Зейнолла ӘКІМЖАНОВ
СПОРТШЫ-СТУДЕНТТЕРДІН ЖЕТIСТІКТЕРІ – елу бес жылдың жемісі
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі факультетінің шаңырақ көтергеніне – биыл елу бес жыл. Өңіріміздегі, сондай-ақ еліміздегі белгілі жоғары білім ордасы осы жылдары өзінің ұясынан облыс мектептерінің дене тәрбиесі мұғалімдерін ғана емес, шебер спортшыларды да қанат қақтырды.
Оның қалыптасу тарихына көз жіберсек, 1959 жылы дене тәрбиесі кафедрасы жаратылыстану-жағырапия факультетінің жанынан бөлім ретінде ашылған екен. Сол жылы оқуға қабылданған студенттер оны 1963 жылы тамамдап, спорт бағытында тұңғыш мамандар болып шыққан. Алғашқы деканы Л. Побелянская өзінің жанына спортқа берілген жақсы да іскер ұстаздарды топтастырып, соның нәтижесінде студенттік спорт қанат жаяды. Әсіресе, алпысыншы жылдардың соңында факультеттің волейболшылары мен баскетболшылары өңіріміздің жеңімпаздары болып, институттың абыройын асырып жүрді.
Баскетболшылар командасы студенттердің республикалық жарысында күміс алқа иеленді. Соның арқасында студенттердің ішінен КСРО-ның құрама командаларына мүшелікке алынғандары да болды. Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері де шыңдала бастады.
Жетпісінші жылдардың соңында велошабандоздар В. Манин, А. Скляров КСРО чемпионаттарында жеңіске жетсе, боксшы К.Сафин әлем кубогының күміс алқасын иеленді. Былғары қолғап шебері М. Шалабаев пен конькимен сырғанаушы А. Григорьев КСРО құрамасына шақырылды. Жеңіл атлет В. Кравцов Қазақстан рекордына қол жеткізді. В. Токарев пен С. Литош үшінші орын еншіледі.
Факультетке әр жылдары басшылық еткен декандар Н. Макоев, М. Косых, В. Вишневский, В. Стрельцов, В. Григорьев, Г. Акушев, Э. Вайнер, В.Тулаев, Қ.Қанғожина және менің сыныптас досым, марқұм Абзал Жолаушинов (науқастануына орай аз ғана қызмет етті) болашақ спортшы мамандарды тәрбиелеп, мектептерде саламатты өмір салтын ұстанатын ұстаздар қатарын молайтуға көп еңбек сіңірді. Осылардың білікті басшылығының арқасында оқытушылар студенттердің арасынан шебер спортшылардың шыңдалып шығуына үлес қосты. Бұлар институттың да, облыстың да намысын қорғап, көзге түсті. Атап айтқанда, конькимен сырғанауда В. Токмакова, жеңіл атлетші А. Радомская, велоспортта Н. Короткевич пен З. Русакова, балуандар В. Абрамов (еркін күрес ), В.Вик (грек-рим күресі), У. Нүркеев (грек-рим күресі), Г. Полонец (бокс), В. Сенькин мен Н. Семенов (жеңіл атлетика) институтта білім алып, кейін өздері жастарды баулыды.
Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Х. Мырзахметовтің шәкірттері В. Токмакова, О. Некрасова және В. Бондаренко КСРО халықтарының спартакиадасында Қазақстан намысын қорғады.
Университеттің бүгінгі ардагер оқытушысының бірі, профессор Виктор Бондаренко конькимен сырғанаушылардың облыстық құрамасын жаттықтырды. Оның әріптестері Владимир Лукин – КСРО халықаралық дәрежедегі спорт шебері, осындай атақтың иегерлері Владимир Жихарь, Александр Кистенев – облыс мақтаныштары.
Бұл спортшылардың ішіндегі ең әйгілілері, әрине, велошабандоз Александар Винокуров пен конькимен сырғанаушы Вадим Шақшақбаев. А. Винокуров – 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының күміс және 2012 жылғы Лондон ойындарының алтын жүлдегері. Ал В. Шақшақбаев 1995 жылы әлем кубогын жеңіп алды, сондай-ақ үш бірдей Олимпиада ойындарына қатысты.
Биылғы Сочи Олимпиадасында ел намысын қорғаған Дмитрий Бабенко – университет түлегі, ол Турин (2006) және Ванкувер (2010) ойындарына да қатысқанды. Сол сияқты Роман Креч те университеттің осы факультетінде білім алды.
Боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Виктор Смагин Еуропа теміржолшылары одағының кубогын жеңіп алғанды.
Бүгінде университеттің волейболшылар командасын жаттықтыратын және соған қоса ел чемпионатының бірінші тобында ойнайтын “Есіл-Виктория” командасының бапкерлерінің бірі Берік Исеков те аталған факультетті тамамдап, осында ұстаздық етуде.
Университетте әр жылдары білім алып, қазір жастарды баулып жүрген ондаған бапкерлердің есімдері атап өтуге әбден лайық. В. Дурнев (шаңғы), А. Зорин, А. Кувшинов, М. Шақшақбаев (волейбол), Ж. Тасеменов, В. Лисяной, А. Винников , В. Левчук, Е.Сорокин, Ғ.Өркешов (күрес), В.Сингатуллин (хоккей), В.Стуков, А.Соломин (футбол), И. Бубеникова, О.Ихтендрис, Н.Зубарев (коньки), Н.Эктова, О. Мартыновская (жеңіл атлетика).
Өткен жылғы Қазан қаласындағы Бүкілдүниежүзілік Универсиаданың жеңімпазы Маргарита Мукашева еліміздің ең үздік жеңілатлетшісі атанды және облыстың үздік спортшысы атағын иеленді.
Жас балуандар Ақан Баймағамбетов пен Данияр Кәленов соңғы жылдары халықаралық жарыстарда олжалы болды. Кикбоксшы Рауан Смағұлов та спорт шебері атанды.
Елу бес жыл аз мерзім емес. Осы уақыттан бүгінгі күнге дейін облыс спортының даңқ-дәрежесіне айтарлықтай үлес қосқан және әлі де жоғары нәтижелерімен қуантып жүрген университет түлектерін – ағалардың жолын жалғастырушы жастарды мақтан етеміз.
//cheapest cialis 80cialis usa pharmacygeneric cialis discussion board forumcanadian drugs cialiscialis viagra onlinecialis online discouncialis online bestellencialis buy onlineonline pharmacy cialis on linecheap cialis tadalafilrx online cialissafe sites to buy cialiscialis viagra onlineorder quality cialiscialis 20 mg side effects
argaiv1371
Солтүстік Қазақстан. - 2014. - 13 наурыз
Достарыңызбен бөлісу: |