Заречный селолық округінің әкімі Милюк Н. К. 2012 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму туралы



Дата25.02.2016
өлшемі79.66 Kb.
#22996
Заречный селолық округінің әкімі Милюк Н.К.

2012 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму туралы

ақпараты
Қайырлы күн, Заречныйлықтар, қонақтар және шақырылғандар!
«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына жолдауында Еліміздің Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев былай деген болатын: «Біз таңдаған ел дамуының саяси, әлеуметтік-экономикалық және сыртқы саяси үлгісі өз тиімділігін дәлелдеді», сонымен де ол 2030 жылға дейін Қазақстанды дамытудың Стратегиясын қабылдағаннан кейін, еліміздің 15 жылдық дамуының қорытындысын шығарды.

Халық нақылында айтылғандай: «Мақсат – жетістіктің желкені». Орында мақсаттар ғана табысқа жеткізеді. Және әрқайсымыз осы өткен тарихи кезеңді сараптай отырып, біздің басты жетістігіміз тәуелсіз Қазақстанды құру болып табылатындығы жөнінде мемлекетіміздің басшысын түсініп және қолдау. Осы жетістіктерге қол жеткізу нәтижесінде, еліміздің басты стратегиялық курсын өмірде жүзеге асыру жөнінде біздің де Сіздермен үлесіміз бар. Қайда, неге бара жатқаныңды түсінсең, оған қол жеткізу екі есе жеңіл болады. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» барлық қазақстандықтар үшін 2050 жылға дейін елімізді дамытудың айқын белгіленген бағыты болып табылады. Бізге негізгі басымдықтар тапсырылды, ендігі біздің міндетіміз өзіміздің ойымыз бен ісімізді еліміздің саяси курсымен сәйкестендіріп отыру.



1. Заречный селолық округі 1954 жылы құрылған.

Заречный селолық округі екі селодан тұрады. Заречное және Дальнее селолары, 500 шаршы метр аумақта орналасқан.2013 жылдың 1 қаңтарына халық саны – 1270 адамды құрайды, селолар бойынша: Заречное селосында – 1119, Дальнее селосында – 151.

Округта 12 ұлт өкілдері тұрады. 15% (193) – қазақтар, орыстар 37% (476), украиндар – 273 адам – 22 %, немістер – 17 % (210 адам), белорустар- 60 адам-4,5 %.

Жас құрамдары бойынша: мектеп жасындағы балалар -133, 7-18 жас арасындағылар- 219, оның ішінде – 189-ы Заречный орта мектебінің оқушылары, 16-29 жас аралығындағылар – 321 адам яғни жалпы тұрғындардың 25 %-ы, зейнеткерлер -155 (12 %), мүгедектер -27.

2012 жылы 15 бала туды оның ішінде біреуі егіздер, халықтың табиғи өсімі 7 адамды құрады. Округтен тысқары кеткендер – 7 адам. Сырттан 16 адам келді.
2. 2012 жылы селолық округтің әлеуметтік саласы тағы да бір әлеуметтік нысанмен толықты.

БІЛІМ БЕРУ

Заречный селолық округі үшін өткен 2012 жыл көп жылғы үзілістен кейінгі жайлы, барлық заманауи талаптарға сәйкес «Айналайын» бала бақшасының ашылуымен есте қалды. Бүгінгі таңда 73 бала бар 5 топ жұмыс істейді. Бала бақшасының ұжымы үшін өткен жыл қиын болды. Жаңа әлеуметтік нысанның қалыптасуы, балалармен тығыз байланыста болу, мекеме қызметкерлеріне қиындау болды. Тәрбиешілер мен ата-аналар атынан үнемі көмек көрсетіп, қолдау жасап отырғаны үшін «Заречный» ШШС-на тағы да алғысымды айтқым келеді. Біздің заречныйлық мектепке дейінгі бөбектер осындай керемет бақша үшін айына небәрі 3500 теңге ғана төлейді. Бұл мемлекеттік мекеме біздің селомыздың көркіне айналып отыр.

Заречный ОМ 2012 жылы біздің негізгі демеушілеріміздің де назарынан тыс қалған жоқ: жаңа шатрлы төбе және жаңа темір қоршау жасалды. Кабинеттердегі бормен жазатын тақтаны жаңа интерактивті тақтамен ауыстыру мәселесі де шешімін тауып келе жатқан сияқты. Коридорды эстетикалық рәсімдеу жұмыстары да аяқталып келеді.

2012 жылы аудандық бюджет есебінен мектепте жаңа биология кабинеті қойылды, 2013 жылы Заречный ОМ тағы да жаңа химия кабинетімен толықтырылады. Білім беру бөлімі аудандық бюджет есебінен, Заречный орта мекетбіне күрделі жөндеу жүргізу үшін сметалық-жобалау құжаттарын әзірледі, ол жоспар бойынша 2014 жылы жүргізіледі.

Дальний селосынан оқушыларды мектепке қатынату мәселесі шешілді. «Заречный» ЖШС күніне екі рейс жасайтын автобус бөлді.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Селода 5 орта медициналық қызметкері қызмет көрсететін дәрігерлік емхана бар. Селолық округ тұрғындары үшін «Заречный» ЖШС 2012 жылы жаңа жедел жәрдем көлігін алды, ескі жедел жәрдем көлігі күрделі жөндеуден кейін көршілес Знаменка селосына берілді.

Селолық округті дамыту аясында 2014 жылы республикалық бюджет есебінен жаңа дәрігерлік емхана құрылысы жоспарланып отыр. 2012 жылы құрылысқа жер учаскесін беру жұмыстары жүргізілді. Жаңа дәрігерлік емхана селолық клубтың қарсысынан салынатын болады.

МӘДЕНИЕТ

Жылу жүйесін ауыстырып, күрделі жөндеуден өткеннен кейін селолық клуб ашылып, жұмыс істей бастады. Барлық басты шаралар мен мерекелерді біз осы тамаша ғимаратта өткіземіз.

2012 жылы біздің селолық клуб базасында, қазан айында «Ақмола жұлдыздары» облыстық байқауы өткізілді. Облыстық конкурстық комиссия мүшелері Ақмола облысының ешқандай аудандары да осындай шараларды әлі ауылда өткізіп көрмегендігін атап өтті.

Екі әлеуметтік нысан, балалар бақшасы мен селолық клуб бір жерден жылытылады, бұл дегеніміз коммуналдық қызмет көрсетудің сапасына да өз әсерін тиізіп тұрғандығын білдіреді. Биылғы жылғы қыстың ең қатал аяздары мен өткен жылы да ғимараттардығы температура нормадан ауытқыған емес.



СПОРТ

2012 жылы селолық округте спортты дамытуға баса назар аударылды, соның арқасында, «Ақ бидай-2012» аудандық спортакиадасында Заречный селолық округінің командасы жалпы команда бойынша бірінші орынға ие болды. Бірінші орын алғандары үшін волейболшы ерлер мен бірге әйелдер де марапатталды. Отбасылық стартта да біз бірінші болдық. Екінші орынды жеңіл атлетикашылар, үшінші орынды Президенттік көпсайысшылар алды. Барлық қатысушы спортшылар ішінен 1, 2 және 3 орындар үшін 50 %-дан көбі медальдармен марапатталды.

Өткен жылы біздің округтің ауыр атлетшілері республикалық деңгейге шықты. Пауэрлифтинг бойынша Қазақстан Республикасының ашық кубогында және Талдықорған қаласында өткен спорттың жекелеген түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионатында спорт жөніндегі әдіскер Иваниченко Дмитрий екінші орынды алды, ал оның тәрбиеленушісі Финк Владимир и Зиберов Григорий пауэрлифтинг бойынша өздерінің салмақ категорияларымен үшінші орынды алды.

2013 жылы «Ақ бидай-2013» аудандық селолық спортакиадасы біздің селолық округте өтеді.


3. Президентіміз Назарбаев белгілеген «Бірінші-экономика, кейін – саясат» атты елімізді дамыту формуласының қозғалысы біздің селолық округте толық іске асырылуда.

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ

Біздің негізгі қаланың негізін салушы кәсіпорн «Заречный» ЖШС-ның өндірісті тұрақты дамытуының арқасында біздің селолық округ дамуы жоғары елді мекендердің қатарына кіріп отыр. Округ аумағында орналасқан 8 шаруа қожалығының жалпы көлемі 2925 га жері бар. 2012 жылғы жиын-терін науқаны біздің басты байлығымыз – жерге дұрыс қарау керек екендігін көрсетті. «Владимир и К» шаруа қожалығы өткен жылы лизингке жаңа комбайн алды, округтің барлық шаруа қожалықтарында жер тарихы кітабы жүргізіледі, ауылшаруашылығы техникалары мен ЖЖМ сақтау үшін жер учаскелерін анықтау жөнінде жұмыс жүргізіледі. 2012 жылы селолық округ бойынша астықтың орташа шығымдылығы -гектарынан 5,8 центнерді құрады. Ауылшаруашылығы тауар өндірушілері арасындағы шығымдылық бойынша айырма 1,2 ц/га-дан 8,7 ц/га-ға дейін болып отыр.

2012 жылғы 7 ақпанда «Заречный» ЖШС базасында ауданның аграрларының семинар-кеңесі өткізілді, онда 2012 жылығы ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің алдында тұрған міндеттері мен кешендері қаралды.

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

«Заречный» ЖШС-да жаңа мал сою цехы, қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны пайдалануға берілді, МІҚ үшін жаңа мал бордақылау базасының, аналық шошқа бастары базасының құрылысы аяқталуда. Жеке аулалардағы мал басының сапасын жақсарту үшін кәсіпорын 5 грефорд тұқымды бұқа, 10 қазақы ақ басты бұқа тұқымын алды.

2013 жылдың 1 қаңтарына селолық округ тұрғындарының жеке аулаларында 902 МІҚ басы бар, бұл өткен жыл деңгейінен 12 %-ға жоғары, шошқа – 2048 бас – 19 %-ға жоғары, қой 641 бас19 %-ға жоғары, жылқы басы 2 %-ға өсті, Құс басы 20%-ға өсті.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша Б.С. Оспанова мал шаруашылығын дамытуға 1 кредит алды.



ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

Округтегі шағын кәсіпкерлік саласы да жақсы жағынан көрініп жүр: 10 дүкен жұмыс істейді, шаштараз ашылды. Кәсіпкерлердің көпшілігі халыққа қызмет көрсетудің сапасына назар аударады: дүкен ішіндегі заттардың жиналуы заман талаптарына сәйкес келеді, ғимараттың іші сыртына жөндеу жұмыстары жүргізіліп тұрады. Мына кәсіпкерлерді ерекше атап өтуге болады: Алексеенко Айгүл, Кукса Дмитрий, Абреян Людмила, Вахитова Лидия, Петраш Наталья.

«Заречный» ЖШС Астана, Көкшетау, Есіл қалаларында өтетін ауылшаруашылығы жәрмеңкелерінің тұрақты қатынасушылары.

2012 жылы аптасына 5 рейс жасайтын, 5 елді мекенге қызмет көрсететін Заречный-Есіл жаңа автобус маршруты ашылды. Автобусты «Заречный» ЖШС алып, Приходько Владимирге жалға берді.



БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

2012 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Заречный» ЖШС-мен жалпы сомасы 58 млн. 515 мың 170 теңгеге 26 меморандумға қол қойылды.Жасалған меморандумдардың бәрі де 100%-ға орындалды.

Селолық округтің кәсіпкерлері мен ШҚ басшылары балалар бақшасының ясли тобына құрал саймандар, терезе перде, төсеніштер алып берді.

2012 жылы селолық округтегі мүгедектер мен зейнеткерлерге демеушілер есебінен 12 «Отау ТД» спутниктік теледидар антеннасы қойылды. Округтегі аулалардың 50 %-да «Отау ТД» теледидар антеннасы бар.

Наубайхана ғимаратында күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңа жабдықтар қойылды. Округте нанның бағасы 40 теңге.

Заречный ОМ-нің бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Заречный ОМ ғимаратына ағымдағы және ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілді, балалар бақшасының аумағында балалардың ойын алаңы қойылған.

Мектеп және селолық кітапханалар мерзімдік басылымдарға жазылды. Жазылу жоспары 100 %-ға орындалды.

Заречное селосындағы су құбыры демеушілер есебінен ұсталып, жөнделуде.

Елді мекендерді көркейту жұмыстары жүргізілді, яғни ағаштар кесіп,әсемделді, қоқыстар шығарылды, мәдениет паркін қайта жасау жұмыстары басталды.



ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Округтегі екі зейнеткердің үйлерінің төбелеріне жөндеу жүргізілді, екі еңбек ардагері Щучинск-Боровой курорттық аймағында профилактикалық емдеуден өтті.

«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында 1 адам оқуға жіберілді, 1 адам әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылды, «Бизнес-кеңесші» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 10 адам оқып келді. Округте 27 адам атаулы әлеуметтік көмек, 46 адам мемлекеттік арнайы жәрдемақы алады.

33 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

Есепті кезеңге селолық округ әкімі 38 құқықтық акт қабылдады, 4 селолық округ азаматтарының жиыны өткізілді, 4 заңды тұлғаның және 17 жеке тұлғаның өтініштері бойынша жұмыс жүргізілді, ондағы негізгі мәселе жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін рәсімдеу болатын. Ақпараттық-насихат топтарының республикалық, облыстық және аудандық деңгейлердегі тұрғындармен кездесулері өткізілді.

Заречный селолық округінің «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы2012 жылы 137 жаңа мүшелерімен толықтырылды және қазір аудандағы ең ірі ұйым болып есептеледі.



2013 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАР МЕН КЕШЕНДЕР

  1. Аймақты дамыту бағдарламасы аясында белгіленген, жарықтандыру желісін іске қосу.

  2. Аймақты дамыту бағдарламасы аясында және демеушілік көмек есебінен Заречное селосының орталық көшелерінің жол қаптамаларының күрделі жөндеуін жүргізу.

  3. Селолық округ елді мекендерін көркейту бойынша жұмыстар жүргізу.

  4. Селорлық округ мамандары үшін тұрғын үй құрылысы және қайта жасау.

  5. 2013 жылдың шілде айында «Ақ бидай-2013» аудандық селолық спартакиадасын өткізу.

  6. Заречное селосының стадионын қайта жасау.

  7. Заречное селосының мәдениет паркін қайта жасау.

  8. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында жұмысқа орналастыру, өзімен-өзі жұмыс істейтін халықты оқыту.

  9. Селолық округ аумағында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру.

2013 жыл біздің мемлекетіміз үшін «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын» жүзеге асыратын алғашқы жыл болмақ және қанша күш салынып, қанша қаржы жұмсалса, мемлекетіміздің кейінгі тағдыры мен тұтастай алғанда әрқайсымыздың тағдырымыз соған байланысты болмақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет