Қ азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «talap» коммерциялық емес акционерлік қОҒамы


Білім алушыларға ағымдық бақылау және аралық аттестаттау жүргізу



бет34/131
Дата10.10.2022
өлшемі7.11 Mb.
#462285
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   131
ОӘК Кәсіптік білім беру педагогы

Білім алушыларға ағымдық бақылау және аралық аттестаттау жүргізу. Білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды өткізудің нысандарын, тәртібін және кезеңділігін дербес таңдайды.
Ағымдағы бақылау пәндер және (немесе) модульдер бойынша практикалық және семинарлық сабақтар жоқ болған жағдайда, оқытушының оқу бағдарламасында көзделген міндетті бақылау жұмыстарын (жазбаша тапсырмалар, рефераттар) тексеруі арқылы, оның ішінде оқытудың жеке траекториясын ескере отырып жүзеге асырылады.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғалардың пәндер және (немесе) модульдер бойынша үлгеріміне ағымдағы бақылау психофизикалық даму ерекшеліктері ескеріле отырып жеке тапсырмалар бойынша өткізіледі.
Қашықтықтан оқыту (бұдан әрі -ҚО) арқылы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау жүргізу:
1) білім алушы мен оқытушының телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып онлайн немесе офлайн режимінде тікелей қарым-қатынасы;
2) автоматтандырылған тестілеу кешендері;
3) жеке тапсырмаларды тексеру (білім алушылардың электрондық поштасына, мессенджерлеріне тапсырмалар беру) арқылы жүзеге асырылады.
Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүргізу нысандарын педагог оқу материалының мақсатын, мазмұнын ескере отырып анықтайды.
Міндетті бақылау жұмыстары болмаған кезде оқу жоспарына сәйкес дәріс курсымен шектелетін пәндер және (немесе) модульдер бойынша үлгерімді ағымдағы бақылау жүзеге асырылмайды. Мұндай пәндердің және (немесе) модульдердің тізбесін білім беру ұйымдарының алқалы органы айқындайды.
Пәндердің және (немесе) модульдердің тізбесін және білім алушыларды аралық аттестаттаудан өткізу нысанын жұмыс оқу жоспарларына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары белгілейді және оқу жылының басында оқу процесінің кестесіне енгізіледі.
ҚО арқылы аралық аттестаттау өткізу кезінде мынадай нысандар қолданылады:
1) тапсырманы орындауға кететін уақытты шектеу мүмкіндігі бар автоматтандырылған тест жүйелерін қолдана отырып тестілеу;
2) жеке жобаны орындау (онлайн, офлайн);
3) практикалық, шығармашылық тапсырманы орындау (онлайн, офлайн);
4) емтиханды онлайн режимінде тапсыру (ауызша немесе жазбаша түрде).
Жалпы білім беретін пәндер бойынша аралық аттестаттау: тіл, әдебиет, Қазақстан тарихы, математика және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары таңдаған пән бойынша емтихан өткізуді көздейді.
Білім алушыларға жұмысшы біліктілігін беруге арналған аралық аттестаттау өткізу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшысының бұйрығымен біліктілік комиссиясы құрылады.
Жұмысшы біліктілігін беру туралы куәлік беру туралы шешім осы біліктілік бойынша жұмыс түрлерін орындау жөніндегі біліктілік емтиханы негізінде қабылданады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау, практика бойынша есептер, сынақтар және емтихандар нысанында жүзеге асырылады, бұл ретте сынақтар мен курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау емтихандар басталғанға дейін өткізіледі.
Курстық жобалар (жұмыстар) аталған пән және (немесе) модуль бойынша курстық жобаны (жұмысты) орындау үшін жеткілікті білімді меңгеруді қамтамасыз ететін пәннің және (немесе) модульдің теориялық бөлімі немесе тарауы аяқталғаннан кейін орындалады.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларды аралық аттестаттау емтихандар және/немесе сынақтар нысанында өткізіледі.
Егер ағымдағы семестрдің оқу жоспарында аталған пән және (немесе) модуль бойынша емтихан немесе қорытынды сынақ түрінде аралық аттестаттау қарастырылмаса, сынақтар келесі семестрге ауысқан пәндер және (немесе) модульдер бойынша өткізіледі. Сараланған бағалармен ("үздік", "жақсы", "қанағаттанарлық" және "қанағаттанарлықсыз") өткізілетін сынақтар курстық жобалар (жұмыстар), кәсіптік практика бойынша, сондай-ақ тізбесі оқу жұмыс жоспарына сәйкес айқындалатын арнайы пәндер және (немесе) модульдер бойынша жүргізіледі.
Білім алушыларды аралық аттестаттау материалдары әрбір оқу пәнінің және (немесе) модульдің оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының негізінде жасалады.
Білім алушыларды аралық аттестаттауға даярлау кезеңінде консультацияға бөлінген жалпы бюджет уақыты есебінен консультация өткізіледі.
Білім алушыларды емтихан нысанында аралық аттестаттаудан өткізу үшін:

  1. емтихан билеттері (емтихандық бақылау тапсырмалары), тест тапсырмалары, ситуациялық тапсырмалар;

  2. емтихан кезінде пайдалануға рұқсат берілген көрнекі құралдар, анықтама сипатындағы материалдар, нормативтік құжаттар мен техника үлгілері;

  3. оқу және технологогиялық карталар;

  4. спорт залдары, жабдықтар, мүкәммалдар;

  5. емтихан ведомосы дайын болуы қажет.

Аралық аттестаттауды (емтихандар мен сынақтарды қабылдау) оқытушы және (немесе) аталған пән және (немесе) модуль бойынша семестр бойы сабақ берген оқытушылар не білім беру ұйымы басшысының тапсырмасы бойынша осы пәннің және (немесе) модульдің бейініне сәйкес келетін біліктілігі бар оқытушы жүзеге асырады.
Аралық аттестаттауға әрбір пән және (немесе) модуль бойынша оқу жұмыс жоспарлары мен білім беру бағдарламаларына сәйкес барлық практикалық, зертханалық, есептік-графикалық және курстық жұмыстарды (жобаларды), сынақтарды толық орындаған және ағымдағы білім есебінің қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз бағасы жоқ білім алушылар жіберіледі.
Емтиханға 1-2 пәннен және (немесе) модульден қанағаттанарлықсыз бағасы бар білім алушы білім беру ұйымы басшысының рұқсатымен, ал екеуден көп қанағаттанарлықсыз бағасы болса, педагогикалық кеңестің шешімімен жіберіледі.
Аралық аттестаттауды өткізу кезінде емтихан билеттері бойынша тапсырмаларды орындау үшін:

  • әрбір білім алушыға ауызша емтиханға 25 (жиырма бес) минуттан көп емес;

  • жазбаша емтиханды өткізуге:

1) әдебиет (шығарма) бойынша 6 астрономиялық сағаттан;
2) математика және арнайы пәндер және (немесе) модульдер бойынша 4 академиялық сағаттан;
3) мемлекеттік тіл және орыс тілі (мазмұндама) бойынша 3 астрономиялық сағаттан;
4) мемлекеттік тіл және орыс тілі бойынша (диктант) 2 астрономиялық сағаттан көп емес уақыт бөлінеді.
Жазбаша емтихан жұмыстары (тест тапсырмалары) білім беру ұйымының мөртабаны қойылған қағаздарда орындалады.
Тыңдауға, оқу жұмыстарын қарауға, спорт көріністеріне байланысты арнайы пәндер, модульдер бойынша емтихандарды тиісті әдістемелік пәндік және циклдық комиссиялардың, кафедралардың, бөлімдердің оқытушылары қабылдайды. Оларды өткізу үшін нақты жұмсалатын, бірақ бір оқушыға бір академиялық сағаттан аспайтын уақыт қарастырылады

Төрт баллдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келетін оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі



Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдың сандық баламасы

Пайыздық баға

Дәстүрлі жүйе бойынша



А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы



В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық



С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет