БҚО білім басқармасының
2014 жылғы «____»____________ №________ бұйрығына
1 қосымша
«Үздік интернет-ресурс»
облыстық байқауы туралы ереже
-
Жалпы ережелер
Осы Ереже облыстық интернет-ресурстар байқауының (бұдан әрі – байқау) өткізілу тәртібі мен уақытын, мақсаты мен міндеттерін, мәртебесін, жұмыстарды бағалау өлшемдері мен қорытындыларын шығаруды анықтайды.
Байқау 2014 жылдың сәуір-қараша айларында өткізіледі.
2. Байқауды ұйымдастырушылар
Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Батыс Қазақстан облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығы.
-
Байқаудың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты:
-
облыстың білім беру ұйымдарының үздік интернет-ресурстарының жұмыс тәжірибелерін анықтау, қолдау және тарату;
-
мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін көтеру, сайттар жасақтау арқылы оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларға деген қызығушылықтарын арттыру.
Міндеттері:
-
облыстың бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігінің инфрақұрылымын дамыту; облыстың білім беру кеңістігінде ақпараттық технологияларды алға бастыру;
-
Интернет желісін білім беру мақсаттары үшін пайдалану;
-
ақпараттық технологиялардың қолданылуымен жаңа білім беру технологиялары мен
оқу үрдісін ұйымдастыру қағидаттарын енгізу;
-
оқушылардың ақпараттық шығармашылыққа деген қызығушылықтарын арттыру, IT-технологияны көтеру;
-
шығармашылықпен жұмыстанатын педагогтарды анықтау және олардың іс-тәжірибелерінің таралуына ықпал ету.
-
БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
Байқаудың басталуы туралы жариялау - 2014 жылғы 15 сәуір.
2014 жылдың 12 мамырына дейін zkociso@mail.ru адресіне байқауға қатысу туралы сұраныс жіберу қажет. Хаттың тақырыбын «Сайттар байқауы» деп көрсету қажет.
Сайтты жасақтау және жаңарту бойынша барлық жұмыстарды 2014 жылдың 31 қазанына дейін аяқтау қажет.
Байқаудың ұйымдастыру комитетімен сайттың жасақталуы, материалдардың орналастырылуы және жаңартылуын қадағалау үшін ай сайын сайт мониторингі жүзеге асырылады.
Мониторинг нәтижелерін әр айдың соңғы жұмасында www.ciso.kz сайтынан қарап отыруға болады.
Ұсынылған сайттарды бағалау конкурстық комиссиямен 2014 жылдың 3 - 5 қарашасы аралығында жүзеге асырылады.
Қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды анықтау шаралары қашықтан өткізіледі. Байқау нәтижелері www.ciso.kz сайтында 2014 жылдың 6 қарашасында жарияланады.
Сондай-ақ, дауыс берудің жаңа түрі жүргізілмек: әр команда өз дауысын үздік сайтқа беруі қажет (бір сайтқа тек қана бір дауыс). Дауыс беру қорытындысын 2014 жылдың 3-5 қарашасы аралығында ұйымдастыру комитетіне zkociso@mail.ru электрондық адресіне жолдау қажет. Дауыс беру қорытындысы бойынша номинация анықталады.
-
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ бағалау КРИТЕРИЙЛЕРІ
Ресми интернет-ресурстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 шілдедегі № 598 және 2012 жылғы 29 мамырдағы № 698 Қаулыларымен бекітілген электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережелеріне сәйкес орналастырылуы қажет.
«Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың қажетті тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қазандағы № 891 Қаулысымен бекітілген.
Құрылымы және навигациясы
|
Сайтқа материалдардың орналасуының ұйымдастырылуы және оның бөлімдерінің қарауға қолайлылығы.
|
Қызметін бейнелейтін мазмұны
|
Ақпараттың толықтығы және бағалылығы. Мазмұнының бірегейлігі.
Жұмыс істемейтін сілтемелердің болмауы.
|
Дизайны
|
Сайттың сыртқы көрінісі, мазмұнына сәйкестігі.
|
Интерактивтілігі
|
Қонақ кітабы, форумдар, басқа да жалпы білім беретін ұйымдармен байланыс, қолданушылармен кері байланыс жасаудың түрлі үлгілері.
|
Сауаттылығы
|
Мәтіндердің қазақ және орыс тілдерінің нормалары мен ережелеріне сәйкестігі. Мәтіннің құрылымдылығы.
Қате басылған, орфографиялық, грамматикалық, стилистикалық қателердің болмауы.
|
Өзектілігі
|
Жаңартылу жылдамдылығы және жүйелілігі, мекемемен өткізілетін оқиғалар туралы сапалы және бірегей материалдардың (фотосуреттер, мақалалар, сұхбаттар) болуы бағаланады.
|
Білім беру ұйымының сайты туралы жалпы ақпарат
|
1. Пошталық мекен-жайы;
2. Электрондық пошта адресі;
3. Анықтамалық қызметтердің телефондары.
|
Туған өлкені зерттеу бойынша энциклопедиялық сипаттағы ақпараттың болуы
| -
Ауыл тарихы, тарихи-мәдени ескерткіштер;
-
Соғыс және тыл ардагерлері;
-
Өлкетану, табиғат және қоршаған орта туралы ақпарат.
|
Оқу және әдістемелік материалдардың болуы
|
Виртуалды сабақтар, тестілеу материалдары, өздігінен білім алу материалдары, жеке өңдеулер, мерекелік шаралар сценарийлері, оқушылардың зерттеу жұмыстары, әдеби жинақтар және т.б.
|
Анықтамалық ақпарат
| -
Мектептің қысқаша тарихы (мәтін+фото);
-
Айрықша оқиғалар;
-
Ата-аналарға арналған анықтамалық ақпарат;
-
Мектептің ерекшеліктері, көрсетілетін қосымша білім беру қызметтері.
|
-
бағалау КРИТЕРИЙЛЕРІ
Сайтты байқауға қатыстырудың міндетті критерийі болып жаңартылып отыратын мазмұнының болуы табылады.
Байқау қорытындыларын шығаруда сайттың білім беру ұйымы сайтының мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкестігі және келесі критерийлер ескеріледі:
Дизайны: сайттың барлық бетінің стилистикалық тұтастығы, рәсімделуінің бірегейлігі, оқылымдылығы, сайт бойынша навигацияның қолайлылығы (10 балл).
Интерактивтілігі: белсенді жұмыс жасайтын форумдардың, өзекті сауалнамалардың, кірушілермен кері байланыс жасаудың түрлі үлгілерінің болуы, яғни кірушіге ұсынылған материалды қабылдап қана қоймай, сайтта белсенділік танытуына мүмкіндік беру (10 балл).
Ақпараттылығы: ақпарат ұсыну толықтығы және сапасы, оқушыларға, ата-аналарға, педагогтарға арналған ақпараттың болуы, оқушылар мен педагогтардың материалдарының орналастырылуы (немесе олардың жеке Интернет-беттеріне сілтеме), ақпараттың жаңартылу жылдамдылығы және жүйелілігі, көрнекі материалдың болуы және сапалылығы, материалды орналастыру қисындылығы (10 балл).
Инновациялығы: электрондық нұсқадағы оқу және әдістемелік материалдардың, онлайн білім беру технологияларының (виртуалды және қашықтық сабақтар, тестілеу, өздігінен білім алу материалдары), оқу үрдісіндегі өзіндік жеке білім беру өңдеулерінің болуы (10 балл).
Сауаттылығы: қазақ және орыс тілдерінің нормалары мен ережелеріне сүйену (10 балл).
-
БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАУ
Сайт әр критерий бойынша 10 балдық шамамен бағаланады.
Байқау жеңімпаздары үшін 3 жүлделі орын белгіленеді:
I орын – біреу;
II орын – біреу;
III орын – біреу.
Қазылар алқасының шешіміне байланысты қосымша номинациялар қарастырылады:
-
«Үздік ақпараттық сайт»
-
«Үздік ауылдық мектеп сайты»
-
«Үздік инновациялық сайт»
-
«Үздік таңдалған сайт» - қатысушылардың дауыс беру қорытындысы бойынша.
-
БАЙҚАУДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
Облыстық байқауды ұйымдастыру және өткізу бойынша шығындар бекітілген сметаға сәйкес облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының есебінен жүзеге асырылады.
-
БАСҚА ЖАҒДАЙЛАР
Байқауға қатысуға мазмұны ҚР заңдарына қайшы келмейтін Интернет-сайттар жіберіледі.
ЕСКЕРТУ! Сайттарда оқушылар аудиториясына сәйкес келмейтін жарнамалар болмауы тиіс.
Қосымша ақпарат:
Орал қаласы, С.Есқалиев көшесі, 72
Батыс Қазақстан облыстық білім беру сапасын бағалау
және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығы
Ұйымдастыру комитеті № 105 кабинет,
тел. 26-04-64
e-mail: zkociso@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |