1.2.Микробтарға қарсы препараттардың жіктелуі және әсер ету механизмі
Жалпы барлық микробтарға қарсы және паразиттерге қолданылатын препараттарды белсенділік спектрі бойынша 3 үлкен топқа бөлеміз. Олар: антисептиктер, дезинфекциялаушы заттар және химиотерапевтикалық медикаменттер. Сонымен қатар барлық микробқа қарсы агенттер тар және кең спектрлі препараттарға бөлінеді.Негізінен, грам-оң микроорганизмдерге әсер ететін тар спектрлі препараттарға, мысалы, табиғи пенициллиндер, макролидтер, линкомицин, фузидин, оксациллин, ванкомицин, I буын цефалоспориндер жатады. Кең спектрлі препараттарға тетрациклиндер, левомицетин, аминогликозидтер, жартылай синтетикалық пенициллиндердің көпшілігі, карбопенемдер, II буыннан басталатын цефалоспориндер фторхинолондар жатады [6].
Ал микробтық жасушамен өзара әрекеттесу түрі бойынша микробқа қарсы препараттарды 2 топқа бөлеміз: бактерицидтік және бактериостатикалық. Бактерицидтік - микробтық жасушаның функцияларын немесе оның тұтастығын қайтымсыз бұзады., микроорганизмнің дереу өліміне әкеледі, ауыр инфекцияларда және әлсіреген жануарларға қолданылады. Бактериостатикалық - жасушаның репликациясын немесе бөлінуін қайтымды блоктайды, ауыр емес инфекциялық жағдайда, қатты әлсіремеген жануарларға қолданылады.
Қышқылға төзімділігі бойынша микробқа қарсы препараттар жіктеледі:
қышқылға төзімді - пероральды қолданылады, мысалы, феноксиметилпенициллин.
Қышқылға төзімді емес -тек парентеральды қолдануға арналған, мысалы, бензилпенициллин [7].
Микробтарға қарсы әсер ететін антисептикалық және залалсыздандырғыш дезинфекциялық заттардың келесідей классификациялары бар (кесте-1):
Кесте 1- Микробтарға қарсы әсер ететін дезинфекциялық заттар классификациясы
Химиялық тобы
|
Препараттары
|
Галогенді қосылыстар
|
Құрамында хлор бар: хлорамин Б, хлоргексидин биглюконат, бетадин, йодинол, йодопирон.
|
Тотықтырғыштар
|
Сутегі асқын тотығы ерітіндісі, калий перманганаты
|
Ауыр металдардың қосылыстары
|
Сынап:дихлорлы сынап,сынаптың сары тотығы. Күміс: күміс нитраты, протаргол, колларгол. Мырыш: мырыш сульфаты, мырыш тотығы.Мыс: мыс сульфаты. Висмут:ксераформ, дерматол.
|
Альдегидтер және спирттер
|
Формальдегид, гексаметилентетрамин, этил спирті.
|
Фенолдар және оның туындылары
|
Таза фенол, резорцин, ихтиол.
|
Нитрофуранның туындылары
|
Фурацилин
|
Бояғыш заттар
|
Метилен көгі, риванол
|
Қышқылдар мен сілтілер
|
Қышқылдар: бор, салицил.Сілтілер: аммиак ерітіндісі.
|
Детергенттер
|
Церигель, дегмицид, роккал, жасыл сабын.
|
Табиғи препараттар
|
Тұнбалар, тұндырмалар: календула, түймедақ, шалфей,эвкалипт.
|
Формальдегид тобына жататын бактерицидтік қасиеті бар заттар:
Альдегидтер-дегеніміз құрамында карбониль тобы бар органикалық қосылыстар тобы. Табиғи альдегидтердің көп бөлігі өсімдіктерге, әсіресе эфир майларының құрамында кездеседі. Бұл топқа көптеген дәрілік заттардың ішінде малдәрігерлігінде тек формальдегид пен оның препараттары ғана қолданылады. Әсер ету механизміне келетін болсақ - олар белок қосындыларынан оттегін тартып алады және митохондриядағы кейбір жүйелерді жойып жіберді. Мұндай өзгерістерге микроб торшалары өте сезімтал келеді, сонымен бірге насекомдар торшалары мен жануарлар торшаларының сезімталдығы да жоғары деңгейде болады. Сол себепті мұндай әсері бар препараттарды дезинфекция мен дезинсекцияға қолдану жақсы нәтиже береді, алайды кейбір жағдайларда антисептикалық мақсаттар үшін күрделірек қосылыстар (гексаметилентетрамин қолданылады).
Формалин - дегеніміз құрамында метил спирті және құмырсқа қышқылы бар фармальдегидтің сулы ерітіндісі. Оның 1:6000-ға қатынасындай концентрациясынан топалаң және шошқалардың тілме ауруларының қоздырғыштары сияқты өте төзімді микробтар өсуін тоқтатады. Формальдегидтің 1:1000-ға қатынасындай концентрациясы топалаң ауруының спорасын 1 сағатта, ал 1:5-дей концентрациясы 15 минутта өлтіреді.
Формальдегид ылғалды ортада ғана белсенді. Бірақ температурасының да дезинфекция кезінде ерекше маңызы бар. Ол 10С-тан төмен болмауы керек, температура жоғарылаған сайын, оның микробқа қарсы әсері де күшейе түседі. Төменгі температураларда формальдегид бактерияларды өлтірмей, олардың өсіп-өнуін тоқтатып қана әсер етеді. Сұйық күйінде де формальдегидтің бактерицидтік белсенділігі өте жоғары болады. Топалаң ауруының спорасы формалиннің 1% ерітіндісімен 1 сағат әсер еткенде ол өсуін тоқтатады, ал алтын түсті стафилококк үшін 30 минуттың өзі жеткілікті.
Формальдегидтің микробтарға қарсы әсерінде өзіне тән ерекшеліктері бар және ол белгілі бір жағдайларда ғана айқындалады. Алғашында ол зарарсыздандыратын затқа сіңіп ешқандай әсері болмайды. Егер дезинфекция жасалынатын затта және айнала қоршаған ауада ылғал болмаса, оны өзіне тартып алып, онда ери бастайды. Ылғалда ери отырып, ол йондарға ыдырайды да, фармакологиялық тұрғыдан белсенділігі күшейеді.
Гексаметилентетрамин- ақ түсті, кристалды ұнтақ, алғашқыда тәтті, соңынан ащылау дәмі бар, иісі жоқ, жанады, қыздырған кезде ұшып кетеді. Препаратты бірден қанға еккендегі емдік нәтиже, оны энтеральды түрде бергенге қарағанда едәуір жоғары болады. Қандағы ыдырамаған препарат бүйректер арқылы сыртқа шығарылады. Қышқыл несепте ол өзінің құрамдас бөліктеріне ыдырай отырып, микробтарға қарсы және диуретикалық әсерін тигізеді. Ірі қара малдың несебіндегі реакция негізді болғандықтан , ол ыдырамайды, сол себепті микробқа қарсы әсері де болмайды.
Оттегін бөлетін заттар тобы:
Бұл топқа тотықтырғыш, микробатрмен әсер еткенде оларды жойып жіберетін қасиеті бар дәрілік заттар жатады. Оттегін бөлетін препараттардың бактерицидтік әсері өте жылдам, әрі күшті болады. Мұның жарақаттар мен кілегейлі қабықтардағы микробтардың вегетативті түрлерін қырып-жоюдағы мааңызы орасан зор. Бұл топтағы препараттардың құндылығы сол, олар іріңнің қабыну экссудатында, тіпті өлі еттенген ұлпалардың арасында да белсенділігін жоймайды.
Атомарлы оттегі қабыну заттарымен әсерлесе отырып жағымсыз иісті жояды, егер оттегінің көптеген ұсақ көпіршіктері пайда болған кезде , онда олар өлген клеткаларды аластатып, жараны тез тазалайды.
Сутегінің асқын тотығы - микробқа және жағымсыз иіске қарсы зат ретінде әсер етеді. Сутегі асқын тотығы микробтардың барлық вегетативті формаларын өлтіргенімен, олардың спораларына және туберкулез таяқшасына мүлдем әсері болмайды. Сутегі асқын тотығының әсері қысқа мерзімді және беткейлі деңгейде болады. Температура жоғарылаған сайын оның бактерицидтік әсері күрт жоғарылайды, мысалы оның 1%ерітіндісінен 15С-да стафилококтар 1 минут ішінде өлетін болса, осы ерітінді 35С-да 1 минутта өлтіреді.
Сутегі асқын тотығы жануарлар ұлпасына жанасқанда рецепторларды жайлап тітіркендіреді және тұтқырлық әсері болады. Оны ішке қабылдағанда иттер құсады, ірі қара малдардың қарнында газ жиналып іші кебеді(тимпания), ал жылқылардың қарны көп жағдайларда кеңіп кетеді. Стоматиттер кезінде сутегі асқын тотығының ерітінділері жағымсыз иісті жояды. 3%сутегі асқын тотығының ерітіндісін негізінен дезинфекциялық мақсаттар үшін жараны жуып-тазалауға, сонымен бірге сыртқы құлақ қабынғанда , фибринозды конъюнктивит пен фарингитте, хирургияда жараға жабысып қалған таңғыштарды ажырату үшін қолданады.
Калий перманганаты - қара-көк түсті, ромбы тәрізді кристалдар немесе кристалды ұнтақтар. Топалаң ауруының спорасы 0,5% калий перманганатының ерітіндісінде бір тәуліктен кейін өледі, ал туберкулез таяқшалары тіптен 5 тәуліктен кейін де өлмейді. Калий перманганатының 0,1-1%ерітіндісі антисептикалық, дезодорациялық және тұтқырлық мақсаттармен катаральді, іріңді және іріңді фарингиттерде, проктиттерде, вагинит пен эндометриттерде оның 4% ерітіндісі компресс түрінде, ал 1:1000-ға қатынасындай ерітіндісі көптеген гинекологиялық ауруларда, оның ішінде ірі қара малдың трихомоноз ауруында қолданылады.
Хлор препараттары:
Кальций гипохлориді - ақ немесе сұрғылт түсті хлордың иісі бар ұнтақ. Препарат вегетативті және споралы микробтарды түгел өлтіргенімен , сақау және туберкулез бактерияларына айтарлықтай әсері болмайды. 30% сулы әкпен топалаң ауруының спорасына 7 минут әсер еткенде олар өсуін тоқтатады; 5%ерітіндісімен 20-25 минут, 1%ерітіндісімен 70-90 минут әсер ету керек. Шошқаның тілме және септицемия ауруларының қоздырғыштары, сонымен бірге басқа да көптеген микробтардың вегетативті формалары хлорлы әктің 1% ерітіндісімен 1 минут әсер еткеннің өзінде-ақ өсуін тоқтатады.Стафилококтар мен стрептококтар 1% әк ерітінділерімен 1-5 минут әсер еткенде өсу қабілетін жояды, ал 0,4% хлорлы әк ерітіндісі бактерицидтілігі жөнінен сулеманың 0,1% ерітіндісіне тең келеді.
Хлорамин "Б"- ақ немесе сарғыш түсті кристалды ұнтақ, аздап хлордың иісі бар, құрамында 25-29%белсенді хлор бар. Вегетативті формалы микробтардың өсуін тоқтатып, спораның дамуын шектейді. Егер хлораминнің 3% ерітіндісімен 9 сағат , ал 5% ерітіндісімен 6 сағат әсер етсе, споралар өсуін тоқтатады.
Қышқылдар, сілтілер және сабындар:
Хлорсутекті қышқыл -тұз қышқылының ас қорытуда ерекше маңызы бар. Ол белоктардың қорытылуына септігін тигізіп, микробтардың дамуын тоқтатады. Тұз қышқылы бактериолитикалық және бактериостатикалық әсер етеді. Тұз қышқылы микробтарыдың споралы да, вегетативті де түрлерін өлтіреді. Тұз қышқылын күйіс қайыратын малдардың асқазанының қызметі нашарлағанда, қарындағы ашу құбылысы күшейгенде, малдардың, сілтілермен улануының алдын алуға және емдік мақсаттармен тауықтардың тырысқақ ауруы кезінде қолданылады.
Сірке қышқылы - практикада паразиттерге қарсы зат ретінде малдар биттегенде(0,2-1% ерітіндісі); антисептикалық және қабынуға қарсы зат ретінде сіңір тартылғанда; қабынулар кезінде 3% ерітіндісін ақ саз балшыққа араластырып қолданады, сонымен бірге аусыл ауруы кезінде жануарлардың аузын шаяды; ішке ашуға, шіруге қарсы зат ретінде де және сапасыз жем-шөп жеген малдардың перисталтикасын реттеу үшін салицил қышқылымен бірге қызуды басуға; антидот ретінде сілтілермен уланғанда және кейбір азық-түлік заттарын сақтауға қолданады.
Натрий гидрототығы - ақшыл сарғыш түсті кесек заттар, оңай ериді. Натрий гидроксидінің бактерицидтілігі айтарлықтай жоғары, дезинфекциялық әсері өте тереңге тарайды. 4% ерітіндісі 26С-да топалаң ауруының спорасын 2 сағатта; 20% ерітіндісі - 5 минутта; 10%ерітіндісі туберкулез таяқшасын 1 тәулікте; стафилококкты-5 минутта өлтіреді; оның 1:650-1:1500 арақатынасындай ерітіндісі дифтерия және топалаң ауруы таяқшаларының өсуін тежейді. Негізді ерітінділеріне аздап хлорлы натрий қосу оның бактерицидтілігін арттырады, ал егер көп мөлшерде қосылса - оның бактерицидтілігіне қарама-қарсы бағытта әсер етеді.
Жасыл сабын -Sapo viridis. Жасыл сабын бактериолитикалық әсер етеді: оның 10% ерітіндісі 85С-да топалаң ауруының спорасын 10 минутта; 1% ерітіндісі осы температурада микробтардың вегетативті формаларын 1-20 минутта өлтіреді. Жасыл сабын малдәрігерлігі тәжірибесінде өте кең түрде және әртүрлі мақсаттар үшін қолданылады. Оны қолды, терінің операция болатын жерін жуып-шаюға, дәрілік заттарды жағардың алдында және тағы да басқа жағдайларда қолданады. Қотырдың кейбір түрін емдегенде көмекші зат ретінде пайдаланады. Кейбір мамандар оны өт айдайтын, іш жүргізетін және қарындағы ашу құбылысына қарсы зат ретінде қолдануды ұсынады.
Фенол және оның туындылары өте төзімді қосылыстар болғандықтан әсер етуі де ұзақ болады және әсер ету ортасына байланысты белсенділігі де төмендемейді. Олар өсімдік және жануар тектес майларда жақсы еритін болғандықтан микроб қабықшаларынан және жәндіктердің хитинді жамылғыларынан оңай өтіп кетеді. Фенол препараттарының бактерицидтік және инсектицидтік әсері өте күрделі. Липоидтарда оңай ери отырып, олар ең алдымен микроб клеткаларындағы сіңіру және бөліну құбылысын бұзады. Бұған дегидрогеназа ферментінің белсенділігін тежеу, микроб клеткалары мен паразиттердегі липопротенидтердің пайда болуы мен белок синтезінің бүлінуі қосылады. Фенол препараты өте жоғары концентрацияда және ұзақ экспозиция кезінде ғана бактеритиоцидтік әсер етеді, ал әлсіз концентрацияларда бактериостатикалық әсермен ғана шектеледі.
Фенол препараттарының бактерицидтілігі мен инсектицидтілігі олардың әсер ету ортасына байланысты болады. Органикалық заттардың қатысуымен олардың күші әлсірегенімен, әсер ету мерзімі ұзарады. Тәжірибе жүзінде фенолдардың органикалық заттардың қатысуымен белсенділігін 5-15 % жоғарылататындығы анықталды.
Фенол препараттарының бактерицидтілігі мен инсектицидтілігі, олардың ерітінділерінің температурасы жоғарылағанда , сонымен бірге бір негізді тұздың немесе қышқылдың қатысуымен арта түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |