Оқу бағдарламасы. Әрбір модуль мен практика бойынша оқу бағдарламасына мыналар кіреді:
1) модуль/практика туралы қысқаша шолу;
2) оқыту нәтижелері және бағалау критерийлері.
Модульдің қысқаша шолуы модульдің мақсаты мен міндеттерін көрсетеді; оқыту нәтижесінде игерілуі қажет білім, білік және дағдылардың көлемін сипаттайды.
Оқыту нәтижелері мен бағалау критерийлері білім алушының оқу процесі аяқталғаннан кейін не білетіні, түсінуі және/немесе көрсете алатындығы және оның жетістіктерін қалай көрсететіні туралы нақты тұжырымдарды білдіреді.
Құзыреттіліктің, модульдің, оқыту нәтижелерінің және бағалау критерийлерінің өзара байланысы 9-суретте көрсетілген.
Сурет 9. Құзыреттіліктердің, оқыту нәтижелерінің және бағалау критерийлерінің өзара байланысы
Кәсіптік практиканың, оқыту нәтижелерінің және бағалау критерийінің өзара байланысы 10-суретте көрсетілген.
Сурет 10. Кәсіптік практиканың, оқыту нәтижелерінің өзара байланысы және бағалау өлшемдері
Кәсіптік құзыреттерді білім алушылар модульдер бойынша алған оқу нәтижелері және практикалық тәжірибе негізінде алады.
Оқыту нәтижелері құзыреттілік деңгейін білдіру құралы болып табылады; білім алушы модуль немесе практика бойынша оқыту бағдарламасын аяқтағаннан кейін не айта алатынын, көрсете алатынын, демонстрациялай алатынын тұжырымдау болып табылады.
Әрбір модуль немесе практика бойынша оқыту мазмұнының көлеміне қарай оқытудың бірнеше нәтижесіне қол жеткізу жоспарлануда. Бұл ретте оқытудың әрбір нәтижесіне оқу нәтижелеріне қол жеткізуді көрсету үшін жеткілікті бағалау өлшемшарттары айқындалады.
Бағалау критерийлері бағалауға болатын нақты білім, дағдылар түрінде сипатталады.
Модульдің мазмұны әртүрлі пәндердің, өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың бөлімдері мен тақырыптарын қамтиды. Осыған байланысты оқу бағдарламасында белгілі бір модульге кіретін пәндердің атаулары көрсетілген.
Оқу бағдарламасы ұсынылған нысанға сәйкес қалыптастырылады (18-кесте).
Кесте 18. Оқыту нәтижелері және бағалау критерийлері
Достарыңызбен бөлісу: |