іСаСОз +2Н^ = Са^Ч 2H204-C02t
Бастапқы екі реакцияның қысқаша иондық теңдеулерінен бейтараптану реақциясы сутегі катионы мен гидроксид анионының арасында жүріп, негіз жэне қышқыл тұнбаларының иондарға ыдырайтыны керінеді. Соңғы реақцияда қарбонат ионды сутек катионы байланыстырып, тұрақсыз кѳмір қышқылы түзіледі, ол кѳміртек (IV) оксиді мен суға айырылады.
Ион алмасу жүзеге асатын реакциялардың толық жэне қысқаша иондық теңдеулерін жазып үйренетін жатгығуларды біртіндеп қиындату, олардың мазмұны мынадай болуы мүмкін: а) дайьш күйінде берілғен молекулалық теңдеуді толық жэне қысқаша иондық теңдеулер күйінде жазу; э) бастапқы заттары ғана берілген реақцияның молекулалық, толық жэне қысқаша иондық теңдеулерін жазу; б) іс жүзінде жүретін атаулары ғана берілғен заттар арасындағы реакцияның үш түрлі теңдеулерін жазу; в) атаулары берілген заттар арасында алмасу реакциялары жүретінін немесе жүрмейтінін болжау, жүретіндерінің реакция теңдеулерін молекулалық жэне иондық түрде жазу; г) бастапқы заттардың біреуі жэне шығатын заттардың біреуі ғана берілгенде реакция теңдеулерін құрастыру; ғ) иондардың ерітіндіде қатарынан жүру мүмкіндігін табу; д) берілген катионы жэне анионы бойынша бірнеше теңдеу құру; е) берілген иондарды тұнбаға түсіретін бірнеше теңдеу жазу; ж) кѳрсетілген иондардың
248
ерітіндіде барын білдіретін теңдеулер жазу; з) берілген затты мүмкін эдістермен алудың молекулалық және иондық теңдеулерін құру; и) қанық ерітінді мен берілген электролит арасындагы алмасу реакцияларының мүмкіндігін анықтау жэне реакция теңдеулерін жазу.
Оқушылардың ѳздігінен істейтін жұмыстарын тиімді ұйымдастыру. Тапсырмаларды қиындығына қарай жіктеп беру. Карточкалармен, перфокарталармен, кѳрнекі құралдармен жэне оқулықтармен ѳздігінен жұмыс істету.
Химиялық экспериментті кеңінен пайдалану. Ерітінділер арасындағы реакцияларды сынауықтарда және аз мѳлшердегі реактивтермен зертханалық тэжірибелер түрінде ѳткізу. іздеу жэне зерттеу сипаты бар жұмыстарды кебірек таңдау. Ѳтілген деректі материалдар негізінде эксперимент есептерін шығарту, оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға баса назар аудару.
Достарыңызбен бөлісу: |