Қ азақстан республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі


Паразиттерге қарсы қолданылатын препараттардың жіктелуі мен әсер ету механизмі



бет5/8
Дата07.12.2022
өлшемі69.56 Kb.
#466710
1   2   3   4   5   6   7   8
микробтарға және паразиттерге қарсы қолданылатын заттар

1.3.Паразиттерге қарсы қолданылатын препараттардың жіктелуі мен әсер ету механизмі

Антигельминттік заттар -дегеніміз жануарларды гельминттерден арылту үшін қолданылатын дәрілік заттар. Паразиттің биологиялық ерекшелігіне, құрылымына және тіршілік ететін жеріне байланысты әртүрлі дәрілік заттар қолданылады. Ең бағалы әсерге препараттың гельминттер денесінде адсорбциялануы немесе олардың кейбір физиологиялық жүйелері өте сезімтал келетін некротикалық әсері жатады. Мұндай әсердің бағалылығы сол - препарат қысқа мерзімде әсер етсе де гельминттердің кейбір физиологиялық құбылыстары қайта қалпына келмейді де, оларды өлімге ұшыратады. Мұндай препараттардың көпшілігі белгілі бір деңгейде жануарлар организміне де уытты әсер етеді. Сол себепті препаратты қолданғанда, оның нәтижелігін арттырып, жануарлар организміне қолайсыз әсерін кемітетін шараларды ойластырған жөн.


Антигельминттердің едәуір бөлігі гельминттердегі жүйке-бұлшық ет жүйесіндегі реттелу құбылыстарын бұзады. Таспа құрттар ұзаққа созылатын наркобиотикалық әсер жағдайында болатын болса, ал жұмыр құрттар - алғашқыда қозып, соңы салдануға ұласады. Кейде, гельминттердің кейбір бөліктерінің тіршілігі қайта қалпына келуі мүмкін. Егер гельминттерді организмнен арылту жолдары дер кезінде жолға қойылса, онда дезинфекциялық шаралардың нәтижелілігі өте жоғары болады.
Паразиттерге қолайсыз жағдай тудыра отырып, кейбір антигельминттер оларды өлтіреді, кейбіреулері оларды "есінен тандырады", ал үшінші біреулері қоздырады.
Дәрілік заттардың антигельминттік әсері әртүрлі деңгейде болады. Кейбір жағдайларда организм гельминттерден толық арылатын болса, ал ендібір жағдайларда жартылай арылады. Осыған байланысты препараттың нәтижелілігі мынадай түрлерге бөлінеді:
1) Экстенс нәтижелілік - белгілі бір гельминттерден толық арылған жануарлардың проценттік көрсеткіші.
2)Инсенс нәтижелілік - алғашқы мөлшерімен салыстырғандағы бөлінген паразиттердің, олардың личинкалары мен жұмыртқаларының көрсеткіші.
Жануарларға уытты әсер етпейтін антигельминттік заттар жоқ. Көптеген медикаменттердің антигельминттік мөлшері көп жағдайларда организмге уытты әсер етеді.
Антигельминттік заттарды таңдағанда жануарлар түрінің маңызы да өте зор. Өйткені, олардың уыттылығы әртүрлі малға әрқалай келеді. Мысалы, төртхлорлы көміртекті құстар оңай, иттер жеңіл көтереді, ал оны қойларға белгілі бір сақтықпен қолдану керек болса, ірі қара малға оны ауыз қуысы арқылы тіптен беруге болмайды. Бұған қосымша белгілі бір паразиттер кейбір жануарларда оңай жойылады, ал енді біреулерінде жойылуы тіптен қиын. Мысалы, сантониннің нәтижелілігі мысықтар мен иттердің аскаридозында 70-90% болатын болса, түлкілердің аскаридозында 30-40%-тен аспайды [11].
Төртхлорлы көміртек -мөлдір, түссіз, сұйық зат. Бұл препарат нематод, трематод және анкилостоматидтерге өте уытты әсер етеді, ал аскаридала үшін уыттылығы онша емес. Төртхлорлы көміртектің әлсіз концентрациясымен фасциолаларға әсер еткенде, олардың қозғалысы нашарлап, салдана бастайды. Салдану кезінде паразиттің кейбір органеллалары некрозданып, өліп қалады. Сол себепті төртхлорлы көміртектен кейін іш айдағыш заттарды қолданбай-ақ қоюға болады. Қойларға 1мл төртхлорды көміртекті қолданғаннан кейін 6-8 сағаттан соң фасциолдардың 50% , ал бір тәуліктен соң барлығы өледі. Қойлардың 90-95% гельминттерден толық арылады.
Уытты мөлшерінде төртхлорлы көміртек жүрек жұмысын баяулатып, қан қысымын төмендетеді. Қан құрамындағы кальцийдің мөлшері 4-15% дейін төмендеп, билирубиннің мөлшері 2-4 есе көбейеді. Бүйректер онша көп бүлінбейді, өйткені олар арқылы препараттың аздаған мөлшері ғана бөлінеді.
Уланудың клиникалық белгілері жануарлардың жалпы әлсіреуімен және барлық физиологиялық құбылыстардың бәсеңдеуімен қатар жүреді.
Фасциолин -ароматты иісі бар, түссіз кристалдар. Препараттың жоғарғы өлшерінен жануарлар салданады, геморрагиялық гастроэнтерит пайда болып, бауыр, бүйрек және жүрек бұлшық еттерінде дегенеративті өзгерістер байқалады.Қойлар мен ешкілердің фасциолезында фасциолинді 0,3-0,4 мл/кг мөлшерінде ішке береді.
Фасциолин жылқылардың стронгилидоздарында өте күшті әсер ететін препарат. Осы мақсатпен оны 0,4мл/кг мөлшерінде қолданады. Фасциолинді ет қоректі жануарлардың описторхозында 0,1-0,2 кг мөлшерінде 10 есеге дейін жоғарылатуға болады.
Төртхлорлы этилен -суда ерімейтін, органикалық ерітінділерде жақсы еритін түссіз сұйық зат. Әсер ету маханизмі төртхлорлы көміртекке ұқсас болғанымен, организмде тудыратын өзгерістері мен паразиттерге қарсы әсерінде айырмашылықтары бар. Препарат көптеген нематодоздарға өте белсенді әсер етеді, ал цестодоздар кезінде белсенділігі онша емес. Оның судағы ерітінділері ас қорыту жүйесі арқылы организмге сіңбейді, майдағы ерітінділері жақсы, ал спиртте ерітінділері өте жақсы сіңеді.
Жас малдың төртхлорлы этиленге сезімталдылығы өте жоғары, сол себепті бұл препаратты жас малға өте сирек және төменгі мөлшерінде береді. Төртхлорлы этиленді иттер мен түлкілердің аскаридоз, анкилостоматоз және уницинариозында қолданылады.
Гексахлорпараксилол - өзіне тән иісі бар, ақ түсті кристалды ұнтақ. Фасциолалардың жас формаларын өлтіреді. Фасциолалардың ішек эпителийі мен паренхима торшаларындағы нуклеопротеидтердің құрылымын бұзады. Алғашқыда фасциолалардың бұлшық еттерін қоздырып, қозғалысын күшейтеді де, жабысып тұрған жерінен түсіп қалады. Гексахлорпараксилолдың организмнен бөлінуі препаратты еккеннен кейін 2 тәулік бойы жүреді. Оның емдік мөлшерінен ас қорыту жүйесінің моторлы және секреторлы қызметінде ешқандай өзгерістер болмайды. Фасциолаларға қарсы зат ретінде құрама жеммен 1-5 және 1:10-ға қатынасындай мөлшерде араластырып, араға 10 тәулік салып 2 рет береді.
Сантонин - ащы дәмі бар, иіссіз, жарықтың әсерінен сары түске өзгеретін түссіз, жылтыр кристалдар. Сантонин ерітіндісі (1:5000) гельминттердің бұлшық еттерін өте қатты қоздырады. Паразиттердің ішек қабырғасынан түсіп қалуы, препараттың бұлшық еттері жақсы дамыған аскаридаларға, острицоларға күшті әсер ететіндігін көрсетеді.
Препараттың әсері 16 сағатқа дейін созылады. Бұл кезде паразиттің біраз бөлігі өліп қалады, ол енді біраз бөлігі препараттың әсері жойылғаннан кейін ішек қабырғаларына қайта жабысып, қайта өмір сүре бастайды. Препараттың емдік нәтижелілігі жоғары болу үшін, мұндай паразиттерді ас қорыту жүйесінен іш өткізгіш заттарды беру арқылы айдап шыққан жөн.
Ішке берілген сантониннің біраз бөлігі қарында, ал енді біраз бөлігі ішектерде ериді. Олардың ерітінділері организмге сіңгеннен кейін, уытты әсер ете бастайды. Адамдарға жасалған тәжірибелерге қарағанда, препараттың уытты әсерінен көру құбылысы нашарлайды. Мұндай кезде алғашқыда барлық заттар күлгін түсті болып көрінеді де, соңынан сарғая бастайды.
Сантонин аскаридоздар кезінде қолданылады. Препараттың антигельминттік әсері нәтижелірек болуы үшін, жануарларды емдеместен бұрын 12-14 сағат бойы аш диетада ұстайды. Ал, препаратты қолданғаннан кейін жануарлар 3-5 сағаттан кейін ғана азықтандырылады [12].
Фенотиазин -лимон тәрізді сарғыш түсті, жарықта қараятын, өзіне тән әлсіз иісі бар ұнтақ зат. Өте күшті антигельминттік заттардың бірі. Жылқылардың стронгилидоз, трихостронгилидоз, трихонематодоз ауруларында , ал ұсақ малдың трихостронгилидоздарында, бутостоматоз, хабертиоз, және эзофагостоматоз ауруларында қолдану өте жақсы нәтиже көрсетеді. Фенотиазинді - тұзды қоспамен қойларды азықтандырғанда паразиттердің саны айқын азаяды, ал паразиттерден толық арылған жануарлардың саны біршама төмен болады.
Фенотиазин гельминттердегі токсиннің пайда болуын азайтып, олардың дамуын баяулатады. Ол тек толық дамып болған гельминттерге ғана емес, сонымен бірге олардың жұмыртқалары мен личинкаларына да өлтіре әсер етеді. Оның мұндай ерекшелігі, препаратты емдік және профилактикалық мақстаттармен де қолдана беруге мүмкіншілік береді.
Битинол -суда ерімейтін , фенол тәрізді әлсіз иісі бар ақ түсті кристалды ұнтақ. Трематодоздар мен цистодоздарға қарсы қолданылады. Құрттардың жүйке-бұлшық ет жүйесін салдандыратын заттарға жатады.
Препарат фасциолаларға өлтіре әсер етіп, қойлардың фасциолезында өте жоғары емдік нәтижелілік көрсетеді.
Пиперазинді сульфат - Piperazini sulfas. Суда жаксы еритін ащылау келген кышкылтым дәмі бар ақ түсті кристалды ұнтақ. Шошқалардың аскаридозында, тауықтардың аскаридозы мен гетеракидозында, үйректердiң амилостомозында колдану өте жақсы нәтиже береді.
Пиперазинді гексагидрат - Piperazini hexahydras. Ақ түстi кристалды ұнтақ. Су мен спиртте жаксы ериді. Судағы ерiтiндiлерiнiң реакциясы сiлтiлi келеді. Ішек нематодтарына өлтіре әсер етеді. Олардағы жұмыртка даму құбылысын бүлдiредi және жүйке талшықтарын салдандырады.
Жылқылардың парааскаридозында жоғарыда айтылған препараттың кез келгенiн қолдана беруге болады. Препаратты әрбiр жылқыға жеке немесе 10-15 жылкыга бiр мезгiлде жалпылама түрде екі күн катарынан береді. Препараттың мөлшерi малдың әрбір килограмм тірілей салмағына 0,1 г аспағаны жөн. Көп жағдайларда мына төмендегідей мөлшерi қолданылады: 6-10 айлық жануарларға 8,0-10,0 г; 10-12 айлык жануарларға 11,0-12,0; 1-2 жастағыларға 13,0-20,0; екi жастан жоғарыдағыларға 21,0-25.0 г.
Шошкалардың аскаридозында пиперазинді 0,3 г/кг мөлшерiнде iшке береді, ал ет коректі жануарлардың токсааскаридозындағы мөлшері 0,2 г/кг. Кояндардың пассалурозында 1,0 г/кг. Пиперазинді дитиокарбоматты тауықтардың аскаридозында (0,2 г/кг), үйректердiң амилостомозында (0,5 г/кг) колдану жаксы нәтиже береді. Құстардын аскаридозы мен гетеракидозында пиперазинді гексагидрат (0,5 г) пен фенотиозинді (1,0 г) араластырып қолдану жоғары емдiк нәтижелiлiкке жеткiзедi.
Дитразин-Ditrazinum. Әсері мен қасиетi жөнiнен дитразиндi цитрат пен дитразинді фосфаттың бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Бiрақ онай синтезделетіндіктен дитразинді фосфат жиі қолданылады. Су мен спиртте жақсы еритін ақ түсті кристалды ұнтак. Гельминттерге карсы әсері мысыктардың аскаридозында, күйiс қйыратын малдардың мюллериозы мен протостронгилозында күштi байқалады. Өте төменгi мөлшерiнiң өзi (0,03-0,005 г/кг) мысыктардағы гельминттерге өлтіре әсер етеді. Ішке ерiтiндi түрiнде және желатин капсулаларында береді [13].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет