Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ



Дата15.06.2016
өлшемі23.43 Kb.
#136180
Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Зорлық-зомбылық – жеке тұлғаға қол сұқпаушылық (тәндік және рухани мағынада), туралы азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау (азапқа салу және денсаулыққа зиян келтіру); адам психикасына (жүйкесінің тозуы немесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін) қорқыту, тәнге жарақат салу қатері жолымен ықпал ету және т.б. Зорлық-зомбылықты қолдану арқылы жасалған қылмыс, қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылады.

Балаларға қатыгездік көрсету және адамзаттық абыройына нұқсан келтіру, оларды ата-аналарының және өзге қамқоршыларының жазалауын қоғамдық пікірдің қолдауы, балалар мүддесін қорғауға бағытталған, аталмыш қоғам ішінде рұқсат етілетін «тәрбиелеу» мен жол берілмейтін «қатыгездік» ұғымдарының ара-жігін ажыратуға мәжбүр қызметтер жұмысына айтарлықтай кедергі келтіреді.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері 2005 жылғы шілдеде Словенияның Люляна қаласында өткен Еуропа мен Орталық Азия елдерінде балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету мәселелері бойынша аймақтық – консультативтік кеңесте талқыланған болатын. Осы кеңеске қатысқан Еуропа мен Орталық Азия аймағының барлық елдерінің өкілдері балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты шұғыл іс-қимылдар жөнінде Любляна келісімін қабылдады.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың проблемалары бойынша ғаламдық зерттеудің жетекшісі болып тәуелсіз сарапшы Пауло Серхио Пинейроны тағайындады. Зорлықтың барлық нысандарынан балаларды қорғауға арналған құқықтарға сүйене отырып, осы зерттеудің мақсаты – балаларға қатысты зорлықтың көріністерін халықаралық, аймақтық, ұлттық және жергілікті деңгейлерде болдырмауға және жоюға бағытталған қызметке жәрдемдесу болып табылады.

Қазақстанның қолдануында балаларға қатысты іс-әрекеттер жасаудың белгілі құқықтық негізі – Қазақстан Республикасының Конституциясы, Балалар құқықтары туралы, «Білім туралы», «Неке және отбасы туралы» Заңдары бар. Онымен қоса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 137-бабы кәмелетке толмаған баланы ата-анасының немесе осы міндет жүктелген басқа адам, сонымен қатар, педагог немесе оқыту, тәрбиелеу, емдеу не кәмелетке толмаған баланы қадағалау міндеттелген басқа да мекеменің қызметкері тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқармағаны немесе жөнді атқармағандығы үшін шара қолдануды қамтиды. Балаларын бағып-қағу міндеттерін орындамаған, саны мыңнан асқан ата-ана ата-аналар құқығынан айырылуда, сонымен қатар, ата-аналар әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа да тартылып жатқандығына баспасөз құралдары арқылы куә болып жатамыз. Балалар да ересектер сияқты, негіз қалаушы: сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай – ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық және саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық дәрежеде көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуге құқылы.



Б.Момышұлының «Азамат жолы – ар жолы» деп айтқанындай, ешкімнің ала жібін аттамай, өзгенің құқығын бұзбай, балаға жеке тұлға ретінде мейірімділікпен қараса, сонда ғана бала өз мақсатына жетеді деп ойлаймыз. Баланың құқығы мен бостандығын сақтап, жүрегіне мейірімділік ұялату әрбір адам баласының парызы. Бақытты балалық шаққа жетелеу, жеткізу, балаларымызды бақытты ету тек өзіміздің қолымызда. Келешекте жас ұрпақты мейірімі мен күш-жігерін сарп етіп болашақ еліміздің тұтқасы болуына мектеп, ата-ана, ұстаз болып ықпал ете берейік.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет