Қ азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «talap» коммерциялық емес акционерлік қОҒамы



бет51/131
Дата10.10.2022
өлшемі7.11 Mb.
#462285
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   131
ОӘК Кәсіптік білім беру педагогы

Оқу жоспарына түсіндірме жазба оқу процесін ұйымдастырудың, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің ерекшеліктерін көрсетеді, оқу жоспарының жекелеген ережелерін ашады және нақтылайды.
Оқу жоспарына түсіндірме жазбаның мазмұны төмендегідей жалпы ережелерді қамтуы мүмкін:
- модульдерді оқыту ерекшеліктері;
- оқыту және бақылау әдістері мен тәсілдері;
- өндірістік оқыту мен практиканы ұйымдастыру;
- аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру;
- консультациялар мен факультативтік сабақтар өткізу;
- және басқа.
Білім беру бағдарламасының паспортын ресімдеу және ТжКБ мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу алгоритмі
ҚР БҒМ 130 бұйрығы-ТжКБ ұйымдары педагогтарының жүргізуі үшін міндетті құжаттарды толтыру бойынша ұсынымдар.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесі
Педагогтер құжаттарды қағаз және/немесе электрондық (білім беру ұйымы электрондық жүйеге қосылған кезде) форматтарда толтырады.
1. Жалпы білім беретін, арнайы пәндер оқытушысы, өндірістік оқыту шебері:
- күн сайын оқу процесінің кестесі мен кестесіне сәйкес келесі құжаттарды әзірлейді / жүргізеді:
1) оқу сабағының жоспары (теориялық немесе өндірістік оқыту) (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);
2) теориялық оқытуды есепке алу журналы, жеке сабақтарды есепке алу журналы, өндірістік оқытуды есепке алу журналы (қағаз немесе электрондық форматта);
- білім алушыларды аралық аттестаттау/ кредиттік және (немесе) модульдік оқыту технологиясы бойынша білім алушыларды аралық аттестаттау кезінде келесілерді толтырады:
1) емтихан ведомосы (қағаз немесе автоматтандырылған жүйеден шығару жолымен электрондық форматта);
2) емтихан ведомосы (кредиттік және (немесе) модульдік оқыту технологиясы бойынша білім алушыларды аралық аттестаттау үшін) (қағаз немесе автоматтандырылған жүйеден шығару жолымен электрондық форматта);

  • жылына бір рет оқу жылының басында:

  1. пән/модуль/ өндірістік оқыту және кәсіптік практика бойынша оқу жұмыс бағдарламасын (қағаз немесе электрондық форматта) әзірдейді,

2. Оқу тобының жетекшісі (куратор):
жылына бір рет оқу жылының басында:
1) топта оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары (қағаз немесе электрондық форматта) әзірлейді.
3. Әлеуметтік педагог:
ай сайын оқу жылы бойы жүргізеді:

  1. девиантты мінез-құлықты білім алушыларды есепке алу журналы (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);

жылына бір рет оқу жылының басында:

  1. Әлеуметтік педагогтың оқу жылына арналған жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында) әзірлейді.

4. жатақхана тәрбиешісі:
жылына бір рет оқу жылының басында:
1) жатақхана тәрбиешісінің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында) әзірлейді.
5. Оқу бөлімінің меңгерушісі:

  • ай сайын толтырады:

1) педагогтің әрбір айға арналған оқу жұмыс уақытын есепке алу ведомосі (сағатпен және (немесе) кредиттермен) (қағаз немесе автоматтандырылған жүйеден шығару жолымен электрондық форматта);

  • қажеттілігіне қарай оқу жылы бойы:

1) білім алушылар контингенті бойынша бұйрықтарды тіркеу кітабы (қағаз және / немесе word немесе pdf электрондық форматында);
2) білім алушылардың атаулы кітабы (қағаз немесе автоматтандырылған жүйеден шығару жолымен электрондық форматта);
3) академиялық анықтама беру кітабы (қағаз және/немесе word немесе pdf электрондық форматында);
4) дипломдардың телнұсқаларын беру кітабы (қағаз және/немесе word немесе pdf электрондық форматында);

  • жылына бір рет оқу жылының басында келесі рәсімдеуді ұйымдастырады:

1) білім алушының үлгерім кітапшасы (қағаз және/немесе word немесе pdf электрондық форматында);;
2) білім алушының студенттік билетін;

  • жылына бір рет оқу жылының соңында келесілерді толтырады:

1) диплом бланкілерін есепке алу журналы;
2) диплом беру кітабын (қағаз немесе автоматтандырылған жүйеден шығару жолымен электрондық форматта) ұсынады.
6. Бөлімше меңгерушісі:

  • жылына бір рет оқу жылының басында:

  1. бөлім меңгерушісінің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын әзірлейді.

7. Басшының оқу, оқу - әдістемелік немесе оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:

  • жылына бір рет оқу жылының басында:

1) педагогикалық кеңестің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық Word немесе pdf форматында);
2) оқу жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық Word немесе pdf форматында);
3) педагогтардың тарификациялық тізімін (қағаз және / немесе электрондық форматта);
4) оқу жылына арналған жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық Word немесе pdf форматында);
5) оқу жылына арналған колледжішілік бақылау жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында) әзірлейді;

  • жылына бір рет оқу жылының соңында келесіні толтырады:

1) педагогтің жыл ішіндегі оқу уақытын есепке алу ведомосін (сағатпен және (немесе) кредитпен) (қағаз немесе автоматтандырылған жүйеден шығару жолымен электрондық форматта).
8. Басшының оқу-әдістемелік, ғылыми - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары:

  • жылына бір рет оқу жылының басында:

1) оқу жылына арналған оқу-әдістемелік жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);
2) кәсіби өсу үшін оқытушыларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жоспарын әзірлейді.
9. Басшының тәрбие немесе оқу - тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:

  • жылына бір рет оқу жылының басында:

  1. оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында).

10. Басшының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары:

  • жылына бір рет оқу жылының басында:

  1. оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесін ақпараттандыруды дамыту жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлейді.

11. Басшы (директор):

  • оқу жылының басында бір рет:

жұмыс жоспарын (қызмет бағыттары бойынша), колледжішілік бақылау жоспарын, жұмыс оқу жоспарын (word немесе pdf қағаз немесе электрондық форматтарында) бекітеді.
Педагогикалық және әдістемелік кеңестер отырыстарының хаттамалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында) сәйкес жүргізіледі.
Педагогикалық кеңестің отырыстарын өткізу кезеңділігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 қазандағы № 506 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4993 болып тіркелген) бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларында айқындалған.
Әдістемелік кеңестің отырыстарын өткізу кезеңділігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5090 болып тіркелген) бекітілген әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларында айқындалған.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының жүргізуі үшін міндетті құжаттардың нысандары ҚР БҒМ 06.04.2020 ж. №130 бұйрығының қосымшаларында ұсынылған.

Жұмыс оқу жоспарының үлгісі






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет