II. Қорытынды
Курстық жұмысымды қорытындылай келе, мен алға қойылған мақсаттар мен міндеттерімді орындадым деп санаймын. Осы курстық жұмыта алға қойған міндеттерім, яғни микробтарға қарсы және паразиттерге қарсы қолданылатын препараттарға жалпылама сипаттама бердім және олардың жіктелуі мен әсер ету механизмін зерттеген болатынмын. Микробтардың ішінде әр түрлі патогенді және патогенді емес бактериялар болады, олар түрлі аурулар туыдырып, кейбіреулері өлімге де шалдықтырады. Дәл сол секілді паразиттер де түрлі инвазиялық ауруларды қоздырады. Паразитарлық ауруларда міндетті түрде аралық иелерін білу маңызды. Олардың қай сатысына қандай дәрілік заттар қолданылатынын, қандай дозада әсер ету керектігін білу шарт. Өйткені дозасы артық болып кетсе, ол жануардың организмінде токсикологиялық әсер тудырып, тіпті өліммен аяқталуы да мүмкін. Егер артық дозада әсер етілген болса, оған қарсы қолданылатын антидотты міндетті түрде жануарға беру қажет.
Микробтарға қарсы қолданылатын дәрілік заттардың өзі бірнеше классификацияға жіктеледі. Әрқайсысының әсер ету механизмдері, қоздырғышқа әсері түрліше болып келеді. Ең негізгі әсер етуші түрлері ол - бактерилитикалық және бактериостатикалық екенін курстық жұмысымда сипаттап кеткен болатынмын. Паразиттердің тіршілігін жоюға бағытталған дәрілік заттардың да жіктелу түрлері бар. Жалпы паразиттерге қарсы қолданылатын заттарды антигельминтикалық заттар деп атаймыз. Олар да паразиттің биологиялық ерекшелігіне, құрылымына және тіршілік ететін жеріне байланысты түрліше әсер етеді. Бір дәрілік препараттар гельминттің жұмыртқасына ғана әсер етсе, енді біреулері личинкасына әсер етуі мүмкін. Жалпы паразитарлық дәрілерді пайдаланудың маңызы зор болып саналады. Өйткені олар мал организмінде паразиттік тіршілік ете отырып, жануардың резистенттілігін төмендетеді, ұлпалардағы қоректік заттармен қоректеніп, зат алмасу процесін бұзады, уытты әсер етіп, түрлі аллергиялық реакцияларды тудырады, механикалық зақымдануларға шалдықтырады, мүшелердің функциональдық қызметін бұзады, малдың өнімін төмендетіп жібереді.
Микробтарға және паразиттерге қарсы қолданылатын препараттардың маңызы өте зор. Өйткені олар малдардың қоңдылығын тез арада арттыруға, жануарлардың өлімінің және ауру малдар санының кемуіне , малдарды емдеуге кететін шығынның азаюына септігін тигізеді. Осылардың барлығы оларды қолданудың экономикалық тұрғыдан зор қажеттілігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |