Қ азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «talap» коммерциялық емес акционерлік қОҒамы


Демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру және өткізу



бет36/131
Дата10.10.2022
өлшемі7.11 Mb.
#462285
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   131
ОӘК Кәсіптік білім беру педагогы

Демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру және өткізу. Бүгінгі күні білім алушылардың біліктілігін беру рәсімінің бір нысаны ретінде WorldSkills кәсіби стандарттарын ескере отырып, құзыреттер бойынша демонстрациялық емтихандар болып табылады.
Емтихан топтарын қалыптастыруды, сарапшыларды келісу және тағайындау рәсімдерін, ЭДДО-ны бағалауды, тапсырмаларды таңдауды, сондай-ақ демонстрациялық емтихан нәтижелерін өңдеу мен мониторингілеуді қоса алғанда, демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру және өткізу процестері CIS және/немесе EDUWSK электрондық жүйесінде жүзеге асырылады.
ТжКБ жүйесінде WorldSkills Kazakhstan талаптарын пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында мынадай міндетті шарттар белгіленген:
Демонстрациялық емтихан өткізу кезінде бірыңғай ақпараттық жүйені қолдану: демонстрациялық емтиханның барлық қатысушылары мен сарапшылары "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы N 94-V Заңының талаптарын ескере отырып, E-mail және/немесе EDUWSK жүйесінде тіркелуі тиіс.
Бірыңғай бағалау материалдары мен тапсырмаларын қолдану: демонстрациялық емтихан құзыреттіліктің техникалық сипаттамасын, инфрақұрылымдық парақты, бағалау өлшемшарттарын, емтихан тапсырмаларын білдіретін бағалау құжаттамасының жиынтығын (бұдан әрі - КОД) пайдалана отырып жүргізіледі.
КОД құрамына тапсырманың демонстрациялық нұсқасы (үлгі) кіреді.
КОД демонстрациялық емтихан өткізуге шешім қабылдаған ұйым арқылы әзірлейді және бекітеді;
Тапсырманың көрсету нұсқасын қоса алғанда, кодты осы әдістемелік ұсынымдарда белгіленген тәртіпке сәйкес сарапшы-ұйымдастырушылар жыл сайын 2 айдан кешіктірмей әзірлейді;
ТжКБ ұйымдарына сарапшы-ұйымдастырушы әзірлеген КОДты ТжКБ ұйымдарының үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкестігі бөлігінде келісу (сараптамалық қорытынды алу) үшін Республикалық оқу-әдістемелік бірлестікке және/немесе WorldSkills ұлттық операторына жіберу ұсынылады;
Кәсіпорын қызметкерлеріне арналған демонстрациялық емтиханының КОДы WorldSkills Ұлттық операторымен келісіледі;
КОД WorldSkillsKazakhstan чемпионаттарының конкурстық тапсырмалары негізінде және/немесе жұмыс берушілердің, кәсіби стандарттардың талаптарына сәйкес әзірленеді;
ЕҚ және ҚТ жөніндегі құжаттаманы ДЕӨО (демонстрациялық емтихан өткізу орталығы) әзірлейді және бекітеді. ДЕӨО емтиханның технологиялық жабдықталуының ЕҚ және ҚТ нормаларына сәйкестігі үшін толық жауапты болады. Барлық қатысушылар мен сарапшылар WorldSkillsKazakhstan қозғалысының этика Кодексімен, құзыреттің техникалық сипаттамасымен, КОД үлгісімен, басқа да регламенттеуші құжаттармен дербес танысуға тиіс.
Демонтсрациялық емтиханын өткізу алаңдарына қойылатын бірыңғай талаптар:
- Демонстрациялық емтихан тапсырмаларын орындау және оларды бағалау рәсімі демонстрациялық емтихан өткізу орталықтарының (ДЕӨО) алаңдарында жүзеге асырылады.
- ДЕӨО ретінде кәсіпорындар болуы мүмкін.
Демонстрациялық емтиханды бағалауға арналған емтихан комиссиясы, техникалық сарапшы және емтихан тобы:
Демонстрациялық емтиханды бағалау үшін емтихан комиссиялары әрбір базалық алаңда (ДЕӨО) құрылады.
Емтихан комиссиясы ұйымдастырушы Сарапшыдан және құрамына басқа өңірлерден тәжірибелі сарапшылар кіруі мүмкін Сараптама тобынан құрылады.
Комиссияны жұмыс берушінің өкілі басқарады, жауапты хатшы-ұйымдастырушы сарапшы, ол күн сайын демонстрациялық емтихан нәтижелерін CIS жүйесіне енгізеді.
Емтихан комиссиясының құрамы білім беру ұйымы директорының немесе өткізу базасының бұйрығымен бекітіледі.
Демонстрациялық емтихан өткізу кезеңінде ДЕӨО жабдықтың техникалық жай-күйі және оны пайдалану, емтихан алаңы инфрақұрылымының жұмыс істеуі, сондай-ақ алаңға қатысқан барлық адамдардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидалары мен нормаларын сақтауы үшін жауапты техникалық сарапшы тағайындалады.
Техникалық сарапшы емтихан тапсырмаларын орындауды бағалауға қатыспайды, сараптама тобының мүшесі болып табылмайды және CIS және/немесе EDUWSK жүйесінде тіркелмейді
Емтихан тобы болып бір құзыреттілік бойынша бір ауысымда емтиханды бір ДЕӨО алаңында тапсыратын бір оқу тобынан емтихан тапсырушылар тобы табылады. Бір оқу тобы бірнеше емтихан топтарына бөлінуі мүмкін.
Егер белгілі бір КОДқа сәйкес емтихан, бір емтихан тобы үшін тапсырманы екі немесе одан да көп күн ішінде орындау қажет болса, емтихан күндері үзіліссіз жүйелі түрде өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет