Қ азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «talap» коммерциялық емес акционерлік қОҒамы



бет68/131
Дата10.10.2022
өлшемі7.11 Mb.
#462285
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   131
ОӘК Кәсіптік білім беру педагогы

«Педагог-сарапшы»

Тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен адамдар, кемінде үш жыл педагогикалық өтілі бар адамдар.

1. "педагог-модератор" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді;
2. ұйымдастырылған оқу қызметін, оқу-тәрбие процесін талдау дағдыларын меңгерген;
3. білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын сындарлы түрде айқындайды;
4. білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған;
5. аудандық / қалалық деңгейдегі "үздік педагог" атағына ие болғандар;
6. WorldSkills облыстық чемпионаттарының жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған;
7. білім беру мазмұнын сараптау Республикалық ғылыми-практикалық орталығының "сарапшылардың электрондық базасына" сәйкес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылар құрамына кіретін;
8. облыс, ел телевидениесінде трансляциялау үшін енгізілген бейне, телесабақтар дайындаған.
9. Жоғары оқу орнынан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқандар, кемінде екі жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар.
10. Білім беру ұйымдарына өндірістен, бейінді ұйымдардан (білім беру ұйымдарына кадрлар даярлау бейініне сәйкес келетін ұйымдар, мекемелер және кәсіпорындар) педагогикалық жұмысқа ауысқан, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар қатыса алады.
11. Бейіндік пән бойынша халықаралық дәрежедегі кандидат немесе спорт шебері болып табылатын тұлғалар.
12. Бейіні бойынша ең жоғары біліктілік разряды бар өндірістік оқыту шеберлері.

4



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет