Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


-тақырып. ХVІ-ХVIII ғғ. Корея, Жанопия және Оңтүстік-Шығыс Азия



бет7/14
Дата18.04.2024
өлшемі272.5 Kb.
#499199
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
177166 (2)

12-тақырып. ХVІ-ХVIII ғғ. Корея, Жанопия және Оңтүстік-Шығыс Азия
ХVІ-ХVІІІ ғғ. жапон-корей қарым-қатынастары. Корей халқының жапон басқыншылығына қарсы азаттық күресі. Ли Сун Син және оның отан соғысындағы рөлі. Кореяны маньчжурлердің жаулауы.
«Соғысушы аймақтар кезеңі». Ода Нобуганың қызметі. Жапонияға еуропалықтардың ене бастауы. Христианствоның тарала бастауы. Жапон үстем таптарының елді біріктіруге ұмтылуы. Кореяны жаулап алуға әрекет. Хидэёсидің қызметі, реформалары және христианствоға қатысты саясаты. Жапонияны саяси жағынан біріктіру (1600-1615 жж.). Токугаваның феодалдық-абсолюттік режимі.
Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің саяси-экономикалық жагдайы. Оңтүстік-Шығыс Азияға еуропалық отаршылардың енуі. ХVI-ХVIII ғғ. Вьетнам. Орталықтанған мемлекеттің әлсіреуі. Феодалдық соғыстар (1627-1672). ХVІ-ХVIII ғғ. Лаос. Лан Санг мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық құрылымы. Сыртқы саясаты. Сауда, қолөнер. XVI г. екінші жартысы - XVIII г. ортасындағы Тайланд. Сиам-Бирма қатынасы. Сиамды Бирманың бағындыруы (1548-1584 жж.). Тәуелсіздікке ие болу және Сиамның біріктірілуі (1584-1629 жж.). Елдің басқа әлемнен «жабықтығы». Малайя. Малайяга португал басқыншылығы. Голланд басқыншылығы. ХVІ-ХVIII ғғ. Индонезия. Елдегі феодалдық бытыраңқылық. Индонезияға португал басқыншыларының енуі. Бантам, Екінші Матарам мемлекеттері. Голландиялық Ост-Индия компаниясының қызметі. Трунаджайн көтерілісі.
13-тақырып. ХVІ-ХVIII ғғ. Индия және Цейлон
XVI ғ. басындағы Дели сұлтанаты. Бабырдың Дели сұлтанатың талқандалуы. Ұлы Моғол империясының құрылуы. Акбардың ішкі-сыртқы саясаты. Мемлекеттік-саяси жүйенің орнығуы. Моғолдардың әлеуметтік-экономнкалық жүйесі. Шаруалардың әлеуметтік жағдайы. Жерге мемлекеттік және жеке меншік формалары. Халық көтерілістері.
Аграрлық қатынастардың дамуы. XV ғ. аяғы - XVI ғ. басындағы саяси бытыраңқылық. Цейлондағы саяси үстемдік үшін Коталық, Ситавактық, Райигамелік, Кандилік феодалдық мемлекеттердің өзара бәсекесі. Аралдың солтүстігінде тамилдердің Джафна мемлекетінің дамуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет