«Өмір тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәні бойынша дәрістің конспекті пәннің ақпараттық мәліметінен құрылады және адам ағзасына негативті факторлардың әсерін алдын-ала ескеруден, бейбітшілік және төтенше жағдай пайда болу кезіндегі өндірістік, тұрмыстық ортада қауіпті факторлардың әсер етуінен пайда болатын зардаптардың жою негіздерінен, «адам – өмір сүру ортасы» жүйесіндегі қауіпті және зиянды факторлардың идентификацияның сұрақтарын баяндаудан, сонымен қатар алғашқы көмек көрсету кезіндегі қажетті медициналық қысқаша мәліметтерден тұрады.
Пәннің қандай болсын сұрақтарын өздігімен анық қарастыруға мүмкіндік беретін оқу және анықтама әдебиеттерінің, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік нормативтік актының сілтемелері қолданылады.
ПМУ барлық мамандықтарының студенттері үшін.
Кіріспе
Адамның өмір сүрудің әр түрлі жағдайларда қауіптен қорғай мәселелері әлемде біздің ата-бабамыз болуымен бірге пайда болған. Биологиялық әлемнің өкілдерінен адамдарға қауіпті табиғи құбылыстар зиян келтірген.
Қазігі кезде адам көбінесе өзімен жасалған қауіптерден (жол-көлік оқиғалары, өндірісте қайтыс болу, алкоголдан өлім жағдайлары және т.б.) зардап шегеді.
Статистикалық мәліметтері бойынша адамдар табиғи, антропогенді, биологиялық, экологиялық, қоғамдық апаттардан өледі, ауру және мүгедек болады.
Көптеген ғалымдардың еңбектерімен қазіргі уақыттағы қауптерден адамдарды қорғау әдістерді және құралдарды әзірлеу үшін ғылыми алғышарттар жасалынған. Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі (ӨТҚ) қауіпті және одан адамдардың қорғауын зерттейтін комплексті ғылыми пәні болып саналады.
ӨТҚ оқу пәннің негізгі ережелері:
- қауіп – адамға, сонымен қатар жалпы мемлекетке,қоғамға қауіп төндіреді.
- қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекет, қоғам, тұлға үшін міндетіболып табылады. Қауіпсіздік деп қазіргі этаптағы ғылыми және экономикалық өсуіне көнетін қауіп деңгейімен түсіндіріледі. Қауіпсіздік – құптауға болатын қауіп-қатер.
Қауіпсіздік идеологиясын құру, қауіпсізді ойлауын және мінез-құлқын жасау үшін қажетті оқу пәні- өмір тіршілік қауіпсіздігінің негіздері болып табылады.
ӨТҚ меңгерген адам қауіптен сенімді қорғалған, басқа біреуге зиян келтірмейді, қауіпті жағдайларда сауатты іс-әрекет жасау қабілеттілігі бар.
- ӨТҚ адамның өмір мен қызмет үрдісіндегі кездесетін барлық қауіпті қарастырады
ӨТҚ міндеттің төрт тобын шешеді:
1 Өмір сүру ортасының негативті әсерінің идентификациясы (тану және сандық баға) ;
2 Адам ағзасына негативті факторлардың әсерін ескерту немесе қауіптен қорғау;
3 Қауіпті және зиянды әсерлердің зардаптарын жою;
4 Адамның дұрыс өмір сүру ортасын құру;
Өмір тіршілік қауіпсіздігінің көрсеткіші өмір сүру ұзақтылығы болып табылады. Алғашқы адам үшін 25 жыл құрайды. Адамға табиғи қауіп әсер еткен. Цивилизацияның жетілуімен байланысты (ғылымның, техниканың, экономиканың және т.б. дамуы) зиянды факторлардың саны өсуде, бірақ негізгі элементі одан қорғану болып табылады. Сондықтан адам қауіпсіздігінің деңгейі өсуде. Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтылығы 64,4: ер адамдардың – 61,1; әйел адамдардың – 70,2 жыл.
Жаңа технология құрып табиғатқа басып кірген адамдар жасанды өмір сүру ортасын - техносфераны құрайды. [1, с. 5-8; 2, с. 3-8]
1 Потенциалды қауіп туралы аксиома
Қоғамдық практикалық қызметтің талдауы бекітуге мүмкіндік береді – әр бір қызмет қауіпті болып саналады.
Осы аксиомадан алдын-ала қорғайтын шараларына қарамастан әр қашанда қауіп-қатер сақталатын қорытынды шығаруға болады.
Тәуекел - мүмкін болатын оқиғалар санына уақыт бірлігіндегі жағымсыз зардаптардың қатынасы. Қаіпсіздіктің қажетті деңгейін ұстап тұруға қорғайтын шаралар мүмкіндік беретін кезіндегі тәуекел қабылдауға болатын тәуекел деп санауға болады. Әдеттә жағдайларда адам өлімінің қабылдауға болатын тәуекелі жылына 1000000 жағдайға 1 құрайды. [1, с. 8-16; 3, с. 7-9]
2 Адамның функционалды мүмкіншіліктері және оның өмір сүру ортасымен сыйысушылығы
Эволюция барысында адам ағзасы әр түрлі өмір жағдайларына бейімделген, бірақ ағзаға сыртқы ортасының негативті факторларының әсері жалғасуда.
Ағзаның даму үрдісіндегі жүйке жүйесі қоршаған ортамен оның бірлестігін қамтамасыз ететін жетекші болып саналады. Сыртқы орта мен ағзаның бірлестігі жүйке жүйесімен және гуморалды жолымен жүзеге асады.
Жүйке реттеу жүйке жүйесімен жүзеге асырылады – біздің денеміздің барлық мүшелері қамдалған жүйке арқылы бастын және арқа миымен. Гуморалды реттеу ағзаның ішкі ортасын құрастыратын басқа да сұйықтар және қан арқылы іске асырылады.
Жүйке орталық жүйке жүйесі және жеке мүшелер және ағза талшығы арасындағы байланысты құрайды.
Рецепторы – анықтаған факторлардың әсеріне таңдау қабілеттілігі бар арнайы жүйке талшығы (көздегі тор қабырының фоторецепторлары, құлақ фонорецепторлары, тамырдың баро – и осморецепторлары, терморецепторлары, науқастық рецепторлары және т.б.)
Жүйке жүйесінің функциялары рефлекс механизмы бойынша жүзеге асады. Рефлекс – бұл ішкі немесе сыртқы ортасынан пайда болатын тітіркендіргіштерге реакция.
Анализаторы - ағзаға әсер ететін тітіркендіргіштің талдауын қамтамасыз ететін функционалды жүйелері (көру, есту, иіс сезу, тері, қозғау анализаторлары).
Иммунитет – инфекционды науқастарға ағзаның жұқтырмаушылығы.
2.1 Өмір сүру ортасымен адамның сыйысушылығы
«Адам-орта» жүйесі тиімді жұмыс жасау және адам денсаулығына зардап әкелмеу үшін орта мен адамның арасындағы сыйысымдылығын қамтамасыз ету керек.
Антропометрикалық сыйысушылық жұмыс үдісінде опеатордың жайын (дене тұрысы), сыртқы кеңістігін шолу мүмкіндігін, адам денесінің өлшемдерінің ескеруін қарастырады.
Биофизикалық сыйысушылық адам дұрыс физиологиялық күйін және қабылдауға болатын жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ететін осындай қоршаған ортаның құруын түсіндіреді.
Энергетикалық сыйысушылық қозғалыстың нақты жылдамдығының, жұмсалатын қуаттылығының, қолданылатын күштің қатынасында адамның оптималды мүмкіншіліктерімен көлікпен бақылау мүшелерінің келісуін қарастырады.
Ақпараттық сыйысушылық. Адам күрделі жүйелерде физикалық үрдістермен басқара алмайды, үрдістің жолы туралы куәліндіретін дабылды естейді, аспаптардың көрсеткіштерімен қолданылады. Осындай жағдайда есі мен назарына жүк салдырмай адам қатесіз қабылдауға және өндеуге болатын ақпарат қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |