Аннотация
Зерттеу өзектілігі. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Қазіргі таңда жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылыс көбеюде, оның ішінде VR-технологиялары. 3d технологиялары оқу үрдісін байытады, оқытуды тиімді етуге мүмкіндік береді. Компьютерлік технологиялардың ішінде оқу үрдісінің қолайлысы да осындай технологиялар.
Виртуалды және балама шындық технологияларын күнделікті оқу процесіне бейімдеу - білім берудегі ең танымал және перспективті бағыт болып табылады. Виртуалды және балама шындық технологияларының оқыту процесінде қолданылуы ақпарат түрлерін тиянақты түрде қарап шығуға, көруге мүмкіндік береді және ол жаңа материалдарды бақылау үшін кеңінен қолданылады, яғни ол нысандарды виртуалды көруге мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Оқушыларға білім алу үрдісін жеңілдету және қызығушылықтарын арттыру үшін күнделікті сабақтарда VR-технологиясын қолдануды енгізу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
VR-технологиясымен танысу;
Blender және т.б бағдарламалары арқылы ертегінің 3d үлгісін жасау.
Unity бағдарламасына 3d үлгісін көшіру арқылы негізгі қосымшасын жасау.
Қосымшаны тестілеу.
Зерттеу әдістері: Ғылыми теориялық мәліметтер мен қосымшаны құруға арналған бағдарламалар туралы ақпарат жинау. Blender бағдарламасы арқылы белгілі бір архитектуралық құрылыстың 3d үлгісін жасап, Unity бағдарламасында негізгі қосымшасын жасау.
Зерттеу жұмысының жаңалықтары.
Unity бағдарламасында жасалған қосымшаның құрылымы өзіне тән ерекшеліктерге ие. Бұл әдіс соңғы ғылыми жетістіктер дәлелденген ақпаратты көрнекі қабылдау принципіне негізделген және ол оқушының алған білімін тереңірек түсіну мақсатында индуктивтік, дедуктивтік тәсілдерді пайдаланады және олардың әр түрлі танымдылық қасиеттерін екпінді түрде дамытуға танымдық үрдісін басқарудың түрлі-түрлі тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді, оқушылардың пәндерге деген қызығушылықтарын арттырады.
Қорытынды. Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану оқыту процесін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |