\\Ъ 5 И. Нугыманүлы, Ж. Ә. Шоқыбаев


Периодтық заңды оқуды қорытындылау



бет89/162
Дата19.12.2023
өлшемі2.23 Mb.
#486989
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   162
Нұғманұлы учебник

Периодтық заңды оқуды қорытындылау. Периодтық заңды қорытып шығару үшін атомдық массалары 1-ден 40-қа дейінгі химиялық элементтердің карточкаларымен оздігінен жүмыс үйымдастырылады. Элементгерді атомдық массаларынның осуі бойынша қасиеттері үқсастары бірінің астына екіншісі келетіндей етіп орналастыруға тапсырма беріледі.

Карточкалармен жүмыс істегенде оқушылар литийден неонға, натрийден аргонға дейінгі элементтердің атомдық массаларының артуына қарай: а) оттегі бойынша валенттіліктерінің ѳсуін; э) сутегі бойынша валенттіліктерінің кемуін; б) жай заттар қасиеттерінің





199

ѳзгеруін; в) оксидтері сипатының езгеруін; г) гидроксидтері сипатының ѳзгеруін салыстырады.

Элементтердің валенттіліктері ѳзгеруін график түрінде сызады. Одан байқалатыны элементтердің атомдық массалары ѳскенде оттек бойынша валенттілік литийден азотқа - бірден беске дейін, натрийден хлорға қарай 1-ден жетіге дейін артады. Бейметалдар түзетін ұшқыш сутеқ қосылыстарындағы валенттілік кѳміртегінен фторға, кремнийден хлорға қарай 4-тен 1-ге дейін кемиді. Литийден оттегіне дейінгі элементтердегі валенттіліқтің ѳзгерісін натрийден күқіртке дейінгі элементтер дэлме-дәл қайталайды.


Жай заттарды кѳрнекі қѳрсету арқылы металдық жэне бейметалдық қасиеттерін салыстырғанда ағрегаттық күйіне, түсіне, металдық жылтырлығына, элеқтр жэне жылу ѳтқізгіштіғіне назар аударылады. Соның нэтижесінде оқушылар заттардың физиқалық қасиеттерінің ѳзгеруі атомдық массалардың ѳсуіне периодты тэуелді болады дегсн қорытындыға келеді. Элементтердің оттегі жэне сутегімен эрекеттесуін керсететін химиялық қасиеттерін салыстыру да дэл осындай т.үжырымға әқеледі.

Бұдан соң оқушылар орналасу реті бойынша қарастырылып отырған элементтердің оқсидтерінің, негіздерінің жэне қышқылдарының формулаларын жазып, қасиеттерін салыстырады. Оқсидтер мен гидроқсидтердің құрамы мен қасиеттері заңды түрде ѳзгеретініне қѳздері жетеді. Негіздік оксидтер мен негіздердің қасиеттері кеміп, амфотерлі қасиет пайда болады, ол қышқылдық қасиетке ауысады.


Ѳзіндік жұмыстардың тапсырмаларын орындау нэтижесінде оқушылар салыстырмалы атомдық массаларының артуы бойынша орналастырылған элементтердің, олар түзетін жай жэне күрделі заттардың қасиеттері периодты түрде заңдылықпен ѳзгеріп, қайталанатыны туралы қорытындыға келеді. Осы қорытындыға сүйеніп, мұғалім периодтық заңның Д.И.Менделеев тұжырымдаған анықтамасын түсіндіреді. Периодтылықтың себебін білу үшін атом құрылысымен танысу қажеттігін айтады.


Оқушылар бірінші 20 элементтің карточкаларын ѳздері жасап, салыстырмалы атомдық массаларының осу реті бойынша орналастырғанда үш қатар пайда болғанын, екі элемент (калий, кальций) тѳртінші қатарға орналасқанын кѳреді. Мұғалім олардың периодтар деп аталатынын айтып, периодтық жүйе жѳніндегі ұғымды





200

енгізеді, кіші жэне үлкен периодтар, топ жэне топшалар туралы қысқаша түсінік береді. Соның нэтижесінде оқушыларда мынадай мэселелі сүрақтар туады:



    1. Химиялық элементтердің қасиеттеріндегі үқсастықтар мен айырмашылықтарды қалай түсінуге болады?




  1. Элементтердің қасиеттері неліктен периодты озгереді?




  1. Бір периодта коршілес орналасқан атомдық массалары жақын элементтердің қасиеттері эр түрлі, ал бір топта орналасқан атомдық массаларында айырмасы үлкен элементтердің қасиеттері үқсас болатыны неліктен?




  1. Элементтердің салыстырмалы атомдық массаларының болшек сан болып келетін себебі не?




  1. Атомдық массасы кіші болғанымен калийдің аргоннан кейін орналасатыны неліктен?

Бүл сүрақтардың жауабын оқушылар атом қүрылысымен танысу кезінде алады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет