Қ азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «talap» коммерциялық емес акционерлік қОҒамы



бет50/131
Дата10.10.2022
өлшемі7.11 Mb.
#462285
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   131
ОӘК Кәсіптік білім беру педагогы

II. Оқу жұмыс жоспарын құру
Оқу жұмыс жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жасалады.
Жұмыс оқу жоспары келесі құрылымды қамтиды:
- титул парағы;
- оқу процесінің кестесі;
- уақыт бюджеті туралы жиынтық мәліметтер;
- оқу процесінің жоспары;
- оқу жоспарына түсіндірме жазба.
Титул парағы мамандықтың (біліктіліктің) коды мен атауы, келісу және бекіту грифі көрсетілген жұмыс оқу жоспарының бірінші беті болып табылады.
Мамандықтың (біліктіліктің) коды мен атауы техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының қолданыстағы сыныптауышына сәйкес көрсетіледі.



Сурет 5. Титул парағының үлгісі


Оқу процесінің кестесі модульдер мен дипломдық жобалау бойынша оқу кезеңін, аралық және қорытынды аттестаттау мерзімдерін, сондай-ақ демалыс пен мереке күндерінің ұзақтығын көрсете отырып, оқу жылдары мен семестрлері бойынша құрылады (сурет 6).

Сурет 6. Оқу процесі кестесінің үлгісі

Уақыт бюджеті бойынша жиынтық деректерде аптадағы оқу жұмысының түрлері көрсетіле отырып, курстар бойынша уақыт бюджетінің негізгі сипаттамалары айқындалады. Оқу процесінің кестесі негізінде толтырылады.
Уақыт бюджеті бойынша жиынтық деректер нысаны 8-кестеде көрсетілген.


Кесте 8. Уақыт бюджеті бойынша жиынтық деректерді толтыру үлгісі



Оқу процесінің жоспары модульдер мен оқу пәндерінің тізбесін, бақылау нысанын, оқу семестрлерін көрсете отырып, модульдерге біріктірілген пәндер бойынша оқу уақытының көлемін реттейді (7-сурет).
Сурет 7. Оқу процесі жоспарының нысаны




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет