| 23
яғни тілдерді классификациялауда тілдердің географиялық орналасуын негізге алу, ерекше рөл
атқарды. Шмидт географиялық көршіліктегі екі тілде жалпы тілдік қасиеттердің, белгілердің пайда
болуына әкелетінін айтып, бұл құбылыс кейін «тілдердің туыстасуы» (сродства языков) деп аталып,
«туыс тілдер» (родства языков) деген ұғымнан ерекшеленді. Тілдердің туыстасуы дегеніміз – екі
немесе бірнеше тілдің көрші, жақын, аралас-құралас тұруынан жалпы белгілер мен қасиеттердің
пайда болуы, яғни қазіргі «тілдік одақ» деген ұғымның негізі болды. Демек жоғарыда мазмұндарын
баяндаған ғылыми-теориялық ойлардың негізгі идеяларын орта ғасырлардағы туыс түркі тайпала-
рының тілдері бойынша да талдауға болады. Орта ғасырдағы түркі тілдері – интеграцияның, қазіргі
түркі тілдері – дифференциацияның нәтижесі.
Достарыңызбен бөлісу: