\\Ъ 5 И. Нугыманүлы, Ж. Ә. Шоқыбаев


Химиялық реакциялардың жүру заңдылыкргары туралы үгымпың қалыптасуы



бет107/162
Дата19.12.2023
өлшемі2.23 Mb.
#486989
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   162
Нұғманұлы учебник

Химиялық реакциялардың жүру заңдылыкргары туралы үгымпың қалыптасуы. Галогендер және оттегі топшасы оқылғаннан кейін арнайы тақырыпта «Химиялық реакциялардың негізгі

заңдылықтары» қарастырылып, химиялық реакциялардың жылдамдығы, катализ және химиялық тепе-теңдік түсіндіріледі.


Химиялық реакциялар жылдамдығын қарастырғанда оқушылардың алдында екі мэселе тұрады:





  1. химиялық реакцияның жылдамдығы дегеніміз не, ол сандық жағынан қалай сипатталады?




  1. Химиялық реакцияның жылдамдығына қандай жағдайлар эсерін тигізеді, бұл әсердің мэнін қалай түсінуге болады?

Алғашқы мэселе оқушылардың физика пэнінен жэне осы кезеңге дейін химиядан алған біліміне сүйеніп шешіледі. Алдымен механикалық қозғалыстың жылдамдығьш ѳрнектеу формуласы жэне оның ѳлшем бірліктері туралы білім еске түсіріледі. Соған сэйкес реакцияның жылдамдығын ѳрнектейтін формуланы қорытып шығаруға тапсырма беріледі және нэтижесі талқыланады. Талқылау кезінде белгілі бір уақыт ішінде бастапқы заттардың массасы, бѳлшек сандары кеміп, түзілетін заттардың бұл кѳрсеткіштерінің артатынына коңіл аударылады. Массаның ѳзгеруін пайдалану қолайсыз, кесімді уақыт ішінде реакцияға қатысатын заттар концентрациясының ѳзгеруімен пайдаланудың тиімді екені жонінде қорытынды жасалады.





249

Реакцияның орташа жылдамдығын кѳрсететін формула қорытылып шығарылады:

v = ^
Д/


Мүнда V - реакцияның жылдамдығы, АС -концентрациясының ѳзгеруі (Сі -Сг), At - реакцияның жүрген уақыты (іг - ti). Әдетте, заттардың концентрациясы - мольмен, кѳлемі - литрмен, уақыт секундпен кѳрсетіледі, демек реакция жылдамдығының ѳлшемі - 1 моль/ (л-с).


Теориялық жағынан қорытып шығарылған үғымды нақтылау үшін жаттығулар орындалады, мысалы: химиялық реакция А+В=2С сызбанүсқасына сәйкес жүреді. Юс ѳткеннен кейін А затының концентрациясы - 0,964 моль/л, 15 секундтан кейін 0,8 моль/л болады. Реакцияның орташа жылдамдығын есептеңіздер:


^ ^ ^ 0.96_moWb^ ,8moj ^ ^




t,-t, I Sc - l Oc

Екінші мэселе - реакцияның жылдамдығына эсер ететін


жш-дайлар тэжірибе жүзінде шешіліп, сан жағынан қалыптасқан


^ы мны ң негізінде талданады.


Химиялық реакциялардың жылдамдығына эрекеттесуші заттар


табиғатының әсерін бақылау үшін зертханалық тэжірибе ѳткізіледі. Тэжірибеғе түз қышқылының жэне сірке қышқылының бірдей мѳлшері (концентрациялары мен келемдері бірдей) алынады, оларға мырыш металының саны бірдей түйіршіктерін салып, белінетін сутегі жиналады (Хвш, 1974, №2). Жиналған сутегінің кѳлеміне қарап, оқушылар түз қышқылы қүйылған ьщыста реакцияның шапшаң жүргенін байқайды. Барлық басқа жағдайлар бірдей болғандықтан, бүл айырмашылық қышқыл табиғатының ерекшелігімен түсіндіріледі.


Реакция жылдамдығының эрекеттесуші заттардың концентрациясына тэуелділігін түсіндіру үшін заттардың ауаға қарағанда таза оттеғінде күшті жанатыны еске түсіріледі. Бүған қосымша күкірттің бірдей мѳлшерін алып, келемдері бірдей ыдыстағы ауада жэне оттегінде жағып керсетеді. Күкірт ауада





250

кѳгілдір, оттегінде ашық кѳк түсті жалынмен жанады. Жалынның ашық кѳк түсі реақцияның тез жүріп, жылудың кѳп бѳлінгенін кѳрсетеді. Оқушылар бұл құбылыстың себебін түсіндіреді. Реакция жүру үшін оттегі молекулалары күкіртпен жанасуы керек. Ауадағы оттегі молекулаларының саны 1/5 есе аз, оның күкіртпен түйісуі де соншама есе сирек болғандықтан, реакция баяу жүреді. Талқылаулар нэтижесінде реакцияның жылдамдығы эрекеттесуші заттар концентрациясының кѳбейтіндісіне тура пропорционал болатыны айтылады жэне формуласы келтіріледі. А ) В =2С реакциясыиың жылдамдығы:

V = K[A].[B]


формуласымен ѳрнектеледі, мұнда [А] - А затының концентрациясы,





  1. -В затының концентрациясы, К - жылдамдық тұрақтылығы, эрекеттесуші заттардың концентрациялары бірге тең жағдайға сэйкес келеді. Нақтылау үшін мысалдар келтіріледі: 2А + В = 2С сызбанұсқасына сэйкес жүретін реакцияның жылдамдығы А затының концентрациясын 4 есе арттырғанда қалай ѳзгереді? Реакцияның бастапқы жылдамдығы Vj = К[А^] • [В], концентрация ѳскеннен кейінгі жылдамдығы V2 = К[4А]^ ■[В].

Жылдамдықтың қатынасы:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет