Ғылымның қия жолында алтыннан алқа таққан қыз София Зұлхарнайқызы Сағындықова



бет1/4
Дата19.09.2022
өлшемі72 Kb.
#460945
  1   2   3   4
С.Сағындықова


Ғылымның қия жолында алтыннан алқа таққан қыз
София Зұлхарнайқызы Сағындықова – Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқу – әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, Халықаралық экология және өмір қауіпсіздігі академиясының корреспондент мүшесі, биология ғылымдарының докторы, профессор, ISESCO Халықаралық ұйымы өткізген Халықаралық беделді ғылыми байқаудың жоғары марапаты Алтын медалін жеңіп алды.
София Сағындықова әлемнің 56 елінің үміткерлерін басып озып, бұл марапатқа сүт қышқылы өнімдерін зерттеп, «Софмайя» сусыны деп аталатын өңделген шұбатты жасағаны үшін ие болды. «Софмайя» - шұбат пен қызылша шырынының қосындысы, олар бір – біріне пайдалы әсер ете нығайтады және асқазанның белсенділігін арттырады. Марапаттау рәсімі Кувейтте болып, онда атыраулық ғалымға Сертификат тапсырылып, Алтын медаль мен 5000 доллар сыйақы берілді. Есімі ISESCO лауреаттарының тізіміне енгізілді. Төменде журналист Зәмза Қоңырованың ғалыммен жүргізген сұхбаты беріліп отыр.
- ISESCO ұйымының мақсаты және сіз бұл байқауға қалай қатыстыңыз?
- ЮНЕСКО ұйымы бұл дүниежүзінің білімі, ғылымы және өнер саласына байланысты ұйым болса, ИСЕСКО ұйымының мақсаты тек ислам елдерінің білімі, ғылымы және өнерін өркендету болып табылады. Айта кетерлігі, ислам мемлекеттерінің қатарында білім беру деңгейі тұрғысынан Халықаралық дәрежеге жеткен 20 мемлекеттік университет бар екен. Осы ИСЕСКО – ның ІІІ сессиясында Қазақстанның әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлемге әйгілі университеттер қатарына тіркелгені туралы хабарланды. Бұл барша қазақстандықтар үшін зор мақтаныш деп білемін. Қазақстандағы, ғылымның негізі қаланған осы университетте қазірде алыс шетелге танымал ғалымдарымыз қаншама. Солардың қатарында менің еңбектеріме ғылыми жетекшілік еткен ҚР ҰҒА Академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Майя Хажетдинқызы Шығаева ғылымдағы жаңалықтарға басшы болғаны бізге зор мақтаныш. Сексен жастағы ғалым әлі де тұғырдан тайған жоқ, үнемі жұмыс үстінде.
Байқауға қатысуыма келсек, 2006 жылдың ақпан айында ҚР Білім және ғылым министрлігінен университет ректоры атына хат келді. Онда ИСЕСКО ұйымының ұйымдастыруымен ғылым және технологияға арналған халықаралық байқау өтетіні, соған лайықты маманның құжаттары мен үш жылғы еңбектері жинақталып жіберілуі тиіс екені көрсетілген. Университет ұжымының ұсынысымен мен микробиологияға байланысты зерттеген 58 ғылыми еңбектері мен патенттерім, бірнеше оқу құралы және оқу – әдістемелік еңбектерімді жинақтап жіберген болатынмын. Біраздан кейін ғылыми жұмыстарыңызды орыс тілінде сараптау бізге қиын, ағылшын тілінде жіберсеңіз, деген өтініш келді. Содан бәрін ағылшын тіліне аударып жібердім. 9 – қарашада, Сіз ИСЕСКО – ның Алтын медалін жеңіп алдыңыз, деген құттықтау мен Алтын медаліңіз бен Сертификатыңызды және 5000 доллар сыйақыңызды тапсыру үшін Кувейтке шақырамыз. Жолсапарыңыздың барлық қаражаты ИСЕСКО ұйымының қаржысынан өтеледі деген шақырту хат алдым.
Халықаралық жүлде менің ұлттық тағам – шұбатқа байланысты ашқан жаңалығым үшін берілді. Бұл менің 2005 жылы «Қазақстанның әртүрлі аймақтарының ферменттелген және ферменттелмеген өнімдеріндегі сүт қышқылы бактерияларының алуан түрлілігі (биологиялық белсенділігі мен практикалық маңызы)» деген тақырыпқа қорғалған докторлық диссертациям болатын.
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет