Ўзбекистон республикаси олий ва ўрта махсус таълим вазирлиги низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети



бет1/3
Дата08.07.2016
өлшемі243.5 Kb.
#185816
  1   2   3
ЎЗБЕКИСТОН РЕСПУБЛИКАСИ ОЛИЙ ВА ЎРТА МАХСУС ТАЪЛИМ ВАЗИРЛИГИ

НИЗОМИЙ НОМИДАГИ ТОШКЕНТ ДАВЛАТ

ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТИ

Ўзбек тили ва адабиёти факультети

“Ҳимояга рухсат этилсин”

Факультет декани

ф.ф.н., доц. И.М. Азимов

2012 йил


5111300 – “Қозоқ тили ва адабиёти” бакалавр йўналиши бўйича кундузги бўлим IV курс 401 кz -гуруҳ талабаси Едилова Гулбахорнинг Орта мектепте қазақ тіліндегі етістікті оқыту мәселелері мавзусида ёзилган
БИТИРУВ МАЛАКАВИЙ ИШИ
Илмий раҳбар

1. п.ф.н., доц. Н.Сиздикбаев



Тақризчилар:

1. “Ўзбек тилшунослиги”

кафедраси мудири ф.ф.н., доцент

.............................М.Сапарниязова



2. А.Уйсунбаева

Тошкент вилояти, Ўрта Чирчик

Туманидаги № 46 мактаб ўқитувчиси

Ҳимояга тавсия этилсин”

Қозоқ тили ва адабиёти

кафедраси мудири,

п.ф.н., доц. Е. Абдувалитов

2012йил.



ТОШКЕНТ-2012


М А З М Ұ Н Ы:

Кiрiспе.................................................................................

I тарау. Қазақ тілі грамматикасы және етістіктің зерттелу жолдары

1.1. Грамматикалық ұғымдар туралы жалпы түсінік

1.2. Қазақ тіліндегі етістік және оның зерттелу.

II тарау . Орта мектепте қазақ тіліндегі етістікті оқыту мәселелері

2.1. Етістіктің лексика-семантикалық сипаты

2.2. Етістіктің грамматикалық категориялары.

III тарау. Орта мектепте етістікті жаңа педтехнолгия негізінде оқыту

Презентация

ІҮ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Біліктілік бітіру жұмысының жалпы

сипаттамасы

Біліктілік бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі: Өзбекстан Республикасының Президенті И.А.Каримов: ...Миллий ғоя деганда, аждодлардан авлодларга ўтиб, асрлар давомида эъзозлаб келинаётган, шу юртда яшаётган ҳар бир инсон ва бутун халқнинг қалбида чуқур илдиз отиб, унинг маънавий эҳтиёжи ва ҳаёт талабига айланиб кетган, таъбир жоиз бўлса, ҳар қайси миллатнинг энг эзгу орзу-интилиш ва умид-мақсадларини ўзимизга тасаввур қиладиган бўлсак, ўйлайманки, бундай кенг маъноли тушунчанинг мазмун-моҳиятини ифода қилган бўламиз1дей келе, өз ойын ары қарай жалғастыра отырып, «...Біз жұртымызда жаңа ұрпақ, жаңа санаға ие болған ой иелерін тәрбиелейтін жауапты қызметті орындауда, алдымен, сол қиыннан-қиын кәсіп иелеріне сүйенеміз де және таянамыз да. Ертең орнымызды иелейтін жастардың рухани дүниесін қалыптастыруда олардың қызметі өте құнды екенін көз алдымызға келтіреміз ”2,- деп айтқан болатын. Бұл айтылған пікірлердің тікелей кейінгі ұрпақты, яғни Өзбекстанның келешегін құрайтын жастарды тәрбиелейтін ұстаздарға тиісті екендігі көрініп тұр. Олар жастарды, кейінгі бүлдіршіндерді тәрбиелейді.

Сондықтан да біз жастар, ғылым жолында көп ізденіп, келешекте ел үшін аянбай еңбек етуіміз, ұрпақты саналы тәрбиелеуге бел байлайтын оқытушы-ұстаз болып қалыптасуымыз керек. Ол үшін ғылыммен айналысып, талай шығармашылық еңбектер жазып, мемлекетіміздің дамуына өз үлестерімізді қосамыз.

Грамматиканың етістік деп аталатын сөз табы нені үйретеді? деген сұрақ барлығын ойландыруы хақ. Бұл сұраққа төмендегіше жауап беруді жөн көрдік: заттың қимылы мен амалын, жай-күйін білдіретін сөздердің тобын етістік деп атайды. Етістік заттың ісін, қимылын білдіріп, не істеді?, не қылды? деген сұрақтарға жауап береді.

Етістіктер басқа сөз таптарынан мағыналық жақтан ғана емес, морфологиялық жақтан да және синтаксистік қызметінмен де ерекшеленеді. Етістіктер – басқа сөз таптарының морфологиялық формасы жағынан қарама-қарсы ерекшеленетін сөз табы.

Етістіктер болмаса, ой да, сөйлем де аяқталмай қалады. Зат бар екен ол әрдайым қимыл іс-әрекетте болады. Сондықтан та етістік сөз таптарының ішіндегі ең қарымдысы әрі ең негізгісі болып саналады.

Біліктілік бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері: Мектеп оқушыларына білім мен дағды беруде қазақ тілін оқыту формаларының, әдіс-тәсілдерінің мәні үлкен. Сабақ оқу ісін ұйымдастырудың негізгі формасы болып табылады. Мұғалімнің жүргізетін жұмыстары сабақ бойынша алып барылады. Сабақ процесінде оқушыларға теориялық білім мен практикалық дағды берумен бірге дидактикалық мысалдар арқылы да тәрбие беруді ұмытуға болмайды. Сондықтан да мұғалым оқушылардың барлығына қазақ тілі материалдарын толық меңгертуі, қажетті білік, дағдыларды игертуі, сабақтың дамытуыны және тәрбиелік қызметін іске асыруы тиіс. Оқушылардың белсенділігін арттыруда, олардың өз бетінше орындау жұмыстарын ұйымдастырып, іздеу, зерттеу іскерлігін дамытып отырған дұрыс. Осындай талаптарға сәйкес көптеген ғылыми еңбектерге сүйене отырып, орта мектептерге қазақ тілі сабақтарында етістікті оқытудың жағдайы, оны оқыту барысында тиімді әдістер мен тәсілдерді анықтау, жаттығулар мен текстердің түрін, жалпы айтқанда, оқыту жүйесін белгілеу бітіру мамандық жұмысының негізгі мақсаты деп белгіледік.



Біліктілік бітіру жұмысы тақырыбының зерттелуі: Қазақ тілі грамматикалық құрылысының ана тілімізде зерттеліп жарық көруі ғасырымыздың алғашқы 10-15 жылдарынан басталады. Оның бастауы – 1914 жылы «Тіл құралы» деген атпен Орынборда жарық көрген Ахмет Байтұрсынов жазған оқулық. Осы еңбегінде автор қазақ тіліндегі сөздердің құрылысын «Сөз тұлғасы» деп атап, бес түрге бөледі. Олар: түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосалқы сөз, қосымшалар деп аталған да, әрқайсысы жеке-жеке талданып түсіндірілген.

Сөздерді тапқа бөлу де осы оқу құралынан басталады. Оқулық авторы сөздерді алдымен атауыш сөздер, шылау сөздер, одағайлар деп үш топқа бөледі де, бұлардың біріншісіне зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістікті: екіншісіне үстеу, демеу, жалғаулық деп аталатындарды жатқызады, одағайды өз ішінен еліктеуіш, лептеуіш одағайлары деп екіге бөледі. Осы еңбегінде айтылған пікірлерін «Тіл құралының» 1924 жылғы басылымында кеңейте, дәлелдей түседі.

Ахмет Байтұрсыновтың еңбегі - қазақ тілі морфологиясын ана тілімізде сөз еткен алғашқы зерттеу. Соған қарамастан грамматикамыздың көптеген түйінді мәселелері туралы айтқан пікірлері күні бүгінге дейін өз мәндерін берік сақтап, қазіргі зерттеулермен үндесіп жатыр. Ахмет еңбегінің құндылығы да сол төл басы болуында болса керек.

Ахмет Байтұрсыновтың бір жылдық, екі жылдық, үш жылдық деп бөліне аталған «Тіл құралында» қазақ тілінде негіз қаланған ана тіліміздің морфологиясы 30-жылдар ішінен бастап 60-жылдарға дейін, біріне-бірі жалғастырыла үздіксіз жүргізіліп келген Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, А.Ысқақов, А.Қалыбаева тағы басқа ғалымдардың зерттеулері арқасында өз шешімін тапты.

Түркі тілдері грамматикалық құрылысына қатысты күрделі екінші сала - синтаксис мәселелері. Морфология сияқты синтаксис мәселелері де ХІХ ғасырдан бері қарай жарық көрген практикалық грамматикаларда сөз болып отырды. Бірақ еңбек авторларының көңіл аударуға негізгі мәселелері – түркі тілінде сөйлемді қалай құруға болады, сөйлем құрамына енетін сөздердің орналасу тәртібі қандай, қай сөз табы қандай синтаксистік қызмет атқарады.

Қазақ тілі білімінің басқа да салалары сияқты оның синтаксистік құрылысының да ана тілімізде баяндалуы Ахмет Байтұрсыновтың жоғарыда аталған «Тіл құралдарынан» басталады. Бұл автордың синтаксиске қатысты пікірлері сөйлеу мен сөйлем, сөйлем мен сөз категорияларының бір-бірінен өзгешеліктерін түсіндіруден басталады. Сөйлем мүшелерін тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштарды жатқызып, пысықтауышты өз ішінен мезгіл, мекен, сын, себеп, мақсат пысықтауыштар деп бөлу де айтылады.

Біліктілік бітіру жұмысында осы аталған мәселелердің барлығы талданып, теориялық мәліметтер беріледі.

Сонымен, біз жоғарыдағы зерттеуші ғалымдардың ғылыми еңбектеріне сүйене отырып осы аталған кішкентай ғана ғылыми жұмысымызды амалға асырдық.



Зерттеу әдісі: Осы біліктілік бітіру жұмысында салыстырмалы-тарихи, ақыл шабуылы, жорға ойыны, сұрақ-жауап сияқты әдістерден пайдаланып, түркі тілдеріндегі етістікті жүйелі түрде талданған.

Біліктілік бітіру жұмысы тақырыбының таңдалуы мен талқылануы. Біліктілік бітіру жұмысы тақырыбы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің өзбек тілі және әдебиеті факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті және оны оқыту әдістемесі» кафедрасында ұсынылған, сонымен бірге сол кафедрада сынақтан өткен және ашық қорғауға ұсынылған.

Біліктілік бітіру жұмысының құрылысы мен көлемі: Біліктілік бітіру жұмысын талданған материалдардың бағыт-бағдары негізінде төмендегіше сипаттауға болады: жұмыстың жалпы сипаттамасы, үш негізгі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Жұмыстың жалпы көлемі бетті құрайды.


КIРIСПЕ

Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тігінен ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы болғандықтан, қазіргі күнде барлық мектептердің бүгінгі жайы, даму бағыттары, келешегінің көк жиектері бүкіл қоғамның мемлекетттің назарында Президент И.А. Каримовтың «Бізге бітірушілер емес, мектеп тәлім мен тәрбиесін көрген тұлғалар керек»3 деген пікірі жоғарыда айтқан сөзімнің дәлелі.

ХХІ ғасырда Өзбекстан Республикасының әлемдегі өркениет пен ғаламдану процесінде мәдениетті игеру барлық ғылым салаларына қатысты педагог мамандарды сапалы дайындау ісімен тығыз байланысты екенін қоғамдық өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Педагогтың білімі мен мәдениеті, әсемпаздығы мен шеберлігі, біліктілігі мен беделдігі – жаңа ұрпақты тәрбиелеудің басты көзі және арнасы болып табылды.

Сондықтан болашақ ұрпақ ғылым мен білімнің тұтқасын ұстап отырған ғалымдар мен ұстаздарға ерекше жауапкершілік артады. Жаңа ХХІ техника ғасырында біз жан – жақты терең білімді, рухани – моралдық тұрғыда дамыған ұрпақтардың тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек. «Білім туралы заң», «Кадрлар даярлау ұлттық бағдарламасы», жаңа жоғары (Низам) сияқты барлық реформалар, міне осындай қажеттіліктен туған жаңалықтар.

Бірыңғай ескі сарын, біркелкі әдіспен білім берудің бүгінгі ұрпақтың талабына сай болмауы оларды жалықтыруы да мүмкін. Енді мүмкіндігінше оқу – тәрбие істерін жаңа сипатта, жаңа заманның, жаңа технологияның жетістіктерімен байланыстыра отырып, жастарды өздігінен ізденуге баули отырып, олардың белсенділігі мен сабаққа қызығуын арттыру мақсатында жүргізуге тура келеді.

Мақсат – жаңа заман ұрпағын еркін және мейлінше жаңаша ой жүргізіп, мұғаліммен тең дәрежеде еркін пікірлей алатын дәрежеге жеткізу.

Бүгінгі таң талаптарының бірі – қоғамға, саналы, жан-жақты дамыған азаматтарды тәрбиелеу болып табылады. Қазіргі орта мектептерде өзгерістің тереңдігімен білімді де тәрбиені де қайта қарап, жаңа жоспарлар түзілуде. Қазіргі кезде оқыту мен тәрбиелеу әдістерін жетілдіру техникамен жарақаттану, оқу - тәрбие процесін басқару педагог даярлау сияқты маңызды бағыттарды ілгерілетуді жолға қойып отыр. Заман мұғалімдерге жоғары талаптар қояды. Білім берудің бүкіл жүйесін қайта құрудағы басты тұлға – мұғалім солай екен, оқушылардың білім жүйесін сапалық жаңа деңгейін көтеру ұстаздан ыждағаттылықты талап етеді. Оқудың тиімділігін арттырып, жастарды дербес өмір сүруге, еңбекке даярлау үшін заман қазір мұғалімнен шығармашылық негіздерді нығайтуды, оқушыларға білімді игертуде бар мүмкіндікті тиімді пайдаланып барлық әдіс-тәсілдермен үйретіліп отырғанда ғана сапалы білім, саналы тәрбие беру жүзеге асады.

Орта мектепте окушыларға қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды берудің мәні үлкен. Тіліміздегі етістікті, оның жасалу жолдарын, түрлерін, өзіндік ерекшеліктерін, оның атқаратын қызметтері тағы сол сияқты қасиеттерін оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерін қарастыруды және де жаңа педагогикалық технологиядан пайдаланудың орны ерекше. Солай екен, етістіктің өзіндік сипатын, ерекшеліктерін мектеп оқушыларына игертудің маңызы орасан зор. Бітіру мамандық жұмысының негізгі мақсаты орта мектепте, етістікті оқыту мәселелеріне қаратылған болып, ол төмендегідей міндеттерді белгілейді.



  1. Етістікті тиісті болған ғылыми еңбектерді оқып үйреніп талдау.

  2. Етістікті мектепте оқыту мәселелеріне және онда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануға, оларды сабақта тиімді өтуге әрдайым қолдануға тиісті әдістемелік-әдебиеттерді оқу талдау практикада қолдану.

  3. Жаңа педагогикалық технологияға негізделген әдіс-тәсілдерді мектепте оқыту барысында тәжірибеде көріп шығу, оның тиімділігін анықтау. Жұмыста сипаттамалы байқау методтарына пайдаланылған Бітіру біліктілік жұмысында «Кіріспе», 3 тарау, «Қорытынды» соңынан пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген..

Кіріспеде тақырыптың актуалдығы анықталып, мақсат-міндеттерді белгілейді. Бітіру мамандық жұмысының бірінші тарауында қазақ тілі грамматикасы және етістіктің шығу арналары сөз болады.

Онда:


1. Грамматикалық ұғымдар туралы жалпы түсінік

2. Қазақ тіліндегі етістік және оның зерттелуі

Жұмыстың екінші тарауында етістіктің морфологиялық сипаты және жасалу жолдары сөз болады.

Онда:


1. Етістіктің морфологиялық сипаты және жасалу жолдары

2. Етістіктің грамматикалық категориялары.

Жұмыстың үшінші тарауында бір сабақ үлгілері мен презентация сөз болады.

«Қорытынды» бөлімде ой – пікірлер тұжырымдалып, қорытынды ұсыныс, пікірлер берілген.

Пайдаланған әдебиеттер тізімінде жұмысты жазу барысында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетіледі.

Бітіру мамандық жұмысын орта мектептерде мектеп мұғалімдері етістікті оқытуда теориялық және практикалық дағды беру барысында пайдалануға болады.

Елдiң елдiгiн көрсетiп, мемлекеттiң мерейiн өсiретiн, халықты мұратына жеткiзiп, қажеттiлiгiн қанағаттандыратын - жан-жақты жетiлген, парасаты мен пайымы мол, асқақ рухты, туған елi мен Отанын сүйетiн ұлтжанды әрi үйлесiмдi дамыған азамат тәрбиелеу заман талабы.

Мұндай азаматты тәрбиелеуге жетудiң кепiлi – заман талабына сай, таным қажеттiлiгiн қанағаттандыратын, елiмiздiң ұлттық идеологиясы негiзiне сәйкес келетiн, жоғары сапалы әрi ыңғайлы оқу қолданбаларын шығару.

Қазiргi қазақ тiлi курсы - тiл және әдебиет мамандарын дайындау үшiн оқытылатын лингвистикалық пәндердiң негiзгi салаларынан саналады. Бүгiнгi күнi жалпы халық қолданып жүрген қазақ әдеби тiлiнiң лексикалық жүйесiн ғылыми теориялық негiзде танытуды мiндет етедi. Грамматиканың морфология саласы – етістік және оның лексика-семантикалық жолдары, етістіктің морфологиялық сипаты, етістіктің грамматикалық топтарын толық қамтиды.

Сөз құрамы оның ерекшелiгi, студенттерге де өз сөздiк қорларын байыту жолдары жайлы мәлiмет берiледi. Сонымен қатар, грамматика саласында студенттерге сөз табының етістігі, көмекші етістіктер мен аналитикалық форманттар, етістіктің түрлері, қолдану аясы, негiзгi мағынасы мен олардың маңызы, етістіктің тiл бiлiмiндегi орны туралы мәлiметтер берiледi.

Бұл салада қазақ тiл бiлiмi мамандары елеулi еңбектер жасаған. Жалпы тiл бiлiмiнiң мамандарынан А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, К.Аханов және Ә.Хасеновтар қазақ тiлi грамматикасын әрi туыс болған, әрi туыс емес тiлдердiң грамматикасымен салыстыра зерттеген болса, А.Ысқақов, М.Балақаев, М.Оразов, С.Исаев Ш.Бектұров сияқты ғалымдар өз еңбектерiнде қазақ тiлiнiң негiзгi салаларынан бiрi болған етістік жайлы ой-пiкiрлерiн көрсетiп өткен.

Сөз дегеніміз — қыры мен сыры мол, күрделі тілдік категория. Сөздің мағыналық, дыбыстық, шығу төркіні, даму тарихы, қолдану ерекшелігі, жасалу жолы, өзгерілу жүйесі және басқа алуан түрлі жақтары бар.

Тіл ғылымының әр саласы сөзді әрқилы тұрғыдан қарап тексереді. Мысалы, сөздің дыбыстық жағының сыр-сипатын оның белгілі бір дыбыстық комплекс арқылы құлаққа естілетінімен байланысты. Дыбыстық комплекс дегеніміз — сөздің сыртқы дыбыстық жамылышы. Бір тілде сөйлейтін адамдардың бәрі де белгілі бір ұғымды, белгілі бір дыбыстық жамылыш арқылы айтып, сол дыбыстық жамылыш арқылы естіп, сол арқылы сөз түрін де қабылдайды. Екінші сөзбен айтқанда, дыбыстық жамылыш белгілі бір ұғымның аты я атауы (сөз) ретінде қызмет атқарады.

Дыбыстық комплекс, біріншіден, бір тұтас комплекстік тұлға болса, екіншіден жеке-жеке дыбыстарға бөлшектенетін немесе, керісінше, жеке-жеке дыбыстардан құрылатын тұлға (единица).

Сөздің осындай дыбыстық жақтарымен байланысты мәселелерін зерттеу — тіл білімінің фонетика тарауының міндеті.



Белгілі бір ұғымның атауы (белгісі я таңбасы) ретінде қолданылатын дыбыстық комплексті сөз дейміз.

Адам өзара сөйлескенде жеке лексикалық сөз арқылы білдіруге болмайтын неше алуан мағыналардың бәрін де грамматикалық амал-тәсілдердің көмегі арқылы ғана түсінікті етіп айта алады. Ендеше, грамматикалық тәсілдер де лексикалық тәсілдермен қоса-қабат қолданылатын аса қажетті тәсілдер болып саналады.

Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдерінің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады.

Грамматикалық құрылыс сөзге сүйенеді және сөз арқылы ғана көрініп отырады; сөзді таяныш етпейтін бірде-бір грамматикалық құрылыс болмайды.

Тілдің грамматикалық құрылысын тануда да, оның негізгі мәселелерін анықтауда да әрі таяныш, әрі нысана тұтатын негізгі грамматикалық ұғымдар бар. Бұл ұғымдарды ажыратпайынша тілдің грамматикалық құрылысының сыр-сипатын түсіну де, анықтау да қиын болады.

Грамматикалық құрылысқа қатысы бар негізгі ұғымдар мыналар: грамматикалық мағына, грамматикалық форма және грамматикалық категория.

Тілдегі әрбір сөздің өзіне тән нақтылы лексикалық мағынасы мен жалпы грамматикалық мағынасы оның тұлға-тұрпатына байланысты (мысалы: су, сушы, сусын, суат, суғар т.б.). Солай бола тұрса да, ол мағыналар сөз бен сөздің, сөздер мен сөздердің ара қатынастарынан жақсы аңғарылады. Мысалы, Той болса, тон киелік, жүр, баралық! Бірімізді біріміз аударалық (Абай) деген сөйлемдердегі киелік, баралық, аударалық деген сөздердің әрқайсысының өздеріне тән нақтылы лексикалық мағынасы бар. Олар — киіну, бару, аудару әрекеттерін білдіреді. Сонымен қатар, олардың сол лексикалық мағыналарымен жарыса жүретін, үшеуінің де бойынан табылатын — ортақ жалпы мағыналары бар. Ол мағыналар мыналар: біріншіден, бұл етістіктердің үшеуі де алдағы уақытта істелінбекші әрекетті білдіреді; екіншіден, үшеуіне де тыңдаушылар (оқушылар) іске жұмылуға шақырылып тұр; үшіншіден, сөйлеуші (автор) өзін де, өзгелерді де (тыңдаушыларды) бірұдай бірінші жаққа топтап, «бәріміз (біз) киелік, баралық, аударалық» деп тұтас қамти айтып отыр; төртіншіден, ол әрекетті істеу көп адамға арналып (мысалы, біз баралық көптік мағынада) айтылып тұр, бесіншіден, осы шақыру есім сөздер (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік т.б.) арқылы емес, етістіктер арқылы айтылып тұр; алтыншыдан, ол етістіктерде сабақтылық, салттық ұғымдарымен байланысты грамматикалық мағыналар бар; жетіншіден, бұл сөздер осы сөйлемдерде баяндауыш болып қызмет атқарып тұр т.б.

Бұл аталған жалпы грамматикалық мағыналар сол тұлғада жұмасалатын етістіктердің барлығында да болады. Мысалы, Кел, балалар, оқылық! Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық! (Ы.Алтынсарин) деген сөйлемдердегі оқылық, тоқылық дегендерде де, сондай-ақ, келелік, тыңдалық, отыралық, жазалық, сөйлелік деген сияқты сөздер де бар.



Қалтаң бүтін болса, ақшаң түгіл шақшаң да түсіп қалмайды (Ғ. Мүсірепов) деген сөйлемдердегі қалтаң, ақшаң, шақшаң деген үш сөздің нақтылы лексикалық мағыналарымен (қалта, ақша, шақша) қатар, грамматикалары бар: бұл үш сөздің үшеуі де заттың атын білдіреді, демек, грамматика тілімен айтқанда, зат есімдер. Сонымен қатар, осы есімдер арқылы аталатын заттар (қалта, ақша, шақша) екінші жақтағы (тараптағы) адамға меншікті я телулі екені аңғарылады, үшеуі де сөйлемде бастауыш болып тұр. Міне, осы аталған мағыналар грамматикалық мағыналар болады.

Сонымен, сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін я сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасын грамматикалық мағына дейміз.

Грамматикалық мағына сөздің түрленуі арқылы да, сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынастары арқылы да айтылады. Бірнеше мысал келтірейік:

Бетім барда, бетіме кім шыдар деп, Кімі паңдау келеді, кімі тантық? (Абай) деген сөйлемдердегі бетім және бетіме, кім және кімі сөздері өзара түбірлес; олардың тұлғаларында ұқсастық та, айырмашылық та бар. Өйткені бетім және бетіме, кім және кімі сөздерінің грамматикалық мағыналарында да, грамматикалық формаларында да ерекшеліктер бар.

Қонақ бір күн қонса — құт, екі күн қонса — жұт (мақал). Ауылдың салтында ауылға жақындаған жолаушының ақырын жүретін әдеті бар ғой (С.Мұқанов). Тентек ояз әмірінен астамырық әділет, ар әмірі де бар (М.Әуезов). Өкпелерің орынды, жігіттер, ескі көшке ермей қалып, жаңа көшті бастай алмай, әрі-сәріге салғаным рас (Ғ.Мүсірепов) деген сөйлемдерді қонақ және қонса, ауылдың және ауылға, әмірінен және әмірі, көшке және көшті сөздерінің өзара негіздері бір болғанымен, қосымшалары да, грамматикалық мағыналары да бір-бірінен басқа-басқа. Сөйтіп, бұл мысалдардың барлығында грамматикалық мағыналар бір сөздің әр түрлі грамматикалық формалары (морфологиялық түрлері) арқылы айтылып тұр.

Қазақ тілінде грамматикалық мағына тудыратын сөздердің бір тобы өте, тым, аса, нағыз, нақ, дәл т.б. сияқты күшейткіш сөздер. Мысалы: өте жақсы, тым жұпыны, аса қадірлі, дәл өзі деген сөз тіркестерінде өте, аса, тым, дәл деген сөздер жақсы, жұпыны, қадірлі, өзі дегендердің мәнін күшейте түсетін грамматикалық мағына үстеп тұр. Дәл осындай мағынаны сап-сары, қып-қызыл, қап-қара дегендей, сап, қып, қап сияқты күшейткіш буындар ақылы беруге болады. Бірақ мұндайда көмекші сөз жетекші сөздің алдында айтылады.

Грамматикалық мағына негізгі сөздерге шылау сөздердің селбесуі арқылы да туады. Мысалы: Құрымбайдың ол не үшін келгенін де сезді (Б.Майлин); Олар шеше алмаған мәселені шешу сіз үшін өте қиын (Ә.Әбішев) деген сөйлемдердегі үшін шылауы өздерінен бұрынғы сөздерге (не, сіз) қосымша грамматикалық мағына үстеп, оларды кейінгі сөздерге жалғастыруға дәнекер болып тұр. Бұдан үшін шылауының мағынасы дәлме-дәл болмағанымен, барыс септіктің мағынасына жақын екенін байқауға болады.

Кәсіп іздеген қайықшылар ол діңгектегі жұмыртқаны қайық-қайық қып тасып шығарса да, тауыса алмайды (С.Мұқанов) деген сөйлемдегі қайықшылар және қайық-қайық сөздерінің бастапқы түбірі де, нақтылы лексикалық мағынасы да бар, бірақ сол сөздердің формалары мен грамматикалық мағыналары өзгеше. Ең алдымен, қайықшылар деген сөзге жалғанған шы қосымшасы мен соңғы – лар қосымшасын сөз етпей-ақ, екі рет қайталанған қайық-қайық деген түрін алсақ, сол түбір әлденеше қайықпен (я көп қайықпен) әлденеше рет тасып шығару дегендегі мағынамен пара-пар мағынаны білдіреді. Сауыншылар шелек-шелек сүтті қолдасып әкеле жатыр (Ғ.Мүсірепов); Адам дегеннің жүрегі тарау-тарау, еспе-еспе, бабы көп (Ғ.Сланов) деген сөйлемдердегі шелек-шелек, төбе-төбе, тарау-тарау, еспе-еспе деген қосарланған сөздердің мағыналары мен формалары да жоғарыда айтылғандай.

Сөйтіп, сөзді қайталап (қосарлап) қолдану тәсілі де тиісті грамматикалық мағыналардың сыртқы грамматикалық формасы ретінде жұмсалады.

Өзіне тән нақтылы лексикалық та, дербес грамматикалық та мағынасы бар бір алуан сөздер белгілі бір тіркестерде негізгі сөзге тек қана грамматикалық мағына жамайтын дәнекер сөздер ретінде жұмсалады. Мысалы: Көңілге шек-шүбәлі ой алмаймын, Сонда да оны ойлап қоя алмаймын, Ақылдың жетпегені арман емес, Құмарсыз құр мүгілуге тоя алмаймын (Абай) сөйлемдеріндегі алғашқы алмаймын деген сөздің ойлап қоя алмаймын, мүлгуге тоя алмаймын дегендердегі алмаймын дегеннен сыртқы тұлға жағынан, демек, түбірі мен қосымшалары жағынан, ешқандай да айырмасы жоқ. Бірақ ой алмаймын деген тіркестегі алмаймын сөзі өзінің бастапқы лексикалық мағынасын да, грамматикалық дербестігін де толық сақтап тұрса (көңілге шүбәлі ой алма), соңғы тіркестегі алмаймын сөзінің бастапқы лексикалық мағынасы солғындап кеткен. Грамматикалық абстракцияның нәтижесінде бұл сөзге әуелгі мағынадан айрылып, өзінен бұрынғы етістік арқылы айтылатын істің жүзеге асуға мүмкіншілігі барлығын я жоқтығын білдіретіндей ғана көмекшілік қызмет атқару дәрежесіне көшкен. Қалада да, далада да осының лаңынан құтыла алмай қойдым. (Ғ.Мұстафин) деген сөйлемдегі қой және ал етістіктерінің мағыналары мен қызметтерін салыстырып көрелік.

Сөйтіп, етістіктердің бір-бірімен селбесіп тіркесулерінен құрылатын күрделі және аналитикалық етістіктердің мағыналары да грамматикалық мағына тудырудың белгілі бір саласы делініп танылып, көмекші етістіктер сол грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық формалар ретінде қаралады.



Алдарындағы қабақта киіз үй, тас үйлердің, кең қоралардың төңірегін алып, көктемнің көк берен теңізіне еркін жүзген ақтылы қойлар жатыр (Ғ.Сланов) дегендегі киіз үй, тас үй деген әрбір екі сөздің тіркесі арқылы да грамматикалық мағыналар беріліп тұр. Өйткені бұл тіркестерде екі зат есім, ешбір қосымша формаларсыз-ақ, бір-бірімен тіркесіп, үйлердің қандай (не нәрседен жасалған) екенін білдіріп тұр. Ондай тіркес әр түрлі үш я төрт зат есімнен де құрала береді. Мысалы, Ол адал бақанға түйе жүк шекпені мен қамшысын іле салды да, көрпе қабаттала төселген биік орынға барып отырды (Ғ.Мүсірепов); Қалаға кіре берісте айналасы қоршаулы ұршық бас темір бағаналар тұр (Ғ.Мұстафин) деген мысалдардағы түйе жүн шекпен, ұршық бас темір бағаналар деген тіркестер үш я төрт зат есімнен құралады. Бұл және олардан бұрынғы мысалдардағы тіркестер өзге (мысалы, индоевропалық) тілдерде белгілі грамматикалық қосымшалар арқылы берілетін грамматикалық мағыналарды білдіріп тұр.

Сөздердің сөйлемдердегі орны олардың мағыналары мен қызметеріне үлкен әсер етеді. Оны мына мысалдардан байқауға болады. Мысалы: Жақсы жол — елге жора (М.Әуезов); Мәжіліс жақсы өтті, жаңа пікірлер айтылды (Ғ.Мұстафин) деген сөйлемдердегі жақсы сөзі (сын есім) бірінде зат есімнен бұрын тұрса (жақсы жол), екіншісінде — етістіктен бұрын (жақсы өтті) тұр. Бұдан, қандай сөз табымен тіркесуіне қарай, сын есімнің қызметі өзгеретінін аңғарамыз. Ашығырақ айтсақ, алғашқы сөйлемде жақсы сөзі анықтауыш қызметін, екінші сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарып тұр. Сондай-ақ, қысқы үкідей аппақ болып, ұзақ күндер ұзақ жортып, көбінесе, үнсіз жортып, Омбы қаласына бүгін іңір қараңғысында келіп кірді (Ғ.Мүсірепов) дегендегі ұзақ күндер ұзақ жортып деген тіркестердегі алғашқы ұзақ (ұзақ күндер) —анықтауыш та, кейінгісі (ұзақ жортып) — пысықтауыш.

Сонымен, белгілі жағдайда (тіркесте, сөйлемде) сөздердің орындарының ауысуларына қарай, олардың грамматикалық мағыналары мен қызметтері өзгереді; сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібі де белгілі грамматикалық тәсілдердің бірі болып саналады.

Дауыс ырғағы да грамматикалық мағынаны білдіретін грамматикалық тәсіл ретінде қызмет етеді. Өйткені кейбір тіркестердегі сөздердің қызметін ажыратуға тек дауыс ырғағы (интонация) ғана бірден-бір дәнекер болады. Мысалы, Бұл мұғалім Әлім еді де, ол дәрігер Әлім еді деген сөйлемдердегі дәл осы қалпында екі ұшты түсінуге болады. Егер осы сөйлемдердегі бұл, ол сөздерінен кейін кідіріс жасап айтсақ, екеуі де сол сөйлемдердің бастауыштары болады да, мұғалім, дәрігер сөздері Әлім еді деген баяндауыштардың анықтауыштары болады. Ал, егер кідірісті бұл — мұғалім, Ол — дәрігер деген тіркестерден кейін жасасақ, мұғалім, дәрігер сөздері бастауыш болады да, бұл, ол сөздері мұғалім, дәрігер деген бастауыштардың анықтауышы болады. Осы себептен, сызықшаны мағына ажырататын белгі ретінде — дауыс ырғағының (кідірістің) жазу тіліндегі шартты белгісі ретінде қолданып жүрміз.

Сонымен, тіліміздің грамматикалық құрылысы жүйелі, сала-сала грамматикалық құбылыстардан құралады. Ал, сондай әрбір грамматикалық құбылыстың екі жағы болады: біріншісі — сол құбылыстың белгілі ұғымды я түсінікті (бірдемені) білдіретін ішкі жағы, демек, мазмұны, яғни грамматикалық мағынасы, екіншісі — сол мазмұнды, яғни грамматикалық мағынаны (грамматикалық ұғымды я түсінікті) қалай я не арқылы білдіретін сыртқы жағы, демек — грамматикалық тәсілі.

Грамматикалық құбылыстың өзіне тән грамматикалық мағынасы мен сол мағынаны білдіретін грамматикалық тәсілі үнемі бірлікте болады. Грамматикалық мағына — грамматикалық құбылыстың (сөздің я оның бөлшегінің) мазмұны болса, грамматикалық тәсіл сол мазмұнды білдіретін формасы.

Міне, сондай жалпы грамматикалық амал-тәсілдер грамматикалық формалар деп аталады. Қазақ тілінің грамматикалық амал-тәсілдері, олардың потенциалдық мүмкіншіліктері бай да, икемді де. Ол керегінше синтетикалық тәсілдерді де, аналитикалық тәсілдерді де пайдаланады.

Қандай грамматикалық мағына болса да, оның өзіне тән грамматикалық форма болса да, оның өзіне тән грамматикалық мағынасы болады. Грамматикалық мағынасы жоқ грамматикалық форма болмайды, грамматикалық формасы жоқ грамматикалық мағына болмайды. Тілдегі сөздердің грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формаларының бірлігінен және солардың жинағынан тілдің грамматикалық құрылысы туады.

Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық құрылысын зерттегенде, өзінің тексеретін объектісінің негізгі өзегі етіп сөзді және сөйлемді алады. Тексеру объектілерінің осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология және синтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді.

Морфология сөз және оның формалары туралы ілім. Сөйлеу дағдысында әр сөз сөйлем ішіндегі өзге сөздермен белгілі заң бойынша әрқилы қарым-қатынасқа түседі де, әлденеше қилы өзгеріске ұшырап, әр алуан қызмет атқарады. Морфология осындай сөздерді жеке-жеке қарамай, жалпы сөз атаулыны алып, оларды белгілі топтарға бөліп, сол топ-топтың әрқайсысына тән жалпы грамматикалық сыр-сипатын анықтайды. Соның арқасында сөздердің әр тобының өзіне лайық жалпы грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формалары айнықталады және сөз таптары ажыратылады, әр сөз табына тән категориялардың сыр-сипаттары ашылады. Осындай талдаулардың нәтижесінде сөздің жасалу, түрлену, өзгеру жүйелері, сөздің бөлшектенуі және олардың әрқайсысының грамматикалық мағыналары мен қызметтері анықталады.

Морфология сөздің формасын да тексереді. Ал, сөздің формасы деген ұғымға сөздің негізгі түбірі де, сөздің туынды, біріккен, қосарланған, әр қилы қосымшалар қосылған түрлері де, сөз тіркестері де енеді. Екінші сөзбен айтқанда, сөздің формасы деген ұғым сөзден сөз тудыратын, сөз бен сөзді байланыстыратын тәсілдер де, сондай-ақ, сөзге қосымша мағына жамайтын өзге тәсілдерді де қамтиды.

Тілдегі сөздерді грамматикалық мағыналарына, формаларына және қызметтеріне қарай, топ-топқа бөліп топтастыру да, әр сөз табына тән категорияларды анықтау да морфологияның міндеті.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет