1.Қазақстан Республикасы қазіргі іргелес мемлекеттердің ішінде алға басқан мемлекеттердің бірі болып табылады. Cіздің ойынызша, біздің еліміз осындай жетістіктерге қалай жетті?



бет1/16
Дата23.03.2023
өлшемі113.96 Kb.
#471026
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Құқық


1.Қазақстан Республикасы қазіргі іргелес мемлекеттердің ішінде алға басқан мемлекеттердің бірі болып табылады. Cіздің ойынызша, біздің еліміз осындай жетістіктерге қалай жетті?
Қазақстан 1991 жылы егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдады. Қазақстан заманауи, бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін үш бірдей жаңғыртуды жүзеге асырды: осы заманғы мемлекетті тұрғызды және нарықтық экономикаға серпіліс жасады, әлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалады, қоғамдық сананы қайта қалыптастырды. Этникалық, мәдени және діни әралуандылыққа қарамастан, елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты сақтадық. Қазақстан 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері үшін туған шаңырағына айналды. Азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған. Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениеттер диалогының бірегей еуразиялық моделіне айналды.
Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық қағидаттарына негізделген нарықтық экономиканың заманауи моделін қалыптастырды. Қазақстандық модель шетелдік инвестицияларды тартудағы мемлекеттің белсенді рөліне негізделеді. Елімізге 160 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан ЖІӨ көлемі бойынша әлемнің 50 ірі экономикасының қатарына кірді. Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингінде 51-орынға ие.
Қазақстан бүгінде-өзіндік бет-бейнесі, өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік ұстанымы бар табысты мемлекет. Еліміз егемендік пен саяси салмақты нығайту үшін 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Күшті мемлекет өмір сүру саясатымен емес, жоспарлау, ұзақ мерзімді даму және экономикалық өсу саясатымен айналысады. Көптеген елдер қазірдің өзінде 2030-50 жылдардан асып кетуге тырысуда. Сондықтан 2012 жылғы желтоқсанда біздің елімізде әлемдегі жаһандық өзгерістер мен өз жетістіктерін, мүмкіндіктерін ескере отырып, Президент Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша "Қазақстан-2050 "Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" қабылданды. Біздің басты мақсатымыз-2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу. Бұл стратегияның негізгі бағыттары: мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту; экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу; ұлттық экономиканың жетекші күші – кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау; жаңа әлеуметтік модельді қалыптастыру, білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйелерін құру; мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдығын арттыру болып табылады.


2.Сіздің ойыңызша, Парламент депутаты өкілеттік мерзімі өткеннен кейін оның өкілеттігі мерзімінде жасаған әрекеттері үшін Палатаның келісімінсіз тиісті жауапкершілікке тартылуы мүмкін бе?
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті заң шығару билігін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады. Қазақстан Республикасы Парламентінің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Конституциямен, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен және басқа да заңнамалық актілермен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңа сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады. Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланымдағы Мәжіліс депуттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, оның он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады.
Парламент депутаттары оның жұмысына қатысуға мiндеттi. Парламентте депутаттың жеке өзi ғана дауыс бередi. Депутаттың Палаталар мен олардың органдарының отырыстарына дәлелдi себептерсiз үш реттен артық қатыспауы, сол сияқты дауыс беру құқығын басқа бiреуге беруi депутатқа заңда белгiленген жазалау шараларын қолдануға әкеп соғады.
3. Парламент депутатының басқа өкiлдi органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетiн өзге де жұмыс атқаруға, кәсiпкерлiкпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруге құқығы жоқ. Осы ереженiң бұзылуы депутаттың өкiлеттiгiн тоқтатуға әкеп соғады.
4. Парламент депутатын оның өкiлеттiк мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттердi қоспағанда, тиiстi Палатаның келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
5. Парламент депутатының өкілеттігі орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
Парламент депутаты:
1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
2) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады.
Парламент Мәжілісінің депутаты:
1) депутат конституциялық заңға сәйкес өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;
2) конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан кезде өз мандатынан айырылады.
Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттігі Республика Президентінің шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Парламент және Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттігі тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісі таратылған жағдайларда тоқтатылады.
6. Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға, олардың осы баптың 3-тармағының талаптарын, депутаттық әдеп ережелерiн сақтауына, сондай-ақ депутаттардың өкiлеттiгiн тоқтатуға және өкiлеттігiнен әрi депутатқа ешкiмнiң тиiспеуi жөнiндегi құқығынан айыруға байланысты мәселелердi әзiрлеу Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жүктеледi.


3.Республика Конституциясының 14-бабының 1-тармағына сәйкес «Заң мен сот алдында барлығы тең». Сіздің ойыңызша, прокурорларға процестің басқа қатысушыларына қарағанда көбірек процессуалдық құқықтар берілуі мүмкін бе?
Прокурор – жедел іздестіру қызметін, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға.Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады. Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды және де сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi.Сонымен-қатар заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» деген Республика Конституциясы 14-бабының 1-тармағы адамдардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігін, осы құқықтарды мемлекеттің тең қорғауын және әркімнің заң алдында жауапкершілігі бірдей екендігін белгілейді. Заң алдында тең болу адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға мүмкіндік беретін нақтылы шарттар мен жағдаяттардың нақ осы заңдарда анықталатынын білдіреді. Судья қызметін атқарып жүрген адамдар судьяларды тағайындау және судья қызметінен босатудың ерекше тәртібін белгілейтін заң алдында тең.Прокурорға басқа қатысушыларға қарағанда көбірек процессуалдық құқықтар берілмеуі мүмкін.Себебі,заң мен сот алдында бәрі тең.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет