқан іс-әрекеттерінің тәсілдерін және мұның нәтижесінде оқушылар қажетті теориялық және практикалық іскерлік дағдыға ие болуын айтады.
Мектепте физиканы оқып үйрену кезінде көптеген оқыту әдістері пайда болды. Көбінесе оларды дәстүрлі және дәстүрлі емес оқыту әдістері деп екі топқа бөлуге болады.
Дәстүрлі оқыту әдістерінің классификациясына:
1.Сөздік әдістер-мұғалімның материалыды баяндап беруі (дәріс, әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу).
2.Көрнекілік әдістер-көрнекі құралдарды (жұмыс істеп тұрған машиналар мен макеттерді,техникалық қондырғыларды, схемаларды, суреттерді, чертеждарды, коллекцияларды) көрсету, оқу кинофильмдері мен диафильмдерді, кинокольцовкалар мен кинофраменттерді көрсету.
3.Физикалық эксперимент әдісі-мұғалімнің демонстрациялық тәжірибе жасап көрсетуі, оқушылардың тәжірибе және практикалық жұмыстары, зертханалық жұмыс, фронталь тәжірибелер, физикалық практикум, үй тәжірибелері.
4.Есептер шығару-әр түрлі типтегі есептер шығару (сандық есептеу есептері,сұрақ есеп,сурет есептер,графиктік,сапалық есептер).
5.Оқушылардың өз беттерінше істейтін жұмысы - кітаппен жұмыс істеуі, карточкалар арқылы жұмыс істеуі және қосымша әдебиттермен өз бетінше жұмыс істеуі, зертханалық жұмыстар, зерттеу жұмыстары, шығармашылық жұмыстары, есептер шығаруы, коллекциялармен жұмыс істеу және т.б.
6.Физикадан оқушылардың алатын білім дағдыларын,іскерліктерін тексеру әдістері - бақылау жасау, физикалық диктант, тест, карточкалар (берілген сұраққа жауап беру), зертханалық жұмысты бағалау.
Оқытудың осы классификациясы дәстүрлі сабақ беруде кеңінен қолданылады. Қазіргі кезде оқыту әдістерін жүзеге асырудың алуан түрлі тәсілдері бар. Мысалы, проблемалық оқыту әдісі, бағдарламалап оқыту әдісі, компьютерді пайдаланып оқыту әдісі, жүцелеп оқыту әдісі, деңгейлеп оқыту әдісі, модульдік оқыту әдісі, тірек конспектілерін пайдаланып оқыту әдісі және т.б дәстүрлі емес оқыту әдістеріне жатады.
Сондай – ақ жаңа технологияларға: ұжымдық оқыту технологиясы, ынтымақтастық педагогикасы технологиясы, дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, білім беруді ізгілендіру технологиясы және т.б. байланысты оқыту тәсілдері қолданылады.
Осы әдіс, тәсіл технологиялардың барлығы дәстүрлі емес оқыту әдістері деп аталады. Оқушыларға физика пәнінен өзіндік жұмыс жүргізуде оқытудағы жалпы танымдық әдістердің ролі жоғары. Қазіргі кездегі мектеп бағдарламасына 7 сыныптың «Физика және астрономия»пәніне «Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері» деген тақырыппен бақылау, эксперимент, ғылыми болжам енгізілді. Абстракциялау, салыстыру, аналогия, үлгілеу, ойша эксперимент, индукция және дедукция әдістерінің де алатын орны ерекше. Міне, енді оқытудағы жалпы танымдық әдістерге тоқталайық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет