Қ азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «talap» коммерциялық емес акционерлік қОҒамы


Жеке сабақтарды есепке алу журналы



бет53/131
Дата10.10.2022
өлшемі7.11 Mb.
#462285
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   131
ОӘК Кәсіптік білім беру педагогы

Жеке сабақтарды есепке алу журналы. Журналдағы беттер саны оқу жоспарына сәйкес оқытылатын пәндер және (немесе) модульдер санына және оларды оқыту ұзақтығына байланысты оқу сабақтары журналының бланкілерін басу кезінде белгіленеді.
Жеке сабақтар сағаттарын есепке алу журналын жүргізу қағидалары:
1. Журнал жеке сабақ жүргізуді есепке алу мен қорытынды жасаудың негізгі құжаты болып табылады.
2. Журналды оқытушы педагогикалық жүктемесіне сәйкес толтырады және ол бір оқу жылына есептелген.
3. № 5.1.1-нысан бойынша білім алушылардың сабаққа қатысуы мен ағымдағы үлгерімі есепке алынады, жұмсалған сағат саны мен сабақ өткізу күні жазылады. Сабақта болмаған білім алушы "ж" әрпімен белгіленеді.
4. Білім алушылардың аты-жөнін журналдағы тізімге қосуды, сондай-ақ тізімнен алуды директордың тиісті бұйрығы шыққаннан кейін оқу бөлімі жүргізеді. Бұйрықтың номірі мен күні білім алушының аты-жөнінің тұсына жазылады.
5. № 5.1.2-нысанда оқытушы оқу жылына берілген сағаттар жиынтығын жасау үшін, ай сайын орындалған сағаттарды жазып отырады.
6. Журналдағы барлық жазбалар анық, ұқыпты, көк түсті ұшы дөңгеленген сиямен жүргізіледі. Түзетулерге тыйым салынады.
7. Журналдың жүргізілуін бақылауды бөлім меңгерушілері, директордың оқу және (немесе) оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары жүзеге асырады. Ескертулер мен ұсыныстар журналдың соңындағы тиісті парақта жазылады.


Өндірістік оқытуды есепке алу журналы. ҚР БжҒМ 06.04.2020 ж. №130 бұйрығына сәйкес өндірістік оқытуды есепке алу журналы екі нұсқада ұсынылады:
- педагогикалық мамандықтар үшін;
- техникалық және гуманитарлық мамандықтар үшін;
- шығармашылық мамандықтар үшін.
Беттердің саны оқу жоспары мен бағдарламаларына байланысты журнал бланкілерін басу кезінде белгіленеді.
Өндірістік оқытуды есепке алу журналын жүргізу қағидасы
1. Журнал өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы есепке алуға және өндірістік оқыту мен кәсіптік практика қорытындыларын шығаруға арналған қатаң есептіліктегі құжат болып табылады.
2. Журналды өндірістік оқыту шебері және (немесе) оқытушы бір оқу тобына жүргізеді және бір оқу жылына есептелген.
3. Журналдағы барлық жазбалар анық және ұқыпты, түзетусіз, көк түсті қаламсаппен толтырылады.
4. Оқу-өндірістік шеберханалардағы өндірістік оқытуды есепке алу журналын (№ 6.2 нысан) практика жетекшісі (өндірістік оқыту шебері, оқытушы немесе әдіскер) сабақ өткізілетін күні толтырады. Тақырыптардың атауы және олар бойынша орындалған оқу-өндірістік жұмыстардың қысқаша мазмұны, жұмсалған сағаттар саны жазылады. Білім алушылардың сабақтан себепсіз қалуы "ж" әрпімен белгіленеді.
5. № 6.2 нысанда журналдың оң жақ бетіндегі сабақ тақырыптарының жазбалары арасында бос жол және сол жақ беттегі күндер арасында бос торкөзді қалдыруға рұқсат етілмейді.
6. Журналдың жүргізілуін бақылауды білім беру ұйымының басшысы, директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, өндірістік оқыту және кәсіптік практика мониторингін – аға шебер немесе практика жетекшісі жүзеге асырады.
Ескертулер мен ұсыныстар журналдың соңында тиісті парақта жазылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет