Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет20/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

Құдасов Сейсенбай
аға ғылыми қызметкер,
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық 
Қазақ-түрік университеті
АРМЯН-ҚЫПШАҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ ТАРИХЫН 
ЗЕРТТЕУДЕГІ ОРНЫ
This article discusses the features of the basic word stock of the Armenian-Kipchak written 
monuments XVI–XVII centuries in comparison with the corresponding equivalents of the Kazakh 
language. Determined systemic phonetic and semantic matching or differences of vocabulary of 
these languages.
1. Қазіргі көптеген түркі халықтарының этникалық және тілдік тұрғыдан қалыптасуына 
ұйытқы болған қыпшақ ру-тайпаларының, қыпшақ тайпалық одақтарының, қыпшақ мәдениеті 
мен қыпшақ тілдерінің тарихтағы орны мен рөлі ғылыми зерттеулерде жеткілікті бағамда-
лып, бағаланбай келеді.
2. Қазақ әдеби тілінің тарихи қалыптасу, даму жолын айқындауда қыпшақ тіліндегі орта 
ғасыр жазба ескерткіштерінде көрініс тапқан тілдік деректердің орны мен рөлі ерекше. Қып-
шақ тілдерінің даму тарихындағы кезеңдердің бәрін қамтыған жазба мұралардың тапшылығы 
немесе олардың түрлі себептермен толық ғылыми айналымға енбегендіктері белгілі деңгейде 
қиындықтар туғызып отыр.
3. Араб, көне готика, көне армян, көне еврей, көне грузин жазуларымен хатталып, бүгінге 
жеткен ортағасырлық жазбалар тіліндегі кейбір дыбыстардың сапалық көрсеткіштерін 
анықтауда бірізділіктің болмауынан зерттеуші қай түркі тілінің өкілі болса, оларды сол тілге, 
сол халыққа тән мұра деп танып жүргендері жасырын емес.
4. XVI–XVII ғ. ғ. жеткен армян әліпбиімен жазылған қыпшақ тіліндегі жазба мұралар тілін 
қазақ әдеби тілі тарихы тұрғысынан зерттеу маңызды. Армян-қыпшақ ескерткіштері «Кодекс 
Куманикус» тілі мен қазіргі қыпшақ тілдерін жалғастырып жатыр. Мемлекеттік «Мәдени 
мұра» бағдарламасының аясында Қазақстанға әкелінген осы мол мұраның тілін қазіргі қыпшақ 
тілдерімен тарихи-генетикалық сабақтастық, диахрониялық тұрғысынан зерттеу, ареалдық 
белгілерін айқындау сияқты өзекті мәселелерге ғалымдар назарын аударуымыз қажет.
4. Өз дәуірінде Дунайдан Алтайға дейінгі аралықта халықаралық тіл қызметін атқарған 
қыпшақ тілінің аймақтық ерекшеліктері болғанымен, олардың негізі бір, тілдік құбылыстары 
ортақтығын және қазақ әдеби тілімен сабақтастығын түрлі дәуірлерде, түрлі әліпбилермен 
хатталып жеткен жазба дүниелерге жан-жақты, тиянақты зерттеулер жүргізу нәтижесінде 
нақтылап, айқындауға қол жеткізуге болады.


| 25


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет