Ѳпдірістік материалдардың мазмунып іріктеу. Эр кезеңде орта мектептің алдына қойылған элеуметтік сұраныстың талаптарына сәйкес химия пэнінен оқылатын ѳндірістік оқу материалының мазмүны үздіксіз ѳзгеріске үшырады. Бүл салада академик Д.А.Эпштейн жэне оның шэкірттері елеулі еңбек сіңірді. Ол орта мектепке арналған оқулық және әдістемелік қүралдар авторларының бірі ретінде химиялық ѳндіріспен байланысты материалдарды сүрыптау, орналастыру, жетілдіру жэне тиімді эдістерін табу мәселелерін зерттеді.
Химияның алғашқы түрақты бағдарламасынан бастап, заттарды ѳндірісте алу тэсілдеріне жете назар аударылуда. Мүндай материалдардың мазмүны мен кѳлемі ѳткен ғасырдың елуінші жылдарында жалпы білім беретін орта мектепке политехникалық сипат беруге байланысты арта түсті. Мэселен, негізгі химия ѳнеркэсібінен түз қышқылын, күкірт қышқылын, азот қышқылын ѳндіру, ѳндірісте аммиак синтезн, аммоний нитратын алу оқытылады. Бүлардың әрқайсысы, оларға қосымша силикат ѳнеркәсібінің түрлері, коксохимия және қатты отынды газдандыру (кокс, кокс газы, тас кѳмір смоласы, аромат кѳмірсутектерін, ауа жэне су газын алу), металлургия (шойын, болат, алюминий), мүнайды химиялық ѳңдеу, органикалық синтез ѳнеркэсібі едэуір толық қарастырылады. Соның салдарынан бағдарла.мадағы технологиялық материалдар шамадан тыс молайып кетті. Соңгы жылдарда оқу-тэрбиелік маңызы шамалы ѳндірістер біртіндеп қысқарып, жаңа бағдарлама бойынша санаулы ғана ѳнеркэсіптер қалдырылды. Оларды іріктегенде мына негіздер ескерілді:
ѳнімнің халық шаруашылығындағы маңызы. Түз, азот жэне күкірт қышқылдарын салыстырғанда соңғы қышқылдың қолданылатын салаларының кѳп екенін оқушылар біледі. Сондықтан күкірт қышқылын ѳндіру мәселелері толық қарастырылады;
оқылатын ендіріс химия бағдарламасына кіретін материалдармен тығыз байланысты жэне оқушыларға түсінікті болуы тиіс, күкірт қышқылының ѳндірісі осы талапқа сай келеді;
химиялық техника мен технологияның соңғы жетістіктерін кѳрсететін болуы. Осы түрғыдан алғанда күкірт қышқылының
311
мұнаралы эдісінен гѳрі контакт тәсілшен алынуын оқыған тиімді. Колчедан кесектерін ѳртейтін механикалық пештерді алмастырған «қайнаған кабатпен» жұмыс істейтін жаңа қондыргылар қарастырылады.
Сѳз болып отырған негізге сэйкес дэстүрлі оқылатын кейбір ѳндіріс орындары материалдық жэне энергия ресурстарын үнемдейтін экономикалық қолайлы ѳндірістермен алмастырылды. Мэселен, ұзақ жылдар бойы сірке қышқылын ѳндіру:
СаСОз—>СаО—> СаСг— ^СгііЦО—>С2Н402
сызбанұсқасына сэйкес қарастырылады. Ацетилен алудың бұл карбидтік әдісі органикалық синтездің қажеттігін ѳтей алмады. Әктасты айыру үшін кѳп мѳлшерде жылу, оксидті карбидке айналдыру үшін электр энергиясы жұмсалады. Соңғы кезде ацетилен тікелей табиғи газдан алынатын болды. Осыған орай органикалық химияның соңғы ѳңделген оқулығында метаннан ацетилен алудың ѳндірістік эдісі түсті кесте арқылы кѳрнекі баяндалган. Мұның ѳзі кѳп сатылы процесті, аз сатылы тиімді процеспен алмастырудың да мысалы бола алады.
Метил спиртімен салыстырғанда этил спиртінің маңызы зор. Бірақ оқулықта метил спиртінің синтезі толық қарастырылады, ѳйткені ол кѳмірсутектері мен спирттер арасындағы генетикалық байланысты жэне тікелей синтездің технологиялық мэселелерін кѳрсетуге, ѳтілген ѳндірістермен (аммиак ѳндіру) пэн ішіндегі байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
оқушылардың политехникалық ой-ѳрісін дамытуға жэрдемін тигізетін болуы керек. Ол үшін ѳндірістің технологиясы айқын, аппараттары типтік, ғылыми негіздерде оқушыларға түсініктілерін таңдап алады. Мұндай негіздерге реакцияласушы реагенттің арзандауын артық мѳлшерде алу, қарсы ағыс, үздіксіздік, циркуляция, т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |