Зерттеудің көкейкестілігі



бет20/28
Дата19.05.2022
өлшемі333.29 Kb.
#457497
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
Дип парасат

Кезеңдеп оқыту технологиясы.
3. Ойлау қызметін кезеңдер бойынша қалыптастыру, мақсаттың бағытталу технологиясы – бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір студенттің жұмыстарын, олардың әрбір қадамын оқытушының бақылауын қажет етеді. Сабақ меңгерудің барлық кезеңдерінде бақылап отыру – технологияның ең маңызды құраушыларының бірі болады. Ол студентті қателесуден сақтандыруға бағытталады.
Жеке пәндік педагогикалық технологиясы.
1. Ішкі парасатты ойлау өнерін өркендету технологиясы. Технология мазмұны оқу үдерісі студент миының танымдық қуатын жан-жақты жандандыра отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген.
2. Әсерлі сабақтар жүйесіне негізделген технология.
Мақсаттық бағыттары:
- қалыпты білім, шеберлік дағдыны меңгеру;
- ойлау қызметіне математикалық тәсілдерді меңгеру;
- қабілетті балаларды дамыту;
Альтернативті технологиялар. Вольдорф педагогикасы «ізгілікті педагогика» мен «еркін тәрбие» идеяларын іске асырудағы әр түрдің біреуі болып табылады. Ол жекеліктің өздігінен таңдауы мен тануы жүйесінде көрінуі мүмкін:
- жан-жақты дамыту;
- жекелікті тәрбиелеу;
- бала санасында ойлау қызметі мен пәндер түзгіштерін біріктіру.
Басты мақсаты – оқыту дағдысы: парасатты іс-әрекетті қолдану.
Дамыта оқыту технологиялары. 1. Л. В. Занковтың дамыта оқу жүйесі. Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдық қызығушылық. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындарды оқытуда пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі [100,с. 44-45].
Білімнің теориялық негізі терең түрдегі жинақтаудан тұрады. Дәстүрлі технологиялардан өзгешелігі дамыта оқыту оқу қызметін басқаша бағалайды. Студенттің орындаған жұмыстары мен сапасы студентке білімнің жетімділігі мен қабілетінің жететіндігін оқытушының көзқарасы бойынша бағаланбай, оқушының өз мүмкіндігі тұрғысынан қаралады.
3. Жеке бас шығармашылығын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі. Іздену, ойлап табу қызметтерінің үдерісі оқытудың негізгі мазмүны болады.
Өрлеу мазмұны жақыннан орташаға, сонан кейін қашықтағы мақсаттық келешекке көшуден тұрады.
Бұл технологияда жеке жұмыс әдісі кеңінен қолданылады; ойға шабуыл, ұйымдастыру – қызмет ойыны, еркін шығармашылық пікірталасы.
Модульдік оқыту технологиясы. Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұғымның нақтыланатын, біршама дербес бөлігі.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу айналымы ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады. кіріспеден, сұқбаттасу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр студенттің оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.
Сонымен жалпылап айтқанда, оқу үдерісінде студенттің ішкі ойлау үдерісінің ілгерілеуі, ықпал жасайтын жаңа технология түріндегі сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:
Жаңа технологияны қолдануда студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде студент:
- компьютерде еркін жұмыс жасайды;
- оқыту үдерісінде жаңа технологияларды қолдана отырып, білімін шыңдайды;
- жаңа оқыту үдерісін қалыптастырады;
- өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
- ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.
Синергетика (грекше sinergetikos – үйлесе, ұйымдаса әрекеттену деген мағынаны білдіреді) – физикалық, биологиялық, химиялық, әлеуметтік жүйелер мен құрылымдардың арасындағы байланыстарды, оларды тепе-тең емес үдерістерде, жүйенің өзін қоршаған ортамен зат, энергия және информация алмасуы тұрғысынан зерттейтін ғылымның жаңа әдіснамалық бағыты. Бұл ұғымды студенттер мен оқытушылардың үндесе, қауымдаса іс-әрекетке түсуі дегенді аңғартады.
Ашық күрделі жүйелерді зерттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, өзқауым теориясының негізгі қағидалары мен одан шығатын салдарлар, маңызды қорытындылар атақты ғалымдар – М. Пригожин [140], Ю. Л. Климонтович [141] және т.б. еңбектерінде тұжырымдалған. Олар әртүрлі тепе-теңсіз күйдегі табиғи физикалық, биологиялық және т.б. құбылыстарды зерттеулер арқылы ашық күрделі жүйелерде өздігінен өрлеу үдерісін жүзеге асатынын анықтаған. Ғалымдардың пікірінше, мұның басты себебі, жүйені құрайтын элементтердің ұйымдаса әрекеттенуінің нәтижесі. Синергетиканың негізі – кездейсоқ үдерістер теориясында теп-тең емес іс-әрекеттер динамикасында, өрлеуінде сызықты емес тағылымында жүргізілген зерттеулердің нәтижелері және одан туындайтын қорытындылар.
Физик И. Пригожин [142] күрделі физикалық және химиялық құбылыстар мен үдерістерді талдау негізінде, тепе-тең емес жүйелердегі өнімінің минимумы (ретсіздік, бейберекеттік, өлшемінің өсу қарқынының баяулауы) жөніндегі ережені дәлелдеді. Басқаша айтқанда, ол сыртқы әсерлердің нәтижесінде нақты үдерістерде үнемі орын алатын, бейберекеттіктен реттіліктің түзілу мүмкіндігі байқалатынын тағайындады.
Кеңістік – уақыт, функционалдық сипаттамалық құрылымдар түрінде түзілген реттілік сыртқы факторлар ғана емес, сонымен қатар, көп жағдайда, күрделі объектілердің ішкі қасиеттерінің сипатына байланысты болатыны анықталды және физика, биология және т.б. ғылым салаларындағы белсенді зерттеу жұмыстарының нәтижелері, аталған құбылыстың әмбебап сипатын айқындады. Бұл – ойлау өнерінің алғышарттары.
Қоршаған ортамен, өзін құрайтын элементтердің өзара үйлескен іс-қимылдарының арқасында, қарқынды түрде зат, энергия және информация алмасу негізінде өрлеу заңын ашық жүйелер мен объектілер үшін И. Пригожиннің энтропия өнімінің минимумы ережесі мүлтіксіз орындалады.
Қазіргі кезеңде, синергетиканың заңдылықтарын тағайындауда және оларды педагогикалық, әлеуметтік жүйелерді зерттеуде қомақты нәтижелерге қол жеткізіліп отыр. Осы бағытта жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарында синергетика – құралатын элементтері өздігінен үйлесімді ойлау жүйесін жасау арқылы әсерлесетін және соның негізінде ілгерілейтін, ашық жүйелерде түзілетін үдерістердің жүзеге асу заңдылықтарын тағайындайтын – кешенді пән және ғылыми негіздің әдіснамалық негізі бола алатын ғылыми бағыт ретінде тұжырымдалып жүр.
Әлемде, жүйені құрайтын элементтер мен бөлшектердің өзара бірлігінде әрекет жасап, өзін қоршаған ортамен, энергия және ақпарат алу арқылы жаңа, көп ретте, өзіне ұқсас құрылымдарды түзуі жиі кездеседі. Мұндай жалпы заңдылықтар микродүниелерде ғана емес, сонымен қатар, макроскопиялық жүйелерде жүретін үдерістерде әлемдік деңгейлерде де байқалады.
Жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектерінен синергетикалық заңдылықтардың тек табиғи бейсызық үдерістерге ғана тән еместігін, оларды әлеуметтік, қоғамдық және экономикалық кұбылыстар мен үдерістерді зерттеуге, талдауға қолдана отырып, солардың негізінде әрі қарай дамытуға пайдалануға болатындығы көрінеді. Көптеген ғалымдар, ашық күрделі жүйелерді зерттеуді тиімді жүзеге асыруда, оны өздігінен ілгерілеуге әкелетін негізгі шарттар тағайындалатын басты факторлар айқындалуы тиіс деп санайды.
Қазіргі кезеңде, бұл бағыттағы ғылыми зерттеу жұмыстарының көбі синергетиканы экономикаға қолдану мүмкіндіктерін қарастырады. Гуманитарлық ғылымдардың ішінде синергетикалық заңдылықтарды қолдануға аса қолайлы күрделі жүйе ретінде педагогика ғылымын алуға болады. Педагогика студентті қоғам талабына сай оқытуды, оның ішкі интеллектісінің өрлеуін жүзеге асыратын ғылым және ол арнайы ұйымдастырылатын білім беру жүйелерінде жүргізіледі. Соңғы жылдары, педагог-ғалымдардың еңбектерінде педагогикалық үдеріс ашық күрделі жүйе ретінде қарастырылып жүр. Олардың пікірі бойынша, педагогиканың жалпы заңдарын, оқыту қағидаларын терең әрі парасатты ойлауды меңгерудің әдіс-тәсілдері мен білім беру үдерісі құралатын сан алуан ахуалдарды талдау арқылы, оқытудың синергетикаға негізделген, жаңа заңдылықтарын тағайындау мүмкіндігі бар деп түсіндірілуде.
Әлемде күрделі жүйелер көп, бірақ ол қандай құрылымдар деген сұраққа жауап жоқ. Сонымен қатар, күрделі жүйені құрайтын элементтердің өзара ықпалдасуы мен өздігінен реттелуі нәтижесінде даму үдерісі мен жолдары байқалатын құбылыстардың да нақты анықтамасы берілмеген. Бұларға, тепе-теңсіз күйдегі күрделі жүйенің функционалдық әрекетінің үдерісін синергетикалық заңдылықтардың негізінде модельдеу жолымен ғана ғылыми негізделген жауап табуға болады. Оны күрделі жүйелерде орын алатын тағылымның нақты тұжырымдалған анықтамасын емес, жүйелі түрде құрылған қасиеттерін пайдалану арқылы табуға болады. Табиғаты әртүрлі ашық күрделі жүйелердің атқаратын қызметтеріне, даму мүмкіндіктеріне талдау жасау, олардың өзқауым күйге көшуі төменде келтірілген қасиеттер, заңдылықтар мен үдерістер арқылы жүзеге асатынын көрсетті.
Ашық жүйе сызықты емес, динамикалы және стохастикалық тұрғыда жүзеге асады (яғни, уақыт бойынша бейберекет). Аталмыш жүйенің бейсызықтығы, оны құрайтын бөліктердің өзара тұрақты түрде әсерлесетінін және олардың әрбірінің қасиеттерінің осы жүйеде жүретін үдерістердің сипатына тәуелділігін білдіреді. Реттеуші параметрлерінің ролі артқанда бейсызық динамикалық жүйе күйінің сипаты бірмәнді болмайтындықтан, ол уақыт бойынша бейберекет.
Ескерте кетейік, бұл кезде, өздігінен реттелу үдерісінің нәтижесінде түзілетін динамикалық бейберекеттіктің өзіндік құрылымы, ішкі тәртіптілігі болады. Міне, осы іс-әрекетті парасатты ойлау деңгейіне көтеру мақсатында біздер «стохастика», «алгоритмдік» парадигмалардың қажеттілігін атап өтеміз.
Сыртқы ортамен қуат және ақпарат алмасатын күрделі ашық жүйе бейберекеттіктен реттелген күйге өтуі үшін, ол, біріншіден, бейсызық, екіншіден, тепе-теңсіз, ал, үшіншіден, тұйықталмаған болуы тиіс. Жаңадан түзілген құрылымдар статистикалы емес, олар барлық уақытта үздіксіз қозғалыста және өзара ұжымды әсерлесу жағдайында болады. Осы жүйедегі бейберекеттіктен түзілген жаңа кұрылымдар қайсыбір мезеттерде бірігіп, ал кейбір жағдайларда, өзіне-өзі ұқсас кіші құрамдарға ыдырап жатады.
Сәйкес таңдалып алынған кеңістік - уақыт ауқымында, тұтас жүйенің қасиеті, оны құрайтын бөліктердің қасиеттерімен сипатталады, яғни, бөліктердің төзімділігі орын алады.
Құрылымның өз ұқсас элементтерге бөліну үдерістерінің жүру сатылары статистикалық, ықтималдық заңдылықтары арқылы өзара байланысқан және оларда ақпараттың берілуі иерархиялы (сатылы) түрде жүзеге асады. Жүйе – онда құрылымдардың түзілуі мен жоғалуының тепе-теңдігі кез-келген уақыт мезеті үшін тұрақты сақталады.
Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінде басты, маңызы жоғары мәселелері педагогикалық үдерісті ғылыми негізіне тірелу көзделеді.
Ғылымға белгілі жүйе мен педагогикалық үдерістің арасында мынадай құрылымдық сәйкестіктер орын алатыны тағайындаған макропедагогикалық жүйе құрамдардан, бөліктерден құралады; бейсызықтық (сызықты еместік) – жүйенің барлық бөліктері өзара әсерлесе алады; тепе-теңсіздік – жүйе элементтерінің даралық ерекшеліктері орын алады; ашықтық – күрделі жүйені құрайтын бөліктердің арасында ақпаратпен алмасу үдерісі жүреді; стохастикалық-педагогикалық заңдылықтардың белгісіздігін белгіліге ауыстыру; құрылымдық – реттелген, түзілген жүйелер жаңа сапалық функционалды сипаттамалар; иерархиялық-педагогикалық үдерістің көпдеңгейлілік, сатылық сипаты болады; педагогикалық жүйе күйінің динамикалық сипатқа иелігі; өзара үйлесімділік – алынған нәтижелердің педагогикалық үдерістің өзін өркендетуге, оқытудың теориясы мен әдіснамасында жаңа технологияларды қолдануға, оның тиімді әдіс-тәсілдерін өркендетуге тигізетін әсерінің болатындығы.
Бұл кезде, педагогикалық үдерістің мақсаты аталған заңдылықтарды ескеріп, студент өзін-өзі үйрету болып табылады. Ашық күрделі жүйені синергетикалық басқару, оны белгілі бағдармен дамыту әлдеқайда мазмұнды. Синергетикалық үдерісінде тағайындалған жүйенің өзіне тән қасиеттеріне тәуелді сипаттамалар мен индикаторларға, яғни, демократиялық қағидалар мен ынтымақтастық педагогикасына негізделген.
Олай болса, оқытудың әртүрлі деңгейлерін, пәннің мазмұны мен көлемін айқындау және т.б., педагогикалық үдерісті синергетика идеяларының негізінде іске асырудың жекелеген фрагменттері деп санауға болады.
Синергетикалық заңдылықтар педагогиканың жеке мәселелерін зерттеулерде де, әдіснамалық ұстанымдар ретінде де қызмет атқара алады. Мысалы, құрылымдық-логикалық сұлбалар, проблемалық жағдайлар, тірек белгілері түріндегі оқытудың әр түрлі жолдарымен әдістемелік тәсілдері педагогикалық жүйені, оқу мазмұнын синергетикалық тұрғыда талдауға, іріктеуге жатады.
Студенттер мен оқушылардың білімін, біліктілігі мен дағдыларын бақылау мен бағалауда, статистикалық заңдылықтардың бейсызықтық сипаты орын алатындығы дәлелденген. Ізденімпаздық пен шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуы тұлғаның өзін-өзі дамытуын, басқаруы мен тәрбиелеуін, оның өздігінен даму үдерісі деп қарастыруға болады.
Педагогикалық үдерістің тұлғада әртүрлі қасиеттер мен қабілеттерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін кейбір іргелі заңдылықтары, өзқауым жүйелердің жаңа теориялық модельдерін құруда аса зор пайдасын тигізуі мүмкін. Біздің ойымызша, бұл кезде, студенттің ізденімпаздығын, оның оқу-тәрбиелеу үдерісін атқарудағы іс-әрекеттері мен оны басқарудағы ролін зерттеудің үлкен маңызы бар.
Кәсіпкерлік іс-әрекет «синергетикалық қасиеттерге ие динамикалы, полиқұрылымды, көпдеңгейлі, иерархиялы жүйелердің қатарына жатады.
Ол барлық уақытта өзін дамытуға немесе керісінше, баяулатуға нақты жағдай тудыратын, белгілі қоғамдық қатынастағы жүйелерде жүзеге асады. Педагогикалық мамандықтардың негізгі ерекшеліктерінің бірі мынада – кез-келген білім беру жүйесінің синергетикалык қасиеттері, педагогикалық үдерістің мүшелері ретінде, ондағы жүретін динамикалық үдерістердің өрлеуі және қоршаған ортаның, яғни, қоғамдық қатынастардың әсерінен тұрақты өзгерістерге ұшырап отырады.
Ғылыми зерттеулердің жаңа әдіснамалық бағыты, яғни, синергетика ерекше мәртебеге ие. Біріккен іс-қимыл, үйлесе қарекеттену деген мағынаны білдіретін, Г. Хакен [143] ұсынған бұл термин біртұтас құрылымдық түзелулерде, оның бөліктерінің бірлескен өзара әсерлесуіне айрықша назар аудартады, әр түрлі ашық жүйелерде түзілетін, пайда болатын және оларды қолдайтын өзқауым (тәрбиелейтін, дамытатын, басқаратын) үдерістердің аса маңызды ролін айқындайды.
Аталған концепцияға сүйенетін оқытудың әдіс-тәсілдері, қазіргі білім беру үдерісінде қалыптасқан көзқарастар тұрғысынан қарағанда, өте бай мүмкіндіктерге ие.
Өзқауым жүйелерді құрайтын құрамдар жиынының, нәтижесінде макроскопиялық деңгейде құрылым және оның, соған сәйкес, атқаратын функциясы пайда болатын, бірлескен іс-қимылы, қаракеті зерттеледі. Екінші жағынан, мұндай жүйелерді жалпы ұстанымдарын тағайындау үшін көптеген әртүрлі пәндердің бірлескен, үйлесімді іс-әрекеті қажет.
Өздігінен реттелу үдерісі жүйенің тепе-теңдік дәрежесінің кемуімен органикалық байланыста болады.
Басқаша сөзбен айтқанда, синергетика қарастыратын жүйелердің ең жалпы заңдылығы, шекті жағдайларда, нүктелерде оның құрылымының секірмелі сипатта күрделенуі болып табылады.
Кең мағынада, бұл теория - синергетика, қоршаған ортамен ақпараттар ағыны арқылы алмасатын жүйелерді зерттейді.
Мұндай жүйелерге педагогика ғылымдарының зерттеу пәнін жатқызуға болады. Олай болса, бұл тұжырым, жоғарыда атап өтілгендей, синергетиканың жалпы заңдылықтарын педагогика мен оның салаларына көшірудің қажеттілігін анықтайды және соның негізі болып табылады.
Әрине, мұндай ауыстырулар синергетика идеялары тікелей қолданылған, классикалық ашық динамикалық жүйелерге жатпайтын ғылымдар мен объектілердегі тәжірибелерін ескеруді қажет етеді.
Сонымен, жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады: материя және оның қозғалысының теориясы қарастыратын жүйелердің жалпы заңдылықтарын педагогикалық және дидактикалық зерттеулерде кеңінен қолдануға, оларды жалпы педагогика ғылымына ауыстыруға болады, себебі, бұл педагогика зерттейтін объектілердің ерекшеліктерін есепке алатын, меншікті дерексіз модельдердің қалыптасуын ғылыми негізде әрі қарай өркендетуге жағдай жасайды.
Қазіргі кезеңде, материя және оның қозғалысы теориясының әдіснамалық идеялары физикада, химияда, биологияда, әлеуметтік ғылымдарда кеңінен қолданылуда және бірнеше ғылым салаларының араласуымен жүргізіліп жатқан көптеген зерттеу жұмыстарының арқауы болып отыр.
Жоғары деңгейлі күрделілікке ие, өте көп бөліктерден тұратын және олардың араларындағы байланыстар қатаң емес, ықтималдық сипаты бар ашық жүйелерде байқалады.
Жүйелер құралатын бөліктердің күйі мен құрылымы, қоршаған ортадағы өзгерістерге сәйкес қайта түзілуімен және оларда жаңа қасиеттердің, байланыстардың пайда болуымен анықталады, бірақ, сонымен қатар, ондай үдерістер белгілі мөлшерде егеменді және салыстырмалы тұрғыда сыртқы ортаға тәуелсіз болады.
Бұл, атқаратын қызметі күрделі ашық жүйелерде, тұтас құрылымда, оларды құрайтын жеке бөліктердің сипаты мен дамуына әсер ететін, ерекше сипатқа ие басқару механизмдерінің болатынын білдіреді.
Материя мен оның қозғалысының өзқауым теориясы оқу-тәрбиелеу және өрлеу үдерістерінде аса маңызды роль атқарады, себебі, ол тұлға құрылымының қайта түзілуіне жағдай жасайды және оқу-танымдық іс-әрекеттің жаңа субъектісінің пайда болуын қамтамасыз етеді.
Жалпы түрде, жаңа түзілімдердің қалыптасуы оқу үдерісін реттеуші жаңа күйді және соған сәйкес құрылымды, тұлғаның дамуына тән ішкі сұраныстарына байланысты көзқарастар тұрғысында тиімді, жетілдірілген басқа құрылымдармен алмастырушы қызметін атқарады.
Біздің ойымызша, студенттерге білім беру міндеттерін шешуде, пайда болатын және даму үстіндегі жаңа құрылымдарды нақты өмірде кездесетін өзқауым үдерістерінің жеке түрлері ретінде қарастыру керек сияқты. Жаратылыстанудағы классикалық дәстүрлі аналитикамен салыстырғанда, синтез немесе бірігу үдерістері басты роль атқаратын, жүйелілік ұстанымы мен синергетикалық заңдылықтар болашақ студенттердің дайындығының сапасын аттыру мәселесін нақтылауға және оқытудың жаңа технологияларын қамтуға қатысты, оның мазмұнын сапалы тұрғыда өзгертуге мүмкіндік береді.
Бұның өздігінен реттелу құбылысына сәйкес екендігі көрінеді, яғни, жүйеде бұрынғыдан өзгеше, оның жеке компоненттеріне тән емес, жаңа қасиеттер және қызмет атқару функциялары пайда болады.
Бүгінде, студенттердің қоршаған дүниені біртұтас эволюциялық үдеріс ретінде көруі және түсінуі аса көкейкесті мәселе.
Бұл жөнінде Г. Хакен былай дейді: «синергетикалық әдістер, аса зор мөлшердегі жеке бөліктерден құралатын ақпараттарды сығуға мүмкіндік береді, соңынан оны, сәйкес макроскопиялық жүйелердің қасиеттерін сипаттайтын және ашатын заңдар мен концепциялардың аз ғана санына айналдырады» [143,с. 56-57].
Жоғары педагогикалық шеберліктің, авторлық еңбектердің мысалдары синергетикалық әдісті қолданудың ең ұтымды үлгілері болып табылады, бірақ, мәселе бірыңғай әдістеме құруда емес, мәселе оқытушыны, адам туралы ғылыми көзқарас негізінде саналы деп қабылдануында.
Сонау ықылым заманнан бері, Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби (870-950 жж.) данышпаннан бүгінгі күнге дейін тіл туралы ғылым екі қатардан тұратыны белгілі. Оның алғашқысы: қай халықтың болмасын тіліндегі сөздерді жадына сақтау және оның сөз және сөз тіркесі, сөйлем, мәтін, мәтіндеме сыңайындағы мән-мағынасын білу [1,с. 37-38].
Екіншісі: сөздердің заңдылықтарын білу. Белгілі бір пәнге, нысанға қатыстысын белгілеу, қателік жібермес үшін тексеру заңдарын білу (талдау), әрбір модель, модуль, блоктардың ішкі мәнін зерттеу, оның бәрін жадына сіңіре алу.
Әрбір саланың құрамындағы бөліктердің аталымын, олардың сөйлем ішіндегі сабақтастық пен түрлену, өзгеру секілді мәнділік сапаларды түйсіну арқылы жүзеге асатыны өз-өзінен түсінікті. Міне, осындай кешегі түркі жұрты мен әлемдік екінші ұстаз әл-Фараби заманынан бері келе жатқан заңдылықтар түзілімі осылай болып келеді.
Бірақ, ол замандарға жат ұғымдар «модель», «модуль», «блок» сияқты сөздер. Бұл терминдер бұлай аталмағанымен, Ж.Аймауытовтың «Психология» ілімінде саңылау сезім мен соқыр сезім тұрғысында зерделеп, тіл меңгеруге немесе басқа да іс-әрекетке қатысты ғылыми негіздеме жасап берген. Бұл түйінді сөзімізді дәлелдеу тұрғысында Ж.Аймауытовтың өзінің тұжырымдарына ден қоялық: «біз сезгенде» – мидың бір бөлімі, «байымдағанда» - екінші бөлімі, «ұйғарғанда» – үшінші бөлімі қызмет етеді [7, 205-206 б.].
Бұл ой-пікірден саңылау сезімнің басты тірегі ми екені байқалады. Ал тіл меңгеру тұлғаның миының «зерде», «ерік» секілді үлкен мидың қызметіне байлаулы екеніне Ж.Аймауытов тәжірибе жасаған.
Алдыңғы аяқтың, не тілін қозғау, көру, дыбыс есту секілді қызметтер осы үлкен мидың атқаратын рөліне тікелей байланысты.
Байқап отырсақ, Ж.Аймауытов тіл меңгеруге қатысты бар жұлма және пәлсапалық жадының екі түрлі іс-әрекетінің соқыр сезім мен саңылау сезіміне тәуелді екенін айырып береді. Тілді жіті меңгеруге құлақтың атқарар операциясы айрықша.
Тұлғаның сыртқы әлемнен, ортадан алатын мүше мағлұматтарының 12/13 осы мүше арқылы қабылданатынына зер салған.
Міне, сөйлеу іс-әрекетінің бастауы осы қызметке қатысты екеніне психолог жан-жақты тоқталды.
Нақтылап айтсақ, оның рет-тәртібі төмендегі түзілімдей болып келеді:
1. Дыбыс деген нәрсе әуеннің толқындары құлағымыздың ішіндегі тетіктерге соғылуынан пайда болатынының физикадан белгілі екендігі (ауаның бірде сиреп, бірде қойылып тұрғанын толқын дейміз).
1.1. Жіңішке, жуан дыбыстарды физика пәніндегі дыбыстастық деген заңмен өлшей алатындығы (ұзын шек тартқандар қатты теңселеді, жуан дыбыс береді, қысқа шек зорға теңселіп, жіңішке дыбыс береді).
2. Көз – түстерді айыратын саңылау сезім. «Түс» дегенді ажырату үшін сәуленің жолына үш қырлы призманы (шыныны) ұстасақ, қабырғаға түскен сәуле кемпірқосақ тәрізді, түрлі-түсті болып кетеді. Осы түстерді физикада «спектр» дейді. Жұрт спектрде жеті түрлі түс бар деп ойлайды, қызыл, қошқыл-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк күлгін (күлді бадам). Анығында, спектрде түс әлдеқайда көп. Қанша екенін дәл айту қиын. Әйтсе де кейбір ғалымдар 150 шамалы түс бар деп санайды. Спектрді айтып отырғанымыз онда күллі түстер бар.
3. Сипау сезімін айыратын мүшеміз – терілеріміз. Терілеріміздің ішінде сипалау жүйкелері бар. Ол жүйкелердің ұштары түйіртпектеліп, ұршық бас болып біткен.
Басқа саңылау мүшелерінің жүйкелерінен өзгеше, сипау жүйкелерінің қозуы былай: теріге бір нәрсе тисе, я батса, тері құрысады. Ол құрысу әлгі жүйкелерге жетсе, жүйкелер қозады, жүйке қозса, хабар береді.
Сипау сезімінің басты қызметтері сүйкенгенді, жылы, суық нәрселерді айыру. Ал өте қатты нәрсені сезуге терінің тіресу қызметі де керек. Суықты, ыстықты, сүйкеністі сезетін нүктелер әртүрлі.
4. Иіскеу айыратын мүшеміз – танаудың ішіндегі жылбыс қабық. Бұл қабықтағы жүйкелердің ұштары да сипаудікі тәрізді иіскеу жүйкелерін газ сықылды заттар ғана шіміркендіреді. Газдар бөлімдері (элементтері) жылбыс қабыққа келіп іриді, ыдырайды.
Осының салдарынан иіскеу жүйкелерінің ұштары шіміркеніп, кіндікке телефон соғады: кіндік иістің жайлы, жайсыздығына қарай шара істейді.
5. Дәм айыру мүшелеріміз – тілдік белгі. Иіскелу мүшелерінің жаралуы қандай болса, дәм айыру мүшесі де сондай деуге болады. Дәм айыру жүйкесін қоздыратын сұйық зат. Ал қатты затқа арнайы іс-әрекет арқылы дәмін айырамыз. Химиялы өзгеріс болмаса, дәм айыратын жүйке шіміркенбейді. Негізгі дәмдер: тәтті, қышқыл, ащы, тұщы.
6. Дене сезуі екіге бөлінеді: тыстан берілетін сыртқы сезім, іштен келетін дене, көңіл сезім. Етте жүйке тараулары бар, олардың ұштары жиырылу неғұрлым күшті болса, соғұрлым жүйкенің қозуы да күшеймек. Дене сезімін көңіл сезімі десе де болады.
Қорыта келгенде, 6 түрлі сезім мүшелерінің саңылау сезім тетіктері екенін аңғару қиын емес. Ж.Аймауытов ілімінде бүгінгі ғалымдардың ұсақ бөліктерге дейін немесе нанонаука (грек сөзі (109) – миллиардтан бір үлестің негізін құрайтын бірлік құраушы біліктілік физикалық шама атауы) деген ұғым байқап отырсақ, психология туралы тұжырымдарында бастан аяғына дейін өрбіп отырады.
Ж.Аймауытов соқыр сезім мен саңылау сезімдердің ең көзге көрінбейтін бірліктерінің бөліктеріне дейін зерттеу жасаған.
Болон конференциясындағы ұлттық сипат негізінде ғылым меңгеру туралы ғылыми пайымдар жинақталса, бұл мәселелер Ж.Аймауытов еңбектерінде психология ілімін физиологиямен, биологиямен, физикамен, медицинамен, химиямен және қоғамдық пәндермен байланысты салыстыру амалымен зерделеу жоғарыдағы талдаудан аңғарамыз. Мұнымен бірге шетел ғалымдарының қазақ елі ғылымынан асық түрлерін айқындап, түсіндіріп беру де Ж.Аймауытов іліміне тән құбылыс [7, 123-125 б.].
Жеке оқу жоспары, жеке білім бағдарламасы және жеке білім маршруты. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің құрылымы базистік оқу жоспары барлық базадағы жеке оқу жоспарын енгізуге мүмкіндік береді.
Жеке оқу жоспарының негізін құрудың маңызы мен тәртібі профильдік оқытуды ұйымдастырудағы ұсыныстарға негізделген.
Жеке оқу жоспары дегенді оқу пәндерінің (курстар) жоғары оқу орнының оқытуға қатысты оқу жоспарын таңдау тұрғысында игеру, меңгеру. Оның өзі ҚРБҒМ-нің базалық оқу жоспарының негізінде құрылады.
Жеке жұмыс жоспарында бірнеше білім мекемелерінің сетті оқу қызметіндегі оқылатын пәндерді қамтып, оқу курстарын құрастырады (элективті, арнаулы).
Жеке жұмыс жоспары құрылғаннан кейін жеке біліктілік бағдарламасы жобаланады. Біліктілік бағдарламасының шығармашыл-креативтік ұжым мен педагог-ойшылдардың (бастамашылдардың) қатысуымен жобасы құрылып, оның студенттермен қауымдық іс-әрекетке түсу бағдарында түзетулер ендіріліп отырады. Біліктілік бағдарламасы төмендегі талаптарға сәйкес унификацияланып жүргізіледі:

  • әлеуметтік тапсырысқа сай жүргізіледі;

  • біліктілік деңгейдегі студенттердің жетістіктегі мүмкіндіктері қамтылады, мұнда міндетті түрде әлеуметтік сұраныс жүзеге асырылуы көзделеді;

  • білім стандартына сәйкесіп келеді;

  • оқу және оқу үдерісінен тыс уақыттағы студенттердің іс-әрекеті интеграцияланады;

  • әртүрлі біліктілік ауданындағы білім мазмұны интеграциялануына мүмкіндік беріледі;

  • білімдену технологияларының ең ұтымды деген түрлерін қолдануға құлшынысты болуына;

  • мектептің кадрлар, материалдық және қаржы мүмкіндіктеріне және санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келуі қадағаланады;

  • студенттердің дамуына сәйкес жұмыстарының өткізілуіне.

Сол себепті біліктілік бағдарламасы төмендегілерді қамтиды:

  1. мақсаттар мен құндылықтар;

  2. біліктілік бағдарламасының адресі;

  3. оқу жоспары, мұнда білім мазмұнының инвариантты және вариативті бөліктері нақтылы деңгейлікке жіктелген, мәртебесі анықталған мектепке бағдарлануы ескеріледі, мұнымен бірге оған түсінік хат әзірленеді;

  4. оқу бағдарламалары оқу жоспарына сәйкес келуі туралы мінездеме;

  5. ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттардың сипаттамасы, біліктілік бағдарламасына гигиеналық талаптар, біліктілік бағдарламасын іске асыратын педагогикалық технологиялар, жеке біліктілік маршрутының таңдау процедуралары және өзгертулер;

  6. аттестация түрінің жүйесі, студенттердің жетістіктерін бақылау және есеп жүргізу;

  7. біліктіліктің жеке бағдарламасын игеру нәтижелерінің ықтималдылығына сипаттама.

Біліктіліктің жеке бағдарламасы студенттердің білім игеру бағдарламасы болып табылады. Мұның өзі әр студенттің қабілеті мен қажетсіну уәжі негізінде құрылады және біліктілік мақсаттар мен нәтижелер түзілімін зерделейді. Бағдарлама 2 жылға шақталады.
Профильді оқыту үдерісінде жеке оқу жоспарын пайдалану студенттердің әртүрлі біліктілікке қатысты және отбасының, ата-аналардың, кәсіби білім мекемелерінің және жалпы білім беретін мекемелердің қажеттілігін іске асырады.
Жеке оқу жоспары мүмкіндігіне қарай, және профильді білімге қарай әр пәннен қатаң заңдылықтарға сүйенбейді.
Бұл тұрғыда құрылған жеке оқу жоспарын таңдауына әр студенттің қабілеттілігі қалыптасып, жеке біліктілік маршрутын тәжірибеде қолдануына жол ашылады. Жеке оқу жоспарының, жеке біліктілік бағдарламасының, жеке білім маршрутының маңызы мен ерекшелігін қарастырып көрсек, ол біліктілік бағдарламасының барлық компоненттерін қамтиды:

  1. біліктілік бағдарламасының құндылықтары (студенттер анықтайды);

  2. біліктілік бағдарламасының мақсаты (студенттер анықтайды);

  3. жеке оқу жоспары (студенттер анықтайды);

  4. оқу бағдарламасының мінездемесі (мұғалім немесе студенттермен бірге мұғалім құрастырады);

  5. жеке біліктілік бағдарламаны таңдау процедурасын іске асырудың және біліктілікті жеке бағдарламамен өзгертудің біліктілік маршрутын ұйымдастырушы педагогикалық шарттарының сипаттамасы;

  6. аттестация түрлерінің жүйесі және оның өткізілу мерзімі, жетістіктерді есептеу және оны бақылау, студенттер жүргізген жұмыс түрлерінен есеп беру түрлері (ұстаздар мен студенттер бірге құрастырады);

  7. ұсынылған зерттеу проектісі, оның тақырыбы, оқу тәжірибесінің сипаттамасы (ұстаздар мен студенттер бірігіп құрастырады);

  8. біліктілік бағдарламасын игерудің нәтижелілігінің ықтималдық сипаттамасы (студенттер анықтайды немесе педагогтар мен студенттер бірге анықтайды).

Нәтижесінде, оқытушылар мен студенттердің тығыз қауымдық одағының көрсеткіші – жеке біліктілік бағдарламасын проектілеу. Жеке біліктілік бағдарлама нормативтік, ақпараттық, мотивациялық, ұйымдастырушылық функцияларды және өзін-өзі анықтайды іске асырады (сурет 1).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет