\\Ъ 5 И. Нугыманүлы, Ж. Ә. Шоқыбаев


Химия жэне табшат қоргаудың экологиялық мәселелерімен



бет141/162
Дата19.12.2023
өлшемі2.23 Mb.
#486989
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   162
Нұғманұлы учебник

Химия жэне табшат қоргаудың экологиялық мәселелерімен


таныстыру. Айналамыздағы табиғат - біртұтас кешен. Ол жер қыртысындағы атмосфера, гидросфера, литосфера жэне биосферадан тұрады. Бұлардың үздіксіз зат алмасу процесі жүзеге асып, экологиялық тепе-теңдік орнайды. Осы тепе-теңдікке басқа толып

320

жатқан эсерлермен бірге химия ѳндірістер жэне халық шаруашылығын химияландыру зор ықпалын тигізуде.
Биосфера - айналамыздағы табиғаттың тіршілік етушілер мекендей-тін бѳлігі. Оны біздің айналамыздағы ауадан, судан жэне топырақтан бѳліп қарауға болмайды. Қазірғі кезде биосфераны табиғаттағы барлық ресурс-тардың жиынтығы есебінде түсінеді. Ол үзақ жылдар бойы қалыптасқан эволюцияның нэтижесінде ѳзін-ѳзі тазартып, қалдықсыз қайтадан жаңарып отырады. Адамның жетегімен жұмыс істейтін технология мұндай дэрежеге кѳтеріле алмағаны, кѳптеген қалдықтар беретіні жоғарыда баяндалды. Осының салдарынан жер қойнауынан қазып алынған шикізаттарды ѳңдегенде топырақтың, ауаның жэне судың құрамы ѳзгереді. Экологиялық жүйеге ѳң беріп, тіршіліктің тынысы болып қелген жердің жасыл жамылғысы да азайып келеді. Талай ѳсімдіктер жер бетінен жойылды, ал кейбіреулеріне жойылу қаупі тѳнуде. Олар Қызыл кітапқа тіркелді. Сондықтан болу керек, қазір табиғи байлықтарды толық пайдалану арқылы табиғатты қорғау мэселесі дүниежүзі халықтарын алаңдатып отырған ірі ортақ мэселеге айналды. Бұл аса маңызды мэселенің саяси-элеуметтік, техника-экономикалық жэне экологиялық қырлары бар. Солардың ішінде химияға байланыстыларымен таныстыру - мұғалімнің борышы.
Химияны оқытудағы табиғатты қорғау жѳніндегі материалдарды ауаны, суды, топырақты қорғау жэне қалдық заттарды неғұрлым толық пайдалану жэне залалсыздану деген тѳрт мэселенің тѳңірегіне топтастырған жѳн.

Атмосфера жэне оны қорғауға байланысты ауаның тұрақтысы, ауыспалы жэне кездейсоқ құрамы жѳнінде түсінік беріліп, ѳзгеру себептері ашылады. Табиғатта үздіксіз жүзеге асатын биохимиялық жэне химиялық процестердің эсерінен ауаның тұрақты құрамындағы азот, оттегі жэне кѳмірқышқыл газының мѳлшері сақталып тұрады, экологиялық тепе-теңдік орнайды. Алайда ендірістік процестердің жэне транспорттың эсерінен бұл теңдік бұзылады. Кейбір есептеулерге қарағанда жылына 7 млрд отын жағылатын кѳрінеді, оған 20 млрд т оттегі жұмсалады. Бір эуе кемесі 8 сағат ұшқанда SO­ TO т оттегін жұтады, мұның орнын толтыру үшін 25-50 мың га орман соншама уақыт оттегін бѳлуі керек. Тағы бір мысал. Жеңіл машина біржарым мың шақырым жүргенде бір адамның жыл бойы тыныс алатын оттегін тұтынады. Оттегін тұтынатын ѳндірістің жэне кѳліктің



321

кѳбеюі ауада оның азаю қаупін тудырады. Қазір оттегінің биогендік түзілуінен гѳрі 10-16% кѳп жүмсалатыны есептелген. Мүның езі үлкен қалаларда оттегі тапшылығын тудырып, жасанды тыныс алуға мэжбүр етуде.
Отынды жағу жэне ѳзге ѳндірістік әрекеттердің нэтижесінде соңғы 100 жылдан астам уақыт ішінде ауаға 400 млрд т кѳміртегі (IV) оксиді барып, оның ауадағы қанықпасы 18 пайызға артқан. Жыл сайын ауаға 200 млн т кѳміртегі (II) оксиді (иіс газы), 50 млн т азот оксидтері (улы газдар) қосылады. Ѳнеркәсібі дамыған елдерде эр адамға шағып есептегенде жыл сайын атмосфераға 150-200 кг тозаң, күл жэне ѳндірістің басқа қалдықтары түседі.

Квмірқышқыл газының ауадағы мѳлшері 0,02-0,04%. Оның ауадағы үлесі екі есе артса «жылыжай эффектісі» деген қүбылысты тудырып, жер бетіндегі температура орта есеппен 4°С-қа артады. Бүдан мэңгі мүздар, мүзтаулар еріп, ауа райының елеулі ѳзгеруі мүмкін. Айтылғандардан ауаға түсетін кѳмірқышқыл газының мѳлшерін азайту мэселесі туады. Москваның мүнай ѳңдейтін зауытының мамандары ауаға жіберілетін кѳмірқышқыл газынан қүрғақ мүз (қатты күйіндегі кеміртегі (IV) оксиді осылай аталады) ѳндіреді. Қүрғақ мүздың тез бүзылатын азық-түлікті тасымалдау үшін қолданылатыны оқушыларға белгілі.


СО - кеміртегі (П) оксиді, иіс газы, жану енімдерінің бірі. Түрмыста, енеркэсіпте жэне келікте эр түрлі отындар шала жанғанда түзіледі. Автомобиль двигательдерінің цилиндрлерінде сүйық отын жанғанда түзілетін кеміртеғі (II) оксидінің мелшері 10 пайызға жетуі мүмкін. Халықаралық статистиканың мәліметтері бойынша 150 миллион машина бір сағаттың ішінде 60000 т кеміртеғі оксидін беліп шығарады. Бүл - ете улы газ. Ауада 1% иіс газы (СО) болса, адам қолма-қол, ал оның үлесі 0,1% болғанда 30-60 минутта ѳледі. Иіс газының ауадағы шектік концентрациясы (ШК) - 0,002. Иіс газының физиологиялық эсері гемоглобиндегі оттегінің орнын басады. Гемоглобин кеміртегі (II) оксидін оттегіне қарағанда 200-300 есе тез қосып алып, карбоқсигемоғлобин түзеді. Иіс газы жүрек, қолқа тамырға, жүйке жүйесіне эсер етеді. Басты айналдырып, қүстырады. Машиналардан белінетін иіс газы қала түрғындарының денсаулығы үшін аса зиянды қаддықтың біріне айналуда. Сондықтан машина





322

двигательдерінен бѳлінетін газдарға бақылау қойылды, ол елімізде бірінші рет Алматыда жүзеге асырылды.
Автомобильден шығатын азот, қүқірт қышқылдарын жэне азотты тыңайтқыштарды ѳндіретін зауыттардан бѳлінетін газдарда азот оксидтері болады. Мәселен, азот қышқылын ендіретін зауыттың мұржасынан «түлкі құйрық» деп аталатын қызғылт сары түтін будақтап жатады. Бұл - азоттың улы оксидтері. Бір зауыт тэулігіне 20 тоннаға жуық оксидтер шығарады. Құрамында 3-6 мг/л азот (II) оксиді бар ауамен 6-12 мин, 0,1 мг/л азот (II) оксиді бар ауамен 1 сағ тыныс алған адам ѳледі. Онымен уланған адамның басы айналады, әлсірейді, ѳңі қашып, қан қысымы тѳмендейді. Бұл газдың ѳндіріс ауласындағы қанықпасы 0,005 мг/л-ден аспауы керек.



  1. ұкірт оксидтері. Зауыттарменжылу-электр стансаларында күкірті бар отынды жаққанда ауаға шығатын газдардың зияндысы - күкіртті газ. Ол кѳп мѳлшерде сульфид кенін ѳртейтін металлургиялық жэне химиялық зауыттарда түзіледі. Бұл улы газ концентрациясы 0,3 мг/л ЗОз-де адам бір минутке ғана шыдайды. 0,05 мг/л SO2 кѳздің кілегейлі қабықшасын тітіркендіреді жэне жѳтелтеді. Оның ѳнеркэсіп ауасындағы мѳлшері 0,01 мг/л-ден аспауы керек.

Күкіртті газдың ѳсімдіктерге тигізетін зияны үлкен. Ол тыныс жолдары арқылы ағаш ѳсімдіктерінің жапырағында ѳніп, хлоропластың құрамындағы темірмен реакцияға кіріседі. Бұдан темірдің катализдік қасиеті бэсеңдеп, хлорофил ыдырайды. Жасушада түзілген сульфидтердің сульфаттарға айналуынан жапырақта алдымен сары, соңынан қоңыр дақтар мен бүртіктер пайда болады. Жапырақ тіршілік эрекетін тоқтатады. Күкіртті газдан, әсіресе, қарағай мен шырша ағаштары кѳбірек зақымданады. Кейінгі кезде қалдық есебінде ауаға шығатын күкіртті газды ұстап, күкірт қышқылын алатын болды, бұл қышқыл арнайы химия зауытында алынатын қышқылдан гѳрі арзанғатүседі.


Тозаң - жану реакциясының ең мол қалдығы - түтіннің құрамындағы майда ұлпасы. Ѳндірістен шығатын тозаңның құрамына улы заттар: қорғасын, сүрме, мыс, .марганец, сынап, мышьяк оксидтері жэне т.б. қосылыстар болады.


Бүгігікуні ауаны қорғау дүниежүзілік маңызы бар негізгі мәселеге айналып отыр. Бұл салада елімізге бірқатар шаралар жүзеге асырылды. ірі қалаларда ауаның құрамын бақылайтын стансалар





323

жұмыс істейді. Олардың ұсынысы бойынша бірқатар ѳндіріс орындары қаланың сыртына шығарылады немесе тазалау қондырғылары салынады.

Ауаның ластануына байланысты кейбір сандық материалдар келтіріледі. Суға, топыраққа түсетін қалдықтар жэне оларды пайдалану мен залалсыздандыру туралы аса мол деректі материалдар жинауға жэне пайдалануга болады. Солардьщ бэрінің түпкі мақсаты - жасѳспірімнің бойына табиғатты аялай білу идеясын сіңіру, ұсақ-туйектен басталып, куллі адамзаттың мүддесіне ұласатын игілікті іске жастайынан белсенді араластыру.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет