Қ азақстан республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі



бет4/8
Дата07.12.2022
өлшемі69.56 Kb.
#466710
1   2   3   4   5   6   7   8
микробтарға және паразиттерге қарсы қолданылатын заттар

Фенол -түссіз, ірі призма тәрізді кристалды заттар, өзіне тән иісі бар. Фенолдардың ең негізгі қасиеті - бактериостатикалық әсер, ал бактерилитикалық әсері онша емес. Оның 0,5-1% ерітінділері шіруді тоқтаып, микроорганизмдердің дамуына жол бермейді., ал 2% концентрациясы 5-10 минуттың ішінде микроорганизмдердің вегетативтік формаларының өсуін тоқтатады.
Фенилсалицилат -салицил қышқылы мен фенолдың әсерлесуі арқылы алынған зат. Ақ түсті кристалды ұнтақ немесе ұсақ түссіз кристалдар.
Фенилсалицилат өздігінен әсер етпейді, ішке қабылдағаннан кейін ондағы негізді ортаның әсерінен салицил қышқылы мен фенолға ыдырап бактериостатикалық әсер етеді. Негізінен салол ішке дезинфекция үшін және аш ішектегі ашу құбылысын төмендету үшін қолданады. Жараның экссудатына ол антисептикалық әсер етеді, оны ұнтақ немесе спирттегі ерітінділер түрінде ойық және қуыс жаралар кезінде қолдану жақсы нәтиже береді.
Креолин -құрамында фенолкрезолдар, қаныққан және қанықпаған көмірсутектер , қарамай қышқылдары және пиридин негіздері бар препараттар. Бактерицидті және инсектицидті зат ретінде қолданады. Креолиннің 1% ерітіндісімен шошқалардың тілме және тауықтардың тырысқақ ауруларының қоздырғыштарына бірнеше минут қана әсер еткеннің өзінде-ақ олар өсуін тоқтатады. Дәл осылай креолин топалаң, маңқа ауруларының қоздырғыштарына және стрептококтар мен стафилококтарға да әсер етеді, бірақ бұлар үшін креолиннің концентрациясы 5-10 есе көп, ал әсер ету уақыты ұзағырақ болуы керек. Жоғарыда айтылған қоздырғыштарға қарағанда креолинге туберкулез таяқшасы төзімділеу келеді, бірақ креолиннің 3% ерітіндісімен 10 минут әсер еткенде, оларда өсуін тоқтатады.
Дәрілік бояулар тобы - микробтарға қарсы әсері фармакологиялық тұрғыдан өте маңызды заттар екендігі бұрыннан-ақ белгілі болған. Бояуларды қарапайымдыларға, микробтарға және қабынуға қарсы қолданады. Бояулардың химиотерапевтік және химиопрофилактикалық әсерінің негізінде олардың қоздырғыштардың тікелей өзіне немесе жануарлар организмі арқылы әсер етуі жатыр.
Препаратты аурудың бастапқы кезінде қолданғанда ғана олардың қоздырғыштарға әсері нәтижелірек болады, сонымен қатар олардың емдік нәтижесін арттыратын барлық шарттар сақталатын жағдайлар жасалуы керек барлық химиотерапевтік бояуларды олардың уытты мөлшеріне жақындатып қолданады, сол себепті олармен бірге орталық жүйке жүйесіне, жүрек қан тамыры және зат алмасу жүйесіне әсер ететін заттарды бірге қосып береді.
Дәрілік бояулар қоздырғыштардың дамуын әлсіретеді, ондағы витаминдердің ,ДҢҚ , РНК және белок синтезін бұзады, сонымен бірге энзимдердің сульфагидрильді тобының реакциясын төмеңдетіп, торша мембранасының қызметін бұзады.
Флавакридин гидрохлориді -иіссіз, дәмсіз, сарғыш-қызыл немесе қоңыр-қызыл түсті кристалды ұнтақ , судың 3 және 60% спирттің 2 бөлігінде жақсы ериді. Флавакридин белсенді түрде әсер ететін микробтарға және қарапайымдыларға қарсы қолданатын зат. Органикалық заттардың қан сары суы, жараның сұйығы жараның сұйығы және т.б. қатысуымен олардың белсенділігі едәуір артады, сонымен бірге ұлпаларға жақындатқанда олардың кілегейлі қабықтарына және жараның жазылуына қолайсыз әсер болмайды.
Этакридинді лактат -сары түсті , ұсақ кристалды, аздап ащы дәмі бар, иіссіз кристалды ұнтақ. Этакридин өте күшті микробқа қарсы қолданатын зат. Ол пирогенді кокктардың, дифтерия таяқшасының , алтын түстес стафилококтардың өсуін тоқтатады. Препараттардың жануарлар үшін уыттылығы онша емес.
Препарат жаралар мен кілегей қабықтарға тереңдей сіңіп, бір күнге дейін сақталады, осы мерзім ішінде оның белсенділігі едәуір артады.
Нитрофурандар -сутегі атомы бесінші қалыптағы нитро топшамен ауысқан фуран туындыларының үлкен бір тобы.
Нитрофурандардың ең маңызды ерекшелігі - олардың микробтарға әсері кең және ауқымдылығында, сонымен бірге олардың сульфаниламидтер мен антибиотиктерге төзімді микробтарға өлтіре әсер ететіндігінде .
Нитрофурандардың әсері олардың концентрациясы мен әсер ету мерзіміне байланысты кеелді. Олардың концентрациясы жоғары болып әсер ету мерзімі ұзарған сайын, микробтарға қарсы әсері күшті, әрі сенімді болады. Олардың төменгі мөлшерінен болатын әсер - бактериостатикалық та, ал жоғары мөлшерінен болатын әсер - бактериолитикалық келеді. Микробатр торшасындағы тыныс алу құбылысы жақсы жүрген сайын , нитрофурандардың микробтарға қарсы әсері күшті әрі жылдам болады.
Нитрофурандарды стрептококтарға, стафилококктарға, пневмококктарға, ішек таяқшаларына, қарапайымдыларға, сальмонеллдерге, трихомонодтарға, сонымен бірге басқа да инфекциялық және инвазиялық аурулардың қоздырғыштарына қарсы қолдану өте жақсы нәтижелер береді.
Сульфаниламидтік препараттар -құрамында парааминді бензосульфон қышқылы бар дәрілік заттардың үлкен бір тобын айтады. 1935 жылы , Домагк тәжірибе жүзінде стрептококкты жұқпалы ауруда пронтозильдің өте белсенді екенін жазған хабарламадан кейін бұл препараттармен көптеп шұғылдана бастады. Сульфаниламидтік препараттардың ең негізгі қасиеті - стрептококктардың, энтерококтардың көптеген түрлеріне және микробтардың басқа да түрлеріне бактериостатикалық әсері, әр түрлі препараттардың бактериоцидтілігі де әртүрлі. Бірақ жалпы алғанда,олар стрептококктардың, стафилококктардың, менингококктардың, ішек таяқшаларының, сальмонеллалардың, пастереллалардың, топалаң таяқшасының, орнитоз вирусының, токсоплазманың, актиномицидтер мен басқа да кейбір қоздырғыштардың тіршілігін бәсеңдетеді. Кейбір жағдайларда сульфаниламидтер микробтарды ыдыратып, ерітіп жіберуге септігін тигізеді, ал көбінесе препараттардың үлкен мөлшерін вена тамыры арқылы еккенде болады. Сульфаниламидтердің кейбір микробтар (стрептококктар, гонококктар және т.б.) үшін белсенділігінің аса ерекшелігін, ал кейбір микробтар үшін (туберкулез, криптококктар және т.б.) белсенділігінің жоқтығын, біріншілері үшін қоршаған ортада параминбензой қышқылының аса қажеттілігін, ал екіншілері үшін бұл қышқылдың айтарлықтай маңыздылығының жоқтығын көрсетеді [8].
Антибиотиктер -дегеніміз микробтарға қарсы әсері бар микроорганизмдердің, жануарлар мен өсімдіктердің өсіп-өнуі кезінде бөлінетін заттар. Сонымен бірге олар гельминттерге, қарапайымдыларға және басқа да адамдар мен жануарлардың ауру қоздырғыштарына қарсы өлтіре әсер етеді. Көп жағдайларда антибиотиктер микроб торшаларының құрылымын өзгертпей-ақ, оның кейбір маңызды қызметтерін бүлдіріп отырады. Мысалы, ондағы бөліну, сіңірілу құбылыстарын әлсіретіп, зат алмасу құбылыстарын нашарлатады. Осы тәрізді және басқа да физиологиялық өзгерістер кезінде, жай ғана метаболиттердің өзі микроб торшалары үшін өте уытты әсер етеді. Кейбір антибиотиктердің микробтарға қарсы әсері, олардың генетикалық аппаратына әсер етуіне негізделген. Мұндай жағдайларда микроорганизмдердің белгілі бір мөлшері өлмей қалады да, кейбір микробқа қарсы факторлардың әсерін күшейтеді. Осы жағдайда ескере отырып, антибиотиктерді басқа да микробтарға қарсы әсер ететін заттармен және организмнің қорғаныс қызметін күшейтетін заттармен бірге қолданады. Антибиотиктердің әсерінен көп жағдайларда микроорганизмдердің, әсіресе патогенді микроорганизмдердің зат алмасуына өте қажетті оксидаза, фосфоролидаза, редуктаза және басқа да ферменттердің белсенділігін әлсіретеді. Антибиотиктердің көпшілігі оң және сол грамды бактериялардың үлкен тобына әсер етеді. Мұндайда микробтарға қарсы әсер ету ауқымы кең антибиотиктерді ас қорыту, тыныс алу жүйесінің, жатырдың, желіннің ауруларында және әртүрлі травматикалық зақымдануларда қолдану жақсы нәтиже береді. Мұндай ауруларда аурудың қоздырғышын жылдам, әрі дұрыс анықтау мүмкін бола бермейді.Сол себепті, мұндай жағдайларда әсер ету ауқымы өте кең антибиотиктерді қолдану өте жақсы нәтиже береді.
Антибиотиктердің өте кең түрде қолданылатындығы мынадай жағдайларға байланысты:
1) өздеріне ғана тән әсер ету механизмі болатындығы;
2) микробтарға қарсы әсер ететін ауқымының кеңдігі;
3) өте төменгі мөлшерінің өзінде нәтиже көрсететіндігі;
4) жануарлар организміне еккеннен кейін де активтілігін жоймайтындығы;
5) емдік және профилактикалық әсері айқын әрі жылдам білінетіндігі;
6) жануарлар үшін уыттылығының өте төмендігі.
Антибиотиктердiң микробтарға карсы әсер ету механизмiн корытындылай отырып, бұлардын микроб және мал организм iнiн клеткаларында жалпы молекулярлык өзгерiстер туғызаты нын аңғаруға болады. Олардың әсер етуiндегi айырмашылығы сол, микроб клеткаларына айкын, әрі ұзақ әсер етедi және калпына келу кұбылысы киынға соғады. Жануарлар орган измiнде олардың әсерінен болған өзгерiстер жолы осылай етедi, бiрак ол өзгерістер әлсіз және кыска мерзiмде етедi де, сол себепті олар көбінесе организмдегі маңызды кызметтерді әлсіретпейді, кайта жандандыра түседi.
Антибиотиктердiн микро-және макроорганизмдерге әсеріндегі айырмашылығы сол, олар зат алмасу құбылысының көптеген кұбылыстарын тек микрорганизмдерде ғана өзгертеді. Мысалы, стрептомицин Кребс циклындагы пирожузiм және кымыздык сірке қышқылынын реакциясын бүлдіреді, ал бұл кұбылыс жануарлар клеткасының митохондриясында өтетіндік тен оған стрептомицин әсері дарымайды. Бактериалық торшаларда мұндай реакциялардын корганыс кабілеті нашар болатындықтан антибиотиктердің әсерінен бүлінеді [9].
Фитонцидтер -антибиотиктер тәрізді микробтарға қарсы әсер ететін өсімдіктердің құрамында болатын заттар. Көптеген фитонцидтер жануарлар организміне қолайлы әсер етеді. Мысалы, олардың кейбіреулері ұлпалардағы аскорбин қышқылының өз кезегіндегі қабынуға қарсы және жаралардың жызылуын жылдамдатып әсер етеді. Сонымен бірге аскорбин қышқылы кейбір фитонцидтердің бактерицидтілігін арттырады. Қарақаттағы фитонцидтер танидтермен бірге қарын мен ішектердегі қабынуға қарсы әсер етеді.
Жоғарғы мөлшерінде фитонцидтер жануарларға уытты әсер етеді. Кейбір жағдайларда олардың уыттылығы фитонцидтердің өзіне байланысты болса, ал енді бір жағдайларда олармен бірге түсетін алкалоидтарға, гликозидтерге және басқа да заттарға байланысты келеді [10].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет