Зат есімнің грамматикалық категориялары



Дата01.03.2024
өлшемі3.86 Mb.
#493804
Зат есім категориясы Мажбен Нұрай

Зат есімнің грамматикалық категориялары


Қабылдаған:Масалиева Ж.А.
Орындаған:Мажбен Нұрай
Группа:1701-41

Жоспар

Зат есімнің сандылық категориясы – грамматикалық категориялар қатарында сандылық, сан-мөлшер, көптік ұғымдарымен түрліше аталып жүрген грамматикалық категорияның бір түрі. Көне -л, -р немесе -з (-ыз,-із) көрсеткіштерінің контаминациясы (лат. contaminato - қосылу, араласу, жымдасу) - екі элементтен үшінші жаңа тілдік бірлік (единица) жасау (Біріккен сөздер) нəтижесінде пайда болған.

К.Аханов: «Қандайда бір грамматикалық категория болмасын, ол біртектес грамматикалық мағыналарды білдіріп, кемінде екі түрлі формада көрінуі шарт. Мысалы, бір ғана салыстырмалы шырай өздігінен шырай категориясын құрай алмаған болар еді. Сын есімнің шырайы грамматикалық категория ретінде танылуы үшін салыстырмалы шырайдан басқа жай шырай, күшейтпелі шырайлардың болуы және шырайлардың бұл түрлерінің әр түрлі формалармен берілуі шарт. Сонда ғана сын есімнің шырайлары грамматикалық категория ретінде таныла алады» (18-б. 2010).

Тәуелдік категориясы

  • Түркі тілдерін басқа жүйедегі тілдерден құрылымдық жағынан ерекшелендіретін белгілердің бірі.Белгілі бір заттың иеленуші үш жақтың біріне меншіктілігін білдіруде тəуелдік категориясы арқылы меншіктеуші жақ пен меншіктелуші зат қатар көрсетіледі.
  •  А.Ысқақов сөздің жекеше түрде тəуелденіп, бір заттың бір ғана адамға я затқа, ал сөз көпше түрде тəуелденіп, көп заттың я біртектес бірнеше заттың бір адамға я бір затқа ғана меншіктілігін білдіретін түрді оңаша тəуелдеу десе,
  • Н.Оралбай ортақ жəне оңаша тəуелдену деп бөлуде меншікті заттың иеленушісінің жекелігі немесе көптігі негізге алынады.Бір не көп заттың бір адамға меншіктілігін оңаша тəуелдену, бір не бірнеше заттың бірнеше зат я адамға ортақтығын ортақ тəуелдену дейді.

Септік категориясы

Н.Оралбай ‘Қазақ тіліндегі септік категориясын:’

1) септік жалғаулары арқылы түрленуін септіктің синтетикалық парадигмасы;

2) септік категориясы мағынасының көмекші сөздер арқылы күрделенген түрін аналитикалық септік деп бөліп қарастырған.

Жақ категориясы

К.Аханов есім сөздердің жіктік жалғауын қабылдап, тұлғалық өзгеріске түсуін баяндауышты бастауышпен қиыстыра байланыстырудың негізгі шарты ретінде түсіндіреді.

Пайдаланылған әдебиеттер

А.ЫсқақовҚазіргі қазақ тілі.Морфология. – Алматы, 1991.

Қазақ тілінің грамматикасы. –Алматы, 1967.

К.Аханов. Грамматикатеориясының негіздері. –Алматы,1996.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет