Құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану



Дата05.07.2016
өлшемі29.84 Kb.
#179302



Экспорттаушы елдердің

құзыретті органдары

импортталған асыл тұқымды

өнімге (материалға) берген

асыл тұқымдық куәлікті немесе

оған балама құжатты тану

тәртібі туралы ережені бекіту

туралы

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 14) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:



  1. Қоса беріліп отырған Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ереже бекітілсін.

  2. «Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 18-02/212 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7677 болып тіркелген, «Егеменді Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 256-257 (27075-27076) сандарында жарияланған);

«Экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған балама құжатты тану тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 15-04/466 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 67926 болып тіркелген, «Егеменді Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 10 қазандағы № 659-664 (27736) сандарында жарияланған);

«Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары ірі қара малдың импортталған асыл тұқымдық өніміне (материалына) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты қоспағанда, экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту және «Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 18-02/212 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 3-2/320 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9606 болып тіркелген, «Егеменді Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 11қыркүйектегі № 256-257 (27075-27076) сандарында жарияланған)) 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.



  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгілінген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;



3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет