Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


-тақырып. ІІІ-VІІІ ғғ. Африка халықтары мен мемлекеттері



бет10/14
Дата18.04.2024
өлшемі272.5 Kb.
#499199
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
177166 (2)

5-тақырып. ІІІ-VІІІ ғғ. Африка халықтары мен мемлекеттері
Ерте орта ғасырлардың басындағы Африка қогамы. Африка аймақтары - Тропикалық Африка, Солтүстік-Шығыс Африка. Аксум мемлекеті, оның саяси құрылысы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
6-тақырып. Феодализм канат жайған дәуіріндегі Қытай. Біртұтас Моңғол ұлысының құрылуы мен дамуы
Тан империясының нығаюы. Жер қатынастарының шиеленісуі. Ян Ян реформасы және феодалдық жер қатынастарының дамуы. IX ғ. шаруалар соғыстары. Тан мемлекетінің сыртқы саясаты. Феодалдық соғыстар және Тан әулетінің әлсіреуі. Саяси дағдарыс. Сун мемлекетінің құрылуы. Әлеуметтік жүйелердің нығаюы. Сун дәуіріндегі қала, қолөнер, сауда, шаруалардың жағдайы. Сун империясының құрылуы және оның мемлекеттік жүйесі. Ішкі-сыртқы саясат. Х-ХІІ гғ. халық котерілістері. Саяси бақталастықтың өршуі.
ХІ-ХІІ ғғ. моңғол тайпалары. Рулық-тайпалық жүйенің ыдырай бастауы. Кешпелі мал шаруашылығы. Кешпелі феодализмнің ерекшеліктері. Шыңгысханның қызметі. Шыңғысхан және Жамуха шешен мәселесі. XIII ғ. басында біртұтас Моңгол мемлекетінің құрылуы. Моңголдардың басқыншылық соғыстары - таңғұттардың Си Ся мемлекетінің жойылуы, Хорезмнің талқандалуы, Оңтүстік Сун империясының қиратылуы.
7-тақырып. X - XV ғасырлардағы Корея, Жапония және Оңтүстік Шығыс Азия
Саяси дағдарыстар кезеңі және біртұтас Силла мемлекетінің ыдырауы. Феодалдық соғыстар. Корё біртұтас феодалдық мемлекетінің құрылуы, оның саяси-мемлекетгік құрылымы. Жерге мемлекеттік меншіктің заңдастырылуы. Орта ғасырлардағы Корёде әлеуметтік-экономикалық жүйелердің дамуы. Ірі феодалдық жер иеліктерінің пайда болуы мен дамуы. Шаруалардың әлеуметтік жағдайы. Қала, қолөнер, сауда. Саяси және тап күресінің өршуі. Шаруалар соғыстары.
Жапонияда феодалдық қатынастардың одан әрі дамуы. Үлестік жер жүйесінің құлдырауы және жерге жеке меншіктің қалыптасуы. Феодалдық жер меншігі - «сёэн» жүйесінің орнығуы. Самурайлар қоғамдарының дамуы, олардың құрылымы мен идеологиясы. Самурай қоғамдары туралы деректер - «Тайра әулеті туралы жыр», «Ұлы әлем туралы жыр», «Жауынгер жолы» туралы жыр. Инсэйдің билігі.
Х-ХV ғғ. Вьетнам. Х-ХVІ ғг. Оңтүстік-Шығыс Азияның жалпы саяси жағдайы. Х-ХV ғғ. Вьетнамның саяси-экономикалық жағдайы. Дайвьет мемлекеті. Вьетнамадағы халық көтерілістері. ХІ-ХVІ ғғ. Лаос. Біртұтас Лан Санг мемлекетінің құрылуы және оның саяси құрылысы. ХІ-ХVІ ғғ. ортасындағы Тайланд (Сиам). Феодалдық бытыраңқылық. Сукотан мемлекеті. Аюти мемлекеті. XII- XV ғғ. Малайя. ХІІ-ХІV ғғ. Малайялық мемлекеттер. ХІ-ХV ғғ. Индонезия. Әлеуметтік-экономикалық құрылысы. Біртұтас Аирланги мемлекеті. Кедиридің құрылуы. ХІ-ХVІ г. ортасындағы Бирма. Паган мемлекеті. ХІІІ-ХVІ г. басындағы феодалдық бытыраңқылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет