Збигнев Дердзюк,
Польша әлеуметтік сақтандыру институтының Президенті,
Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының
Еуропа өңірлік жүйесі комитетінің Төрағасы
-
Дердзюк мырза, сәлеметсіз бе. Бізге сұхбат беруге келіскеніңізге рахмет айтамыз. Сіз Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (ХӘҚҚ) Еуропа өңірлік жүйесі комитетінің төрағасы болғандықтан, бізге Еуропа елдеріндегі әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы тенденциялар туралы айтсаңыз.
Еуропа елдеріндегі зейнеттік жүйе үшін сын-қатерлер ол мемлекетік қаржы тапшылығының шамадан тыс арттырмай және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін төмендетпей оларды қаржыландырудың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Осындай талаптарды теңдестіру Еуропа зейнеттік жүйесінің болашағы үшін ғана емес, сонымен бірге Еуропаның жалпы дамуына да зор әсер етеді.
Келесі бір сын-қатер әлеуметік қорғау мекемелері жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуды қамтамасыз ету. Бұл мәселе жоғары технологияларды қолдану арқылы клиентке қызмет көрсетудің тиісті стандарттарын қамтамасыз етуді білдіреді. ХӘҚҚ осы саладағы озық тәжірибелерді алмасудың алаңы болып табылады. Өзім басқаратын әлеуметтік сақтандыруды басқару саласы біраз жетістіктерге жетті, ол – қызметтерді стандарттауға бағытталған, жан-жақты ойластырылған, кең ауқымды қызмет – заманауи электронды қызметтер алаңы. Сонымен қатар, бізге де басқа елдердің озық тәжірибелерін үйрену қажет деп ойлаймын.
-
Әлемде әр түрлі әлеуметтік қамсыздандыру жүйелері бар екені белгілі. Польшада халықты әлеуметтік қорғаудың қандай жүйесі жұмыс жасайды?
Польша әлеуметік қамсыздандыру жүйесі отызыншы жылдары, ІІ Дүние жүзілік соғыстан кейін жүз жылдан аса басқа елдің үстемдігінен кейін қайта біріккен соң құрылды. Сол кездегі әлеуметтік қамсыздандыру бір жағынан әр түрлі үш мемлекеттің: Пруссия, Австрия және Ресейдің үстемдігінде болған уақыттағы аумақтың құқықтық және әлеуметтік жүйелерін бір іздендіру қажет болғандықтан, сол интеграцияның элементі болды. Екінші жағынан Польшаның соғысқа дейінгі дамуына жақсы мүмкіндік берді. Әлеуметтік сақтандыру саласындағы Польша заңы өте сапалы болды, бірақ ол батыстың үлгінің көшірмесі емес. Польшаның қазіргі заманғы әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасу тарихымен тығыз байланысты Әлеуметтік сақтандыру басқармасы биыл өзінің 80 жылдық мерей тойын атап өтпекші.
Соғыстан кейін бұл жүйеде айтарлықтай өзгерістер болған жоқ, тек қажетті түзетулер ғана енгізілді. Сондай түзетулердің ішіндегі ең маңыздысы 1999 жылы, яғни Польша қайтадан тәуелсіздік алғаннан кейін 10 жылдан соң болды. Ол кезде біз зейнетақы жүйесін төленген жарналарға негізделетін, яғни нақты төлемдер принципінен туындайтын зейнетақы жүйесіне ауыстыру реформасын жүргіздік. Бұл жүйені жеңілдетті, азаматтардың оны қабылдауын арттырды: бүгінде зейнетақы жыл сайын индекстелетін, жеке зейнетақы шоттарында жинақталған, төленген жарналар сомасына байланысты болып отыр. Келесі бір маңызды қадам – зейнеткерлік жасын 67 жасқа дейін теңестіру және арттыру болды, халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы бірнеше жылға артқан, ғасырдың соңғы ширегіндегі өркениет пен әлеуметтік табысқа жетудің табиғи жемісі болды.
Біз сонымен бірге, зейнетақы жүйесінің қаржылық принципінің еріктілігін енгізуді шештік. 1-сәуір мен 31-шілде аралығында Польша азаматтары өздерінің еңбек ақыларынан 2,92% Ашық зейнетақы қорларына аударылғанын қалайтынын немесе 19,52% құрайтын барлық зейнетақы жарналарының Әлеуметтік сақтандыру басқармасына түсуін қалайтынын таңдайды.
Ашық зейнетақы қорларына ерікті қатысуды енгізу нақты бір жүйелі эволюцияның нәтижесі болып табылатынын атап өткен жөн: нақты бір кезеңде зейнетақы қорларының рөлі Польшадағы қаржы нарығының дамуына өте маңызды болды.
-
Сіздің елде зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің теңгерілімін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылдануда? Сіздің пікіріңізше төлемдерді қалай индекстеген жөн: экономика бойынша орташа жалақының өсіміне ме, әлде инфляцияға ма?
Польшада төлемдерді индексациялау экономикадағы жалақының орташа өсіміне де (осы көрсеткіштің бірден бес бөлігі алынады), инфляцияға да байланысты. Мұндай шешім тұрақты экономика өсімінде төлемдерге жыл сайын нақты сипат береді, Польшада өмір сүру деңгейінің артуы жылдан жылға артып келеді.
-
Сіздің елде өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселесі қалай реттеледі? Сақтандырудың осы түріне қандай ставка қолданылады: дифференциацияланған немесе бірыңғай?
Осыдан 10 жыл бұрын біз жазатайым оқиғаның сол кәсіпорындағы тарихына байланысты жазатайым оқиғалардан сақтандырудың дифференциацияланған ставкасын енгіздік. Қазіргі уақытта сақтандырудың осы түрі бойынша ең төменгі ставка есептеу базасынан 0,67% , ал ең жоғарғы – 3,86% құрайды. Бұл тетік өзін-өзі ақтады, кәсіпкерлер еңбек қауіпсіздігін сақтауға көңіл бөле бастады, жазатайым оқиғалар азайды және соған қарай жарна да аз төленеді.
-
Әлеуметтік қорғау жүйесінде ынтымақты жауапкершілік қалай дамуда?
Польшадағы зейнетақы жүйесі ұрпақтар арасындағы ынтымақтастық негізіне құрылған. Зейнетақы төлемдерін қаржыландыру принципі экономикалық белсенді халықтың жарналары есебінен, зейнеттік жүйе жұмыс істеуді бастағаннан және 1999 жылы Ашық зейнетақы қорлары енгізілгеннен бастап жұмыс істейді. Зейнеттік жүйе, өкінішке орай кейінгі кезде бұқаралық пікірде жиілеген ұрпақтар арасындағы байланыстың маңызы күмән келтіргенге дейін тиімді болады. Тағы бір сын-қатер демографиялық жағдай. Қартайған Еуропада ұрпақтардың табиғи алмасуы бұзылуда, оған ХХ ғасырдың елуінші жылдарындағы туудың жинақталған коэффициенті 3,7 құраса, қазіргі уақытта ол көрсеткіш 1,3 құрайтынын айтсақ жеткілікті. Соңғы жылдары біз төленетін декреттік демалысты он екі айға дейін ұзарттық, оның едәуір бөлігін баланың әкесі алады. Мемлекет бала күтіміне байланысты еңбек ақысы сақталмайтын демалыста болған адамға, сонымен бірге жас балаларды күту үшін заңды түрде жұмысқа тұрғандар үшін зейнетақы жарналарын төлейді.
-
Польша 2004 жылдың 1 мамырынан бастап Еуроодаққа мүше. Осыған байланысты көптеген поляктар экономикасы дамыған көптеген Еуропа елдеріне (Ұлыбритания, Франция, Германия) жұмыс істеуге кетті. Сонымен қатар Польшаға Украинадан, Молдовадан, Беларусьтен жұмыс күші келуде. Польшадан сыртқа кетуші немесе Польшаға келуші еңбек мигранттарын әлеуметтік сақтандыру қалай жүзеге асады?
Еуроодақта әлеуметтік сақтандыруды үйлестіру принципі жұмыс жасайды. Бұл дегеніміз менің отандастарым Ұлыбританияға немесе Германияға жұмыс істеуге кеткенімен олардың сақтандырылуы үзіліссіз жалғасады деген сөз. Бұл, сонымен қатар, Польшаға келген Еуроодақ елдерінің азаматтарына да қатысты, ал мұндай азаматтар саны күннен күнге артуда. Еуроодаққа мүше болып табылмайтын кейбір елдермен Польша сақтандыру мерзімін өзара тану мәселелері реттелетін, әлеуметтік сақтандыру туралы екі жақты шарттар жасасты. Біз бұрынғы Югославия елдерімен, АҚШ-пен, Қанадамен, Австралиямен және Украинамен осындай шарттарға отырдық.
2013 жылы Әлеуметтік сақтандыру басқармасы шет елдерге кеткен адамдарға 40 мың төлем төледі, ал он жыл бұрын олар екі есе аз болған. Екінші жағынан Әлеуметтік сақтандыру басқармасы Польшада тұратын, шет ел төлемдеріне құқықтары бар тұлғаларға 61 мың төлем төлеуге дәнекер болды. Осы төлемдер бойынша де кейінгі жылдары едәуір өсу байқалады.
Тұтастай алғанда Еуроодақ шеңберінде адамдардың еркін араласуы, сондай-ақ Еуроодақ елдеріне мүше болып табылмайтын иммигранттар үшін Польшаның және басқа да елдердің ашық болуы бір жағынан жетістік болып табылса, екінші жағынан әр түрлі қатерлерді де тудырады. Егер Еуроодақ аясындағы жекелеген елдер өздерінің зейнеттік жүйелеріне жекешелікті сақтайтын болса, онда еңбек ағыны мен жарналарды қалай тиімді басқаруға болады? Польшада бүгінде Еуроодақтың басқа бөліктеріне тұруға кетіп сол жақта жарналар төлейтін жас азаматтар ағыны көптеп байқалуда, ал соғыстан кейін туған жасы келгендер зейнеткерлікке шығуда. Бұл жағдай Еуроодақ елдеріндегі әлеуметтік қорғау жүйесіне болашақта күрделі мәселелер тудыруы мүмкін.
-
Сіз ағымдағы жылдың мамыр айында өтетін VII Астана экономикалық форумының және «Әлеуметтік қорғаудан – әлеуметтік прогреске» ІІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қатысушысы болып табыласыз. Осы алдағы шарадан не күтесіз және конференцияға қатысушыларға қандай тілегіңіз бар ?
Мен осы конференцияда жекелеген елдердің тәжірибелерінен сабақ аламын деп ойлаймын. Әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі ол жергілікті ерекшелікке бейімделгенде ғана нәтижесін беретінін ұмытпау керек және бұл жерде сақтандырылған азаматтардың жеке жауапкершілігі мен бір мезгілде әлеуметтік ынтымақтастық сияқты принциптер міндетті түрде ескерілуі қажет. Сондықтан өзіме және Форумның барлық қатысушыларына зейнеттік жүйені жаһандық деңгейде, сонымен бірге бір мезгілде жергілікті ерекшеліктердің маңызын сезіне білуді тілеймін. Мен, сонымен қатар, зейнетақы жүйесін мемлекеттің ең маңызды экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық кепілі деп бағалаймын.
-
Сіз біздің елдердің әлеуметтік қорғау жүйелерінің болашақтағы даму мәселелеріндегі қандай ынтымақтастық бағыттарын атар едіңіз?
Болашақта модельдік қатынастағы әлеуметтік қорғауды басқарушы ұйымдардың біріккен құзыретін құру, яғни әлеуметтік саясатқа белсенді әсер ету және бағыттарына актуарлық талдау жасау - ол болашақтың ісі. Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету сапасына қатысты, оның ішінде заманауи телеақпараттық технологияларды қолдану бағыттарын атар едім.
Сұхбатыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |