\\Ъ 5 И. Нугыманүлы, Ж. Ә. Шоқыбаев


-кесте. Химиялық элемент, зат және химиялық реақция үгымдарынын сипаттамалары



бет75/162
Дата19.12.2023
өлшемі2.23 Mb.
#486989
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   162
Нұғманұлы учебник

9-кесте. Химиялық элемент, зат және химиялық реақция үгымдарынын сипаттамалары



Ұғым

Сапалық

Сандық

Символикасы

сипаттамасы

сипаггамасы







Химиялық

Атом

Аг, валенттілік

Химиялық

элемент




Mr, заттағы

таңба

зат

Молекула. Қоспа

Химиялық




жэне таза зат




формула




Жай және күрделі

Элементтердің







зат

масса қатынастары.










Моль. Авагадро










саны




Химиялық

Физикалық жэне

Химиялық

Химиялық

реакция

химиялық

реакциялардағы

теңдеу




қүбылыстар.

заттардың масса







Химиялық реак­

қатынастары







циялардың

бойынша




167

белгілері, жүру есептеулер

жағдайлары,


типтері ____

Тақырыптың білім берудегі міндеттеріне мыналар жатады:





    1. Химия пэні, зат, химиялық элемент, атом, химиялық реакция, химиялық символика туралы алғашқы үтымдарды қалыптастыру (олардың мазмүны мен сипаттамалары кестеде келтірілді);

  1. Алғашқы үғымдарды қалыптастырудың теориялық негізі болатын атом-молекулалық ілімнің қағидаларын саналы меңгерту; олардың түрғысынан заттардың қасиеттерін, химиялық реакциялардың механизмін түсіндіру;




  1. Қүрам түрақтылық заңын, масса сақталу заңын саналы игерту, қолдана білуге, атом-молекулалық ілім түрғысынан түсіндіре білуғе үйрету;

  2. Эксперименттік біліктер қалыптастыру: химия зертханасында жұмыс істеу ережелерімен, қауіпсіздік техникасымен таныстыру; қыздыру аспаптарымен, зертханалық штативпен, реактивтермен, ыдыстармен, т.б. жүмыс істей білуге баулу.



Тақырыптың тәрбиелік міндеттері: 1. Табиғаттың бірлігі, заттардың жойылмайтыны, атом жэне молекуланың анық барлығы жонінде ғылыми козқарас қалыптастыру, пәнаралық байланысты жүзеге асыру. 2. М.В. Ломоносов, А. Лавуазье, Д. Дальтонның омірімен таныстыру арқылы ғылымға шынайы берілген адамдар ғана жаңалық ашатынын корсету. 3. Тарихи мэліметтердің тәрбиелік маңызын барынша пайдаланып, М.В.Ломоносов пен Дальтонның атомистикалық козқарастарын салыстыру. 4. Оқушылардың химияға қүштарлығын тудыру.

Оқушыларды дамыта оқыту мақсатында эр үғымды игерудегі олардың белсенділігін арттыру, тэжірибе қою, бақылау, талқылау, қорытынды жасау біліктерін қалыптастыру. Ұғымның мазмүнын, колемін, елеулі белгілерін, мэнін ашу жэне мысалдар келтіру, анықтама беру, үғымдар жүйесіндегі орнын табу жэне қолдану біліктерін қалыптастыру.


Тақырыпты оқытудың тағы бір міндеті - химия пэнін оқытудың мазмүны мен эдістеріне енгізілген кейінгі озгерістерді ескеру. Бүрыннан қолданылып келе жатқан Ю.В.Ходаков, Д.А.Эпштейн,



168

П.А.Глориозов оқулығымеи бірге жаңадан ұсынылған Г.Е.Рудзитис, Ф.Г.Фельдман және қазақ авторларының окулықтарының мүмкіншіліктсрін жете пайдалану. Химия тарихында кѳрнекті орын алатын негізгі үғымдарды енғізген ғалымдар Р.Бойль (элемент үғымы), И.Я.Берцелиус (химиялық таңбалар), Э.Франклад (валенттілік үғымы), Ж.Л.Пруст (қүрам түрақтылық заңы) туралы қысқа деректер келтірілген. Бүл деректерді эдістемелік талаптарға толық сэйкес келмегенімен жаңа материалды түсіндіргенде, бекіткенде, үй тапсырмасын бергенде тиімді пайдалану мүғалімнің міндеті. Сонымен бірге тарихи материалды оқулықтағыдан гѳрі мүғалімнің терең білу керектіғін ескерген жѳн.
Хшіия пэні Оқушылардың пәнге деген пікірін тудыруда алғашқы сабақтардың маңызы зор. Эдістемелік әдебиеттерде химия пәнін анықтайтын алгашқы сабақта екі түрлі қателік жіберілетіні айтылған. Біріншісі - оқушылардың химияға қызуғышылығын тудыру үшін бірнеше қызықты тэжірибелер корсетіледі, бірақ олардың мэні түсіндірілмейді. Мүндай тэжірибелерді олар химиялық кештерде кѳрген, химия кабинетінде эр түрлі тэжірибелер жасалатынын сырттай байқап жүреді. Сондықтан да олардың алғашқы сабаққа зор үмітпен келетіні рас.

Алғашқы сабақта химияның жаратылыстану ғылымына жататыны, заттарды зерттейтіні жэне заттардың қасиеттері туралы үғым қалыптастыру жеткілікті.


Зат үғымы бүл сабақта оқушыларға физика курсынан таныс физикалық дене үғымы арқылы беріледі. Ол үшін бір заттан жасалған бірнеше физика-лық денелер, эр түрлі заттардан істелген бір физикалық дене корсетіледі. Олардың мысалдары ретінде шыныдан, кәрденнен, темірден, алюминийден жэне басқа металдардан жасалған оқушыларға белгілі, немесе таяудағы сабақтарда танысатын химия кабинетінің қүрал-жабдықтары корсетіліп, аталады. Соның нэтижесінде оқушылар физикалық денелер неден түрса, соны зат деп атайды деген қорытындыға келеді. Ұғым жаттығулар орындату жэне химиялық диктант жаздыру арқылы бекітіледі.


Заттардың физикалық қасиеітерімен оқушылар зертханалық жүмыс жасау арқылы танысады. Үлестіріліп берілген заттардың агрегаттық күйін, түсін, тығыздығын, жылу откізгіштігін, электр ѳткізгіштігін, балку жэне қайнау температурасын анықтап, кесте





169

түрінде жазады. Зерттелген заттардың қасиеттерін салыстыру арқылы олардың бір-біріне ұқсастыгы немесе айырмашылыгы кѳрсетіледі, анықтама беріледі.
Заттардың айналуы жѳніндегі ұгым ѳсімдіктанудан алған білімғе негізделеді. Ѳсімдіқтер ауадан жэне топырақтан алатын су, минералды заттары, кѳмірқышқыл газы, т.б. заттары ақуыздарға, майларға, крахмалға, қантқа айналады.
Осыдан қейін заттар жэне олардың бір-біріне айналуын зерттейтін ғылымға химия деген анықтама беріледі. Жаңа оқулықта бұл анықтама заттардың қасиеттері жэне айналумен қабаттаса жүретін құбылыстармен толықтырылған. Химияның физикамен, биологиямен байланысы, маңызы қысқаша баяндалады. Химияның міндеттері - заттардың қасиеттерін зерттеу арқылы тиімді пайдалану, халық шаруашылығына аса қажетті, табиғатта қездеспейтін заттарды ѳндіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет