«зерттеудің биоиндикациялық Әдістері»


Биофильтр - ағызынды суларды биологиялық әдіс арқылы тазарту қондырғысы. Валенттілік (экологиялык)



бет4/38
Дата09.09.2022
өлшемі189 Kb.
#460520
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Документ Microsoft Word

Биофильтр - ағызынды суларды биологиялық әдіс арқылы тазарту қондырғысы.

Валенттілік (экологиялык) - толеранттылық шектері немесе түр, не популяциялардың әртүрлі орта жағдайларында тіршілік ету қабілетінің сипаттамасы.

Газдар (парниктік) - атмосфераға түсіп, парниктік эффект туғызатын, көмірқышқыл газы, метан, көмірсутектер, т.б. газ тәрізді заттардың қоспасымен атмосфераның ластануы.

Гомеостаз - организмдер немесе организмдер тобының қоршаған ортаның түрлі өзгерістерінде динамикалық тұрақты тепе-теңдігін сақтай алу қабілеті.

Геотермальды сулар - жер қойнауындағы ыстық, өздеріне тән химиялық құрамы бар сулар.

Гербицидтер - арам шөптерді жоюға қолданылатын улы химикаттар.

Гидробиология - барлық су ресурстарыда тіршілік ететін тір организмдерді зерттейтін ғылым саласы.

Гидробиосфера - Жер бетілік суларда мекендейтін тірі организмдердің тіршілік ету ортасы, биосфераның бір бөлігі.

Гидробионттар - суда тіршілік ететін организмдер.

Гидросфера - тірі организмдер мекендейтін Жердің сулы к абықшасы, барлық мұхиттар, өзендер мен көлдер теңіздер, батпақтар, су қоймалары мен бұлақтар.

Гидрохимиялық режим - судың химиялық құрамының уақыт мезгіліне байланысты өзгерістері.

Гигрофиттер - батпақты ортада тіршілік ететін организмдер.

Глобальды мониторинг - жалпы әлемдік масштабтағы биосферадагы процестер мен өзгерістерді бақылау.

"Гринпис" - ең атақты халықаралық қоғамдық экологиялық ұйым.

Демэкология - популяциялар мен оларды қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарын зерттейтін экологияның бөлімі.

Деградация - қоршаған табиғи орта компоненттерінің табиғи және антропогендік факторлар әсерінен бұзылуы, жағдайының нашарлауы.

Дендрарий - ағаш тектес өсімдіктер арнайы топырақта өсірілетін территория.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет